Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы



бет14/34
Дата08.09.2022
өлшемі0,52 Mb.
#149018
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34
Байланысты:
ЛК Соц-пол ТФП 2к каз
1.Есептер, Кеңесбай Бекзат тезис, 4 Балбөбек ашық сабақ Ұлпа қар, №1 семинар
Статистикалық әдіс коптеген зерттеулерде кеңінен тараған. Ол тұрғындар денсаулығының дәрежесін, емдеу-алдын алу мекемелерінің жұмысының эффективтілігімен сапасын объективті анықтауға мүмкіндік береді. 
Тарихи әдіс зерттелетін мәселенің мемлекет дамуындағы әр түрлі тарихи кезеңдерде бақылап отыру мүмкіндігін береді. 
Экономикалық әдіс экономиканың денсаулық сақтауға және денсаулық сақтаудың мемлекет экономикасына әсерін орнату, халық денсаулығын эффективті қорғау үшін мемлекеттік қаржыны жұмсаудың тиімді жолдарын анықтау мүмкіндігін береді. Медициналық мекемелердің және денсаулық сақтау органдарының қаржыландыру қызметтерін жоспарлау, бөлінген қаржыны тиімді жұмсау, тұрғындарды сауықтыру мақсатында денсаулық сақтау қызметінің эффективтілігін және сол қызметтің мемлекет экономикасына әсерін бағалау – осының бәрі денсаулық сақтау аясындағы экономикалық зерттеулерді құрайды.
Тәжірибелік әдіс медициналық мекемелердің, денсаулық сақтаудың жеке қызметтерінің зерттеулердің жаңа және тиімдірек түрлері мен әдістерін іздеуге арналған тәжірибелерді жасауды қарастырады.
Зерттеулерде айтылған әдістердің көбісі кешен ретінде қолданылатынын атап кеткен жөн. Мысалы, егер зерттеуде тұрғындарға амбуларотлы-поликлиникалық көмек көрсету дәрежесін және оны толық жетілдіру жолдарын зерттеу міндеті тұрса, онда статистикалық әдіспен тұрғындар сырқаттылығы, поликлиникалық мекемелерге өздігімен келуі зерттеледі, тарихи әдіспен оның динамикасы, әр түрлі кезеңдердегі дәрежесі сарапталады. Тәжірибелік әдіспен поликлиника жұмысына ұсынылған жаңа түрлері сарапталып, оның экономикалық мақсатқа лайықтылығы мен эффективтілігі тексеріледі.
Зерттеуде хронометражды әдістер қолдану мүмкін (медициналық қызметкерлер жұмысының хронометриясы, аурулардың медициналық көмекті алу үшін уақыт шығынын сараптау және т.б.). 
Экспертік бағалау әдісі медициналық көмектің тиімділігі мен сапасын зерттеу және жоспарлау үшін кеңінен қолданылады. Бұл өте маңызды әдіс және оны ұмытпау керек. 
Социологиялық әдістер (интервью ұйымдастыру, анкеталық әдістер), зерттеу объектісі немесе үрдісі туралы адамдар тобының жалпы ойын білу мүмкіндігін береді, бұл әдісте жиі қолданылады.
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатпринциптері.
1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаты:
1) азаматтардың қауіпсіз, тиімді және сапалы медициналық және дәрілік көмек алу құқығының теңдігін қамтамасыз ету;
2) мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ жауапкершілігі;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарын тегін медициналық көмектің кепілді көлемімен жаппай қамтамасыз ету;
4) денсаулық сақтау жүйесі қызметіндегі профилактикалық бағыттың басымдығы;
5) медициналық және дәрілік көмектің қолжетімділігі;
6) медициналық және дәрілік көмек сапасын ұдайы арттыру;
7) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы қамтамасыз ету;
8) медициналық ұйымдардың медициналық көмек көрсетудегі қызметінің сабақтастығы;
9) медициналық және фармацевтикалық білім берудің үздіксіздігі мен сабақтастығын қазіргі заманғы оқыту технологияларын пайдалана отырып қамтамасыз ету;
10) денсаулық сақтау саласындағы ғылымның, техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін және әлемдік тәжірибені пайдалану:
11) ерікті әрі қайтарымсыз донорлықты көтермелеу;
12) отандық әзірленімдерге және бәсекеге қабілетті медициналық және фармацевтикалық өнеркәсіпті дамытуға мемлекеттік қолдау;
13) денсаулық сақтау саласындағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау;
14) азаматтардың денсаулық сақтауға құқықтарын қамтамасыз етуге қоғамдық бірлестіктердің қатысуы принциптері негізінде жүргізіледі.
Демография (demos – халық, grapho – жазамын) деген екі грек сөздерінен құралған – халық туралы және оның қоғамдық lfves туралы ғылым. Халық туралы мәліметтердің иаңызы өте зор. Біріншіден, қоғамның әлеуметтік-экономикалық lfvesy жоспарлау, емдеу, санитарлық. т.б. медициналық мекемелердің жұмысын тиімді ұйымдастыруға және сауықтыру шараларын жүргізуге, дәрігерлер мен орта білімді мамандарды дайындау мақсатында пайдаланылады. Екіншіден, демографиялық көрсеткіштер халық денсаулығын сипаттайтын көрсеткіштерге жатады. Үшіешіден, емдеу-профилактикалық мекемелердің жұмысын талдауда пайдаланады. Тұрғындар түсінігі – белгілі бір територияда, мемлекетте немесе облыс, аудан, қалада тұратын адамдар тобы. Тұрғандардың негізгі мінездемелерінің бірі денсаулық жағдайы болып табылады.
Жалпы демография (ерекше экономикалық) және әлеуметтік медицинаның қиылысуында аралас ғылым аймағы - медициналық демография пайда болды. Медициналық демография аймағындағы маманы, белгілі ғалым, профессор М.С. Бедный (1984) жылы «медицин­ская демография — халық денсаулығының жағдайы мен оың өзгеру тенденцияларына әсер ететін тұрғындар популяциясы мен әлеуметтік және табиғи факторлардың байланысын зерттейтін ғылым» деп жазды.
Тұрғындардың статистикалық зерттеуі екі негізгі бағытта жүргізіледі:
1. Халық статистикасы.
2. Халық динамикасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет