Әлеуметтану


Адамның биологиялық және әлеуметтік жағдайы. Тұлға – әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі



бет46/82
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#87528
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   82
Байланысты:
ӘЛЕУМЕТТАНУ. ОҚУЛЫҚ (1) (2)

1. Адамның биологиялық және әлеуметтік жағдайы. Тұлға – әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектісі Адам – биологиялық индивид, жердегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, күрделі және ұзаққа созылған биологиялық эволюцияның жемісі, эволюциялық мәдениеттің алғышарты және субъектісі. Биологиялық эволюция 2,5 млн жылға созылды. Адамның биологиялық дамуы 40 мың жыл бұрын тоқтады. Осыған дейін бүгінде адамды өзге жануарлар дүниесінен ерекшелейтін іргелі белгілері қалыптасты: тік жүруі, миының үлкендігі, екінші сигналдық жүйесінің болуы, ойлаудың, тілдің және сананың болуы, балалық шақтың ұзаққа созылуы, еңбек құралдарын және отты меңгеруі және т.б.
Бұлар биологиялықтан мәдени эволюцияға өтудің жағдайы болып саналады. Адамның соңғы 40 мың жылда қол жеткізгенінің бәрі биологиямен байланысы жоқ, керісінше, мәдениетпен, қоғаммен байланысты. Басқаша айтқанда, табиға жолмен емес, керісінше, мәні әлеуметтік қатынастар жүйесінде айқындалған қолдан жасалған ортамен байланысты. Адам биологиялық тіршілік иесі болғанымен, осыдан бастап оның индивидуалдығы қалыптасады, кейін ол тұлғаға айналады.
Тұлға ретінде адам туралы түсініктің дамуы бірнеше кезеңді қамтиды. Ежелгі Қытайдағы (б.з.д. VI-Iғғ.) даосизмде қараңғылық пен жарықты, еркектік пен әйелдікті, белсенділік пен енжарлықты, қаталдық пен ізгілікті, тыныштық пен қозғалысты өз бойына жинап, үйлестірген адам – дүниеде кіндік орынға қойылды. Ол өткенге бет бұрып қарап, ал болашаққа ту сыртын берген қалыпта еді. Дүние адам үшін жаратылмаған, адам дүние дамуының соңғы буыны. Адам құдаймен индивид ретінде қатынас жасамайды, рулық әрі ұрпақ ретінде қатынаста болады. Адам өзінің тұлғалық шекарасын сезбейді. Ежелгі Үндістандағы (б.з.д. VII-IVғғ.) буддизм адамдардың өзіндік индивидуалдығын жоққа шығарды. Бұған дара тұлға идеясы, индивидуалды бірегей өмірдің өлгеннен кейін адам денесі мен санасы көптеген элементтерге бөлініп, басқа жерге барып қонады. Ал мұндай жанда индивидуалдық болмайды. Ерік туралы ойды терістеген буддизм адамда жан болады деген идеяға да салқын қарады. Ежелгі Грецияның (б.з.д. VI-IVғғ.) философтары бірінші болып өмірдің құндылығы оның қайталанбастығында екенін түсінді. Олар индивидті ғарыштан бөліп, маңызды қадам жасады. Сократ антропологиялық тақырыпта төңкеріс жасады, оны адам философиясының іргетасын қалаушы дейді. Атақты «өзіңді өзің таны» нақылы бойынша әрбір адам ішкі «Мен» болады, оның орталығы сана мен ойлау болып табылады. Адам өмірде ұтымдылықты көздейді: ол өзіне мақсаттар қояды және оларға жетеді, олар үшін жауапкершілікті мойнына алады. Адамның жетілуі – оның қызметі мен тәрбиесінің нәтижесі.
Адам өзін-өзі танып қана қоймайды, сонымен бірге табиғаи және әлеуметтік заттардың өлшеуіші де болады. Гректвр адам іспетті, бейнелі құдайлар құрметіне храмдар тұрғызды, онымен адамның түйсінуі мен ойлауының өлшемін бейнеледі. Бұдан кейін адамның құнды өлшеуіш екендігі жөніндегі түсінікті Демократ пен Платон дамытты. Нәтижесінде антропологизм гректерде антропоцентризмге айналды.
Орта ғасырларды (б.з. IV-XIV ғғ.) христиандық адамға принципті жаңа тұрғыда қарауды ұсынды, ол гуманизм ілімінен көрініс тапты. Ежелгі Қытай, үнді және грек өркениеттерін тұлғаға дейінгі мәдениетке жатқызады. Христиандық адамды дүние жаратылысының дәл оратсына қойды. Адам – бұл храм, ол құдай сияқты жаратылған. Адамда тұлғаның абсолюттік жасампаздығы бар.
Қайта өрлеу дәуірінде (VIX-XVIғғ.) антикалық дүние мен христандықтың адамға деген ең оң көзқарастары теріп алынып, гуманизм іліміне сіңірілді. Бұл дәуірдің ойшылдары, рухтың алыптары – Леонардо да Винчи, Микеланджело, Данте - адам тұлғасының бостандығы мен егемендігін жариялады. Адам тұлғасын олар дене мен рухтың, ақыл-парасат пен сезімнің, жердегі мен көктегінің үйлесімі деп түсінді. Қайта өрлеу дәстүрлі қоғамнан қазіргі қоғамға өтумен, капитализмнің алғашқы көріністерінің байқалуымен де ерекшеленеді. Ал капитализм әлеуметтік және экономикалық құбылыс ретінде индивидті жоқ жерде орнай алмайды, ол үшін еркін кәсіпкер, саудагер, қолөнерші, жалдамалы жұмыскер болуы шарт, олар өз алдына жеке экономикалық агенттер деп бағалады.
Ренессанстық сана толық мағынада айтқанда, «индивид» ұғымынан «индивидуалдық» түсінігіне қарай ойысты. Қайта өрлеуді «ақыл-парасат ғасыры» деп те атайды, өйткені ол сананы адамның ең жоғарғы жетістігі деп жариялады. Сөйтіп, Қайта өрлеу антикада пайда болған ұтымдылықты жалғастырып, оны жоғарғы деңгейге жеткізді.
Ағартушылық (XVII-XVIII ғғ.) Қайта өрлеу дәуірінде басталған «ақылпарасат патшалығы» адамның саяси бостандығы мен азаматтық құқығын орнату күресін одан әрі жалғастырады. Ағартушылық дәуір соңы екі маңызды құбылыспен есте қалды; 1) ұлы өндіріс революциясы, бұл капитализм шабуылының тоқтаусыздығын толық нығайтты және 2) ұлы француз революциясы (1789 ж.), бұл төңкеріс қазіргі демократияның негізін қалаған саяси бостандық пен саяси әдет-ғұрыпты жариялады. Бұл дәуір ұлы географиялық және ғылыми ашылымдардың, заңды еркіндікті жеңіп алудың, буржуазиялық билік үшін күресінің заманы болды, соның нәтижесінде жабық, дәстүрлі енжар қоғам ашық, қазіргі шалымды қоғаммен ауыстырылды.
Бостандық, ақыл-парасат, қозғалысты өмір салты, индивидуализм және кәсіпкерлік рух – қалыптасу үстіндегі тұлғаның басты көрсеткіштері. Тарихшылардың пікірінше, «индивидуалдық» сөзінің өзі «тұлға» ұғымы ретінде бұдан 200-300 жыл бұрын, яғни ағартушылық дәуірде пайда болған.
Қазіргі философияның пайымдауынша, мәңгілік дүниедегі адам мәңгілік құндылықтарды жалғастырушы. Уақыт ішіндегі адам тек физикалық құбылыс: ол туады және өледі. Уақыт ішінде өмір сүру – бұл біздің қоғам азаматы ретіндегі болмысымыз. Уақытпен біз ас ішеміз және ұйықтаймыз, билік үшін күресеміз және бала өсіреміз, табыстарға жетеміз және жеңілістерге ұшыраймыз. Қоғамда өмір сүргендіктен әлеуметтік тіршілік иесі ретінде біз қоғамнан тыс бола алмаймыз. Өйткені біздер отбасының, ұжымының, мамандықтың және таптың бірлігінің көрінісіміз. Алайда, адамның мәні басқада – ол адами мәңгілікте және адамдық еркіндікте.
Біздің өмір сүруіміз уақыт пен мәңгіліктің арасындағы қайшылықта болады. Адам болмысы әр түрлі екі өлшемде жатыр, сондықтан адам әрдайым қарама-қайшылықты. Уақыт ішінде өмірді бағалауға болады, ал мәгілікті тек елестетуге болады. Философтар қарастырған адам болмысының екі тұрғысы осылар.
Жаратылыстанушы ғалымдар адам жөнінде басқаша көзқараста болады. XX ғасырда биологияның озық ойшылдары тұлғаға жұмыртқа ішінде толық қалыптасқан тіршілік иесі сияқты қарады. Индивидтің тұлғалық белгілері ұзақ уақыт бойы тұқым қуалаушылыққа таңылды. Адамның отбасы, тұқымтүқияны және қанының қасиеті оның тұлға болуын, асқан мақтаншақ, түзелмес қылмыскер немесе қайырымды сері болуына негіз салады делінді.
XX ғасырдың бірінші жартысында жиналған сан алуан жаңа фактілер адамның мәні туралы бастапқы көзқарастарды қайта қаруға мәжбүр етті. Сөйтіп, туа біткен ұлылық адамнан автоматты түрде ұлы тұлғаны қалыптастыруға кепілдік бермейтіні белгілі болды. Дәл сол сияқты тектік жарақат, ауру немесе басқа да жағымсыз биологиялық алғышарттар адамның толыққанды қоғам мүшесі болу мүмкіндігін жоққа шығара алмады. Бұл жерде басты рөлді әлеуметтік орта атқарады, адам туғаннан кейін осы ортаға түседі.
Сонымен, XIX ғасырда адамдағы биологиялық пен әлеуметтіктің арасалмағына қатысты мәселені нақты ғылымдар әдістерінің көмегімен толық шешпекші болған ниет іске аспады. XX ғасырда бұл мәселе одан да бетер үлкен қайшылыққа тап болды. Бүгінде ғалымдар бұл мәселені шешілмейтін проблема деп қарауға бағыт ұстап отыр. Адам тұлғасын зерттеуде тұлғалық қасиетті анықтаудың бірнеше деңгейлерін қолдану қабылданған.
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет