7 ДӘРІС. ДЕВИАЦИЯ, ҚЫЛМЫСКЕРЛІК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҚЫЛАУ “Девиация” термині латынның “deviatio-ауытқу” деген сөзінен шыққан. Яғни девианттық дегеніміз - адамдардың мінез құлықтарының қоғамдағы әлеуметтік нормадан ауытқуы. Оны кең және тар мағынада қарастыруға болады. Кең мағынада девианттық мінез-құлық дегеніміз-кез-келген іс-әрекеттің қоғамда нормаларға сай келмеуі. Бұл жағдайда девиацияны жағымды немесе позитивті, жағымсыз немесе негативті деп бөлеміз. Ал тар мағынада девианттық мінез-құлық дегеніміз адамдардың іс-әрекеттерінің әлеуметтік нормадан негативті және жағымсыз түрде ауытқуы.
Позитивтік девиация дегеніміз – бұл мінез-құлықтың ауытқуы көптеген адамдарға оғаш көрінгенімен бірақ оған қоғам тарапынан
айыптаушылық тудырмауы. Бұған өзін-өзі құрбан ету, бір нәрсеге немесе біреуге шектен тыс берілу, шектен тыс ынта-жігер, шектен тыс жан ашу сезімі т.б.
Негативті девиация дегеніміз - керісінше көптеген адамдар тарапынан жақтырмаушылық, айыптаушылық тудыратын девиация болып табылады. Латын тiлiнен аударғанда delinguens – «қылық», «кiнәлi» болуды бiлдiредi. Бұл термин бойынша, бiз тұлғалардың құқыққа қарсы мiнез-құлқы-тұлғаның нақты iс-әрекетi, қоғамда, заңда тұрақтандырылған норма-ережелерден ауытқу, бiреуге қоқан-лоққы көрсету немесе қылмысы бойынша жазасын тартатын азаматтардың нақты iс-әрекетiн түсiнемiз. Заңға қарсы iс-әрекет ететiн адам деликвенттi тұлға (деликвент) деп аталады.
Ауытқудың (девиацияның) себебі неде? Егер девиация мен комформизм - бір нәрсенің екі жағы болатын болса, онда біріншісіне неге көп көңіл бөлінеді? деген сұрақ қояды. Бұған Дюркгейм былайша жауап береді. Біріншіден, девиацияның өте бір өзгеше құбылыс болуынан және оның адам көңілін өзіне тартқыштық қасиетінен деп көрсетсе, екіншіден, оған назардың басым болуын оған деген халықтағы, мемлекеттегі қобалжулықтың көтеріңкі болуымен байланыстырады. Басқа ғалымдар девиацияның себебін әртүрлі жолдармен түсіндіреді. Мәселен, ХІХ - ғасырдың аяғында итальян дәрігері Цезаре Ломброзо адамның физикалық қасиеттері девиацияға себеп болады дегенді айтады. Оның пікірінше, адамдар өзінің биологиялық құрылымына қарай белгілі бір мінезге ие болады. Ол «криминалды типке» жататын адамдарды әдетте адам қалыптасу эволюциясының алғашқы сатысына ұқсас болатындығымен байланыстырады. Мәселен, ондай адамның иегі шығыңқы, сирек сақалды және ауруға деген сезімі төмен болып келеді деп көрсетеді. Бұл концепцияны жақтаушылар көп болды. Мәселен атақты американдық психолог және дәрігер Уильям Шелдон да (1940) девиацияға байланысты адамның дене бітімінің маңызды орын алатындығын айтқан болатын. Мысалы, эндоморфты адамдар, яғни, біршама дөңгелектеу келген орташа толық адамдар әдетте көпшіл, елмен тіл табыса алатын жән өз басын бірінші орынға қоймайтын, басқаның иіне көнгіш болып келеді. Көптеген зерттеулердің негізінде Шелдон мезоморфты адамдар ауытқуларға бейім (девиацияға бейім) болады, бірақ олар әр кезде қылмыскер бола бермейді дейді.
Праис ауытқымалы мінез - құлықтың себебі дене құрылысының ерекшелігінде дейді, үшінші біреулер жыныстық хромосомдардың бұзылуынан іздейді.
Екіншісі, девианттылықтың себебін психологиялық факторларға қатысты деп санайтын бағыт. Зигмунд Фрейд адамның ақыл-ой кемістігі, азғындығы, есалаңдығы (психопат) теріс мінез - құлықтарды тудыратын себептер деп дәлелдейді.
Ауытқымалы мінез-құлықтың социологиялық түсіндірмесі жоғарыда келтірілген себептердің әсерін жоққа шығармайды, бірақ ауытқымалы мінез-құлықтардың басты себептерін әлеуметтік – мәдени факторлардан іздейді. Дюркгейм өзінің аномия теориясында алғаш рет девиациялық құбылыстардың себептеріне социологиялық тұрғыдан талдау жасайды. Дюркгейм бұл теорияны өзінің классикалық адамның өзіне-өзі қол салу себептерін зерттеу концепциясында қолданған болатын. Сонымен, ол адамның өзіне-өзі қол салуы аномияға байланысты болады деп көрсетеді. Аномия - деген сөз француздың anomie деген сөзінен шыққан, заңның болмауы деген мағынаны береді. Аномия - әлеуметтік нотариалдық нақты жүйенің болмауы, мәдениет бірлігінің бұзылуы, соның әсерінен адамдардың өмірлік тәжірибесі, қоғамдық нормалары сәйкес келмеуі. Аномиялық жағдай заманның өтпелі кезеңдеріне болатын экономикалық деңгейінің, имандылық дәрежесінің төмендеуіне байланысты пайда болады. Аномия адамдардың механикалық бірлігінен органикалық бірлігіне өтуінің толық анықталмау нәтижесі. Аномия ұғымының мәнін Э.Дюркгейм «Суицид» еңбегінде толық ашып көрсетеді. Ол суицидтің: эгойстік, альтруистік, аномиялық түрлерін бөліп көрсетеді.
Девиантты әрекеттің әлеуметтік мәдени себептерін ашып көрсеткен Р.Мертон болды. Аномия ұғымы Р.Мертонның қөзқарасынша адамдардың мақсаттары мен оларға қол жеткізу құралдары арасындағы алшақтықты білдіреді. Мертонның ойынша девиантты әрекет қоғамда адамдардың өз мақсаттарына сол қоғамда дұрыс деп табылған заңды жолмен қол жеткізе алмаған жағдайда туындайды.