9-18 наурыз аралығында қазақ тілі мен әдебиет апталығы өтті. Алдымен қабырға газеті шығарылды және апталықтың ашылу салтанаты болды.
5-8 сыныптарда “Ана тілің- арың бұл” атты мәнерлеп оқу сайысы болды. 5-6 сыныптарда”Тіл білгірі” ойыны өткізілді. “ Менің сүйікті қаламгерім” тақырыбына шығармалар сайысы өткізілді. Кітапханашы мен бірлесе отырып “Білім кілті кітапта” атты кітап көрмесі болды. 7-8 сыныпта “Алтын қақпа” атты сайыс сабақ өткізілді. 10-11 сыныптарда 21 ғасырдың көшбасшысы сайыс сабағы өтті. “Өлең, мен сені аялап өтемін” атты поэзия кеші болды.
Қараша айында аймақтық пәндер олимпиадасы өтті. Бірінші орын алған оқушылар аудандық олимпиадаға ұсынылды.Аудандық пән олимпиадасында Самат Думан қазақ тілінен 1 орын алды, Қомай Ардақ қазақ тілінен 3 орын алды.
Жеңістің 70жылдығына орай мектепте әр түрлі іс- шаралар өткізілді. Тари пәнінің мұғалімі Өтеулиева Гүлсайра Тәукеқызы тыл ардагерлерін шақырып, оқушыларымен кездесу кешін өткізді.
Достарыңызбен бөлісу: |