Әлеуметтану Кредит№1 Әлеуметтанудың және басқа ғылымдардың байланысы



бет19/28
Дата09.09.2023
өлшемі82,78 Kb.
#180592
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28
Байланысты:
Эссе Аяш[1]

9 )Кенестік Қазақстан мәдениеті Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастады. Елде ағарту ісін дамытуға баса назар аударылды. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдениетті жаңғыртуға зор үлестерін қосты.Сонымен қатар, қазақ мәдениетінің жоғары дәрежеде дамуында қазақтың баспасөзінің дүниеге келуі маңызды роль атқарады. Баспасөзде қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. Айқап,Қазақ және т.б. газет-журналдар қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан. Қазақ тіліндегі окулықтар жазылды. Мұндай окулықтардың авторлары қазақ зиялыларының өкілдері - А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, С. Сейфуллин болды. ХХ ғасырдағы Қазақстандағы тарихи-қоғамдық жағдайлардың өзгерістеріне сай әдебиет те өз кезегінде солармен үндесе келіп, замананың көкейкесті мәселелерін көтеріп, қоғамдық өмірдің көркем суретін жасауға ұмтылды. ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиет сыншыл реализмдік бағыт алды. Сыншыл реализм ерекшеліктері М. Сералин, С.Торайғыров, С. Көбеев, т.б. шығармаларынан нақты көрініс тапты. Сөйтіп бұл кезеңде Абай реализмінің дәстүрі дами түсті. Сондай-ақ осы кезеңдегі қазақ әдебиеті тарихи-әлеуметтік қайшылықтарды көрсетіп қана қоймай, отаршылдыққа қарсы бағытталған күрескерлік ұлт-азатшыл идеяларды да алға тартты. Әдебиет дамуының бұл ерекшеліктерін Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, т.б. шығармаларынан байқаймыз. Олардың шығармалары ресейлік отаршылдыққа, қоғам өміріндегі надандыққа, әлеуметтік теңсіздікке қарсы бағытталды.
10) Жаңа қазақстан және байырғы түркілік мәдениетпен астарласып жатырған ұлттық кодымызды сақтау мәселелері
«Болашаққа бағдар: Жаңа Қазақстан» - ең алдымен, еліміздің Біртұтас ұлт болуын мақсат етіп, соған барар жолдағы ұлттың рухани болмысының мәні қалай болуы керек, нені негізге алып, қандай базалық құндылықтарды сақтауымыз қажет, ертеңгі ұрпаққа табыстар мұрамыздың сипаты қандай болуы керек, бүгінгі жастар мұраты қандай, батысқа еліктеу Еліміздің болашақ межесіне үлгі бола ала ма деген бүгінде қазақ қоғамын іштей толғандырып жүрген басты мәселелердің шешімі мен оның бағдары осы бағдарламада кеңінен қозғалып, тиянақталған.Ұлттық код қайда? Ұлттық код – ең алдымен, тілде, сосын дәстүріміз бен салтымызды, мінезімізді айқындайтын дінде, ұлттық мәдениетте. Қазақ баласының тағылымы мол тарихында мәдени-рухани болмысы ізгілікпен әдіптеліп, қарапайымдылықпен шыңдалып, парасатпен шырайланған. Ұлттық кодымызда ізгілік, адалдық, перзенттік инабаттылық, адамгершілік, парыз, этикет, ақыл-парасаттылық кеңінен өрістеген, молынан қамтылған.Ұлттық кодта парыз бен әділдік қатар сомдалып, Ж. Баласағұни, М. Қашқари, А. Иасауи, Абай мен Шаһкәрім, Ақымет пен Әлихан, Мағжан мен Міржақып шығармашылығы арқылы халыққа дәріптелген, астары мен арқауы мықты оралымды сөз өрнегімен, ұғынықты тілмен өрілген. Қазақтың ұлттық кодында әділдік тұжырымдамасы ежелгі дәуірден бастап жинақталып, туыстығы жоқ үлкенге деген сыйластық болып танылған. Сыйластық пен ізгілік, ізеттілік пен имандылық қазір енді этикетке айналған тұста, осы ұлттық кодты дамыта отырып, рухани мәдениетімізді жаңғыртуымыз қажет. Ұлттық кодымызда ұят категориясы бар. Бесіктен белі шықпаған баладан бастап, ұят боладыны айтып өсірген ата-ана баласын жақсылық пен жауыздықтың бөлінетінін айтып, мінезін қалыптастырады. Жауыздықпен күрес пен жақсылықты дәріптеу коды қазіргі мораль мен өнегелік категориясын дамыта түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет