Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бұлтартпау шараларын қолдану үшiн негiздер
Күдікті, айыпталушы қылмыстық қудалау органдарынан немесе соттан жасырынып жүр не iстi объективтi тергеп-тексеруге немесе сотта талқылауға кедергі келтіреді не қылмыстық әрекетпен айналысуды жалғастырады деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде, сондай-ақ қылмыстық процестi жүргізетін орган үкiмнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн өз өкiлеттiктерi шегiнде осы адамдарға осы Кодекстiң 137-бабында көзделген бұлтартпау шараларының бiрiн қолдануға құқылы.
Күдіктіге, айыпталушыға қатысты бұлтартпау шарасын таңдау кезінде, егер қатаңдығы неғұрлым жеңіл бұлтартпау шарасы болса, мұндай шараны қолдану мүмкіндігін қарау қажет.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99 (екінші бөлігінің 15) тармағында), 170 (төртінші бөлігінде), 175, 177, 178, 184, 255 (төртінші бөлігінде), 263 (бесінші бөлігінде), 286 (төртінші бөлігінде), 297 (төртінші бөлігінде), 298 (төртінші бөлігінде), 299(төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстарды жасады деп күдік келтірілетін, айыпталатын адамдарға жасалған қылмыстың бір ғана ауырлығы уәжімен бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217, 218, 231, 234, 248 және 249-баптарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтардан басқа, экономикалық қызмет саласында қылмыстар жасады деп күдік келтіріліп, айыпталып жатқан адамдарға, осы Кодекстің 147-бабы бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылмайды.
Бұлтартпау шаралары және қосымша шектеулер
Мыналар:
1) ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат;
2) жеке кепiлгерлік;
3) әскери қызметшiнi әскери бөлiм қолбасшылығының байқауда ұстауына беру;
4) кәмелетке толмаған адамды қарауда ұстауға беру;
5) кепiл;
6) үйқамақ;
7) күзетпен ұстау бұлтарпау шаралары болып табылады.
Әскери қызметшiнi әскери бөлiм қолбасшылығының байқауда ұстауына беруді және күзетпен ұстауды қоспағанда, қажет болған кезде бұлтартпау шарасы қолданылған адамға қатысты электрондық бақылау құралдары қолданылуы мүмкін.
Бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулыда электрондық бақылау құралдарын қолдану және күдіктіге, айыпталушыға олардың мақсатын түсіндіру туралы белгі жасалады.
Электрондық бақылау құралдарын қолдануға оларды айналасындағылардың байқауынан жасыру шаралары қолданылған жағдайда жол беріледі, ол күдіктінің, айыпталушының баратын жерлері және олардың жүріп-тұратын жолдары, сондай-ақ жасы, денсаулығының жай-күйі, отбасы жағдайы мен өмір салты ескеріліп жүзеге асырылуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |