Әлеуметтік биологиялық мәселе және медицина


Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат принциптері



бет2/5
Дата18.12.2021
өлшемі37,2 Kb.
#103019
1   2   3   4   5
Байланысты:
№9 ДӘРІС

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат принциптері.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаты:

1) азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық және дәрілік көмек алу құқығының теңдігін қамтамасыз ету;

2) мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ жауапкершілігі;

3) Қазақстан Республикасының азаматтарын тегін медициналық көмектің кепілді көлемімен жаппай қамтамасыз ету;

4) денсаулық сақтау жүйесі қызметіндегі профилактикалық бағыттың басымдығы;

5) медициналық және дәрілік көмектің қолжетімділігі;

6) медициналық және дәрілік көмек сапасын ұдайы арттыру;

7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы қамтамасыз ету;

8) медициналық ұйымдардың медициналық көмек көрсетудегі қызметінің сабақтастығы;

9) медициналық және фармацевтикалық білім берудің үздіксіздігі мен сабақтастығын қазіргі заманғы оқыту технологияларын пайдалана отырып қамтамасыз ету;

10) денсаулық сақтау саласындағы ғылымның, техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін және әлемдік тәжірибені пайдалану:

11) ерікті әрі қайтарымсыз донорлықты көтермелеу;

12) отандық әзірленімдерге және бәсекеге қабілетті медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуға мемлекеттік қолдау;

13) денсаулық сақтау саласындағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;

14) азаматтардың денсаулық сақтауға құқықтарын қамтамасыз етуге қоғамдық бірлестіктердің қатысуы принциптері негізінде жүргізіледі.
Демография (demos – халық, grapho – жазамын) деген екі грек сөздерінен құралған – халық туралы және оның қоғамдық lfves туралы ғылым. Халық туралы мәліметтердің иаңызы өте зор. Біріншіден, қоғамның әлеуметтік-экономикалық lfvesy жоспарлау, емдеу, санитарлық. т.б. медициналық мекемелердің жұмысын тиімді ұйымдастыруға және сауықтыру шараларын жүргізуге, дәрігерлер мен орта білімді мамандарды дайындау мақсатында пайдаланылады. Екіншіден, демографиялық көрсеткіштер халық денсаулығын сипаттайтын көрсеткіштерге жатады. Үшіешіден, емдеу-профилактикалық мекемелердің жұмысын талдауда пайдаланады. Тұрғындар түсінігі – белгілі бір територияда, мемлекетте немесе облыс, аудан, қалада тұратын адамдар тобы. Тұрғандардың негізгі мінездемелерінің бірі денсаулық жағдайы болып табылады.

Жалпы демография (ерекше экономикалық) және әлеуметтік медицинаның қиылысуында аралас ғылым аймағы - медициналық демография пайда болды. Медициналық демография аймағындағы маманы, белгілі ғалым, профессор М.С. Бедный (1984) жылы «медицин­ская демография — халық денсаулығының жағдайы мен оың өзгеру тенденцияларына әсер ететін тұрғындар популяциясы мен әлеуметтік және табиғи факторлардың байланысын зерттейтін ғылым» деп жазды.

Тұрғындардың статистикалық зерттеуі екі негізгі бағытта жүргізіледі:

1. Халық статикасы.

2. Халық динамикасы.
Халық статикасы – бір уақытқа сәйкес халық санын білу, яғни халық санын бір тұрақты қалыптында жыныс, жас, әлеуметтік, топтық, кәсіби және қызметі, үйелмендік жағдайын сипаттау. Сонымен қатар ұлты, ана тілі, мәдениеттілік деңгейі, сауаттылығы, білімі, туған жері (қала, ауыл), географиялық орналасуы және тығыздығы анықталады.
Халық динамикасы – қозғалыс және халық санының өзгерушілігін зерттеу. Халық санының өзгерушілік себебі халықтың механикалық қозғалысы немесе халықтың табиғи өзгеруі болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет