Әлеуметтану


Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметану жөніндегі тұжырымдамалары



бет19/82
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#87528
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82
Байланысты:
ӘЛЕУМЕТТАНУ. ОҚУЛЫҚ (1) (2)

1. Ш. Ш. Уәлихановтың әлеуметану жөніндегі тұжырымдамалары


Ш. Уәлихановтың (1835-1865) ғылыми еңбектерінің бәрінде, атап айтқанда, "Қазақтардың өрісі мен қонысы туралы", "Сот реформасы жайлы жазбалар", "Баянауыл округі туралы", "Өлкенің үкімет басқару жүйесі мен саяси жағдайы", "Сахарадағы мұсылмандық туралы" және т.б. шығармаларында қазақ қоғамындағы көкейтесті әлеуметтік мәселелер зерттеледі.
Қазақтардың өмір сүрген патриархалды-феодалдық қоғамы барлық халықтардың басынан өткізген эволюциялық даму жолы екенін атап көрсетеді. Қазақ қоғамының эволюциялық дамуы өзге елдердегі сияқты елді өркендеудің биік сатысына көтереді деп түсіндірді. Оның әлеуметтікэкономикалық негіздері бар екенін дәлелдеді. Ол Ресей державасының «құрамына еніп отырған барлық бұратана тайпалардың ішінде халқының санының көптігінен, байлығы жөнінен біз бірінші орын аламыз. Меніңше, алдағы өркендеу де біздің - қазақтардың үлесіне тиеді»5, - деген қорытындыға келеді.
Қазақ қоғамында орын алған жағымсыз құбылыстар тоқыраудың мотиві болғанын, қоғам дамуында жаңа бетбұрыс алған еркін ағымды тоқтатқанын сынай отырып, қазақ елінің өркендеу болашағын реформамен тығыз байланыстырады, реформаға қалай әзірлену және оны қалай жүргізу қажеттігі жөнінде аса құнды ой-пікірлер тұжырымдады. Оның пікірінше, реформаға ғылыми тұрғыдан келу керек, нақты тарихи жағдайды есепке алу қажет. Сонда ғана реформа сәтті орындалады, соның негізінде қоғамдық организмнің дамуы іске асады. Мұндай реформаны аяғына дейін жеткізуді маңызды процесс деп санайды.
Егер де қоғам мұқтаждығы мен құралдары белгілі болса, қоғамның әлауқатын жақсарту мақсатын көздеген кез-келген реформа алға қойған
1.
мақсатына сол уақытта ғана жетеді
Басқаша сөзбен айтқанда, реформаны жемісті жүргізу үшін өзгерістердің ішкі қайнар көздерін көре білу қажет болды. Сонымен қатар Шоқан қоғамдағы өзгерістерді жасау қажеттілігі коғамның даму деңгейінен және бұқара халықтың өмір салтынан туындауы тиіс деп түйді. Ал бүның өзі дифференциялау принципі түрғысынан қаралуы керек. Қазақ қоғамында жүргізілетін реформалардың ішінде адамның түрмысын жаксартуға ықпал ететін реформа ғана пайдалы, ал бұл мак-сатқа жетуге кедергі келтіретін реформа «зшщцы». Сондықтан ол бұл мақсатқа жете алмайтын кез-келген реформаторлыкты жоқка шығар-ды. Қазақ еліне коғамдық өмірдің «экономикалық және әлеуметтік» жақтарын қамтитын реформа қажет деп санады. Ш.Уәлихановтың түжырымдауынша, қоғамда жасалатын бетбұрыстардың халыққа ұнамдысы, пайдалысы экономикалық және әлеуметтік реформа, олар «халықтың маңызды мұқтаждарына тікелей қатысы бар реформа деп саналады, ал саяси реформалар қажетті экономикалық реформаларды іске асырудың құралы ретінде қолданылуы тиіс, өйткені жеке алынған әрбір адам және барлық адамзат ұжымдаса отырып өзінің дамуында бір ғана түпкі мақсатқа - өзінің материалдық әл-ауқатын оңалтуға ұмтылады
2.
және осының өзі прогресс болып саналады
Шоқанның пікірі бойынша, экономикалық және әлеуметтік реформалар шынайы қоғамдық прогреске жетуді мақсат етуі керек, ал қоғамдық прогресс өз кезегінде халықтың материалдық халін жақсартуға қызмет етуі тиіс. Саяси реформа белгіленген экономикалық мақсатқа жетудің құралы қызметін атқарып, соған бағындырылады. Сол халықтың пайдасы үшін іске асырылатын қоғамдағы өзгерістер «материалдық қажеттілігіне» және «ұлттық мазмұнына» орайластырылған бірнеше талаптарды қанағаттандыруы керек. Оның аталмыш мұқтаждықтар мен сипаттар деп отырғаны қазақтың ауылдық-рулық қауымдастығының жерді ұжымдасып пайдалануы, еңбекші жұрттың әлеуметтік қауымдастығы сияқты жақсы жақтары еді. Сонымен қатар оның өзара көмек, тұрмыста бір-біріне қол үшін беру және өзін-өзі басқару белгілерін де назардан тыс қалдырмай, олардың маңызды жақтарын ашып көрсетті. Шоқанның пікірі бойынша, бұлар «оқыған еуропалықтардың еліктеуіне» тұрарлық құбылыстар.
Ғұлама ғалымның бұл пікірінің бүгінгі таңда біздің елімізде жүріп жатқан реформа үшін практикалық маңызы зор. Бірақ осы құнды пікірдің ескерілмеуі қоғамды келеңсіз жағдайларға да соқтыруда. Қоғамның күйін және халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын есепке алмай, өзге елдің

1 Валиханов Ч.Ч. Собр. Соч.: В 5т. Т. 4. Алма-ата: Главная редакция Казахстанской советской энциклопедии, 1984. С. 78. 2 Сонда
тәжірибесін көзсіз енгізе салуды республика өз басынан кешірді. Бұның бәрі жүргізіліп жатқан реформаның барысына әсерін тигізбей қоймады.
Шоқан реформаны халыққа тануға да қарсы болды. Оның көзқарасы бойынша, "еріксіз, күштеп іске асырылған реформа қазіргі таңға дейін адамзатты ауыр зардапқа соқтырып келеді". Ол қазақ елін басқарудың мұндай әдістерінен сақтандырды, өйткені олар халықты толқытуы мүмкін деп санады. Ойшылдың пікірі бойынша, реформа қайсыбір қоғамға тән терең қажеттіліктерден туындауы керек. Бұдан кері жағдайда қолданылған шаралар іске аспайды, тіптен қоғамдағы өзгертулерге жағымсыз ықпал ететін процестерді тудыруы мүмкін.
Оның пікірінше, мұндай апаттарды "жөнсіз теорияларға сүйенген немесе басқа халықтың өмірінен алынған" реформа қалыптастыруы мүмкін. Шоқан өлкеде жүргізілуге дайындалып жатқан сот реформасын осындай реформаның қатарына жатқызды. Үкімет чиновниктерінің реформа жөнінде еңбекші халықтың пікірімен санаспай, "танымал қырғыздардың" пікірін білуге ұмтылуын қателікке есептеді. «... танымал және бай адамдардың мүдделері, тіптен жоғары өркениетті қоғамдардың өзінде, көбіне-көп бұқараның, көпшіліктің мүдделеріне қарсы болады»6
Реформалардың сәтті жүзеге асуын Шоқан олардың дұрыстығымен байланыстырып қарастырады. Олар прогресс заңдарына негізделсе ғана дұрыс болады. Оның пікірі бойынша, дәл осындай жағдайда ғана қоғамдық организмнің дамуы дұрыс, орынды жүреді. Осыдан келіп халықтар: өзін-өзі дамыту, өзін-өзі қорғау, өзін-өзі басқару және өзін-өзі жазғыру іспетті саяси прерогативтерді жүзеге асыруы тиіс.
Шоқан қазақ қоғамын әлеуметтік организмнің күрделі объектісі ретінде қарастыра отырып, оның әлеуметтік-таптық құрамының қоғам дамуына сәйкес үлкен өзгерістерге ұшырап отыратынын көрсетті. Оның тұжырымдамаларында қазақ қоғамының ақ сүйек және қара сүйек деп аталатын екі топқа бөлінуі феодалдық қоғам кезінде орын алғандығы тұжырымдалады. Қоғамның мұндай екі ірі әлеуметтік топқа бөлінуінің себебін ол адамның шыққан ата-тегінен, мал-мүлкінен, билік ету деңгейінен көреді. Ақ сүйектер түрлі жеңілдіктерге ие болған индивидтердің жабық сословиесі еді. Бұған төрелер, яғни хан тұқымынан шыққандар енді. Шоқан қожаларды ақ сүйектердің қатарына жатқызбаған. Бірақ халық оларды білімі үшін құрметтейтін еді, деген ой айтады. Қара сүйектер казақтың билері, байлары, батырлары, тархандары, ақсақалдарынан тұрды. Қоғамдық өмірдің әлеуметтік иерархиясының ең төменгі сатысының негізгі бөлігін шаруалар құраса, қалған бөлігін төрелердің әр түрлі тапсырмаларын атқарған төлеңгіттері толтырды. Шоқан осы жікті құлға балайды. Өмірде олардың статусы құлдардан жоғары еді. Қазақстанның Ресейге бодан болуы, хандық институттың жойылуы, басқарудың жаңа жүйесінің енгізілуі және т.