14) Психика мен дененің өзара байланысы. Аурулардың пайда болуының психологиялық факторлары және денсаулықты нығайтуАдам психикасының саулығын білдіретін нормалар мен аномалиялардың көрсеткіштерін анықтау – аса күрделі мəселелердің бірі. Мəдениəлеуметтік дəстүрлердің норма көрсеткіштері болып есептелетін жағдай тарихи түрде қалыптасып қалған. Бірдей психикалық көрініс барлығына ортақ норма ұғымына қатысты қалыпты да, аномальды да болып саналуы мүмкін. Қазіргі заманғы ғылым психика саулығын медициналық жəне психологиялық көрсеткіштер қосындысы, сондай-ақ əлеуметтік нормалар мен құндылықтар арқылы анықтайды. Адам денсаулығының осы аспектісімен шектелетін жағдайлары психикалық көріністердегі ауқымды зерттелуі қиындыққа соғатын топқа жатады. Клиникалық түрде нақты көрінбеген психикалық ауытқу мен психикалық саулық арасындағы шекараны айқын ажыратып көрсету қиын. Оларды өзара ажыратып, сондай-ақ өзара жалғастырып тұрған шекара аумағы айтарлықтай кең болады, ал ауруды денсаулықтан бөліп тұрған шекара тұрақсыз əрі белгісіз болып табылады. Кейбір авторлардың мəліметтері бойынша, зерттелген адамдардың 20-26 пайызынан психикалық ауытқулар, 40-62 пайызынан – шекаралық жағдай анықталып, 13-15 пайызынан ешқандай психикалық бұзылыстар байқалмаған . Психика саулығы дегеніміз – адам мен сыртқы дүние арасындағы тепетеңдік жағдайы, оның əлеуметтік ортаға, физикалық, биологиялық жəне психикалық ықпалдарға қатысты реакциясының сай болуы, жүйкелік реакция күші мен сыртқы тітіркендіргіштер арасындағы сəйкестігі, адам мен оның айналасындағылар арасындағы үйлесімділік, адамның шынайы объективтілік жайлы пікірінің басқа адамдардың пікірлерімен ұштасуы, өмірдің кезкелген жағдайына сын көзбен қарауы. Адам психикасының саулығын білдіретін үш деңгей бар: -психофизиологиясының саулық деңгейі (орталық жүйке жүйесінің қызметімен, жағдайымен анықталады); - жеке психологиясының саулық деңгейі (психикалық іс-əрекетінің жағдайымен, қызметімен анықталады); -тұлғасының саулық деңгейі (адам қажеттіліктері мен əлеуметтік орта талаптары, мүмкіншіліктері арасындағы қатынаспен анықталады); Психологиялық астары бар аурулар» ерлерде, егде жастағы адамдарда жиі кездеседі. Балалар мен жастар көп ауыра бермейді. Егде жастағы адамдар денсаулығына байланысты мəселелер мен аурулардан аулақ болуға тырысуы керек. Кейбір егде жастағы адамдар денсаулығын күтуді тоқтатады, денсаулығымен айналыспайды, жиі ауырады