Жаратылыстану-математика бағытындағы әдістемелік бірлестігінің 2014-2015 оқу жылында атқарған қорытынды есебі.
Әдістеме бірлестік жетекшісі Ташпенова Айғаным Боскенқызы.
2014-2015 оқу жылы жаратылыстану-математика пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің отырыстары өтті.
Отырыстың мақсаты: «Сапалы білім арқылы саналы тұлғаны тәрбиелеу». Әдістемелік отырыстарға 7 мұғалім қатысты.
1 отырыста әдістеме бірлестігінің жоспарлары талданып, бекітілді. Әдістеме бірлестігінің отырыстары мен апталықтары өткізу жоспары құрылды.
2 отырыста бірінші тоқсанның қорытындысы туралы айтылды. Математика, география, физика пәндерінен бір үшпен қорытылған оқушылармен қосымша жұмыс жасау керек екендігі туралы пән мұғалімдеріне ескерту жасалынды.
5 сынып оқушысы Самат Бекжан математика пәнінен тоқсанда бір сабақтан үшке шықты. 6 сынып оқушысы Амангелді Диас география пәнінен бір үшпен тоқсанға қорытылған. Осы оқушылармен қосымша жұмыс жасау туралы пән мұғалімдеріне ескертулер жасалынды.
Мектебімізде аймақтық пән олимпиадасы өтті. Аймақтық пән олимпиадасынан жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар аудандық пән олимпиадасына ұсынылды. Олар биология пәні бойынша 11А сынып оқушысы Ашербекова Ырысты, химия пәні бойынша 11А сынып оқушысы Қалымбек Айман, математика пәні бойынша 10А сынып оқушысы Аубакирова Асель. Пән мұғалімдеріне оқушыларды аудандық олимпиадаға жоғары дәрежеде даярлау керек екендігіне ерекше көңіл бөлінді. Пәндер бойынша болатын қашықтық олипиадаларға мұғалімдер мен оқушылардың міндетті түрде қатысуы керек екендігі айтылды. Биылғы оқу жылы аттестациядан өтетін мұғалім Нұртазина А.М ашық сабақтар беруге дайындалуда.
Ақпанның 23-28 аралығында математика, информатика, физика пәндерінің апталығы өткізілді. Пән мұғалімдері апталық жоспар құрды. Математика мұғалімі Есмағұлова А.Б. 6А сыныппен математика сабағында ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: Осьтік және центрлік симметрия.
Сабақта интерактивті тақтаны, симметрия кескіндері,суреттерді қолданды. Мұғалім топпен жұмыс жасады
8А сынып оқушыларымен математика мұғалімі Болатова Ы.Б. математикадан ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: «Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу». Оқушылар 3 топқа бөлінді. Оқушылар әр деңгейде тапсырмалар орындады. Виет теоремасын қолдануды, дискриминат арқылы теңдеуді оқушылар жақсы шешті. Сергіту сәтін пайдаланды. Оқушылар топпен жұмыс жасағанда түгел қатысып отырды.
Химия пәні бойынша қашықтық олимпиадаға 9А сынып оқушысы Киселева Дарья қатысып, 2 орынға ие болды. 11А сынып оқушысы Жунусова Гүлайым қатысқаны үшін сертефикаттарға ие болды.
11А сынып оқушысы Жунусова Гүлайым таңдау бойынша химия пәнін таңдаған. Орташа көрсеткіші 15 балл. Бұл оқушымен ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық күнделікті жүргізілуде.
4 тоқсанда биология, химия, география апталығын өткізу белгіленді.
9 сынып оқушыларымен химия пәнінен «Азот оксидтері» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақта оқушылар алған білімдерін көрсете білді.
География пәнінен 7,8 сыныптар арасында «КВН» дәстүрлі емес сабағы өтті.
2014-2015 оқу жылының эстетикалық пәндер бағытындағы әдістемелік отырыстарының сараптамасы.
ӘБ жетекшісі Қазжанова Жанар Қуанышбайқызы.
Күн тәртібінде :
1. Әдістемелік бірлестігінің шығармашылық есебі
2 . Апталықтың жоспарын талқылау. Мұғалімдердің есебі
3.Аудандық әскери-ойын «Жас Ұлан» спартакиадасын өткізу
4.Баяндама «Правовое воспитание школьников» Цехместрук А.А
Қатысқандар:
1.Цехменструк А.А.
2.АкубаевС.Т.
3. Аубакиров Ж.К.
4 Казжанова Ж.К.
5.Естай Қарлығаш
2014-2015 оқу жылының эстетикалық бағыт бойынша алты мұғалім жұмыс істеді. Технология, дене шынықтыру ,сызу, музыка және АӘД пәндерінің әдістеме бірлестігі бірінші жартыжылдықта бекітілген жоспар бойынша жұмыс атқарды.
Технология,музыка және дене шынықтыру әдістеме бірлестігінің өзекті
мәселесі: «Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, еңбекке баулу және ұлттық тәрбиесін, өнерін,спорттық шеберлігін дамыта отырып,халқын,елін сүюге, адамгершілікке тәрбиелей отырып,сапалы білім,саналы тәрбие беру арқылы жас тұлғаның жалпы азаматтық құндылықтарын қалыптастыру».
Бірінші жартыжылдықта екі отырыс өтті.
1-отырыста 2014-2015 оқу жылына арналған күнтізбелік -тақырыптық және әдістемелік бірлестігінің жұмыс жоспары тексеріліп, бекітілді.
Қыркүйек айында «Денсаулық» фестивалінің өтілу деңгейі туралы айтылды.
Күзгі демалыста, яғни 5-6 қараша күндері 5-6 сынып арасында, 6-7 қараша күндері бастауыш сынып арасында, 8-9 сынып арасында «Жас Ұлан» БҰ спорт министрлері мен мүшелерінің ұйымдастыруымен «Толағай-2014» атты эстафеталық жарыстар өткізілді. 10-11 қараша күндері 5-8 сынып арасында шашка турнирі өткізілді.Технология пәнінің мұғалімі Казжанова Ж.К. «Технология пәнінің жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында баяндама оқыды.Баяндама сұрақ-жауап арқылы талқыланды
Достарыңызбен бөлісу: |