Жеке адамның әлеуметтенуінің механизмін әлеуметтік бақылау. Терминді ғылымға енгізген француз социлогы Г.Тард. Терминнің мәнін қарастырған ол, әлеуметтік бақылауға жеке адамның әлеуметтенуінің бір факторы деп қарайды. Әлеуметтік бақылау – бұл нормативті жөнге келтіру арқылы құрамындағы элементтердің қатынасын, әлеуметтік жүйелерді реттеуші құрал. Әлеуметтік бақылау жүйесін тұрақтандыру – әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік (топтық, кластық, мемлекеттік) құрылымдарлың үстем түрлерін туындату болады. Әлеуметтік бақылау жүйесінің мақсатты қызметі, оның бағыттылығы және маныздылығы. Берілген әлеуметтік жүйенің, ондағы бір-бірін ауыстыратын қоғам типтерінің тарихи дамудағы шартты: әлеуметтік – экономикалық, әлеуметтік – саяси, әлеуметтік – құқықтық сипатпен байланысты.
Әлеуметтік бақылау – бүкіл әлеуметтік институттар: саясат, білім, мәдениет, мораль бағытындағы индивидтердің әлеуметтік тәртібін реттейді.
Әлеуметтік бақылау механизмі – қоғамның әр түрлі санкциялар, (қоғамдық көзқарас әсерінен репрессияға дейін) әлеуметтік топтар көмегімен жеке адамның белгілі бір рөльдік нормаларға сәйкес әлеуметтік рөльді орындауын қадағалаумен жүзеге асады.