Еленовка орта мектебі әдістемелік жұмыс есебі. 2014-2015 оқу жылы Еленовка орта мектебі әдістемелік бірлестік тақырыбы: «Тұлғаны-бағдарлы оқыту-оқушылардың білімі мен тәрбие сапасын көтеру факторы»


жылыЗеренді ауданы бойынша I-ші Дельфийлік ойындар болып өтті



бет3/52
Дата25.03.2017
өлшемі8,41 Mb.
#12265
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52

27.03. 2015 жылыЗеренді ауданы бойынша I-ші Дельфийлік ойындар болып өтті. Ойынға қатысқан оқушылар арасынан 10 «А» сынып оқушысы Қайырлы Бақыт «Сәндік қолданбалы өнер» номинациясы бойынша III –ші орын, 10 «А» сынып оқушысы Самат Думан «Көркем сөз» номинациясы бойынша II-ші орын, 9 «А» сынып оқушысы Қоман Ардақ «Журналистика» бағыты бойынша II-ші орын алса, аудан бойынша қатысқан мектептер арасынан Еленовка орта мектебі «Стиль және сән» номинациясы бойынша II-ші орынды иеленді.
11.04 2015 жылы Абай орта мектебінде, Зеренді ауданының «Білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырумен өткен «Жеке педагогикалық идеялар» жәрмеңкесі болып өтті. Сайыстар:
1. Қазақ хандығының 550 жылдығы; 2. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70- жылдығы; 3. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына орай ұйымдастырылды. Технология пәнінің мұғалімі Қазжанова Жанар Қуанышбайқызы, «Бабалар мұраты-ұрпаққа қазына» ұранымен «Ақмола жұлдыздары» аудандық халық шығармашылығының «Ең үздік қолданбалы өнер шеберлігі» номинациясы бойынша мақтау қағазымен марапатталды. Сонымен қатар мұғалімнің шәкірттері: 8 «А» сынып оқушылары Тельманова Диляра, Едігенова Әсемгүл, 9 «А» сынып оқушылары Киселева Дарья, Қоман Ардақ арнайы мақтау қағаздарымен марапатталды. Еленовка орта мектебі аудандық «Жеке педагогикалық идеялар» жәрмеңкесінде «Әсемдік әлемінде» атты көрмеде I-ші орынды иеленіп, Ақмола облыстық «Жеке педагогикалық идеялар» жәрмеңкесіне жолдама алды.15.05. 2015 жылы Ақмола облыстық көлемінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында болып өткен, педагогикалық инновациялардың 5-ші халықаралық жәрмеңке аясында қолданбалы өнер бұйымдары көрмесене белсенді қатысқаны үшін, технология пәнінің мұғалімі Қазжанова Жанар Қуанышбайқызы арнайы грамота мен сертификатқа ие болды.Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық әдістерін меңгеру, аймақтық мектептер арасында пән мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасып жаңа заманауи талабына сай өткізу, инновациялық технологияларды мейлінше меңгеру барысында, аймақтық семинарлар отырысында ашық сабақтар мен баяндамалар жасап тәжірибе алмаса білді. Атап атсақ, Еленовка негізгі базалық мектебінің ұйымдастырумен №16 бұйрық 12.02. 2015 жылы Уголки негізгі мектебінде аймақтық гуманитарлық бағыттағы әдістеме бірлестіктерінің отырысы болып өтті. Семинардың тақырыбы: «Жаңашылдық бастауы- жаңа жобаны іске асыру» Мақсаты: «Білім беру жүйесінде пайдаланып жүрген тиімді пән сабақтарына енгізу арқылы білім сапасын көтеру» Семинар жоспары бойынша, Қарлыкөл НМ қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән мұғалімі Ж.Б. Тасымов, Уголки НМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Д.Қ. Жексенбаева «Жаңаша үрдісте оқытудағы әдіс-тәсілдерім» атты тақырыптарында үлгі сабақ көрсетсе, Ж.Қ. Ташмағанбетова «Тарих сабағында оқушылардың қызығушылығын арттыру» Ақан НМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ж.С. Балтабаева «Озық тәжірибе ортақ әдіс» атты тақырыптарында баяндама жасады. Ақан негізгі мектебінің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пән мұғалімі Б.О. Есмағанбетова «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» қолдана отырып 8 сыныбында ашық сабақ көрсетті. Сыныптан тыс жұмыстары бойынша «Үйшік ертегі» «Стрекоза и муравей » атты тақырыптарында орыс тілі мен орыс әдебиеті пән мұғалімі Р.Б. Какимова оқушылармен «үздік театральдық көрініс» көрсете білді. Уголки негізгі мектебінде болған семинарда, ОІМ Искакова Бақыт Өсербайқызы, ашық сабақтар мен баяндама жасаған пән мұғалімдеріне негізгі базалық мектеп орталығы атынан арнайы алғыс хаттар мен грамоталар тапсырды.

25.02. 2015 жылы Қарлыкөл негізгі мектебінде Еленовка негізгі базалық мектебінің №21 бұрығына сәйкес, аймақтық жаратылыстану-математика пәндері бағыты бойынша ӘБ отырысының семинары болып өтті.Семинардың тақырыбы: «Жаратылыстану-математика пәндері бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді жолдары» Мақсаты: «Жаратылыстану-математика пән мұғалімдерінің білім сапасын арттырудың тиімді жолдары туралы ой бөлісіп, тәжірибе алмасу». Семинар жоспары бойынша Баратай негізгі мектебінің физика пәнінің мұғалімі Г.А. Ескендір «Физика сабағында АКТ қолдану» атты баяндама жасаса, Баратай негізгі мектебінің математика пәнінің мұғалімі Г.А. Тәжібаева сыныптан тыс шаралар көрсетті. Жылымды негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Г.Х. Уақаева «Білім сапасын арттыруда жаңа технологияны қолданудың тиімділігі» атты тақырыпта баяндама жасады. Қарлыкөл негізгі мектебінің математика пәнінің мұғалімі А.С. Оразалина 9 сынып оқушыларымен «Қосу формулалары» атты тақырыпта ашық сабақ берді. Түскі үзілітен кейін, дөңгелек стол: Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша «PISA тапсырмалары» бойынша отырыс болды. Искакова Бақыт Өсербайқызы семинарға қатысқан мұғалімдер мен мектеп әкімшілігіне алғысын айтып белсенділік таныта білген пән мұғалімдеріне арнайы грамоталар мен алғыс хат табыстады. Қарлыкөл негізгі мектебінің оқушылары, семинарға қатысушыларды концерттік бағдарламаларымен серпілте білді.

16.03. 2015 жылы Еленовка негізгі базалық мектептің № 30 бұйрығына сай, Жылымды негізгі мектебінде эстетикалық пәндер бағытындағы аймақтық ӘБ семинары болып өтті. Онда Жылымды негізгі мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Б.О. Бекішев, Еленовка ОМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ж. Қ. Аубакиров «Баскетбол» тақырыбында қонақ сабағын берді.

27.04.2015 жылы Еленовка негізгі базалық мектебінің №56 бұйрығы бойынша, Баратай негізгі мектебінде, аймақтық бастауыш сынып мұғалімдері ӘБ семинары болып өтті. Семинардың тақырыбы: «Жаңаша технологияларды пайдалана отырып, бастауыш сынып оқушыларының танымдылық қабілеттерін арттыру»;

Мақсаты: 1.Білім беруде жаңа технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыру; 2. Оқушылардың танымдық қызығушылығын ойын әрекеті арқылы сезіндіру; 3. АКТ оқу- тәрбие үрдісінде қолдану;

Шағын орталық тәрбиешісі Какенова А.А. Тіл дамыту бойынша «Абайла, балақай!» атты ойын сабағын өткізді. Жылымды НМ даярлық тобының мұғалімі Саттаханова А.Қ. «В» дыбысы мен әрпі атты тақырыпта ашық сабақ берді. Баратай НМ 2-сынып мұғалімі Искендирова С.А. «Ғажайып математика» сабағын көрсетті. 3-4 сынып аралықтарында Махамбет С.Е. «Құстарды қондырып қанатына» атты тақырыпта ашық тәрбие сағатын көрсете білді. Семинар аралығында психологиялық тренинг жүргізілді. Семинар жоғары деңгейдегі ұйымдастырылған дайындық нәтижесінде болып өтті.

2014-2015 оқу жылының 14.04. күні №49 бұйрық бойынша, Еленовка негізгі базалық мектебінде «Үздік педагог-2015» байқауы болып өтті, байқауға аймақ бойынша: 4 мұғалім қатысты.
1. Шоматова Гүлдана Мұратқызы – бастауыш сынып мұғалімі. /Жылымды негізгі мектебі/.

2. Сейтахметова Ақерке Жанаталапқызы- ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. /Еленовка орта мектебі/.

3. Оразалина Алуа Сабитқызы – математика пәнінің мұғалімі /Қарлыкөл негізгі мектебі/.

4. Нұрмағамбетова Қарлығаш Оразқызы-бастауыш сынып мұғалімі. /Ақан негізгі мектебі/. Комиссия төрайымы Еленовка орта мектебінің мектеп директоры Нұртазина А.М. Комиссия мүшелері: 1. Балтабаева Жанар Садыбековна-Ақан НМ оқу ісінің меңгерушісі. 2. Жетпісова Бақыт Сабырқызы - Қарлыкөл НМ оқу ісінің меңгерушісі. 3. Бекішева Қанат Сағдатқызы - Қарлыкөл НМ оқу ісінің меңгерушісі. 4. Абылғазина Шахзада Тендікқызы – Еленовка ОМ оқу ісінің меңгерушісі. Өткізілген қорытынды барысында, Оразалина Алуа Сабитқызы – математика пәнінің мұғалімі, /Қарлыкөл негізгі мектебі/ комиссия мүшелерінің шешімімен, аудандық «Үздік педагог-2015» байқауына ұсынылды. Абай орта мектебінде өткен аудандық «Үздік педагог-2015» байқауында, Қарлыкөл НМ математика пәнінің мұғалімі Оразалина Алуа Сабитқызы – екінші орынға ие болды.



Қоғамдық-гуманитарлық пәндер әдістеме бірлестігінің 2014-2015 оқу жылында атқарған жұмыстарының есебі.
Әдістеме бірлестік жетекшісіСейтахметова Ақерке Жанаталапқызы.

2014-2015 оқу жылында гуманитарлық пәндер әдістеме бірлестігі бекітілген жоспар бойынша жұмыс атқарды.Бірлестік құрамына мұғалім кіреді. Олар: Өтеулиева Гүлсайра Тәукеқызы, Залелова Айгүл Абушахманқызы, Шаймерденова МәншүкСартайқызы, Тәжибаева Райхан Баубекқызы, Таженова Жанна Бақытжанқызы, Сейтахметова Акерке Жанаталапқызы.Жыл бойы отырыстар өткізіліп, мұғалімдер жоспар бойынша баяндамалар оқыды.

Желтоқсанның 8 – 13 аралығында тарих апталығы өтті . Алдымен жоспар жасалып , жоспар бойынша «Тарих» деген газет шығарды , оған 10 а сынып жауапты .

Сонымен бірге , тәуелсіздік күніне орай , барлық сыныптар қабырға газетін шығарды. Жоспар бойынша 9 а сыныбында «XXI –ғасыр көшбасшысы» атты интелектуалды жарыс сабығы өтті. Оған сегіз оқушы қатысты . Қалған оқушылармен де сұрақтар қою арқылы жұмыс жасалды.

Ал 5 – 8 сыныптар арасында «Алтын қақпа » викториналық ойыны өткізілді. Әр қақпа ашылған кезде ұпайлар ойнатылады. Көп ұпай жинаған топ жеңіске жетті.

Сонымен бірге , 9 – 11 сыныптар арасында конференция болды . Тақырыбы: «Тәуелсіздік жолында ». Онда негізінен Ел басымыз Н.Назарбаевтың өмірі мен саяси қызметі қарастырылды. Ол конференцияда Құрманғали Абзал , Жұмабек Тілекбек , Қоман Ардақ , Сатыбалды Гүлім баяндама жасады. Кенжебай Жанерке Елбасына арналған арналған өлеңді оқыды. 10-сынып оқушысы Самат Думан “Қазақтың тұңғыш Президенті” тақырыбына жазғаноблыстық шығармалар байқауында бірінші орынды иеленіп бағалы сыйлықпен марапатталады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет