Әлеуметтік ғылымдар факультеті Құқықтану кафедрасы


Бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілерді ұстау



бет7/11
Дата24.12.2021
өлшемі72,34 Kb.
#104788
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ҚІЖҚ 12 БӨЖ Даниярова

Бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілерді ұстау

      Бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілер тергеу изоляторларында ұсталады. Оларды ұстаудың тәртiбi мен жағдайлары заңнамада айқындалады.

Бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталушыларды ұстап алынғандар ұсталатын орындарда ұстау

      Өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылған күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны тергеу изоляторына жеткізу жердiң шалғайлығына немесе тиiстi қатынас жолдарының болмауы немесе тергеу әрекеттерiн жүргiзу немесе iстi сотта қарау қажеттігі салдарынан мүмкiн болмаған жағдайларда, мұндай адамдар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның прокурор не тергеу судьясы не сот бекіткен қаулысымен отыз тәулiкке дейiн – уақытша ұстау изоляторларында, ал әскери қызметшілер гауптвахтада ұсталуы мүмкін.

      Мұндай адамдарды күзетпен ұстаудың тәртiбi мен жағдайлары заңнамада айқындалады.

      Өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде күзетпен ұстау қолданылған күдіктіні, айыпталушыны және сотталушыны тергеу әрекеттерін жүргiзу үшiн бiр тергеу изоляторынан екінші бір тергеу изоляторына ауыстыру (этаппен апару) прокурордың қаулысы бойынша не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның прокурор бекіткен қаулысы бойынша жүзеге асырылады.

Күзетпен ұстау мерзiмдерi және оларды ұзарту тәртiбi

      Осы Кодексте көзделген ерекше жағдайлардан басқа, сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде күзетпен ұстау мерзімін екі айдан асыруға болмайды.

      Судья санкциялаған күзетпен ұстаудың қысқа мерзімін екі айға дейін ұзарту қажет болған кезде прокурор ол аяқталардан бір тәулік бұрын тергеу судьясына қосымша жиналған материалдары бар тиісті өтінішхатты енгізеді. Тергеп-тексеруді екі айға дейінгі мерзімде аяқтау мүмкін болмаған жағдайда және бұлтартпау шарасын өзгерту немесе оның күшін жою үшін негіздер болмаған кезде бұл мерзімді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның аудандық (қалалық) және оған теңестірілген прокурормен келісілген уәжді өтінішхаты бойынша тергеу судьясы – үш айға дейін, ал тергеп-тексеруді үш ай мерзімде аяқтау мүмкін болмаған жағдайда және күдіктіні, айыпталушыны одан әрі күзетпен ұстау қажет болған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның облыс прокурорымен және оған теңестірілген прокурорлармен және олардың орынбасарларымен келісілген уәжді өтінішхаты бойынша тергеу судьясы тоғыз айға дейін ұзартуы мүмкін.

      Күзетпен ұстау мерзімін тоғыз айдан астам, бірақ он екі айдан асырмай ұзартуды аудандық және оған теңестірілген соттың тергеу судьясы аса ауыр қылмыстар, қылмыстық топтың құрамында қылмыстар, сондай-ақ өзге де террористік және (немесе) экстремистік қылмыстар жасады деп күдік келтірілген адамдарға қатысты істің ерекше күрделілігіне орай, қылмыстық iстi өзінің іс жүргізуіне қабылдаған тергеу бөлімі бастығының не прокурордың не тергеу, жедел-тергеу тобы басшысының облыс прокурорымен және оған теңестірілген прокурорлармен келісілген уәжді өтінішхаты бойынша жүзеге асыруы мүмкін.

      Аудандық және оған теңестірілген соттың тергеу судьясының күзетпен ұстау мерзімін он екі айдан астам, бірақ он сегіз айдан аспайтын мерзімге ұзартуына айрықша жағдайларда, аса ауыр қылмыстар, қылмыстық топтың құрамындағы қылмыстар, сондай-ақ өзге де террористік және (немесе) экстремистік қылмыстар жасады деп күдік келтірілген адамдарға қатысты, қылмыстық қудалау органының орталық аппаратының тергеу бөлімшесі басшысының не қылмыстық iстi өзінің іс жүргізуіне қабылдаған прокурордың, тергеу, жедел-тергеу тобы басшысының облыс прокуроры және оған теңестірілген прокурор бекіткен және Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен, оның орынбасарларымен келісілген уәжді өтінішхаты бойынша жол беріледі.

      Күзетпен ұстау мерзімін одан әрі ұзартуға жол берілмейді, күзетпен ұсталып отырған күдікті, айыпталушы дереу босатылуға жатады.

      Күзетпен ұстау мерзімін үш айға дейін ұзарту туралы өтінішхат келісу үшін аудандық (қалалық) прокурорға және оған теңестірілген өзге де прокурорларға күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан он тәулік бұрын ұсынылады және прокурор өтінішхатты ол келіп түскен кезден бастап үш тәуліктен аспайтын мерзімде қарайды.

      Күзетпен ұстау мерзімін үш айдан астам мерзімге ұзарту туралы өтінішхат келісу үшін прокурорға күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан он бес тәулік бұрын ұсынылуға тиіс және прокурор өтінішхатты ол келіп түскен кезден бастап бес тәуліктен аспайтын мерзімде қарайды.

      Күзетпен ұстау мерзімін он екі айдан астам мерзімге ұзарту туралы өтінішхат келісу үшін прокурорға күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан жиырма тәулік бұрын ұсынылуға тиіс және ол келіп түскен кезден бастап бес тәуліктен аспайтын мерзімде қаралады.

     Күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қарап, прокурор сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысына келісім береді және оны күзетпен ұстау мерзімін ұзартудың негізділігін растайтын қылмыстық істің материалдарымен бірге тиісті сотқа дереу жібереді не оны келісуден уәжді түрде бас тартады. Прокурор күзетпен ұстау мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты қолдамаған жағдайда, күдікті, айыпталушы күзетпен ұстау мерзімі аяқталғаннан кейін дереу босатылуға жатады.

      Күзетпен ұстау мерзімін үш айға дейін ұзарту туралы өтінішхат сотқа – күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан жеті тәулік бұрын, күзетпен ұстау мерзімін үш айдан астам мерзімге ұзарту туралы өтінішхат – он тәулік бұрын, күзетпен ұстау мерзімін он екі айдан астам мерзімге ұзарту туралы өтінішхат – он бес тәулік бұрын ұсынылады.

      Қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдіктінің күзетпен ұстауда болу мерзімін санкциялау туралы өтінішхат күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан бес тәулік бұрын келісу үшін прокурорға ұсынылуға тиіс және оны прокурор келіп түскен кезден бастап бір тәуліктен асырмай қарайды.

      Прокурор қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдіктінің күзетпен ұстауда болуы мерзімін санкциялау туралы өтінішхатты қарап, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қаулысымен келіседі және оны күзетпен ұстау мерзімін санкциялау қажеттігін растайтын қылмыстық іс материалдарымен бірге дереу сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталған жер бойынша аудандық және оған теңестірілген соттың тергеу судьясына жібереді. Прокурор күдіктінің күзетпен ұстауда болуы мерзімін санкциялау туралы өтінішхатты қолдамаған жағдайда, ол күзетілуден дереу босатылуға жатады.

      Қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде күдіктінің күзетпен ұстауда болу мерзімін санкциялау туралы өтінішхат тергеу судьясына күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан үш тәулік бұрын ұсынылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет