Әлеуметтану


табиғи, бұл басқа адамдардың ықпалынан тәуелсіз адамның өзінде болатын және дамитын жағдайлар; биологиялық



бет47/82
Дата07.02.2022
өлшемі0,59 Mb.
#87528
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82
Байланысты:
ӘЛЕУМЕТТАНУ. ОҚУЛЫҚ (1) (2)

табиғи, бұл басқа адамдардың ықпалынан тәуелсіз адамның өзінде болатын және дамитын жағдайлар;

  • биологиялық, бұл жалпы шыққан тегі;

  • тұқым қуалаушылық, бұл ата-ана қанының негізінде болатын және дамитын факторлар (биологиялықтың бәрі бірдей тұқым қуаламайды);

  • әлеуметтік, адамға әлеуметтендіру барысында, басқа адамдармен қарым-қатынаста және өзара іс-әрекет арқылы сіңісті болып, қабылдаған белгілер.

    Кең мағынада алғанда әлеуметтік үшке бөлінеді:

    • өзіндік әлеуметтік, бұл адамның өзіндік әлеуметтік рөлдерін дұрыс орындау үшін қабылдаған аса қажетті белгілерінің жиынтығы;

    • ерекшелікті мәдени, бұл әдепті мінез-құлық нормалары мен ережелерінің жиынтығы, олар ырықсыз орындалады, индивидтің сіңісті белгілеріне айналады, осы арқылы өзгелер оны тәрбиелі жан ретінде таниды;

    • адамгершілік, этикалық нормаларды абсолюттік талаптар ретінде орындауына орай адам бойындағы әлеуметтік қасиеттің жоғары көрінісі және мәдениеттілік бастаулары28.

    Тұлғаны адам тәнінде өмір сүреді деуге бола ма? Иә, ол айналадағы кеңістікте жоқ – қасымызда да емес, алыста да емес. Ал тұлғада дене бар ма? Жоқ, өйткені тұлға материалдық түзілім емес. Онда өзін алып жүруші – адами психика болады. Бірақ психика адам тәнінің құрамдас бөлігі болып саналмайды. Психика – жоғары ұйымдасқан материяның ойлау сияқты қасиеті, мидың атқаратын қызметі болып табылады. Психика – биологиялық эволцияның белгілі бір сатысында пайда болған, ақиқатты бейнелеудің ерекше формасы. Оның мазмұны – бұл тірі жүйелердің айналадағы ортамен өзара әрекетінің жемісі немесе нәтижесі. Психологтар тұлға туралы әңгіме еткенде, олар ең алдымен психиканы айатады. Тұлға туралы жүйелі ілім жасаған З.Фрейд те дәл солай жасады.
    Сонымен, әлеуметтік дегеніміз не? Әлеуметтік – бұл адамдардың өзара қарым-қатынастарының ерекше сапасы немесе бір адамның басқа біреумен қарым-қатынасының ерекше саласы. Әлеуметтік дегеніміз – адамдардың өзара қарым-қатынастары және сол қатынастардың қоғамдық маңызды нәрсе ретінде қарастырылуы.
    Тұлға әлеуметтік өзара қимыл-әркеттер мен қатынастардың бірінші өкілі. Ал тұлға дегеннің кім екенін анықтау әуелі «адам», «индивид», «индивидуалдық» деген ұғымдарды түсініп алу керек. Күнделікті өмірде және ғылыми тілде бұл терминдер өте жиі кездеседі. Бұл ұғымдар көбінесе синонимдер ретінде де қолданылады, бірақ олардың қатаң анықтамаларына жүгінетін болсақ, онда олардың мән-мағынасындағы айырмашылықтарды аңғару қиын емес. Адам ұғымы hoтo sapiens –тің бөлініп шыққанынан бастап қолданыла бастаған мейлінше жалпылама, атаулық ұғым болып саналады. Адам дегеніміз жер бетіндегі тірі организмдер дамуының жоғарғы сатысы, әлеуметтік-тарихи қызмет пен мәдениеттің субъектісі болып табылады. Адам адамдық түрге еніп, адами-әлеуметтік шығу тегі процесінің қалыптасқанынан бері 40 мың жылдай уақыт өтті. Өзінің табиғаты бойынша – адам біртұтас биологиялық-әлеуметтік жан. Мұнда биологиялық пен әлеуметтілік жәйттар бір-бірімен диалектикалық бірлікте, өзара әрекеттес, өзара бір-бірімен тығыз байланысты болады. Адамның табиғи негізін оның биологиялық ерекшеліктері құрғанымен, оның мәнді әлеуметтік сапалары адам дамуының анықтаушы жақтары болып табылады. Қоғамның тарихи қалыптасқан түрінің экономикалық, саяси, идеологиялық және әлеуметтік қатынастары әрбір адамның әлеуметтік сапасын, оның іс жүзіндегі қызметінің мазмұны мен сипатын анықтай отырып, әралуан өзгеріске ұшырап, көрініс табады. Дәл іс жүзіндегі қызмет процесіндегі адам, бір жағынан, өзі өмір сүріп отырған айналадағы ортаның әлеуметтік қатынастарын біріктіреді, ал, екінші жағынан, сыртқа дүниеге деген ерекше көзқарасын білдіреді. Әлеуметтануда адам қандай жағдайларда әлеуметтік қатынастарының нағыз субъектісі бола алатындығы, мұнда оның өзіне және қоғамға не нәрсе байланысты екені анықталады.
    «Жалпы» адам болмайды, бұл бейнақтылық. Нақтылы адамдар бар. Нақтылы адамда оның жеке өзіндік (табиғи) белгілері көптеген факторлар мен жағдайлардың ықпалымен қалыптасатын әлеуметтік белгілермен қалай ұштасатындығы көрінеді. Алайда, тек осыған сүйеніп, философия адамды, ал әлеуметтану – тек тұлағын ғана зерттейді деу дұрыс емес. Себебі адам мен тұлғаның екеуі де бір объект болып табылады. Демек, бұл жерде әңгіме осы объектінің әрқилы тұрғыдағы аспектілері мен сол объектіге алып баратын әр түрлі жолдары жөнінде болуы керек.
    Адам мен тұлғаға алып баратын тағы да бір жол бар. Тұлға есебінде адам әлеуметтік қатынастардың объектісі және олардың субъектісі ретінде қарастырыла алады. Әлеуметтік қатынастардың құрылымына бойлай отырып, адам тек белгілі бір қоғамдық қатынастардың өнімі болып қана қоймайды, сонымен бірге олардың жасаушысы да болып табылады.
    Адам – жалпының, ерекшеліктің және жеке өзіндіктің диалектикалық бірлігі. Бұл жерде «жалпы» дегеніміз жалпы адамзаттық, «ерекшелік» дегеніміз қоғам құрылыстық, таптық, ал «жеке өзіндік» дегеніміз өмір сүрудің жеке түрдегі тәсіл-белгілері. Сонымен, адамзат ерекше материалдық нақтылық ретінде өмір сүруде. Алайда, адамзат осы күйінде өз бетінше өмір сүрмейді. Нақтылы адамдар өмір сүре отырып, қимыл-әркет жасайды.
    Адамзаттың жекелеген өкілдерінің өмір сүруі «индивид» деген ұғыммен байланысты. «Индивид» дегеніміз халық, қоғам, тап, әлеуметтік топ сияқты әлеуметтік қайымдастықтардың, жалпы адамзаттық жеке өкілі ретінде, нақты адам ретінде түсіндіріледі. Әлеуметтануда «индивид» ұғымы әлеуметтік қатынастардың жеке-дара алғандағы өкілі қарастырылған жағдайда қолданылады. Индивидтер қызметінің бірігіуі нәтижесінде әлеуметтік қатынастардың жүйесі қалыптасады. Бұл жерде «индивид» ұғымы «нақтылы адам» мағынасында қолданылады. Ал енді индивидуалдық түсінігін (жеке адамның өзіне тән) – индивидтің басқаларда қайталанбайтын бірден-бір өзіндік ерекше қасиет сипатын, бір индивидті екінші индивидтен ерекшелейтін белгілердің жиынтығын қарастыру арқылы анықтауға болады. Бұл ерекшеліктер – биохимиялық, нейрофизиологиялық психологиялық, әлеуметтік және т.б. деңгейлерде байқалады. Тұлға ұғымы аданың және индивидтің табиғи емес мән-мағынасын айқын көрсету үшін енгізілген, яғни бұл ұғым оның әлеуметтік бастауларын айқындайды.
    Басқаша айтқанда, адамның тарихи дамуының әр түрлі деңгейлеріндегі жеке алғандағы және нақтылы-тарихи өзгешеліктерін көрсету үшін «индивид» деген ұғыммен қатар, «тұлға» деген ұғымды қолданады. Тұлға дегеніміз – индивид дамуының қорытындысы және мұнда барлық адамдық сапалар неғұрлым толық көрініс табады.
    Әлеуметтік өмірде адамдардың бір-бірімен әр түрлі салада тығыз қарым-қатынасының , өздерінің белсенді, саналы іс-әрекеттерінің арқасында индивид (жеке адам) әлеуметтендіріліп, бірте-бірте, келе-келе тұлғаға айналуы керек. Тұлғаның өзіндік ерекшеліктері, саналығы, бағалы бағдарлары мен әлеуметтік қатынастары, қоғамға қатысты бірқатар дербестіктері және өз іс-әркеттері үшін жауапкершілігін түсіну, т.б. тұлғаның бойынан табылуға тиісті міндетті сипаттамалары болып саналады. Тұлға өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортада болып жатқан әлеуметтік елеулі іс-әркеттердің нәтижесі ғана емес, сонымен бірге олардың себепшісі де болып табылады. Сондықтан да халықтың рөлін жақтаған көзқарастар проблеманың тұлғалық жағын жоққа шығармауға тиіс.
    Тұлғаның әлеуметтік мәнін ашып көрсету тұтас күйінде емес, қайта оның нақтылы көрністерін зерттейтін жекелеген қоғамдық ғылымдар үшін өте маңызды. Ал әлеуметтануда тұлға көбіне-көп қоғамдық, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде қаралады. Әлеуметтік қатынастар адамның ішкі дүниесімен қабыса отырып, айналадағы ақиқатқа деген оның тұлғалық көзқарасы ретінде көрініс табады.
    Адамдарды біріктіретін әлеуметтік қатынастар – өмір сүріп отырған әлеуметтік орта жағдайларындағы индивидтердің өзара қимыл-әрекет процесінде қалыптасқан олардың белгілі бір тұрақты байланыстарының жүйесі. Тұлғаның әлеуметтік қатынастары адамның әлеуметтік сапалары ретінде оның қызметі мен іс-әрекетінен көрінеді.
    Жекелеген қоғамдық ғылымдардан әлеуметтанудың айырмашылығы – ол тұлғаны тұтас күйінде зерттеп, белгілі бір қоғамдық-экономикалық формациялар жүйесіндегі оның мәндік сипаттарын анықтайды. Мұндай талдау қоғам эволюциясы процесінде тұлға дамуының диалектикасын көрсетіп, сонымен бірге тарихтың әрбір алға дамуы кезеңіндегі тұлғаның даму процесінің өзіндік ерекшелігін ашады. Әлеуметтік тұтастық жүйесіндегі және әлеуметтік қатынастардың субъектісі болып табылатын көп қырлы байланыстардың жиынтығы ретінде көрінеді. Қатынастар мен байланыстардың осы көп қырлылығындағы елеулі нәрсені анықтау тұлға проблемасын әлеуметтанымдық тұрғыдан талдаудың міндеті болып табылады. Адамның әлеуметтік табиғаты өзінің нақтылы іске асырылуын тұлғаның қоғамдық-тарихи түрлерінен табады.
    Тұлғаның әлеуметтік түрі – белгілі бір әлеуметтік қауымдастыққа кіретін тұлғалардың қайталанып отыратын елеулі әлеуметтік сапалары жиынтығының сараланған бейнесі. Тұлғаның әлеуметтік түрге бөлінушілік сапаларында белгілі бір таптың, я болмаса әлеуметтік топтың адамдарына тән ортақ, біршама тұрақты белгілер көрініс табады. Тұлғаның әлеуметтік түрлері тарихи қалыптасқан өмір жағдайларының, әлеуметтік айналадағы ортаның, дәстүрлердің, әдет-ғұрыптардың, жалы дүниетанымның, үлгіөнегеліктің және қоғамдық өмірдің, т.б. жақтарының жемісі болып табылады. Тұлғаның әлеуметтік түрге бөлінушілік сипаттамалары белгілі бір әлеуметтік ортаның шеңберіндегі адамның қоғамдық дамуының өзіндік ерекше жағдайларын көрсетеді. Белгілі бір таптың немесе әлеуметтік топтың өкілі және әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретіндегі тұлға сөз болып отырған қоғамдық даралықтың өзіне тән белгілерімен сипатталады.
    Тұлғаның әлеуметтік түрлері қоғамның материалдық өмір жағдайларына, қоғамдық қатынастардың сипатына байланысты қалыптасады. Адамдардың, оның ішінде тұлғалардың әлеуметтік бейнесін анықтайтын іргелі негіз олардың белгілі бір өмір салты болып табылады. Тұлғаға айналған адамдардың бірқатары әр сапалық деңгейге, әр түрлі әлеуметтік атауға ие болады. Мысалы, өткен уақыттардағы немесе қазіргі замандағы көпшілігі қатардағы жай тұлғалар ірі, ұлы, белгілі, әйгілі, көрнекті, тарихи, т.б. тұлғалар болып дараланады. Өтткен замандардағы тарихи тұлғалардың рөліне баға беру кезінде жағымсыз тарихи тұлғаларды дәріптеу дұрыс болмайды. Екінші жағынан, жағымды тарихи тұлғаларды асыра бағалау – басқа бір ұшқарылыққа – тұлғалық негіздерді аса дәріптеуге де соқтырмауға тиіс. Бұл тұрғыда көзге түскен әйгілі, ірі тұлғаларға дұрыс баға беру, жағымды, жағымсыз тұлғаларды айыра білу, маңызды мәселе. Адамдардың, тұлғалардың өмір болмысы қандай болса, олардың өздері де сондай болады.
    Тұлға адамның әлеуметтік сапаларының біртұтас жиынтығы ретінде қаралады, яғни ол белгілі бір жолмен қоғамдағы әлеуметтік мәнді белгілер мен әлеуметтік қатынастардың индивидке жүзеге асқан бірлігі және тарихи даму мен индивидтің өзінің белсенді тұрлаулы қызметі, байланысы арқылы әлеуметтік жүйелер енуінің нәтижесі болып табылады. Сонымен бірге тұлға әлеуметтік қатынастардың субъектісі бола отырып, ол қоғамнан біршама дербес және тәуелсіз, оған өзін қарсы қоюға да қабілетті. Қоғам, әлеуметтік қатынастар тұлғаның міндеттері іске асырудың жеткілікті құралдарына ие. Әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде тұлға мен қоғам арасындағы өзара қимыл-әрекеттер мен өзара байланыстар үш элементтен құралады: 1) Тұлғаның іздену элементі; 2) Қоғамның ұсыну элементі; 3) Тұлғаның қоғам ұсыныстарын таңдау элементтері. Әлеуметтік ортаға, әлеуметтік қатынастарға енген әрбір тұлға адами тәртіптің негізін меңгеруі керек, өзі өмір сүретін қоғам мәдениетінің тілін білуі шарт. Ол адам заттың және қоғамынң қолы жеткен іргелі жетістіктер мен құндылыөқтарды құрмет тұтуға, сыйлауға міндетті. Мұнсыз әрбір индивидтің тұлғаға айналуы және тұлғаның әлеуметтік ортада субъект міндеттерін атқаруы жөнінде сөз болуы мүмкін емес. Тұлға әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі субъект ретінде өз міндетін атқаруы үшін әуелі ол өзінің қабілетіне сай өмірлік жоспарын, мақсаттары мен мұраттарын жүзеге асыру жолдарын іздестіру жағдайында болады. Адам, тұлға өзінің келешегін, өзінің әлеуметтік ортадағы, қоғамдағы міндетін орындау бағытталған жолдарын өз қабілетіне сәйкес таңдайды. Тұлға мұндай таңдауды іске асыра, әлеуметтік орта тәртібін қабылдай отырып, өзі мен қоғамның өсіп-өркендеп, дамуы жолында қызмет жасайды. Тұлға өзінің әлеуметтік міндетін орындауда әлеуметтік қатынастар қазанында біте қайнасып, алдына қойған мақсаттарды өзінің қоғамдағы алатын орнына сәйкес іске асыра алатындығы немесе іске асыра алмайтындығы жөнінде көп толғанып, көп ойлануы тиіс. Себебі адамдар, соның ішінде тұлғалар өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру процесінде басқа адамдармен, қоғаммен өзара тәуелді жағдайда болып, берік әлеуметтік қатынастарға енеді. Яғни әрбір адам, тұлға белгілі бір пайдалы міндеттерді орындай отырып, қоғамды дамыту ісіндегі әлеуметтік қатынастардың субъектісі рөлін атқарады.
    Екінші жағынан, қоғамдағы білгілі бір әлеуметтік міндетті атқару мен орындау кез келген тұлғаның қолынан келе бермейді. Сондықтан әлеуметтік орта қоғам мүшелері ішінен тапсырылатын қызметтерді орындай алатын тұлғаларды даярлауға маңыз береді. Әсіресе, қоғамды қайта құру мен реформалау кезеңдерінде күрделі әлеуметтік проблемаларды шешу үшін лайықты, қолынан іс келетін, батыл, қайратты тұлғаларды тауып, тәрбиелеу, сөйтіп оларды әлеуметтік қатынастардың белсенді субъектілеріне айналдыру күрделі де маңызды өмірлік мәселе. Тұлғалардың әлеуметтік міндеттерді орындай жұмыстары олардың өздерінің жоғары сапалары мен іскерлік қасиеттерін жетілдіруі тиіс.
    Тұлғаның қызмет процесіндегі біте қайнасып жатқан көп жақты және нақтылы әлеуметтік байланыстарында ол объект ретінде де көрінеді. Мұндай қатынастар процесінде тұлға өзін қоршаған әлеуметтік ортаның әрқилы ықпал-әсерлеріне өзінше назар аударып, өзін әр түрлі тәсілдермен көрсетеді. Тұлғаның әр түрлі көріністері өзара бір-бірімен байланысты және өзара бірімен-бірі себептестілік жағдайда болады. Және бұл жерде еңбек қызметі негізгі, анықтаушы қызмет болып табылады, да, ал үлгі-өнелік, әсемдік, саяси сапалар туындылар болып есептеледі.
    Тұлғаның барлық көрністерінің жиынтығы мен бірлігі, олардың өзара бір-бірімен байланысы оның әлеуметтік құрылымын құрайды. Тұлғаның әлеуметтік құрылымының негізін қоғамды, әлеуметтік қатынастар қалыптастырады. Мұндағы өзгерістер тұлғаның да әлеуметтік құрылымында өзгерістер туғызады. Бұл жерде объект ретіндегі жекелеген тұлғаның әлеуметтік бейнесіне өндірістік қатынастармен қатар басқа да қоғамдық қатынастар ықпал етеді. Ал бұл қатынастардың жиынтығы тұлғаның әлеуметтік құрылымы қалыптасуының қажетті жалпы шарты болып табылады. Тұлғаның өзінде өзгешелігіне басқа да жағдайлар да, атап айтқанда, нақты әлеуметтік айналадағы орта да (отбасы, ұжым, т.б.) белгілі ықпалын тигізеді. Алайда, тұлғаның әлеуметтік қатынастардағы объект ретіндегі өзіндік өзгешелігі оның өзі қоғамдық байланыстардың кең ауқымына енген сайын анығырақ көрінеді. Себебі тұлғаның өзі туралы түсініктің шығу көзі ол – оның төңірегіндегі және ол үшін мәні бар адамдар болып табылады. Әр адамның іс-әрекеттері жөніндегі басқа адамдардың пікірлері, бағалары бойынша сол адамның қандай адам екендігі туралы түсініктер жасалады. Әр адамды оның төңірегіндегі адамдар қандай деп есептесе, сондай түсінік сана-сезімнің мазмұныны ықпал жасайды. Бұл – әр адамды, индивидті ортақ белгілерге бөлу нәтижесі болып табылады. Өзі туралы басқа адамдардың пікіріне тұлғаның қарсы өз пікірі елеулі түрде оның әлеуметтік мінез-құлық қалпын, бейнесін қалыптастырады. Тұлғаға ықпал жасау, біріншіден, әлеуметтік ұйым қабілетінің және, екінші жағынан, тұлғаның басқа адамдардың ықпалына берілу қабілетінің қалыптасуына, индивидтің қайткенде де әлеуметтік ұйымның элементіне айналуына, қоғам ішіне қалай енуіне байланысты болады. Әлеуметтануда әлеуметтік қатынастардың объектісі ретіндегі тұлға өзара байланысты екі процестің бірлігінде қаралады. Олардың бірін социализация (әлеуметтанедіру), екіншісін идентификация (ұқсастыру) деп атайды.
    Тұлғаның объект ретінде әлеуметтендірілуі дегеніміз, мәдениеттің және әлеуметтік ержелер мен құндылықтардың элементтерін оның игеруі арқылы, әрі осылардың негізінде тұлғаның әлеуметтік мәнді белгілері қалыптасып, қоғаммен, әлеуметтік қауымдастықтардың әр түрлерімен бірігетін процесі. Әлеуметтену ісі өте кең процесс. Бұл жеке мәселе ретінде қарастырылады.
    Әлеуметтік қатынастардың объектісі ретінде тұлға дамуының екінші процесі идентификацияны (ұқсастыру) сөз етсек, мұның мәні мынада: әрбір индивидтің, тұлғаның өзін-өзі басқа адамдармен, топпен, ұжыммен ұқсастырудың психологиялық процесі. Бұл процесс оған әлеуметтік қызметтің әр түрлерін меңгеруге, әлеуметтік ережелер мен құндылықтарды өзіне сіңіріп, әлеуметтік міндеттерді қабылдауға көмектеседі. Әлеуметтік қатынастардың объектісі ретінде тұлғаның өзін ұқсастыру процесінің әдетте үш түрі бар : 1. Ойдан шығарылған адамға өзін ұқсату; 2. Өзін белгілі бір бағалы әлеуметтік топқа кіргізу (жас шамалық, ұлттық, жыныстық, т.б.); 3. Нақтылы бір әлеуметтік топқа, ұжымға, шағын топқа жатамын деген сезіммен өзін соларға қосу.
    Тұлғалар мен қоғам арасындағы әлеуметтік қатынастар әлеуметтік бақылау негізінде орнайды. Әлеуметтік бақылау бұл оны құрайтын элементтердің тәртіптелген өзара әрекетін қамтамасыз ететін, әлеуметтік жүйенің өзін реттеп отыратын тәсілі, әлеуметтік бақылау жүйесінің атқаратын тұрақтандыру қызметі үстемдік етуші әлеуметтік қатынастардың, әлеуметтік (топтық, таптық, мемлекеттік) құрылымының шектерін ұдайы жандандыру (өндіру де) болып табылады. Әлеуметтік бақылау жүйесінің атқаратын мақсаттық қызметі, оның бағытталуы мен мазмұны сол тарихи қалыптасқан әлеуметтік жүйенің әлеуметтік –экономикалық, әлеуметтіксаяси, әлеуметтік-құқықтық сипаттарына, тарихи даму процесіндегі қоғам типтерінің бірін-бірі алмастыруда алатын орнына тәуелді болады. Әлеуметтік бақылау проблемасы негізінде басты мәселе. Себебі ол жеке адам мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің өзара қарым-қатынасы туралы мәселені қамтиды.
    Әлеуметтік бақылау процесі барысында жеке адамдар мен арасында әлеуметтік қатынастар қалыптасады. Бірақ ол жеке адамдардың сапаларын әлеуметтік стандартқа (бірдейлікке) жақындатуға қарағанда әлдеқайда күрделі. Бұл жерде әлеуметтік басқару механизміндегі жеке адам санасының қызмет ерекшеліктерін ескеру қажет. Егер де қоғамдық сана деңгейінде ақпарат тұтастық күйінде берілсе, жеке адамдар санасы деңгейінде тұтас күйіндегі әлеуметтік ақпаратты әрекеттің мақсаты, құралы туралы ақпаратқа бөлшектеу мүмкіндігі пайда болады. Осыдан келіп оларға сапалы баға беруге, оларды қабылдауға, мойындамауға немесе өзгертуге мүмкіндік туады.
    Осының салдарынан жеке адамдар санасы деңгейінде жаңаша қарау (жаңа ұстаным, құнды бағыттар, т.б.) қалыптасуы мүмкін, жаңаша қарау бұрыннан әлеуметтік бақылаудың атқаратын қызметтерінің құрамына қосылғандықтан адамның мінез-құлқын өзгертетін болады. Бұл қоғамдық дамудың пісіп-жетілген қажеттіліктері көрінетін болған жағдайда ғана мүмкін болады.
    Қоғам мен жеке адам арасындағы әлеуметтік бақылау механизмі шеңберінде өмір сүретін әлеуметтік қатынастар субъектінің объектіге, қоғамның жеке адамға жай ғана қатынастары емес, ол әр түрлі элементтердің әрдайым сипатына сәйкес белсенді түрдегі өзара әрекеті мен өзара байланыс үрдісі.
    Жеке адам және қоғам (әлеуметтік топ) әлеуметтік бақылау жүйесінің өзара әркет ететін құрамдас элементтері болып саналады. Әлеуметтік бақылау процесі бұл жеке адамдардың және әлеуметтік қауымдастықтардың (топтардың, таптардың, қоғамның) өзара әрекет ету үрдісі. Әлеуметтік бақылауды схема түсіріп қарағанда оған әрекеттің екі түрінің, атап айқанда, индивидуалдық әрекет және әлеуметтік әрекет (ұжымдық топтық) немесе, басқаша айтқанда, жеке адамдардың бақыланушы қызмету және әлеуметтік институттардың бақылаушы қызметінің қосылатыны анықталған.
    Мемлекеттік бақылау әлеуметтік бақылаудың дәл өзі болмаса да, соған жақын. Әлеуметтік бақылау жеке адамдардың әлеуметтік мінез-құлқын, жүріс-тұрысын тек саяси тұрғыдан ғана емес, сонымен қатар басқа да әлеуметтік институттар (білім, мәдениет, мораль) тарапынан реттеу болып табылады.
    Әлеуметтік бақылау тұрғысынан алғанда жеке адам мен қоғамның өзара әрекеті олардың өзара әеркетінің ішкі қарама-қайшылықтарын анықтайды. Бір жағынан алып қарағанда, адам қоғамнан тыс жерде өзінің индивидуалдығын, әлеуметтік сапалары мен қасиеттерін қалыптастыра алмайды. Егерде жеке адам әлеуметтік және әлеуметтік-мәдени ортаның тек көшірме бейнесі болатын болса, онда ол тұлға бола алмайды.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   82




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет