) Психо активті заттар қолдану және денсаулыққа зиян келтіретін факторлар дағдылары. Салауатты өмір салты тұлғаның жетістікке жетуі ретінде. Психоактивті зат
15) Психо активті заттар қолдану және денсаулыққа зиян келтіретін факторлар дағдылары. Салауатты өмір салты тұлғаның жетістікке жетуі ретінде. Психоактивті зат – психикалық жағдайды өзгертетін және орталық жүйке жүйесінің қызметіне әсер ететін кез келген жасанды немесе табиғи зат. Бір рет қолданғаннан кейін эйфория немесе басқа психотроптық әсерлер (галлюцинация, қозу) тудыратын және тұрақты қолданғанда психикалық және физикалық тәуелділікті тудыратын химиялық зат. Психотропты заттар: психикалық ауруларды емдеу үшін медицинада жиі қолданылатын жоғары психикалық функцияларға әсер ететін психоактивті заттар. Есірткі: заңсыз немесе тәуелді психоактивті заттар. Белгілі бір аурулардың қатер факторлары ретінде көбінесе мына тысқары факторлар қатары келтіріледі: 1. экологиялық факторлар, б) тамақтанудың физиологиялық мөлшер өлшемдерінің бұзылуынан туындайтын аурулар тобы, в) денсаулыққа семірудің кесірі бұл әсіресе аргонизмде тағы бір әмбебапты фактор гипокинезияның әсерінен нақты көрінісін табады, г) сезім жан күйзелісі, д) зиянды дағдылар, әсіресе темекі шегу, араққа, есірткі заттарға үйірсектік. Салауатты өмір салты (СӨС) — бұл ең әуелі денсаулықты сақтауға және нығайтуға бағытталған сауықтыру жолындағы белсенді іс-әрекет. Өмір Адамның өмір салты өздігінен қалыптаспайды, ал салауатты өмір салты өмір сүру барысында мақсатты түрде қалыптасады. Салауатты өмір салты - адам үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей байланысты құнды форма. Ол адам мәдинетінің бір бөлігі. Ал денсаулық адам бақытының негізгі бөлігі. Денсаулыққа тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны организмнің жан-жақты дамуымен бүкіл қызметтердің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн. • • жеке және қоғамдық гигиена; • дене шынықтыру, гиподинамиямен күрес; • организмді жаратылыс-табиғи факторлармен — су, ауа, күн жарығымен және т.б. шыңдау; • күн тәртібін тиімді пайдалану; • дұрыс және уақтылы тамақтану; • тән ауруларынан сақтандыру; • жарақаттанудан, уланудан, т.б. сақтандыру; • зиянды әдеттерден (темекі тарту, алкоголь, есірткілік улы заттарды) сақтандыру