б. себептер қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымына жаңа өзгерістер енгізді. Қоғамды ақ сүйек пен қара сүйекке бөлу бірте-бірте бәсендеп, тоқтады. Ендігі жерде қазақ халқының әлеуметтік-таптық құрылымының бай және кедейге бөлінгенін, кедейлердің «сахара пролетариаты» болғанын, олардың ауыр жағдайын ашып жазды. Бұл екі таптың әлеуметтік мүдделерінің тіптен үйлеспейтінін, соның салдарынан олардың арасында шиеленістік
1 жағдайлардың болу мүмкіндігін ашады . Орыс казактарының қазақ жеріне қоныстандырылуы қоғамның әлеуметтік құрылымына өзгеше сипат беріп, ұлтаралық қарым-қатынастарды қалыптастырды, Шоқан өз еңбектерінде таптар арасындағы әлеуметтік теңсіздіктің мотивін зерттеп, соның негізінде адамдардың қоғамда иеленетін статусының анықталатынын және топтар арасындағы әлеуметтік шиеленістердің пайда болуының негізгі себептерін көрсете білді.
Шоқан ұлтаралық қатынастар мәселесінің өршуін қазақтардың өз жерінен ығыстырылып, материалдық жағдайының күрт құлдырауынан, керісінше, орыс казактарының қазақтардан тартып алынған құнарлы жерлерге орналасуынан, олардың тұрмыстық жағдайларының тез көтерілуінен деп есептейді. «Қазақтардың өрісі мен қонысы туралы» деген мақаласында Шоқан: «Қазақтар ұлан-байтақ жер кеңістігін иеленгенімен, қазіргі уақытта тек оның шамалы ғана бөлігін пайдаланып отырса да жерге әрдайым зәру»2, — деп құнарлы жерлерден айырыла бастағанын жазады.
Жерді ұлтаралық қарым-қатынастағы негізгі мәселе етіп қояды.
Шоқан орыс казактарының станицасына қазақтардың байырғы атақонысы Баянауылдың өту салдары мал жайып, мал қыстататын жерлерінен айрылуына, малдарының қырғынға ұшырауына, қазақтардың материалдық жағдайының нашарлауына соқтырғанын жазды. Өздері астық өндірумен шұғылданбаған қазақтар станица жерін жергілікті халыққа жалға таратып, одан түскен өнімнен салық жинап отырған. Бұл жағдайлар қазақтар мен орыс казактарының арасын шиеленістіре бастады. Қалыптасқан жағдайдан шығу жолын іздеген Шоқан 1864 жылы 26 наурызда Батыс Сібір әкімшілігіне хат жазып, бұл мәселе бойынша пікірін білдіреді.
Онда Баянауыл станицасының жерлерін қайта бөлуді ұсынып, ең алдымен қыстақтық мекендер мен орманды алқаптар қазақтарға, олардан артылса ғана казактарға жер таратып беруге болады деп есептейді.
Шоқан өркендеудің қай сатысында тұрғанына қарамастан кез-келген халықтың өзін-өзі дамытуын, өзін-өзі қорғауын, өзін-өзі басқаруын және өзін-өзі жазғыруын қоғамдық даму заңдылықтары ретінде қарастырып, олардың қазақ қоғамындағы әрекет ету көріністеріне тоқталады.
Ресей әлемдік сот тәжірибесін қабылдап, оны шеткі аймақтарға, соның ішінде қазақ еліне таратпақшы болды. Шоқан патша үкіметінің осы әрекетіне


  1. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. 2-басылымы. 127-б.

  2. Валиханов Ч.Ч. Собр. Соч.: В 5 т. Т. 4. Алма-ата: Главная редакция Казахстанской советской энциклопедии, 1984. С. 107.

қарсы шығып, оның негізсіздігін сынға алды. Оның пікірінше, "рулық тұрмыс пен рулық қатынастар үстем етіп тұрған шақта, халықтың бұрынғы өмірінен туындап, оның даму жолдарынан және елінің ерекшеліктерінің ықпалынан қалыптасқан қазіргі әрекет етуші билер соты қазақтардың дамуын барынша қанағаттандырады»7
Билер институты — қазақ қоғамындағы ерекше құбылыс. Оларды ешкім сайламайтын және тағайындамайтын. Ш. Уәлиханов талантымен көпшіліктің көзіне түсіп, сыннан сүрінбегені ғана осы құрметті би атағына ие болатынын айтып келіп, патша өкіметінің қазақтың билер институтын жоюға ұстаған бағытының жөнсіз екенін сынайды. Билер институты ғасырлар бойы жетілдірілді. Соның негізінде қара қылды қақ жарып әділ де өткір шешім айтатын әйгілі билер шықты. Шоқан мұндай билердің би атағы балаларына мұрагершілікпен беріліп, әке жолын қуушылар да болғанын жазады. Орта жүздің қаракесек руынан шыққан әйгілі Қазыбек бидің құрметті би атағын Бекболат, Тіленші, Алшынбай сынды үш ұрпағы жалғастырған. Әрине, бұған қарап би болу бірыңғай тұқым қуалайтын мұрагерлік құбылыс екен деген ой тумауы керек. Өзінің талантымен халық арасынан талай белгілі билер шықты. Орта жүздегі қалың қаржас ішінен шыққан Шорман 13 жасында, Есет Көтібарұлы 20 жасында халықты аузына қаратқан би атанған. Жоғарыда аталған объективтік себептер билер сотының қазақ қоғамында одан әрі өз функцияларын атқаруға тиістігін тұжырымдайды.
Билер сотының сақталуын Шоқан халықтың өзін-өзі басқаруының маңызды буыны деп қарай отырып, патша өкіметі XIX ғасырдың 60жылдарында қазақтардың мүддесіне сәйкестендірілген өлкені басқару жүйесін орнатады деп күткен еді. Алайда, оның үміті орындалмады. Бюрократиялық басқару жүйесі қалыптасып, елдің жағдайын ауырлатып жіберді. Осыған байланысты Шоқан өзінің төл еңбектерінде бюрократиялық басқарудың алуан түрлі жымысқы әдістерін қолданып, қазақ халқын ауыр зардаптарға соқтырған патша әкімшілігінен қазақтардың өзін-өзі басқаруын
1 -өзі басқаруын Шоқан елді талап етеді . Халықтың өзін
демократияландырудың маңызды принципі ретінде зерделеді. Басқарудың осы жүйесіне өтудің жолдарын да қарастырды. Алайда, бұратана халықтарды билеп-төстеп тұрған патша үкіметі үшін Шоқанның ұсыныстары тиімсіз еді. Сондықтан оларды мойындағысы келмеді.
Ш.Уәлихановтың дінге көзқарасы бақсылық пен ислам туралы жазған еңбектерінде баяндалып, Қазақстан аумағында көп діннің – зороастризмнен исламға дінін болғанын көрсетті және XIX ғасырдың өзінде қазақтардың таза, мұсылман болмағандығын, қазақтардың арасында бақсылықтың кең тарағанын, бабалар рухына сыйынуды орын алып отырғанын атап көрсетті.
Қазақ сахарасында исламды, араб тілін және Құранды нашар білетін білімсіз адамдардың таратып жүргеніне қынжылды. Бұлардың қазақтарды діни қараңғылыққа итермелеуіне өкініш білдірді. Осы көзқарасы үшін зерттеушілер Ш.Уәлиханов атеист деп есептейді.
Шоқанның әлеуметтанулық көзқарастары О. Конт, Г. Спенсер, т.б. Батыс әлеуметтанушыларының ой-пікірлерімен ұқсас. Шоқан олардың тұжырымдамаларының төңірегінде қалып қоймады. Қоғамның кейбір әлеуметтік мәселелері жөнінде олардан ілгері кетті. Сондықтан да Шоқанның әлеуметтану саласындағы пайымдаулары коғамдық ғылымдарға қосылған зор үлес.
Шоқан сияқты қазақ қоғамына назар аударып, оны тұңғыш зерттегендердің бірі Ы. Алтынсарин болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет