Әлеуметтану ғылымы және оның зерттеу объектісі


Әлеуметтік іс-әрекет пен жеке адамның мінез-құлқының механизмдері



бет10/10
Дата27.03.2022
өлшемі55,31 Kb.
#136937
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Әлеуметтану, дәрістер

Әлеуметтік іс-әрекет пен жеке адамның мінез-құлқының механизмдері. Әлеуметтік іс-әрекет, жеке адам мінез–құлқы социологиясының мәні адамның қоршаған ортаға деген реакциясын емес, басқа адамдардың қажеттіліктері, қызығушылықтары және әрекеттерін және қоғамдағы әлеуметтік нормаларды ескере отырып, саналы түрде жасалған мақсатты әрекеттерді бақылайды. Адамның ыстық шәйнекке тигендегі немесе екі асығыс адамның кенеттен соқтығысуына деген инстинктті реакция әлеуметтік әрекетке жатпайды. Ал басқа адамдармен қарым-қатынас және жеке адамның еңбек қызметі, оның әлеуметтік институттар арқылы қажеттіліктерін өтеуі – бұл әлеуметтік іс-әрекет түрлері.
Әлеуметтік іс-әрекет адамның әлеуметтік ортамен қатынасын, оның қажеттіліктерді өтеу мақсатымен қоғамдық қатынасты белсенді қолдану немесе өзгерту үрдісін сипаттайды.
Мотиві бар және әлеуметтік статусқа реакциясы бар жеке адамның өз қылықтарының және басқа әлеуметтік әрекеттерінің жинағы адамның мінез-құлқын құрайды. Жеке адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің объективті негізі болып оның қажеттіліктері мен қызығушылықтары табылады.
Қажеттіліктер адамның сыртқы әлемге, әлеуметтік ортаға деген тәуелділігін көрсетеді. Қажеттіліктер екі түрлі болады: табиғи және әлеуметтік (қоғаммен құрылған).
Қажеттіліктер өмір сүру жағдайын сипаттайды. Өмір жағдайларына қанағаттанбаушылық өмір жағдайларын қолда бар мүмкіндіктер және еңбек арқылы, әлеуметтік институттар арқылы өзгертуге тырысатын адамның іс-әрекетінің сипаттамасына айналады. Мүмкіндіктеріне қарай индивид мақсатты түрде белгілі бір әлеуметтік жүйедегі белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру мақсатымен әрекет етеді. Енді осы кезде жеке адамның мүдделері, оның мәні көрініс табады. Мүдде ретінде, ең алдымен, адамның қоғамдағы орны, екіншіден, оның басқа адамдар қызметіне тәуелділігінің сипаттамасы, үшіншіден орнаған әлеуметтік қатынастардан туындаған қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдары және тәсілдері көрінеді. Адам нақты әрекетке кірісу үшін қажеттіліктер мен мүдделерді ішкі қозғаушы мотивтерін тануы керек. Мотивтер – әрекетке ішкі нақты қозғаушы, белгілі бір жағдайда адам мінез-құлқын сипаттаушы. Мотивтер – белгілі бір игіліктерді немесе тілектерді, қызмет жағдайларын орындаудағы объективті қажеттіліктерінің және мүдделердің адам санасындағы көрінісі. Мотивтер, индивидтердің белсенділігінің ішкі қозғаушысы. Олардың сыртқы қозғаушы күші – стимулдардан адамға сыртқы жағдайлардың объективті әсерімен ерекшеленеді. Стимул жеке адам қызметінің себебіне айналуы мүмкін, егер де ол объект пен субъект қажеттіліктеріне жауап беретін субъективті құндылық болып табылса.
Құндылықты бағыттар жеке адамның әлуметтік ұстанымы бола отырып, оның мінез-құлқын реттейді. Әлуметтік ұстамдар – бұл жеке адамның әлуметтік белгілі әрекеті нысанына сәйкес әрекет етуі. Құндылықтық бағыттар жоғары деңгейдегі әлуметтік ұстанымдар бола отырып, жеке адамның өмір сүру жағдайымен, құндылықтарымен, индивдтің жеке әлуметтік объектке және жағдайға деген ұстанамдарымен, жеке іс-әрекеттің реттейтіндігімен ерекшеленеді. Құндылықты бағыттар жеке адамның негізгі әлуметтік мүдделерін көздеп, оның қызметінің стратегиялық бағытын анықтайды. Құндылықты бағыттар индивидтің өмірлік позициясы, оның көзқарасы, адамгершілік қағидалары түрінде болады.
Адамға жеке адам қызметін атқару бір жағынан аурытпалық туғызса, екінші жағынан – бұл бақыт. Ауртпалық болады, себебі, әлеуметтік қызметтерді орындау оңай емес. Мысалға, жауапкершілік қызметін алайық. Қайсібір әлуметтік қауымдастықтың мүшесі бола тұрып жеке адамның бұл функцияны орындамауы мүмкін емес. Ол дегеніміз, индивидтің арасында байланыс орнату, және екі жақты міндеттер қабылдау. Басқаға деген жауапкершілігі бар жеке адам қауымдастықтың өзіне де осы талапты қоюға құқылы. Бірақ жауапты болу адамның көптеген қоғамдық міндеттерді орындауында талап етеді. Соның нәтижесінде өз қызметін, қажеттіліктерін және мүдделерін шектеу.талаптарына сай болуға мәжбүр.
Әлеуметтану шынайы әрекет ететін, таңдайтын, талғайтын субъект ретіндегі жеке адамды, тұлғаның тұрақты, қайталанатын шынайы өмірлік әрекетінің қоғаммен байланыстарына назар аударады. Басты проблема ретінде әлеуметтік байланыстар (әлеуметтік және билік институттары, әлеуметтік қауымдастықтар) мен адам іс-әрекетінің өзара ықпалы қарастырылады. Бұл мәселелерді шешуге талпыныс ХХ ғасырдың екінші жартысынан басталды. Тұлғаның түрлі әлеуметтік концепциялары: Чарльз Кули, Джордж Мидтің айнадағы Мен теориясы, Райт Линтон, Талкотт Парсонс және т.б. рөльдік теориясы, социологиядағы необихевиоризмның жекелеген салалары, референтті топтар теориясы және ұстанымдар теориясы пайда болды.
Теориялардың ортақ белгісі–адамның өзіндік даралығы және белгілі бір факторлар: индивидтер әрекеттестігін, қоғамда олардың белгілі бір рөльдерді атқаруын, әлеуметтік стимул, қажеттілік, бағыттардан пайда болатын туынды ретінде мойындалуы болады. Жеке адам, оның әлеуметтік қатынастағы орнымен байланысты мәселелер жиынтығын талдай отырып, тұлға социологиясы көптеген категорияларды (бейімделу, белсенділік, тәрбие, мүдделер, мотивтер, қажеттіліктер, құндылықтар, жеке адам түрлері, ұстанымдар, т.б.) қолданады. Айнадағы «Мен» теориясында (Ч.Кули, Дж.Мид) тұлға толығымен адамның әлеуметтік шартталған «Меннен» туындайтын функция ретінде қарастырылады. Жеке адамның негізі, оның өзіндік санасы – бұл әлеуметтік әрекеттестіктің нәтижесінде индивидтің өзіне объект ретінде, басқа адамдар көзімен қарауды үйренуі нәтижесіндегі әлеуметтік өзара әрекеттестігі ретінде бейнеленді. Осылайша, жеке адам – адамның әлеуметтік өмір үрдісінде жинаған объективті қасиеті түрінде түсіндірілді.
Рөльдер теориясын жақтаушылардың ойынша, жеке адам дегеніміз, индивидтің қоғамда атқаратын әлеуметтік рөльдері жиынтығының функциясы болып табылады, сондықтан, әлеуметтік рөль – индивид пен қоғам әрекеттістігі механизмінің маңызды элементі. Адамдар арасындағы әлеуметтік байланыстар олардың қоғамдық қатынаста белгілі бір жұмыс түрін (мұғалім, инженер, әке, бала және т.б. функциялар) орындау тапсырмасы түрінде болатын әлеуметтік функциялар негізінде құрылады. Атқарылған функциялар қоғамдағы әлеуметтік құрылымдағы адамның жағдайын сипаттайды. Осылайша, студенттің басты функциясы кәсіби және жалпы азаматтық мәдениетті танып білу. Индивидтің функциялары және одан туындайтын міндеттер мен құқықтар жеке адамның әлеуметтік статусын белгілейді. Жеке адамның әлеуметтік статусы – бұл индивидтің әлеуметтік топтардағы және бүтіндей қоғамдағы позициясы. Ол табиғи (жынысы, жасы) және әлеуметтік сипаттамалар (мамандық, кәсіп түрі, табыс, қызмет жағдайы және т.б.) арқылы анықталады, сондай-ақ, туа біткен (ұлттық, әлеуметтік тегі, туған жері) және қол жеткізілген (білім, мамандық, біліктілік) статустар болады.
Әлеуметтік статустар иерархиясы қоғамдағы немесе әлеуметтік қауымдастықтағы, қабаттағы, топтағы адамдардың белгілі бір позициясының маңыздылығын бейнелейтін «престиж» ұғымымен бекітіледі. Мамандық, лауазым, қызмет түрлері престижді болуы мүмкін. Престиж – адам тілектерін, ниеттерін, әрекеттерін қозғаушы, ал престиждік бағалау – кәсіби жұмыс бастылықты, әлеуметтік орын ауыстыруды, тұтыну құрылымын анықтайтын т.б. адам мінез-құлқын реттеуші болып табылады.
Рөльдік теория негізін қалаушылардың бірі Р.Линтон әлеуметтік рөльді – адам статусымен байланысты күтілетін мінез-құлық ретінде анықтайды. Бұл рөльдік күту адамның әлеуметтік статусынан туындайтын белгілі бір мінез-құлық ережелерді немесе нормаларын орындау және игеру жағдайында іске асады. Әр статусқа көптеген рөльдер қызмет ететіндігін атап айту маңызды. Зауыт директоры жоғарыдағы басқарушылар алдында бір рөльде, қол астындағыларының алдында екінші рөльде, әке түрінде – үшінші рөльде болады. Бірақ барлық жерде ол зауыт директоры болып қала береді, бұл оның басты статусы. Алайда, барлық рөльдерде, сонымен бірге, директор, әке рөльдерінде де ол әртүрлі ракурста көрінеді. Р.Мертон берілген статустан туындайтын рөльдер қосындысын рөльдер жиынтығы деп атады.
Адам бір уақытта бірнеше статусқа ие болуы мүмкін және көптеген шексіз рөльдерді атқарады. Әдетте, рөльдер жиынтығы сәйкес статусқа бекітілген ресми және бейресми рөльдерді қамтиды. Осылайша ЖОО оқытушысынан тек жоғары кәсіптік ғылыми деңгейді және т.б. ғана емес сонымен бірге, бейресми ғылыми ортада қалыптасқан қарым-қатынас стилін және мәдениет деңгейін игеру талабы қойылады. Мұнда әр жеке адам тек өзіне тән рөльдер үйлесімділігіне ие екенін айта кету керек, бұл оның индивидуальдылығын білдіретін негізгі қасиет.
Рөльдердің көптігі рөльдік қақтығыстар деп аталатын жеке адамның ішкі қақтығыстарын туғызады. Олар көбінесе іс-әрекет мотивтерінің күресі түрінде болады. Бұл мотивтер негізінде белгілі бір функциялардың дұрыс, мақұлданған орындалуы туралы көзқарастар жатыр. Бұл рөльдер қақтығысында индивид үшін берілген жағдайда маңыздырағы жеңіске жетеді. Басқаша айтқанда, рөльдер статустар сияқты иерархиялық болып келеді және әр жеке адам өзінің талғам пирамидасын құрайды. Әлеуметтіқ функциялар, әлеуметтік статустар және әлеуметтік рөльдер өзіндік бір түйіскен механизмді құрайды. Осы арқылы әр адам кейбір қоғамның бөлшегі, оның мәдениетін, сапасын ұстанушысы болады. Жеке адамның орындайтын әлеуметтік рөльдер жиынтығы ол қосылған қоғамдық жүйедегі байланыстар мен қатынастарды бейнелейді.
Жеке адам өмір шарттары мен қоғамдағы мінез-құлықты игерген адамның нәтижесі екендігі туралы ой необихевиоризмде пайда болған, мұнда тұлға ретті түрде талданған және әлеуметтік стимулдар жиынтығына деген әлеуметтік қолайлы жауаптар жиынтығы деп түсіндірілген. Жеке адам кейбір аралық, әлеуметтік емес сипаттағы айнымалылармен байланысты болатындығы мүмкін болды, бірақ олар шынайы ғылыми талдау пәні ретінде мойындалмады.
Ұстанымдар теориясында жеке адам индивидке күнделікті ықпал жасау арқылы қоғамды тудыратын, кейде саналы емес ұстанымдар түрінде қарастырылады. Түрлі ұстанымдарды жинақтай отырып, адам жеке адам болуға әдеттенеді. Оның санасында жеке адам болу қағидалы ұстанымы пайда болады.
Жеке адамның әлеуметтік концепцияларының бір тобы жеке адамға социогендік қажеттіліктер жиынтығы және қоғам тудыратын бағыттар түрінде қараумен байланысты. Қоғам жеке адамның дамуына әсерін тигізетін әртүрлі қажеттіліктерді тудыра отырып, дамиды. Жеке адамға деген көзқарастардың даму диалектикасы жеке адамды ықшамдайтын схемаларын жеңу, оның жүйелік түсінуге өту жолымен іске асады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет