Әлеуметтану ғылымы және оның зерттеу объектісі


Iболуынан көрінетінін айтқан. Сонымен қатар ғалымның тұжырымдауьшша, I



бет5/10
Дата27.03.2022
өлшемі55,31 Kb.
#136937
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Әлеуметтану, дәрістер

Iболуынан көрінетінін айтқан. Сонымен қатар ғалымның тұжырымдауьшша, Iқоғамда үнемі саяси теңестірушілер мен әлеуметгік жіктеу күштері I арасында күрес жүріп келеді. Әлеумеггік теңсіздіктің басты бір себебі адамдардың білімдік жөне мәдени деңгейлеріндегі алшақтықтар болып қалады. Жалпы, «әлеуметгік стратификация» әлеуметтік көпқабатты, адамдардың иерархиялық жіктелуін бейнелейтін жүйе. Жіктелу негізінде экономикалық, кәсіптік, идеялық-саяси, тектік бөлінушілік жатыр. Айталық, касталық жүйеде шыққан тегі мен әлеуметтік жағдайы үйлесіп жатыр. Таптық жүйеде шыққан ортасы, табысының жоғары немесе төмен өлшемі, индивидтің қол жеткізген табыстары әлеуметгік қабаттағы орнын айқындайды.
Қазіргі Достастық елдерінде 90-шы жылдары әлеуметтік жіктелу процесінің жүріп өткенін, оның басты себептері саяси бағдардағы өзгерістер, мемлекеттік меншікті жекешелендіру, нарықтық қатынастарға еркіндік беру екенін көреміз. Әрине, сол кезеңде меншіктің көптүрлілігіне жол беру, жекешелендіру процесі толығымен құқық жағынан қамтамасыз етілді деуге болмайды. Елдің саяси тәуелсіздігін нығайту, экономикалық дағдарыс, өтпелі кезеңнің қиындықтары - бәрі бір кезеңде қабаттасып жатты. Түбегейлі өзгерістің жүріп өткенін мынадан-ақ көруге болады: егер тәуелсіздік жылдарына дейін қоғамдық меншіктің 80 пайызы мемлекет, 20 пайызы колхоз (ұжымдық шаруашылықтар) иелігінде болса, қазір қоғамдық меншіктің 80 пайыздан астамы жекеменшік қолына ауысқан. Аралас меншік түрлері де бар. Сол себепті қоғам тағдыры үшін басты жауапкер мемлекет пен менпгік түрлерінің арақатынасын реттеу - аса маңызды мәселе болып қала беруде. Бұл тұста Парламент пен қоғамдық құндылықтардьщ атқаратын рөлі зор.
Достастық елдерінің өзіндік ерекшеліктері болғанымен, стратификациялык жіктелудің, яғни, әлеуметтік қабатгарға бөлінуінің батыс елдеріне көп ұқсастығы барын байқаймыз. Бүл процестің методологиялық сипаттамасын Ресей әлеуметтанушысы Ж.Т. Тощенконың тұжырымдарынан таба аламыз. Оның тұжырымдауынша, адамдардың әлеуметтік қабаттағы жағдайын төмендегідей:
а) адамдардың қоғамдағы меншік түрперіне қатынасына қарай;
е) қоғамның материалдық және рухани байлығын бөлу жүйесіндегі олардың орны және оған ықпал етуші жағдайларына байланысты;
б) әлеуметтік-демографиялық, әлеуметгік-кәсіптікк (мамандық) құрылымына қарай анықтауға болады.
Әлеуметтік қабатқа бөліну негізінде әлеуметтік әділдік принципі жатуға тиіс. Ж.Т. Тощенко адамның қоғамдық байлықган алатынына ғана назар аудармай, адамның қоғамға беретініне де назар аудару қажеттілігі туралы ойы маңызды.
Біз енді батыс елдерінің қазіргі заманғы тәжірибесіне ағылшын әлеуметтанушысы Э. Гидденс жасалған сипаттамаға назар салайық. Ол қоғамда негізгі үш таптың барын, сонымен қатар ауьшшаруашылығымен шұғылданушы фермерлерді төртінші тап деп қарастыруға болатынын айтады. Қоғамдық тап өкілдерінің келесі бөлінісі қалыптасқан:
-көлемді меншік иелері, меншікті бөлуге тікелей бақылау жасаушылар, ірі өнеркәсіп иелері, қаржы магнаттары, саяси басшылар, билік иелері.
-орта тапқа жататындар: маман іскерлер (интеллектуалды еңбек иелері), бизнесмендер, коммерсантгар, шағын және орта кәсіпкерлер, жоғары білікті жұмысшылар, фермерлер т.б. Яғни негізінен елеулі кірісі, билікке қатынасы, жоғары білімі, мәртебелі мамандығы барлар.
-төменгі тап өте күрделі құрылым. Оның өкілдері, негізінен, біліктілігі төмен жұмысшылар, қызметкерлер, жұмыссыздар жөне басқа да кірісі төмен адамдар. Ал үйсіз-күйсіз адамдар, көше жезөкшелері, ұсақ қылмыскерлер қоғамдағы ең төменгі қабатқа жатады.
Сонымен, К. Маркстің тапқа бөлінудің негізінде объективті экономикалық жағдайлардың жатқаны туралы тұжырымы өз кезінде негізсіз болмаған. Маркстен кейінгі тарихи даму әлеуметтік жіктелуді басқа да негіздермен толықтыра түсті. Осы себептен мемлекеттің әлеуметтік құрылым, таптық арақатынастарды реттеудегі рөлінің де арта түскенін байқаймыз.
Әлеуметтік жіктелу тек жеке елдерге ғана емес, бүкіл әлемге тән кұбылыс. Америка әлеуметтанушысы Дж. Масионистің пайымдауьшша, АҚШ-та халықтьщ 5 % жоғары тапты, 40-45 % - орта, 33 % - ортадан төмендерді, 11 % кедейлер болса, бестен бірі төменгі тапты кұрайды, Ал кірісі жоғары елдер саны 40 (әлем территориясының 25, халқының 25, ал әлемдік кірістің 79 %), орта деңгейдегілер 90, төмен кірісті елдер саны 60. Бай және кедей елдер адамдарының орташа кіріс айырмапшлығы 41:1 шамасында. Қала балаларының 100 млн. қайыр сұраумен, ұрлықпен, жезөкшелікпен шұғыл­данады *
Соңғы жыддардағы статистика бай және кедей елдер арасындағы экономикалық айырмашылықтың қысқармай, керісінше, тереңдей түскенін көрсетеді. Осы тұста Батыс ғалымы И. Валлерстайнның кірісі жоғары елдерді –капиталист, әлемдік экономиканың үстем етуші ядросы, орта кірісті мемлекеттерді - жартылай периферия, кедей елдерді - жаһандық периферия деп қарастыруымен келіспеуге болмайды. Әлемдік теңсіздік негізінің басты себебінің бірі - ғылыми, технологиялық, мәдени, білімдік арасалмақта жатыр.
Қазақстандағы стратификациялық жіктелу, оның барысы мен нәтижелері, қоғамдық құрылым Д.Э. Бейсенбаев пен М.С. Аженовтің «Социальная стратификация в Республике Казахстан» атты еңбегінде көрсетілген.
Қазақстандағы экономикалық дағдарыс пен әлеуметтік жіктелудің барысы қоғамдағы жіктелудің арта түскенін байқатады. Төменгі қабаттағылар салмағының өсуіне байланысты мемлекеттік шаралар жүзегее асырылуда. Соның бірі - 2000 жене 2003 жылдары арнайы қабылданған, іске асырылған кедейшілікке қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасы. Хальгқты әлеуметтік қорғау жүйесі қызметі де жылдан-жылға жетілуде. Оның ең басты жолы - жұмыс орындарын көбейту, о л үшін орта және шағын бизнесті жедел дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету, халықтың, әсіресе балалардың, жасөспірімдер мен жастардың білім сапасын, ересектерге қажетті білімді беріп, біліктілігін арттыру.
Орта тапты дамыту, оның қоғам өміріндегі ролін арттыру - маңызды стратегиялық міндеттің бірі болып қала береді, себебі орта тап - қоғамдық тұрақтылықтың, ізгілікті қоғамның басты тірегі. Гуманистік, интеллигенттік, парасаттылық пен адамгершілік негізінен осы тапқа тән. Оның қоғамдағы атқаратын өркениетгік ролін арттыру мәселесі де өзекті.
Халықаралық жене отандық төжірибелерді талдай, болашақты бағдарлай отырьш, Қазақстан мемлекеті экономиканың әлеуметтік бағдарлануын қадағалап, азаматтық және әлеумеггік қоғам орнату, нығайтуды стратегиялық мақсатқа айналдыруда.
Өзіндік жұмыстар:
а) әзіціздіц цандай өлеуметтік цабатқа цатысты екеніңізді ащындап,
негіздеңіз. Оган ңандай методологиялың тургыдан келдіңіз?
ә) цазіргі жастар цандай әлеуметтік қабаттарда болгысы келеді? Оган цандай мотивтер мен мудделердің жетектейтінін баяндаңыз;
б) орта тапты неге қогамды тураңтандырушы деп санаймыз? Оның
негЫнде не жатцанын дәлелдеп беріціз;
в) Қазақстан кргамының болашац әлеуметтік қурылымын жобалаңыз.

1 Масионис Дж. Социология. СПб., 2004. С. 397





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет