Әлеуметтанулық зерттеулер Дәріс мақсаты: 2


Сұрыптау жұмысын жүргізу жиынтыққа байланысты болады. Жиынтықтың екі түрі бар: бас жиынтық және іріктелген жиынтық



бет2/3
Дата19.09.2022
өлшемі18,19 Kb.
#149890
1   2   3
Байланысты:
Лекция-1599219836334 (1)

Сұрыптау жұмысын жүргізу жиынтыққа байланысты болады. Жиынтықтың екі түрі бар: бас жиынтық және іріктелген жиынтық. Бас жиынтық деп проблемаға қатысты бақылауға алынған бүкіл бөліктің тұтастай жиынтығын айтады. Бас жиынтық аймақтық, мерзімдік, өндірістік салаларды немесе кәсіптік, қызметтік шеңберді қамтумен шектелген. Іріктелген жиынтық бас жиынтықтың бір бөлігі бола отырып, әзірленген немесе іріктеліп, таңдап алу бағдарламасына сәйкес зерттелетін объектінің есебіне жатқызылады. Әлеуметтануда бас жиынтықтан сауалнамаға қатынасатын адамдардың таңдап алудың әр түрлі әдістерін сұрыптау қалыптасқан. Ол әдістер бір ғана мақсатты көздейді: іріктелген жиынтық бас жиынтықты ұдайы дамытып, жетілдірумен, дәлірек айтсақ, репрезентативтілікпен (өкілдік) сипатталуы тиіс. Айталық, педагогикалық колледждің 20 топтан тұратын курсында сауалнама жүргізу қажет болды делік. Сол 20 топтан біз бәріне ортақ белгісі бар 3-4 топты ғана бөліп алып сауалнама жүргіземіз. Себебі бұларды зерттегеннен алынған ақпарат қалған топтарға да қатысты, жарамды болып шығады. Кейде зерттеудің жаппай жүргізілуі де ықтимал, бұл зерттеу объектісіне кіргендердің бәрімен сауалнама жүргізіледі деген сөз. Бұл әсіресе бас жиынтықтың көлемі шағын болған, да толыққанды тұрғыда жүзеге асады. Мәселен, педколледждің курсында небары 3 топ бар екен делік, бұдан олардан жауап алудың оншалықты қиыншылық туғызбайтынын көре аламыз. Сондықтан да 20 топтан сауалнамаға жауап алуға тура келеді. Қалай дегенмен де, сауалнамаға қатысушылардың саны 100 адамнан кем болмауын естен шығармаған жөн. Бұлай болмаған жағдайда анкетаға анық жауап алу, жауаптарды топтастырып бөлу және алынған ақпаратты талдау мүмкіндігі жойылады. Сондай-ақ бас жиынтық тым әркелкі болған жағдайда жаппай зерттеу жүргізудің қажеті жоқ. Оған нақты мысал етіп студенттердің әлгі аталмыш топтарын алалық. Түрлі мамандықтың иесі болғандықтан 20 топтан 3-4 топты іріктеп аламыз.
Қорыта келе нақты әлеуметтік зерттеулер жалпы ғылымдағы зерттеулерге тән кейбір элементтерді қамтиды. Бұл элементтерге, біріншіден, объект жатады, ол әлеуметтік шындықты (ақиқатты) бейнелейтін құбылыстар мен процестерден тұрады; екіншіден, субъект жатады, бұл әлеуметтанушы немесе әлеуметтанушылар тобынан тұрады; үшіншіден, нақты міндеттерді шешуге бағытталған зерттеудің мақсаты жатады; төртіншіден, ғылыми, техникалық, ұйымдық құралдар саяды; бесіншіден, зерттеу қорытындылары жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет