Саясаттану
1. Ежелгі дәуір, Ортағасыр, Жаңа заман және қазіргі замандағы саяси ойдың дамуы.
Ежелгі Шығыс елдеріндегі саяси танымға келетін болсақ, көне шығыс халықтарының саяси ой жүйелерінің мифологиялық бастауларға жүгінетіндігін жəне адамның дүниедегі орны мен рөлі туралы көзқарастың да мифиологиялық дүниетанымдарға негізделетіндігі белгілі. Мысалға, ежелгі Египет, Қытай, Вавилон халықтарының таным-түсініктері дінимифологиялық сипат алған. Бұларда, сол кездегі саяси билік пен тəртіп аспан тəңіріне тəуелді дейтін таным басым болды. Демек, саяси құқықтық көзқарас өзінің алғашқы даму сатысында жеке адами білім, ой ретінде əлі бөлініп шықпағандығын, оның сол кездегі, мифологиялық дүниетанымының құрамдас элементі болғандығын байқауға болады. Қытайдың саяси ойлар 6-5ғ.ғ. б.з.д. жəне саяси жағдайлар ойшыл-ғалымдардың зерттеу объектісіне айнала бастады. Мысал ретінде конфуцишылдарды алуға болады. Конфуций əлеуметтік, этикалық, саяси ілімнің жəне патриархалық мемлекет теориясының негізін салушы болып есептеледі. Конфуций өзінің ілімін Лунь юй дегенжинағында баяндаған.Конфуцийдің саяси іліміндегі негізгі ойлар мыналар:
1. Саяси басшы көк тəңірінің үлгісімен тек жақсылық сыйлаушы болуы тиіс.
2. Патша патшадай болу, бағынышты бағыныштыдай, əке əкедей, бала баладай болу принциптерін ұсынады. Бұл принциптің мақсаты – билік жүйесіндегі шайқалып бара жатқан басқару қағидаларын бекіту еді.
3. Егер халық аш болатын болса, патша өз байлығына масаттана ала ма? - деген принцип қояды, яғни, Конфуций ілімінде халықтың тұрмысының жақсы болуы – негізгі өзекті мəселе болды деуге болады.
2. Саяси ой тарихында орта ғасырлардағы феодалдық қоғамның орны ерекше.
Батыс еуропада феодализм мың жылдан артыққа созылды (5-16ғ.ғ.). Бұл дəуірде рухани өмірде дін түгелдей үстемдік етті. Шіркеудің саяси талабын дұрысқа шығару мақсатымен оны жақтаушылар патшаға құдіретті шіркеу берді, ал оған мұндай абырой, беделді берген – құдай, сондықтан христиан патшалары шіркеу басшыларына бағынуы керек деп уағыздады. Бұл жағдайға ақсүйектер көнгісі келмей, билікті өз қолдарына қалдырғысы келді.
Батыс орта ғасыр идеологиясының өкілдері: Августин Аврелий (354- 430ж.ж.) жəне Фома Аквинский (1226-1274ж.ж.). А.Августин дүниежүзілік тарихи процестерді құдайға тəуелді ете отырып, жер бетіндегі адамзатты 2-ге бөлді.
1) ізгілікті мемлекет адамдары (жын-шайтан);
2) шіркеу адамдары (пəк, таза адамдар).
Құдай адамдарға ерікті етіп жаратқан соң, олар күнəлар жасайды жəне қоғамдағы барлық саяси жəне мемлекеттік құбылыстар күнəһар адамдардың ісəрекетінің салдарынан туындайды дейді. Ф.Аквинскийдің саяси ілімдер тарихындағы маңызды жақ – ол арнайы заң теориясын жасады. Аквинский заңды мəңгілік, діни, табиғи жəне оң заң деп бөледі.
Мəңгілік заң – ол құдай даналығы жəне ол бүкіл дүниедегі іс-əрекеттерді басқару құралы.
3. Қайта өрлеу дəуірі Буржуазиялық саяси ғылымның негізін салушы – Н.Макиавелли (1469- 1527ж.ж.). Оның еңбектері Патша, Пит Ливийдің бірінші он күндігі жөніндегі ойлар, Флоренция тарихы. Ол діни көзқарасқа қарсы болды. Шындықтың белгісі сенім емес, тəжірбие деп білді. Ол республикалық мемлекетті, еркіндікті, теңдікті қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |