Апта 2.
1 кредит сағат
№2 дәріс
Тақырыбы: Басқару әлеуметтануының даму тарихы.
Дәріс мазмұны:
1.Басқару туралы ойлардың қалыптасуы мен дамуы.
2.Ғылыми басқару мектебі. Ф.У.Тэйлор. Басқарудағы әкімшілік (классикалық) мектеп. «Адамзаттық қатнастар» доктринасы. Э. Мэйо, М.П.Фоллет.
1.Басқару туралы ойлардың қалыптасуы мен дамуы.
Басқару туралы ғылыми білім XIX ғасыр аяғы - XX ғасыр басында қалыптасты. Нақты айтқанда XIX ғасырдың 2-ші жартысында. Алайда ол ғылыми білімнің бір саласына айналғанға дейін үлкен жол жүріп өтті. Әлеуметтік басқару феномені ежелгі дәуірден белгілі болып және тарихи құжаттарда тіркелінген болатын. Белгілі отандық шығыстанушысы Б.А.Тураев ежелгі Египетте фараон ауласында басқарушы – шенеуніктерді дайындайтын арнайы мектептер болғандығын айтады.
Шығыста басқару түсініктерінің дамуына үлкен үлесті Үндістан мен Қытай мемлекеттері қосты. Басқару туралы ой – пікірлер мұнда б.з.б 5-4 ғғ қалыптаса бастады.Ежелгі Қытай ойшылы Конфуций бірінші болып басқару теориясына басқарушылық еңбек этикасы жөніндегі мәселені қойды.
Басқару ақыл – ойының дамуына антикалық Греция да өз үлесін қосты. Ежелгі грециядағы белсенді саяси өмір интеллектуалды ойдың гүлденуі және мемлекетті басқарудың жақсы жүйесін іздеуге әсер етті. Көптеген ойшылдардың пікірінше қоғамның кедейлік жағдайда өмір сүруінің себебі тиімді басқарудың болмауынан. Сондықтан басқарудың әділділік және тиімділік принциптері көптеген ойшылдарды толғандыратын сұрақ болды. Бұл тұрғыда әйгілі грек философтары Сократ, Платон, Аристотельдің шығармашылықтары үлкен рөл атқарды.
Орта ғасырда басқару мәселелеріне теологиялық тұрғыда қаралды. Адамдардың әлемді басқаруы құдайдың құдіретімен болып жатыр, құдай әлемді билеуші делінді.
Жаңа заман жаңа басқару идеяларын туғызды. Олар ең алдымен ерте утопиялық социализммен байланысты болды. Бұл кезеңде басқарудың өзіндік концепциялары Т.Мордың, Т.Кампанелланың, Н.Макиавеллидің және тағы да басқалардың еңбектерінде көрініс тапты. Өз кезегінде басқару ой – пікірінің дамуына итальяндық гуманист Н.Макиавеллидің қосқан үлесі зор болды. Мамандар басқарудың дамуына әсер еткен Макиавеллидің 4 принципін көрсетеді:
айналасындағылардың қолдауы нәтижесінде көшбасшының билігі мен беделі тұрақтанады;
бағынушылар көшбасшысынан не күтетінің білуі керек және көшбасшының олардан не күтетінін түсіну керек;
көшбасшының қандай жағдайда да өмір сүру еркіндігі болуы қажет;
көшбасшы әрдайым өз жақтастары алдында ақылдылық пен әділдіктің үлгісі болып табылады.
Осы дәуірге француз монахы Л.Паяолидің шығармалары жатады. Мемлекеттік басқару туралы түсініктің дамуына А.Смиттің еңбектері үлкен үлес еңгізді. Қазіргі кездегі ғылыми бағыттардың қалыптасуына және басқару мектептеріне өз ілімін Р.Оуэн да қосты. Ол ұйымды басқаруға көзқарастың бірінші реформаторы болды.
2.Ғылыми басқару мектебі. Ф.У.Тэйлор, А.Файоль.
Басқару туралы ғылым әрдайым қозғалыста дамып отырады. Жаңа бағыттар, мектептер, ағымдар қалыптасады. XX ғасырдың 1-ші жартысында басқарушылық ойдың 4 мектебі дамыды. Олар: ғылыми басқару, әкімшілік басқару, адамзат қатынастары және басқару ғылымы. Ғылыми басқару мектебі басынан бастап адамзаттық және материалдық ресурстар жақсы пайдаланылу жолын қамтамасыз етуді қарастырды. Мектептің қалыптасуы мен дамуы 1911 ж Ф.Тейлордың “Ғылыми басқару принципі” атты кітабының жарыққа шығуымен байланысты. Тейлорды ғылыми басқарудың классикалық теориясының атасы деп те атайды. Өйткені ол бірінші болып басқаруға ғылыми тұрғыда қарау қажет екенін айтты. Ол басқарудың 4 ғылыми принципін алға тартты:
жұмыстың үнемді әдістерін еңгізу;
кадрларды кәсіби таңдау және оқыту;
кадрларды рациональды орналастыру;
әкімшілік пен қызметкерлердің бірігіп жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Басқарудың әкімшілік мектебінің қалыптасуы француз А.Файольдың есімімен байланысты. Мектептің негізгі мақсаты басқарудың әмбебап принциптерін құру.
3.Басқарудағы әкімшілік (классикалық) мектеп. «Адамзаттық қатнастар» доктринасы. Э. Мэйо, М.П.Фоллет.
XX ғасырдың 30 жылдары басқарудың жаңа мектебі “адамзат қатынастары” доктринасы дами бастады. Бұл мектеп классикалық мектеп түзей алмаған кемшіліктерді жою мақсатында құрылғандықтан оны әдетте “неоклассикалық” деп атады. Адамзат қатынастары теориясының құрылуына “Хотториндік тәжірибе” деген атау алған тәжірибе жүргізген Гарвард университетінің қызметкері, американдық әлеуметтанушы және психолог Э.Мэйо үлкен орын алады.
Басқару ғылымдары мектебі XX ғасырдың 50 жылдары кибернетика және операцияны зерттеудің пайда болуымен байланысты қалыптасты. Сандық әдістерді қолдануға арналған бұл мектептің негізгі назары математикалық модельдеу мен компьютерді белсенді пайдалану арқылы шешім қабылдау және жоспарлау.
Қазіргі кезде басқаруды жаңа тұрғыдан қарастыру қолға алынып жатыр. Солардың бірі басқарудың мәдениетін зерттеу.
Соңғы уақытта басқарушылық ақыл – ойына 3 негізгі тенденция тұрғысынан қарастырылу қолға алынып жүр.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
Басқару туралы ғылым қай уақытта қалыптасты?
Басқарушылық ойдың неше мектебі бар?
Басқару туралы ой – пікір қай кезден бастау алады?
Достарыңызбен бөлісу: |