ӘЛЕУМЕТТАНУ-ҚОҒАМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ,ЖҰМЫС ІСТЕУІ ЖӘНЕ ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ. ӘЛЕУМЕТТАНУ ҒЫЛЫМИ БІЛІМНІҢ ДАРА САЛАСЫ РЕТІНДЕ БІРШАМА КЕШ ҚАЛЫПТАСТЫ.ОНЫҢ НЕГІЗІН 19ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДА ОГЮСТ КОНТ ПЕН ГЕРБЕРТ СПЕНСЕР ҚАЛАДЫ.ӘЛЕУМЕТТАНУ ТҮСІНІГІ АЛҒАШ РЕТ ФРАНЦУЗ ФИЛОСОФЫ ӘРІ СОЦИОЛОГЫ О.КОНТПЕН ҚОЛДАНЫЛДЫ.ҚОҒАМ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ӨМІР ЖӨНІНДЕ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ТҮСІНДІРІЛДІ. ӘЛЕУМЕТТАНУ ПӘНІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ ӘЛЕУМЕТТІК КОНЦЕПЦИЯЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ АРҚЫЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ. ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ ҒЫЛЫМ РЕТІНДЕ ПӘНІН БЕЛГІЛЕУ,ЖЕТІЛДІРУ,БІЛІМДІ ТЕРЕҢДЕТУ ҮРДІСІ ЖҮРІП ЖАТЫР.ӘЛЕУМЕТТАНУ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРДІ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІ РЕТІНДЕ ЗЕРТТЕЙДІ.ӨЙТКЕНІ АДАМ БІР УАҚЫТТА БІРНЕШЕ САЛАЛАРДА-ЕҢБЕКТІК,ҚҰҚЫҚТЫҚ,НОРМАТИВТІК ӘРЕКЕТ ЕТЕДІ.БЕРІЛГЕН ЖАҒДАЙДА ӘЛЕУМЕТТАНУ НАҚТЫ ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН БАРЛЫҚ САЛАЛАРДА ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕРДІ ҚАРАСТЫРАДЫ.