№9 ДӘРІС
Тақырыбы:
“Әлеуметтік биологиялық мәселе және медицина”
ЖОСПАР
Әлеуметтік медицина. Қоғамдық денсаулық, денсаулықтың әлеуметтік факторлары.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі: түсінік, тиімділігі мен артықшылығы. МӘМС туралы ҚР заңы.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы 1948 жылы «денсаулық - ауру немесе физикалық кемшіліктердің жоқтығы ғана емес, толық физикалық, рухани және әлеуметтік амандық жағдайы» ден сипаттады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы «денсаулықтың жоғарғы дәрежесін меншіктену бұл әрбір адамның негізгі құқықтарының бірі» деген қағиданы жария етті. Денсаулықты зерттеудің 4 дәрежесі белгілі:
1-ші дәреже — жеке адамның денсаулығы.
2-ші дәреже — кіші немесе этникалық топтар денсаулығы — топтық денсаулық.
3-ші дәреже— халық денсаулығы, яғни белгілі бір әкімшілік-териториалдық бірлікте (облыс, қала, аудан және т.б.) тұратын адамдар денсаулығы.
4-ші дәреже – қоғамдық денсаулық — қоғамның, мемлекет континент, әлем тұрғындарының денсаулығы.
Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау — әлеуметтік факторлар мен қоршаған ортаның шарттары халық денсаулығына әсерін зерттейтін және халықтың денсаулық дәрежесін көтеру мақсатында денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыруды нығайтуды әлеуметтік факторлардың кері әсерін болдырмау немесе алдын алуға бағытталған, ғылыми дәлелденген нұсқауларды жасайтын ғылым. Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау халық денсаулығын қорғау аймағында әр түрлі медициналық аспектілерді, әлеуметтік, экономикамық, басқарушылық, фәлфәфиялық мәселелерді зерттейді.
Әр түрлі клиникалық пәндерге қарағанда қоғамдық денсаулық жеке дараның денсаулығын қарастырып қоймай, ұжым, әлеуметтік топ және қоғамның денсаулығын әлеуметтік шарттармен өмір салтымен байланыстыра отырып зерттейді. Физика, химия, биология аясындағы заманауи ұлы жаңалықтар, XX ғ. Тұрғындар урбанизациясы, өнеркәсіптің құрлыстың тез дамуы экологияны өзгертуде, бұл өз әсерін тұрғындар денсаулығына тигізіп әр түрлі аурушаңдықты тудырады. Ал бұндай аурушаңдық эпидемиологиялық болып кетуі мүмкін. .
Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтаудың өзіндік әдістемесі мен зерттеу әдістері бар. Олар статистикалық, тарихи, экономикалық, тәжірибелік, социологиялық хронометраждық зерттеулер және т.б. әдістер.
Статистикалық әдіс коптеген зерттеулерде кеңінен тараған. Ол тұрғындар денсаулығының дәрежесін, емдеу-алдын алу мекемелерінің жұмысының эффективтілігімен сапасын объективті анықтауға мүмкіндік береді.
Тарихи әдіс зерттелетін мәселенің мемлекет дамуындағы әр түрлі тарихи кезеңдерде бақылап отыру мүмкіндігін береді.
Экономикалық әдіс экономиканың денсаулық сақтауға және денсаулық сақтаудың мемлекет экономикасына әсерін орнату, халық денсаулығын эффективті қорғау үшін мемлекеттік қаржыны жұмсаудың тиімді жолдарын анықтау мүмкіндігін береді. Медициналық мекемелердің және денсаулық сақтау органдарының қаржыландыру қызметтерін жоспарлау, бөлінген қаржыны тиімді жұмсау, тұрғындарды сауықтыру мақсатында денсаулық сақтау қызметінің эффективтілігін және сол қызметтің мемлекет экономикасына әсерін бағалау – осының бәрі денсаулық сақтау аясындағы экономикалық зерттеулерді құрайды.
Тэжірибелік әдіс медициналық мекемелердің, денсаулық сақтаудың жеке қызметтерінің зерттеулердің жаңа және тиімдірек түрлері мен әдістерін іздеуге арналған тәжірибелерді жасауды қарастырады.
Зерттеулерде айтылған әдістердің көбісі кешен ретінде қолданылатынын атап кеткен жөн. Мысалы, егер зерттеуде тұрғындарға амбуларотлы-поликлиникалық көмек көрсету дәрежесін және оны толық жетілдіру жолдарын зерттеу міндеті тұрса, онда статистикалық әдіспен тұрғындар сырқаттылығы, поликлиникалық мекемелерге өздігімен келуі зерттеледі, тарихи әдіспен оның динамикасы, әр түрлі кезеңдердегі дәрежесі сарапталады. Тәжірибелік әдіспен поликлиника жұмысына ұсынылған жаңа түрлері сарапталып, оның экономикалық мақсатқа лайықтылығы мен эффективтілігі тексеріледі.
Зерттеуде хронометражды әдістер қолдану мүмкін (медициналық қызметкерлер жұмысының хронометриясы, аурулардың медициналық көмекті алу үшін уақыт шығынын сараптау және т.б.).
Экспертік бағалау әдісі медициналық көмектің тиімділігі мен сапасын зерттеу және жоспарлау үшін кеңінен қолданылады. Бұл өте маңызды әдіс және оны ұмытпау керек.
Социологиялық әдістер (интервью ұйымдастыру, анкеталық әдістер), зерттеу объектісі немесе үрдісі туралы адамдар тобының жалпы ойын білу мүмкіндігін береді, бұл әдісте жиі қолданылады.
Негізгі ақпарат көзі болып мемлекеттік және емдеу-алдын алу мекемелерінің тіркеу-есеп беру құжаттары болып табылады; толығырақ зерттеу үшін материал арнайы жасалынған карта немесе анкеталарға жиналу мүмкін, онда бекітілген зерттеу бағдарламасына сай зерттеушінің алдына қойылған міндеттерді қамтитын барлық сұрақтар кіреді. Ол үшін зерттеуші алғаш тіркелген құжаттарды арнайы бағдарлама бойынша керекті мәліметті компьютерге енгізеді.
Бұл пән денсаулық сақтау стратегия және тактикасы туралы ғылым. Қоғамдық денсаулықты зерттеу негізінде бұл ғылым мыналарды өңдейді:
1. Ұйымдық ұсыныстар;
2. Медика- әлеуметтік ұсыныстар.
Бұл ұсыныстар қоғамдық денсаулық дәрежесін жоғарлату және медициналық қөмек сапасын арттыруға бағытталған.
Пән мақсаты тұрғынар денсаулығын қорғау, дәрежесін жоғарлату және медико-әлеуметтік көмекті ұйымдастыру өңдеулері, ғылыми негізделген стратегиялық және тактикалық ұсыныстарды қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау заңдылықтарын оқытады
Ғылым және пәннің негізгі міндеті әлеуметтік ортаның адам денсаулығына әсерін терең зерттеу және қоршаған ортаның кері әсерін жоюдың эффективті шараларын өңдеу. Сонымен қатар, әлеуметтік ресурстарды максималды түрде қолдана отырып денсаулыққа жағымды факторларды зерттеу және өңдеу өте маңызды.
Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау пәннің тағайындауы: сауықтандыру, сонымен қатар жағымсыз әлеуметтік факторлардың және шарттардың тұрғындар денсаулығына әсерін зерттеу, адам денсаулығына кері әсерін тигізетін әлеуметтік факторлардың және шарттардың алдын алу немесе жоюға бағытталған ғылыми негізделген нұсқауларды өндіру.
Пәннің әдістемелік базасы әдістердің кеңдігімен көптігімен ерекшелінеді, олар тек өзіндік ғана бола қоймай басқа да ғылымдардан алынған: социология, математикалық статистика, эпидемиология, әлеуметтік психология, экономикалық пәндер, басқару ғылымдары, информатика және басқа да медициналық ғылымдар.
Бұл ғылым және пән қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау туралы заңдылықтарды қамтиды. Оның басты тағайындауы - қоғамдық денсаулық дәрежесін және медициналық көмектің сапасын жоғарлату мақсатында денсаулық сақтауды ғылыми негізделген, эффективті басқару.
Достарыңызбен бөлісу: |