5. ДӘРІСТІК ЖҮЙЕ.
Апта 1
1 кредит сағат
№1 Дәріс
Тақырыбы: Басқару әлеуметтануы пәніне кіріспе.
Дәріс мазмұны:
1.Басқару әлеуметтануы пәні мен объектісі.
2. Басқару әлеуметтануының мәні мен мақсаты.
Мақсаты: Басқару әлеуметану пінімен таныстыру. Ол пәннің нені зерттейтіндігін және пәннің мақсат міндеттерін түсіндіру.
1.Басқару әлеуметтануы пәні мен объектісі
Кез-келген ғылым мазмұны, оның объектісін, пәнін, мақсатын анықтаудан басталады. Басқару әлеуметтануының зерттеу объектісі қоғамдағы немесе ұйымдардағы, оның түпкі жүйелеріндегі басқару процесстері болып табылады.
Басқару әлеуметтануының пәні әр түрлі қауымдастықтардағы, ұйымдардағы, әлеуметтік институттардағы және тұтастай қоғамдағы басқару үрдісінің жетілдірілуі және бағалауы болып табылады.
Басқару әлеуметтануының объектісі мен пәнін анықтау, басқару әлеуметтануының әлеуметтік ілімін анықтауға мүмкіндік береді. Басқару әлеуметтануы әр түрлі қауымдастықтардағы, ұйымдардағы, институттардағы және тұтас қоғамдағы жүйенің даму тұрақтылығын қамтамасыз ету және сақтау үшін жүзеге асырылатын басқару процессін оқытатын арнайы әлеуметтік теория. Ол қоғамдық және мемлекеттік органдардың көпқырлы қызметін оқытады. Сонымен қатар басқару кадрларын, басқару аппаратындағы жұмысшылардың және оларға бағынатын қызметкерлердің арасында қалыптасқан өзара әрекеттері мен қатынастарын зерттейді.
2. Басқару әлеуметтануының мәні мен мақсаты.
Басқару әлеуметтану пәні анықтау мақсатында жету үшін топтар мен әлеуметтік әдістердің мақсаттылық әдістері мен формалары заңдылықтар әлеуметтік топтардың түрлі өзара әрекеті болып табылады. Басқару әлеуметтануын әлеуметтік саясаттың ғылыми- техникалық экономикалық даму аспектілері басшы мен бағыныштының өзара қарым- қатынасы, өзін-өзі басқару үрдісі қызықтыратын бағыт бойынша ғылыми білім құрылымда үш жақты көрінеді.
Біріншіден, басқару үрдістерінде п.б әлеуметтік байланыстарды және жалпы әлеуметтану шеңберінде қалыптасып эмпирикалық зерттеу және теоритикалық зерттеудегі негізгі бағыт ретінде.
Екіншіден, басқару ғылымы мен әлеуметтану тоғысында п.б арнайы әлеуметтік теория ретінде.
Үшіншіден, басқару әлеуметтануының қазіргі заманғы теорииясы ретінде көрінеді.
Сол себептен басқару әлеуметтануын заңдылық болып табылады. Әлеуметтік білімдер саласы деп те атайды. Бұл заңдылықтар уақытты есепке ала отырып әлеуметтануды шындық пен басқару шығынын байланысты талдау да көрінеді. Басқару әлеуметтануының пәні облысының негізгі аспектісі басқару әлеуметтік шындық ретінде байқалатын заңдылықтарды зерттеу болып табылады. Басқару әлеуметтануының пәні облыстық басқаруғатарихи көзқарас, оның формаларының дамуы қауымдық басқару, мемлекеттік пен қоғамдық басқарудың сәйкестігі әлеуметтік басқару адамзат шығынын негізгі түрі ретінде бір жағынан еңбек бөлінісінен, екінші жағынан қоғамның әлеуметтік шартынан туады. Сондықтан қоғамдық өмірдің саяси экономикалық, рухани салаларын қалыптастыру үрдістерді басқару шындығы болып табылады. Әлеуметтік басқару қоғамдық өмір атрибуты негізінде қоғамдық өмір ұйымдарының ерекше көрінеді.
өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Басқару әлеуметтануы нені зерттейді?
2.Басқару әлеуметтану пәніне түсінік ?
3. Басқару әлеуметтануының мақсаттары ?
4.Басқару әлеуметтануының негізгі міндеттерінің бірі?
Әдебиеттер: Бабосов Е.М. «Социология управления» Минск, 2004г. 15-17 бб
Шевелев В.Н. «Социология управления» Р-на-Д., 2004г. 52-55 бб
Достарыңызбен бөлісу: |