Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы



бет3/34
Дата08.09.2022
өлшемі0,52 Mb.
#149018
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
ЛК Соц-пол ТФП 2к каз
1.Есептер, Кеңесбай Бекзат тезис, 4 Балбөбек ашық сабақ Ұлпа қар, №1 семинар
Электронды оқулықтар
1. Основы антикоррупционной культуры [Электронный ресурс]: учебное пособие / под ред. Б. С. Абдрасилова. - Электрон. текстовые дан. (702Мб). - Астана: Акад. Гос. упр. при Президенте РК, 2016. - 176 с.
2. Гендерная социология. Акбаева Л.Н., 2017. Aknurpress / https://aknurpress.kz/login
3. Әлеуметтану. Ертаев М.А., Тасқымбаева С.М., Қаратаева Ф.М., 2020. Aknurpress / https://aknurpress.kz/login
4. Әлеуметтану. Тесленко А.Н., Сембина Ж.Ж., Аязбаева А.Т., 2019. Aknurpress / https://aknurpress.kz/login
5. Решетников, А. В. Социология медицины / Решетников А. В. - Москва: ГЭОТАР - Медиа, 2014. - 864 с. - ISBN 978-5-9704-3067-5. - Текст: электронный. http://rmebrk.kz/
6. Тәжітаева, Р.С. Саясаттану: Электрондық оқулық. - Жетісай: «Сырдария» университеті, 2016. http://rmebrk.kz/
7. Ритцер, Д., Степницки, Д. Әлеуметтану теориясы: Оқулық. - 10-басылым - Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 856б. - ISBN 978-601-7943-17-2. http://rmebrk.kz/
6. Бақылау сұрақтары (Feedback кері байланысы):

  1. Әлеуметтану қоғамдық ғылым ретінде нені зерттейді ?

2. Әлеуметтік ғылымдар жүйесіндегі әлеуметтанудың орнын анықтаңыз.
3. Әлеуметтанудың құрылымы қандай?
4. Қазіргі құрылымдық функционализм теориясы қандай жағдайларға негізделеді?
5. ХХ ғ. әлеуметтанудың дамуында американдық эмпирикалық әлеуметтанудың қандай мағынасы бар?
6. Қазіргі батыс әлеуметтануда қандай ағымдар, мектептер және бағыттар бар?

2 дәріс


1. Тақырыбы. Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы. Әлеуметтену және бірегейлік. Отбасы және қазіргі заман.
2. Мақсаты: білім алушылардың қоғамның әлеуметтік құрылымы мен стратификациясын, әлеуметтену және бірегейлік түсініктерін және отбасы типологиясы мен әлеуметтік қызметтерін ұғынуы.
3. Дәрістің тезистері:
1. Қоғам, теңдік және теңсіздік. Ашық және жабық қоғам.Стратификация әр түрлі топтар арасындағы құрылымданған теңсіздік ретінде.
2. Әлеуметтену және бірегейлік теориялары (Т.Парсонс, Г.Х.Мид).
3. Отбасы кроссмәдени және тарихи перспективада. Отбасы типологиясы.
4. Отбасы мен отбасылық қарым-қатынастарды салыстырмалы зерттеу.
Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде. Қоғам дегеніміз – адамдардың жиынтығы, олардың бірігуі (бірлестігі), бір-біріне қарым-қатынасы. Белгілі социолог П.Сорокин атап көрсеткендей, қоғам деген – ол бір адам емес, ең кемінде бір-бірімен байланысты екі адам. К.Маркс «Қоғам дегеніміз – адамдардың өзара әрекеттесуінің нәтижесі деп есептеді. Қоғамды бар деп тану үшін адамдардың бірігуіне мынадай жағдайлар қажет:
1) Адамдар өмір сүруі үшін тұрғылықты жер территориясының ортақтығы. Әдетте
ол мемлекет территориясымен сәйкес келеді.
2) Қауымдастықтың бүтіндігі мен тұрақтылығы.
3) Өздігінен ұдайы өндіру, өзін-өзі қамтамасыз ету және өзін-өзі басқару.
4) Халықтың дамуына қажетті белгілі бір мәдени деңгейдің болуы.
Қоғамның анықтамасы: ол өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында өзара байланысты және өзара әрекет ететін тарихи қалыптасқан формалар арқылы біріккен, тұрақтылығымен, бүтіндігімен, өздігінен ұдайы өндірілетіндігімен өзін-өзі реттеуімен, қажетті мәдениет деңгейіне жеткен жетістігімен ерекшелініп, сипатталатын адамдардың жиынтығы.
Кейбір ұғымдарды салыстырайық. «Ел» – бұл көбінесе географиялық ұғым.«Мемлекет» – саяси ұғым, ал «қоғам» – социологиялық ұғым. Социология кез-келген көлемдегі әлеуметтік топтарды зерттейді деу дұрысырақ болар еді, ал қоғам дегеніміз – өте үлкен әлеуметтік топ.
Қоғамның негізінде не жатыр? Бұл сұраққа социологтар түрліше жауап береді. К.Маркс қоғамның негізі материалдық өндіріс деп есептеді. Э.Дюркгейм қоғамның негізін ұжымдық санада, сезімде және сенім-нанымда көрді. М.Вебер – адамдардың бір-біріне бағытталған әрекеттерінде деп түсіндіреді.
Барлық түсіндірмелерде қоғам біртұтас құрылым, бүтін жүйе ретінде қарастырылады. Бұл қоғамды зерттеп білу үшін жүйелі амал-тәсіл деп аталады (системный метод). («Система» сөзі грек тілінен аударғанда «бүтін» дегенді білдіреді). Жүйе – өзара байланысты және бүтіндік, біртұтастық құрайтын барлық элеметтердің бірлігі. Жүйе- элементтерден тұрады. Әлеуметтік жүйе дегеніміз – негізгі элементі адамдар, олардың қарым-қатынастары мен байланыстары болып табылатын біртұтас құрылым.
Әлеуметтік әрекеттер мен байланыстар. Адамдық қимыл-әрекеттер тек басқа адамдардың әрекеттерімен байланысты болғанда және саналы түрде, жете ұғынған жағдайда ғана әлеуметтік әрекеттер ретінде қарастырылады. Адамдар мен олардың топтарының тәуелділігі және сиысушылығын білдіретін әлеуметтік байланыстар деп атайды. Әлеуметтік байланыстың элементтері: субьект, байланыс пәні, байланыстың жүзеге асуы және оны реттеу механизмі. Әлеуметтік байланыстар адамдар субьект ретінде әрекет етіп және өмір сүретін әлеуметтік жағдайларда жүріп жатады.
Әлеуметтік өзара әрекет ету. Бұл – адамдардың бір-біріне әсерін, ықпал етуін сынап көретін және әрекет ететін процесі. Өзара әрекет ету жаңа әлеуметтік қатынастардың қалыптасуына алып келеді. Әлеуметтік қатынастар дегеніміз – бұл жеке тұлғалар (адамдар) мен әлеуметтік топтар арасындағы біршама тұрақты және дербес тәуелсіз байланыстар. Мысалы, тап аралық, ұлтаралық және басқа топ аралық қатынастар. Әлеуметтік қатынастар өте көп.
Әлеуметтік өзара әрекетті көптеген түрлерге бөлуге болады. П.Сорокин өзара әрекетті алты түрге бөледі:
1) өзара әрекет ету субьектісінің санына қарай (екі адам, бір және көп адам, көп
және көп адам);
2) айырмашылығына байланысты (біржақты, екі жақты, келісімді, жаулық, т.б.);
3) өзінің ұзақтығына байланысты (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді);
4) ұйымдасуына қарай (ұйымдасқан: мемлекет, партия, отбасы) және
ұйымдаспаған (тобыр);
5) саналы және санасыз;
6) интеллектуалдылығына қарай (идеялық), сезімдік (эмоциональды) және
жігерлі (ерікті).
Білім беру педагогика, психология, философия, тарих, экономика, әлеуметтану секілді ғылымдар қатарын зерттеудің объектісі мен пәні болып табылады. Олардың әрқайсысы өздеріне тән шекарасын зерттейді. Білім беру әлеуметтануы - білім жүйесін әлеуметтік институт ретінде және оның қоғаммен өзара әрекеттестігін зерттейтін ғылыми пән. Әлеуметтанудың мұндай ерекше саласының бөлініп шығуы білімнің тарихи ауыспалы жүйесіне және шартты дербестігіне, оларды тудыратын қоғамдық қатынастар шеңберінде қоғамның дамуы мен қызмет етуіне белсенді әсер ете алу қабілеттілігіне негізделген.
Білім беру әлеуметтануының пәні әлеуметтік институт ретінде білім (оның қоғамдағы қызметі мен басқа институттармен өзара байланысы), әлеуметтік ұйым ретіндегі оның мекемелері (мектеп, ЖОО, т.б.), сонымен бірге білім саласындағы әлеуметтік саясат болып табылады. Білім беру әлеуметтануы, сондай-ақ білім жүйесінің әлеуметтік институт ретінде қоғаммен және оның негізгі элементгерімен өзара әрекеттесулерін зерттейді; мысалы, қоғамдық өндіріс элементгері, экономикалық қатынастар элементтері, саяси жүйе элементгері рухани өмір элементтері. Білім жүйесі мен оның жеке кіші жүйелер ішінде пайда болатын әлеуметтік мәселелерге (мектеп, кәсіби оқу орны, оқытушы мен оқушы арасындағы өзара қатынас, ұжым мен топ арасындағы қатынас] мектеп сыныптары ішіндегі қатынас саласындағы мәселелерге келетін болсақ, мұндай мәселелер білім беру әлеуметтанушының саласы педагогика әлеуметтануын қалыптастырады.
Білім беру әлеуметтануының ерекше міндеттері бар:
•білім алудағы қажеттілікті зерттеу, қоғам өмірі мен жеке өмірдегі оның рөлін
түсініп бағалау
•олардың әлеуметті маңыздылық астарындағы білім сапасын және деңгейін бағалау;
•қоғам мен білім алушылардың білімге қатынасы оның әлеуметгік құндылықтарын зерттеу;
•әлеуметтік мәртебенің факторы ретінде білімнің рөлін көрсету
• рухани қажеттіліктер мен мүдделер серпініне оның әсер ету денгейін анықтау.
Білім беру әлеуметтануының негізін М. Вебер және Э. Дюркгейм қалаған. Олар білімнің әлеуметтік қызметтерін, оның экономикалық және саяси процестермен байланысын, сонымен қатар, әлеуметтану көзқарасы бойынша оқу орындары мен педагогикалық процестерді зерттеуді кейінірек Т.Парсонс білімді қазіргі қоғамда әлеуметтендіру институты ретінде зерттеуді, оқу орындары мен оның элементтерін әлеуметтік жүйе ретінде қарастыруды ұсынды. Осы тұрғыдан алғанда мектептер, сыныптар, әлеуметтік психологиялық орта, топтық процестер, жанжалдың шығу тегі, оқыту тәсілі, әлеуметмегриялық кұрылымдарға ие болатын білім алушылардың бейресми топтары зерттеледі. Н.Гросс, Р.Будон, Р.Коллинс білім алушының әлеуметтік жағдайын, оның оқу жүйесіндегі жетістіктерін қарастырды
Білім беру жүйесі - әлеуметтік институттың ең маңыздыларының бірі функционалды көзқарас бойынша білім жүйесі адамдардың әлеуметтенуін қамтамасыз ететін институционалды құрылымдар қатарында. Әлеуметтендіру мәдениеттін сабақтастығын, ойын ұрпақтан-ұрпаққа берілуін қамтамасыз етеді. Алғашқы әлеуметтендіруді алып жүруші агенттер болып отбасы болып табылады, әлеуметтендіру көбінесе стихиялы сипатта болады. Осылармен қатар, өмір бойы әрекет етіп жеке адамдар әлеуметтендіруші агенттіктер, коғамның құрылымдары болып табылады. Бұл жерде әлеуметтендіру басымдылығы бойынша мақсатты бағытталған сипатта болады. Мақсатты бағытталған әлеуметтендірудің тарихи, институционалды құрылымы осы кезге дейін қоғамның аз ғана бөлігін қамтыды және біртұтас саяси, діни, әскери және экономикалық элитаны қалыптастыру мақсатын көздеді. Қазіргі кезде білім беру жүйесі өзінің маңыздылығы, мазмұны, көлемі жағынан қоғам өмірінде шешуші рөл атқарады. Егер өткен ғасырларда білім жетістігі тарихи, экономикалық табыссыз, бірақ элита тобының пұрсатты тар өкілдерінің мәртебелі құрамында болса, қазіргі кезде қоғамның өндіріс әлеуетінде.
Адамзат қоғамы түрлі кезеңдерде қоғамның жастар проблемалары ретінде айқындауға болатын ерекше мәселені шешу қажеттілігіне тап болды. Осы проблеманың ерекшелігі мен өзектілігі барлық қоғамды біріктіреді: қоғам жастар арқылы биологиялық және сол сияқты рухани жаңғырады.
Қоғамда демографиялық топтың осы санатын айқындаудың әртүрлі әдістері бар. Маркстік теорияда жастар, ұқсас антропологиялық ерекшеліктері және психологиялық қасиеті бар жастық топ қана емес, олар қоғамдық қатынастардың тарихи айқындалған сипатына негізделген әлеуметтік ерекшеліктері мен белгілері бар топ дейді. Сонымен, өскелең ұрпақты адамдар қатарына қосып, қоғамда өзін еркін ұстарлық дәрежеге жеткізетін әлеуметтенудің бірінші саласы — іс-әрекет болса, жастарды әлеуметтендіруге үлкен әсер ететін екінші сала — тілдік қатынас. Ол — адамдардың бір-бірімен түсінісу құралы. Тіл арқылы адамдар пікір алмасып, пікір таластырады, қоғамда қалыптасқан адамгершілік принциптерін игереді, адамзат жасаған құндылықтар мен тағылымдарды бойларына сіңіреді, өзін өзі ұстауды, қоғамдық өмірге белсенді араласуды үйренеді. Тілдің арқасында оқып, білім алады, дүниеде не болып, не қойып жатқанын естіп біледі, ой-өрісін кеңейтіп, сапасын толықтырады, айналада толып жатқан қоғамдық-саяси оқиғаларға баға береді. Тіл-тек қатынас құралы емес, сонымен бірге ол әр халықтың тарихы, оның өмірін, тіршілігін, шаруашылығы мен мәдениетін білдіреді.
Сөзіміз дәлелді болу үшін, профессор Л.А. Байделдиновтің пікіріне сүйенсек: " Бала былдыры мен ананың сырлы сөзі — екі индивиттің ең алғашқы инстинктивті байланысы".
Жоғарыда көрсетілген жастарды әлеуметтендіруде айтарлықтай орын алатын үшінші сала — адамдардың сана-сезімінің жетілуі, олардың өзін-өзі тануы өзіндік сананың қалыптасуы. Сананың негізінде білім жатыр.
Білім — жеке тұлғаның әлеуметтік-саяси көзқарасын дамытьш, дүниетанымының аясы кеңейтетін маңызды факторлардың бірі. Ол жеке тұлғаның әлеуметтік мәртебесін айқындауда, сондай-ақ қоғамда саяси келісім мен ішкі тұрақтылықты орнықтырып, саяси құрылымды дамытуда үлкен рөл атқарады.
Білім - біздің қоғамымыздың XXI ғасырдағы басым бағыттарының бірі, елдің барлық қоғамдық-саяси өмірін демократиялық және зиялы құруында басты стратегиялық даму бағытын анықтайды.
Ортағасырлық ойшыл Ж. Баласағұн "Құтты білік" еңбегінде: " Мемлекеттік ойлауды қалыптастырудың басты шарты — білім немесе өмірлік заңдар арқылы, қанша мықты бола тұрып, ғалымдарсыз елді басқара алмайды", — дейді. Ендеше, мемлекетіміз өз бағытын айқындаудың стратегиялык мақсат-міндеттері қатарына жас ұрпақтың білімі мен тәжірибесін алға шығаруы — заңды құбылыс. Ел Президенті үстіміздегі жылғы халыққа Жолдауында: "Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады..." - деп атап көрсетті.
Жастарға білім беруді, оның ішінде саяси білім беруді қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымынан, мәдени құндылықтарынан, ұлттық дәстүр, рухани негізден бөле жара қарауға болмайды.
Саяси білім азаматқа өмір сүріп отырған қоғамдық және саяси құрылыста, мемлекеттегі өз орны мен рөлін құқығы мен міндеттерін дұрыс ұғынуына, жете түсінуіне көмектеседі. Бүгінгі таңда кімнің қандай кәсіппен айналысқанына қарамастан, саяси және құқықтық білім әр адамға қажет. Өйткені ол қоғамда тұрып, тіршілік еткендіктен, басқа адамдармен, ұйым, мекемелермен және мемлекетпен қатынаста болады. Ал құқықтық-саяси білімі жоқ адамдар қандай да бір саяси істерде амал-айла, қулықтың жетегінде кетеді. Адамдардың саяси сауаттылығына қоғам да мүдделі. Саяси сауаттылық қоғамды деспоттық басқарудан, адамгершілік құндылықтарға қарсы негізделген жүйеден сақтандырады.
Қазіргі қоғамдық сұраныс өз ісіне мығым, жұртшылықпен араласатын жастарға беріледі.
Отбасы институты. Қарапайым қоғамдарда отбасы – бірден-бір шынайы, ақиқат жұмыс істейтін институт. Мысалы, Орталық Африкада немесе Солтүстіктің кейбір халықтарының басқа әлеуметтік институттары жоқ. Отбасы екі түрге бөлінеді: туыстық (туысқандардың үлкен тобы, оның ішінде жұбайлар да болуы мүмкін) және жұбайлық (онда тек ері, әйелі және балалары ғана болады).
Некенің тұрпаты. Тарихта некенің түрлері белгілі. Полигамия (грек тілінен аударғанда «көпнекелілік» дегенді білдіреді). Полиандрия – бір әйелдің бірнеше күйеуінің болуы. Мысалы, Тибетте, Оңтүстік Үндістанда әйелдерден еркектер көп болған жағдайда, қыздар бір ағасына күйеуге шыға отырып, сонымен бір мезгілде күйеуінің інілерінің де әйелі болады. Полигиния, керісінше, бір еркектің көп әйелінің болуы. Моногамия (грек тілінен алынған, «бір неке» дегенді білдіреді). Еуропада, Ресейде моногамия орын алған: бір еркектің бір ғана әйелі болады, және керісінше. Жұптық неке, мұнда екі адам неке құрады. Оған топтық неке қарама-қарсы қойылады. Топтық некеде бірнеше еркек пен бірнеше әйел бір мезгілде өзара некелік қатынаста болады. Мұндай қарым-қатынастар алғашқы қауымдық құрылыста болған. Сонымен бірге некеге отыру тәсілі бойынша некелер эндогамды (мысалы, туысымен некеге отыруға болмайды) және экзогамды (мысалы, Библияда еврей Абраам өзінің қарындасына үйленеді, (ал, Құранда ол Ибрагим баба), сол сияқты Библияда Лоттың қыздары (Құранда Лут) өз әкесінен көптеген бала туған).
Отбасының қызметі (функциясы, орны). Отбасының бірталай қызметін бөліп көрсетуге болады.
1) Сексуальды (нәсіпқұмарлық) реттелу. Отбасы арқылы қоғам адамдардың табиғи сексуальдық (нәсіпқұмарлық) қажеттіліктерін жүйелейді, бағыттайды және тәртіпке келтіріп отырады. Қоғамда жұбайлық адалдық нормалары бар, өмір сүреді. Мысалы, патриархты отбасында («патриарх» деген грек тілінен «әке») әйел адамның некеге тұрғанға дейін жыныстық қатынасты көруіне тиым салынады.
2) Репродуктивті қызмет – ол сәбилердің дүниеге келуі, балалар мен немерелерді тәрбиелеу. Отбасы дегеніміз – қоғамда жаңа мүшелерді өндіруге жауапты болатын негізгі институт.
3) Социализациялау қызметі. Жеке тұлғаның социализациялауға қатысушы әлеуметтік институттардың санының көптігіне қарамастан (мектеп, балабақша, әскер, пионер, комсомол, т.б.), бұл процесте отбасы орталық орынға ие болады. Тек семьяда индивидтің алғашқы социализациялануы жүзеге асады, оның жеке тұлға ретінде қалыптасуының негіздері қаланады. Отбасылық социализацияның негізгі тәсілі баланың әке-шешесін, сол секілді ағалары мен апаларын үлкендерден үлгі ала отырып оларды айнытпай қайталауы болып табылады.
4) Экономикалық қызмет деген – бұл отбасының игілігіне жұмыс істеп, бір-біріне көмектесіп материалдық тұрғыда бірін-бірі көтермелеп, отбасының жұмыс істемейтін және еңбекке жарамсыз мүшелерін бағып, асырап, мысалы, ата-аналарды, ортақ шаруашылықты жүргізу.
5) Отбасы мүшелерінің рухани қарым-қатынас жасауы, араласуы. Психиатрлар қарым-қатынастағы эмоциональды және мінез-құлықтағы қиындықтардың негізгі себептері – отбасында махаббаттың, жылылықтың, толық интимдік қатынастың болмауы. Әке мен шешенің махабатынсыз тәрбиеленген бала ауытқымозщгьрт алы мінез-құлыққа бейім тұрады, қылмыс жасауы мүмкін.
6) Мәртебелік қызмет. Отбасында тәрбие алған әрбір адам ұлттық қасиет, өмірге дайындық материалдық қолдау, материалдық қамтамасыз етілу және т.б. секілді белгілі бір мәртебеге ие болады.
2. Отбасылық өмірдің проблемалары. Некеге тұру отбасылық өмірді құруға әкеледі. Отбасы – бірге өмір сүріп, бірлескен шаруашылықты жүргізетін және туыстықпен байланысты шағын әлеуметтік топ.
Некелер фактілік (латын тілінен «шын мәніндегі» деген) және юридициялық (заң бойынша тіркелген) болып бөлінеді. АХАЖ-ЗАГС- те некені тіркеу тұрғысынан некелік қатынастардың үш түрі бөлініп көрсетіледі: 1) шын мәніндегі қалыптасқан және ЗАГС-те тіркелген; 2) шын мәнінде қалыптасқан бірақ ЗАГС-те тіркелмеген; З) шын мәніндегі некелік қатынастарсыз заң бойынша тіркелген неке. Мысалы, ерлі-зайыптылар ажырасып кеткен, бірақ ЗАГС-те әлі тіркеулі ажыраспаған.
Қазіргі кезде көптеген елдерде ер мен әйел арасындағы ерікті одақ саны өсіп келеді. Сол себепті некесіз туған балалар көбеюде. Заңды түрде тіркелмеген некелерден туған, сол секілді ата-анасы некеге ресми түрде тұрмаған жағдайларда туған балалар некесіз туған балалар болып саналады, ал христиан дінінде – шіркеуде неке қиюсыз туған балалар. Библияда шіркеуде неке қимай тұрғандарды бұзық, қаңғыбас деп атайды және ол үшін шешесін қатаң жазалайды.
Ал шындық өмірде барлық балалар бірдей, олар ата-аналарының қарым-қатынасына тәуелсіз. Әсіресе, әйелдің күйеуі жоқ болса, оған көмектесу керек, себебі оның жалғыз өзіне баланы тәрбиелеу қиын. Ана болу әрқашан құрметті. Қазіргі кезеңде әсіресе, Латын Америкасында некесіз туған балалар көп. Мысалы, Мексикада 1960 жылы сондай балалардың есебі 25%, Панамада – 66,5% болған. КСРО-да 1988 жылы некесіз балалар 10,2% құрады, бірақ олардың 43%-ін кейіннен әкелері мойындады.
Заң бойынша тіркелген және заң бойынша тіркелмеген некелердің болуы кейбір жағдайда шатастыруға әкеледі. 1970 жылы КСРО-дағы Бүкілодақтық халықтық санақ, шын мәнінде тең болуға тиіс, үйленген еркектерден күйеуге шыққан әйелдердің 1 млн. артық екенін көрсетіп берді. Сол себепті бұл мәселеге байланысты әйелдер адресіне көптеген әзілдер айтылды. Халықтан сұрау құжаттарды тексерусіз жүргізілді, сол себепті ер адам әйелінен бөлек тұрып, бірақ әлі ажыраспаған (ЗАГС арқылы) жағдайлардың болуы мүмкін. Әйелі күйеуге тигенін айтады, ал еркегі отбасынан кетуіне байланысты өзін бойдақ деп санайды.
3. Отбасының мәні. Сау адамға өлім қандай болса, дұрыс өмір сүріп жатқан отбасы үшін ажырасу да сондай, табиғилыққа қарсы, жат. Отбасы проблемасы туралы жазатын авторлар отбасының мынадай қызметтерін бөліп көрсетеді. И.В.Гребенников: адам санын өндіру, жасау (репродуктивті); қарым-қатынас үшін (коммуникативті); тәрбиелік және экономикалық. Л.М.Панкова сол сияқты отбасының қызметінің төрт түрін көрсетеді: бала туу, тәрбиелік, шаруашылық және қарым-қатынас, араласу.
Балаларды тәрбиелеу отбасының басты қызметі болып табылады. Сонымен ересектер өз балаларының тәрбиесі үшін қоғам алдында жауап береді. Бала тәрбиесінде біз мынандай проблемаларды бөліп көрсетеміз: баланың тууы, олардың тірі қалуы, отбасындағы балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасы, т.б.
1987 жылы шілдеде бүкіл дүние жүзі жердің 5-млрд. тұрғынының дүниеге келуін атап өтті. КСРО-ның халқы 300 млн. есебіне жеткен. 1986 жылы КСРО-да рекордты жыл болған, сол жылы дүниеге 5 млн. сәбилер келген. Алайда барлық дамыған елдерде тұрғындардың өсуі төмендеп барады, бала туу төмен. Әсіресе тұрғындардың капитализмге өтудің басындағы жағдаймен байланысты материалдық жағдайлардың күрт төмендеуінен бұрынгы Кеңестер Одағы территориясында бала туу қатты азайды.
Бала туудың төмендігінен халықтың денсаулығы нашарлап барады. Біріншіден, халықтың құрамында зейнет жасындағы адамдардың үлесі көбейіп барады. Екіншіден, ғалымдардың дәлелдегеніндей, ананың ең денсаулығы мықты, сау баласы болатыны – төртінші бала, ал ол дүниеге сирек келеді. Үшіншіден, бұрынғы КСРО-ның территориясының еуропалық бөлігінде маскүнем әйелдер көп туады (босанады). В.В.Бойко өзінің кітабында көрсеткендей, әрбір 215 маскүнем ата-аналардан сондай аурулары және ауытқушылығы бар балалар туады: 37 шала, 16 өлі, 36 нашар дамыған балалар (соның салдарынан еңбекке жарамсыз), 55-і туберкулезбен, 145-і психикасының бұзылуымен ауырады (17 бет).
Орта Азияда бала туудың, дүниеге бала әкелудің мөлшері үлкен. Бұрын мұнда КСРО-ның халықтарының оннан бір бөлігі тұрды және әрбір бесінші бала туылып отырды. Бірақ, мұнда балалар өлімі жиі, мөлшері көп әсіресе Түркіменстанда. Жұқпалы аурулар ауруханасы жоқ, ауылда әйелдер көп жұмыс жасайды, нашар тамақтанады. Ауруханаларда санитарияға қарсы жағдайлар орын алған және дәрігерлердің кәсіби білімділігі төмен.
КСРО-да жаңа туған сәбилердің өлімі көп болған (ал әзір азайды деп айта алмаймыз!). 1500 грамм салмақпен туған сәбилердің тек жартысы ғана тірі қалады екен. Салмағы 1 килограммнан төмен сәбилер түсік деп есептелген, олардың өлім-жетімі, жаңа туғандардың шетінеуі секілді мәселелер статистикада ескерілмеген. ВОЗ – Бүкілдүниежүзілік денсаулық ұйымы – салмағы 0,5 кг-нан төмен ғана сәбилерді түсік деп есептеген, қалғандарын қалыпты, дұрыс балалар дейді. КСРО-да жүкті әйелдердің әрбір төртіншісі аборт жасады. Жоғары дамыған елдердің әйелдері бала бітуге қарсы құралдарды пайдаланатын болса, біздің әйслдер әлі де кемтар болуды жалғастыруда.
Мұнымен бірге көптеген ерлі-зайыптылар баланың болмауымен азап шегеді. Дүниеде жұбайлардың біреуінің немесе екеуінің кінәсінен от басылардың 15% балалы бола алмайды. Егер күйеуі бала туғызуға қабілетсіз болып, әйелінің қабілеті болса, онда жасанды ұрпақтандырады. КСРО-да оған 1987 жылдан бастап рұқсат етілген. Сонымен бірге балаларды пробиркаларда есіреді. Ерлі-зайыптылардың денсаулықтары дұрыс болған жағдайда, тұқым жаюдың жоғарылауына кедергі жасайтын басқа себептер де болуы мүмкін. Социологтар ол себептерді жақсы біледі. Жоғары білімді, табысы мол және қалалы жерлерде тұратын ерлі- зайыптылардың селода (ауылда) тұратын, табысы аз және білімі де сондай ерлі-зайыптыларға қарағанда балалары аз болады. Маскеуде бір әйелге орта есеппен 1 баладан аз келеді, ал Қырғызстанда бір әйелге 6 баладан келеді.
Қазіргі жағдайда отбасылар бір ұрпақты болып келеді: шеше, әке, балалар. Ресейде ондай отбасылар 76%. Мұндай отбасыларында тәрбиеленген жастар қарттарды түсінбейді және сыйламайды. Балалар өздерінің ата-аналарына емес, теледидардағы қаһармандарға еліктейді. Балалар ата-аналарға үлкен қуаныш әкеледі, өзін-өзі таныту мен өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асырудың тәсілі ретінде қызмет етеді. Бірақ әрбір бала тілеп алынған болуы керек. Қажетсіз бала шала болып тууы мүмкін, оның үстіне ата-анасы оған нашар қарайды. Балаға қандай да бір мақсатқа жетудің құралы деп қарау дұрыс емес; бала – ойыншық емес және ата-ананың жеке меншігі емес. Адам ретінде ол өзіне деген құрметтіо бастан талап етеді. В.В.Бойко бала мен ата-ананың өзара түсінісуінің бес кірпішін бөліп көрсетеді: 1) балалардың мінез-құлқына құлақ асу; 2) баланың бетін қайтармау, жасытпау, өзіне ұқсауын талап етпеу; 3) баланың тұлға ретінде қасиеттерін мойындау; 4) баланың ерекшеліктерін білу, 5) баламен нәзік қарым-қатынас жасау.
Ажырасуды қалай азайтуға болады? Біреулер некеге тұру мен ажырасудың құжаттарын дайындау процедурасын адамдар асықпай шешім қабылдауы үшін қиындатуды ұсынады. Бұл неге келтіреді? Некесіз, заңсыз туылған балалар саны көбейеді. Бұл туралы профессор А.Г.Харчев жазады. Ол берік неке құру үшін бір ғана жолды көреді – ол жастарды отбасылық өмірге дайындау. Профессор И.С.Кон жастардың әлеуметтік толысуының (кемеліне келуі) жыныстық толысуынан арадағы үзілістің күшеюін атап көрсетеді, яғни жыныстық өмір әлеуметтік толысқанға дейін әлдеқайда бұрын басталады. Профессор жастарға презервативтерді пайдалануға кеңес береді. Б.А.Леонидова ажырасуға асықандарды кінәлайды. Эгоизм (латын тілінен «өзімшілдік») мен жеңілтектік ажырасу «вирусын» тарту үшін ең жақсы себеп. Солай деп жазады ол.
Адамдар неге ажырасады? Әр түрлі себептер келтіріледі. Мінездердің сәйкес келмеуі туралы жиі айтылады. Бірақ, оның артында көп нәрсе жасырынып жатуы мүмкін. И.В.Гребников әйелдердің ажырасуының үш түрлі себебін көрсетеді: күйеуінің маскүнемдігі, көзге шөп салу немесе адалдығына күмән келтіру және мінездерінің сәйкес келмеуі. Ер адамдардың ажырасуына себепкер бес сылтау: мінездерінің сәйкес келмеуі, басқа отбасының пайда болуы, жиі ұрысып-керісу, әйелінің адал болмауы, махаббат сезімін жоғалтуы. Кейбір ерлі-зайыптылар ажырасуға өте жеңіл қарайды, онша қайғырмайды. «Екі рет тұрмыста болдым...» (28 жаста), «Ажырасқанымызды мейрамханада тойладық» (білім алушы), «Адамдар салқын, көз жасынсыз, естен танып құламай, іскерлікпен ажырасатын болды» (судья), т.с. Алайда, мұның бәрі тек сыртқы жағы, көз бояу, батырсыну, құр кеуде болуы мүмкін. Ажырасқандардың тең жартысы қайта некеге отырады. Әсіресе, әйелге қиын. Әйел ажырасқаннан кейін жасының ұлғаюына байланысты және егер балалары болса өмір бойы жалғызбасты болып қалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет