4. ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ ӘЛЕУМЕТТАНУЫ Әлеуметтік-таптық құрылымды неғұрлым тереңірек зерттеушілер қатарынан К Маркс, М. Вебер, П. Э. Гидденсті көруге болады. Мұндағы басты назар аударылатын меселе - «адамдардың қоғамдағы әркелкі таптар мен әлеуметгік топтарға, әлеуметтік қабаттарға (стратификацияға)» бөлінуінің немен байланысты болатыны.
Неміс социолога М. Вебер түсінігінде (ХІХ ғ.), тап дегеніміз - белгілі бір шамадағы материалдық игілік, өмір сүру жағдайы, өмір жолын жүріп өтуге әртүрлі мүмкіндігі бар адамдар топтары. Таптардың болуының басты себебі - меншік пен экономикалық биліктің әділ бөлінбеуі. Олардың басты айырмашылығы материалдық игіліктерден, билікке араласуынан және өмірлік мақсат - мүддесінен байқалады. Америка социологі П. Сорокин (XX ғ.) әлеуметтік қабаттарға бөлінудің үш, нақты айтқанда, экономикалық, саяси және кәсіптік түрлерін атап көрсете отырып, әлеуметтік стратификация - адамдардың белгілі бір жиынтығының (халықтың) таптарға жіктелуі және ол құқық пен артықшылықтардың, жауаптылық пен міндеттер, әлеуметтік құндылықтардың сол қоғамдық ортада
тең бөлінбеуімен байланысты жоғары және төменгі қабаттардың