Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы



бет11/34
Дата08.09.2022
өлшемі0,52 Mb.
#149018
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34
Байланысты:
ЛК Соц-пол ТФП 2к каз

Электронды оқулықтар
1. Основы антикоррупционной культуры [Электронный ресурс]: учебное пособие / под ред. Б. С. Абдрасилова. - Электрон. текстовые дан. (702Мб). - Астана: Акад. Гос. упр. при Президенте РК, 2016. - 176 с.
2. Гендерная социология. Акбаева Л.Н., 2017. Aknurpress / https://aknurpress.kz/login
3. Әлеуметтану. Ертаев М.А., Тасқымбаева С.М., Қаратаева Ф.М., 2020. Aknurpress / https://aknurpress.kz/login
4. Әлеуметтану. Тесленко А.Н., Сембина Ж.Ж., Аязбаева А.Т., 2019. Aknurpress / https://aknurpress.kz/login
5. Решетников, А. В. Социология медицины / Решетников А. В. - Москва: ГЭОТАР - Медиа, 2014. - 864 с. - ISBN 978-5-9704-3067-5. - Текст: электронный. http://rmebrk.kz/
6. Тәжітаева, Р.С. Саясаттану: Электрондық оқулық. - Жетісай: «Сырдария» университеті, 2016. http://rmebrk.kz/
7. Ритцер, Д., Степницки, Д. Әлеуметтану теориясы: Оқулық. - 10-басылым - Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 856б. - ISBN 978-601-7943-17-2. http://rmebrk.kz/
6. Бақылау сұрақтары (Feedback кері байланысы):
1. «Девиация» түсінігі нені білдіреді? Девиациялық және делинквенттік мінез-құлықтың айырмашылығы неде?
2. Суицидтің негізгі себептері қандай?
3. Діннің түсінігі мен типологиясын анықтаңыз.
4. Мәдениеттің элементтерін атаңыз.
5. Этнос, халық, ұлт түсініктерін анықтаңыз.

4 дәріс


1. Тақырыбы. Білім және әлеуметтік теңсіздік. Масс-медиа, технологиялар және қоғам.
2. Мақсаты: Қазіргі қоғамда білім беру институтының ерекшеліктерін білім алушылардың меңгеруі. Қазіргі білім беру жүйесінің үрдістері.
3. Дәрістің тезистері:
1. Білім беру әлеуметтік институт ретінде. Ресми білім берудің қызметтері.
2. Білім беру: әлеуметтік тап, жыныс, этникалық айырмашылықтар. Білім берудің әлеуметтанулық перспективалары.
3. Әлеуметтік жүйедегі бұқаралық ақпарат пен бұқаралық коммуникациялар. Масс-медиа қызметтері. Бұқаралық сана мен цифровизация. Қазіргі заманғы технологиялар.
Білім — жеке тұлғаньң әлеуметтік-саяси көзқарасын дамытып, дүниетанымының аясы кеңейтетін маңызды факторлардың бірі. Ол жекс тұлғаның әлеуметтік мәртебесін айқындауда, сондай-ақ қоғамда саяси келісім мен ішкі тұрақтылықты орнықтырып, саяси кұрылымды дамытуда үлкен рөл атқарады.
Білім - біздің қоғамымыздың XXI ғасырдағы басым бағыттарының бірі, елдің барлық қоғамдық-саяси өмірін демократиялық және зиялы кұруында басты стратегиялық даму бағытын анықтайды.
Ортағасырлық ойшыл Ж. Баласағұн "Кұтты білік" еңбегінде: " Мемлекеттік ойлауды қалыптастырудың басты шарты — білім немесе өмірші заңдар арқылы, қанша мықты бола тұрып, ғалымдарсыз елді басқара алмайды", — дейді. Ендеше, мемлекетіміз өз бағытын айқындаудың стратегиялық мақсат-міндеттері қатарына жас ұрпақтың білімі мен тәжірибесін алға шығаруы — заңды құбылыс. Ел Президенті үстіміздегі жылғы халықка Жолдауында: "Ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады..." - деп атап көрсетті.
Жастарға білім беруді, оның ішінде саяси білім беруді қоғамның әлеуметтік-экономикалық кұрылымынан, мәдени құндылықтарынан, ұлттық дәстүр, рухани негізден бөле жара қарауға болмайды.
Саяси білім азаматқа өмір сүріп отырған қоғамдық және саяси құрылыста, мемлекеттегі өз орны мен ролін құқығы мен міндеттерін дұрыс ұғындыруына, жете түсінуіне көмектеседі. Бүгінгі таңда кімнің қандай кәсіппен айналысқанына карамастан, саяси және күқыктық білім әр адамға қажет. Өйткені қоғамда тұрып, тіршілік еткендіктен, басқа адамдармен, ұйым, мекемелермен және мемлекетпен қатынаста болады. Ал құқыктық-саяси білімі жоқ адамдар қандай да бір саяси істерде амал-айла, қулықтың жетегінде кетеді. Адамдардың саяси сауаттылығына қоғам да мүдделі. Саяси сауаттылық қоғамды деспоттық басқарудан, адамгершілік құндылықтарға қарсы негізделген жүйеден сақтандырады.
Қазіргі қоғамдық сұраныс өз ісіне мығым, жұртшылықпен араласуда жеке басындағы барлық шынайы жағымды қасиеттерін байқата алатын жеке тұлғаны тәрбиелеуді талап етеді.
Адамның қоғамдық мәні — өмір сүрген ортасы, әлеуметтік жағдайы, білімі, санасының жоғары немесе төмен болуы оның жеке адамға тән қасиеттерінің қалыптасуының шарты. Ал әлеуметтендіру тәрбие берумен тікелей байланысты. Тәрбиенің, түрлері де алуан түрлі: жас бала өмірге келгеннен бастап, өмірінің соңына дейін төрбиеден өтеді. Тәрбие екі жақты: жас өспірімдерге тәрбие беру, ересек адамдарға тәрбие беру - әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.
Адамның саяси жұмысқа саналы түрде және өз ерімен қатысу деңгейіне байланысты саяси әлеумсттенуді ғалымдар әдетте алғашқы (немесе бірінші) және екінші деп екі түрге боледі. Алғашқы әлеуметтенуге бала кездегі және бозбала.
Экономикалық әлеуметтану экономиканы зерттеудің басты мәселесі ретінде экономиканы өз алдына жүйе деп қарайды. Ал, экономикалық жүйеде — өндіріс бөлу-айырбастау тұтыну жүзеге асырылады. Ал, бұл процестің нарықтық түрі: "Сұраныс және ұсыныс". Нарық дегеніміз, тap мағынада — азық-түлік және басқа өндіріс бұйымдарын, тауарларды сататын сауда орны. Ғылыми тілмен айтқанда, ол тауар айналымының өрісі, сатып алу мен сату ісінің жиынтығы. Тауарларды ұсыну және оған" деген төлеу қабілеті бар сұраныс. Нарық теориясы ұдайы өндіріс (воспроизводство) теориясының құрамды бір бөлігі. Нарық тауар өндірісі туып өсуімен қатар пайда болып, дами бастайды, әсіресе, ол қала мен ауылда натуралдық шаруашылық ыдырап, қоғамдықеңбек бөлінісі тереңдей түскен кезде етек алып кеңейеді.
Әлеуметтік зерттеуде бұл екі процесс. яғни сұраныс пен ұсыныс қатар қолданылады, өйткені, зерттеуші әлеуметтанушының басты назары ең алдымен мұндағы алуан түрлі адамдардың, олардың топтарының мінез-құлқына аударылады. Адам және оның топтары-жұмысшы, қызметкер, тұтынушы, айырбастаушы, сатушы, сатып алушы, т.б. ретінде қарастырылады. Экономикалық дамудың әлеуметтік аспектілерін жан-жақты ескеріп, талдап отыру керек. Мысалы, әлеуметтік, рухани құндылықтары бойынша адамның ең жоғары қасиеттері-инабаттылығы, еңбек сүйгіштігі, оған қатынасы, ынталығы, ұқыптылығы, оның қайырымдылығы, әділеттілігі, жауапкершілігі, белсенділігі, шаруақорлығы, т.б. қоғамдық өндірісті дамытып, оның өнімін көбейтуге, сапалы тауарларды көп өндіруге тікелей әсерін тигізіп отырады.
Осыларға орай, экономикалық әлеуметтану еңбектің мазмұны мен түрлерін, яғни жұмысшылар мен қызметкерлердің білім деңгейі мен мамандығы, саналылығы, әді-леттілігі, белсенділігі, жауапкершілігі, т.б. қасиеттері еңбек процесіне қалай әсер ететінін де зерттейді.
Экономикалық әлеуметтанудың бір ерекшелігі сол, ол экономикалық құбылыстар мен процестерді жеке адамның, топтың, оның ішінде жіктің экономикалық жағдайы, материалдық әл-ауқаты, одан туатын сана, ойлау және мінез-құлқымен тығыз байланыстырады. Сөйтіп ол экономиканы реттеудің, басқарудың әлеуметтік механизмдерін ашады да экономикалық сананы, экономикалық ойлауды, экономикалық ынта, ықылас, мәдениет т.б. мәселелерді зерттейді. Міне. осылардың бәрі экономиканы әлеуметтік тұрғыдан зерттеудің ең басты мәселелері.
Қазіргі уақытта біздің еліміз нарықтық экономикаға өтуде. Ал, нарыктық экономика деп нарықтық қатынастарға негізделген шаруашылық өмірін ұйымдастыру, оның белгілі бір деңгейдегі құрылымы мен шартты жағдайын айтамыз. Нарықтық қатынастар-бұл экономикалық қатынастар. Нарықтық қатынастарға өтуге байланысты жаңа экономикалық кұбылыстар мен процестср (жекешелендіру, акционерлендіру, аренда, фирма, корпорация, аукцион, биржа, т.б.) өмірге келіп, жаңа ұғъмдар, түсініктерді туғызды. Бұл құбылыстарды, оларды бейнелейтін ұғымдарды экономикалық теория тікелей зерттейді. Ал, әлеуметтану осындай экономикалық мәселелерді қарастырғанда, ең алдымен, адамның, әлеумсттік топтың, жіктің экономикалық мінез-кұлқын қарайды. Сондықтан экономикалық әлеуметтану қандай да бір экономикалық құбылыс, процесс болмасын, оларды талдау, жинақтауда әр уақытта нақтылы жеке адамнан, оның топ-жіктерінен, олардың өмір тіршілік ерекішеліктерінен, жағдайынан бастайды.
Сонымен, экономикалық жүйедегі адам, оның нысана бағыттары, тәртібі — міне экономикалық әлеуметтанудың экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің басты бағыттары мен мәселелері. Дәлірек, адамның өмір сүріп отырған ортасы қазіргі экономикалық жүйеге қатынасы, ондағы алуан түрлі жүріп жатқан өзгерістерге (ой-пікірлері, көзқарастары), нарықтық қатынастарға, ондағы экономикалық реформаларға қатынасын зерттейді. Алғашқы кезде көпшілік халық нарықтық қатынастарға, экономикаға көшкісі келмей оған бөгет жасады.
Елде мұндай жағдайдың болуы ескі стереотипті ойлаудың, болып жатқан іс-әрекеттің сол уақыттағы кертартпалылығымен түсіндіруге болады. Тек қана кейінгі 2-3 жылдарда ғана халық нарықтық экономиканың қай жағынан болсын, пайдалы, тиімді екенін түсініп, мойындайды. Сөйтіп қазіргі халықтың басым көпшілігінің нарықтық экономикалық қатынастарды жақтап, оның ілгері дамуына күш салуда. Экономикалық әлеуметтану экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттегенде белгілі бір әдістемелік қағидаларға сүйенеді. Олар: қандай да бір экономикалық процестерді зерттеу объектісіне айналдырғанда экономикалық әлеуметтану өндірістегі әрбір тапты оныңішінде топтың, жіктің мұң-мұқтажы, мүддс, талап-тілегі тұрғысынан зерттейді. Гендер термині «жыныс» - деген мағынаны білдіреді. Аталмыш терминді әлеуметтануға енгізген Энн Оукли болатын. Демек жыныс ретіндегі гендер ұғымы ерлер мен әйелдер арасындағы айырмашылықтардың әлеуметтік аспектілерін қозғайды. Бірақ гендер термині қазіргі уақытта кең мағынада қолданыла бастады. Ол жеке бастың бірегей дарылығын айқындау үшін ғана емес, сонымен бірге бейнелік деңгейде еркек және әйел жынысының мәдени мұраттары мен стерелтиптерін анықтау үшін қолданылады. 1970 жылдары әлеуметтанушылар мен психологтардың негізгі назары жыныс гендер бар деген мәселені дәлелдеуге бағытталды.
Яғни олар ерлер мен әйелдердің арасындағы жіктелу мен айырмашылықты биологиялық әртүрлілікпен түсіндіруге болмайтынын, мәдени аумағында басым болып отырған еркектік пен әйелдік идеялары шын мәнінде жаттандылық екенін, олардың ақиқат шындыққа салыстырмалы ғана қатысты барын дәлелдеуге тырысты. Жыныс – гендерге, сондай-ақ еркектер мен әйелдердің рөліне қатысты астасып жататын көп мәдени нұсқалар бар екені дәлелденді. Ұлдар мен қыздардың әлеуматтану үрдістерінің нәтижесінде – жастарды тәрбиелеу білім беру, мәдени дамыту, өндірістік қатынастар мен отбасы идеологиясы арқылы ересек ерлер мен әйелдерге айналуы саласында зерттеулер жүргізіліп жатыр. Құрылымдық деңгейде үй шаруасындағы еңбектің тіпті еркек пен әйелдің екеуі де үйден тыс жұмыста болса да, олардың арасында тең бөлінбейтіні зерттелді. Сондай-ақ жұмысқа орналасқанда да жеке бастың қабілеті мен біліктіліктен гөрі жыныстық нышан басып кетіп, әйел затына қалған қызметі тимей немесе жұмыс бабымен өсе алмайды. Кейінгі кезде мәдени деңгейде гендердің құрылымдық өзгерістеріне ынта-ықылас білдіріле бастады. Кейде кәсіптік жұмыспен қамту құрылымында ерлер мен әйелдерге жұмысты тең бөлмеуге қатысты проблемалар да туындап жатады.
Гендерлік теңдіктің дамыған жері бұл Скандинавия мемлекеті болып табылады. Атап айтқанда Дания, Финляндия, Норвегия және Швецияда 1905-1920 жылдарынан бастап әйелдерге сайлауларға қатысып және өздері де таңдаулы болуына мүмкіндік жасалды. Барлық скандинавиялық мемлекеттерде әйелдер мен еркектер өздерінің құқықтары, саясатқа араласу, кез-келген жұмыс істеу мүмкіндігі жағынан тең құқылы болды. Ұлттық әркелкілікке қарамастан гендерлік теңдік бұл елдерде бірдей болды. Бұл елдер басқа елдерден айырмашылығы олардың өкімет басқарушыларына үй шаруашылығы және отбасы жайындағы проблемаларды шешуге жол берілген. Швецияда 1960 жылдары әйелдердің саясат жағында мемлекетке қызмет етуі 29% жеткен ал 1998 жылдары бұл жағдай 48% -ке өсті. Гендерлік теңсіздігіне қарамастан қыз балада, ұл балада орта оқуды бірдей тең дәрежеде білім алуға тиіс, өйткені ол білімін одан әрі жалғастыруға мүмкіндік алады. 1992 жылғы Швецияда қабылданған заң қызмет бабындағы теңдікті одан әрі күшейте түсті. Мемлекет осылайша одан әрі дами түсті. Ал енді Ботсвенде, Чилиде бақылау халықтық жиналыстарда, митингілерде белсенділік көрсету дәрежесін зерттеуде, тыңдаушылардың дәрістерге, жиналыстарға қызығушылығын зерттеуде, олардың әр түрлі шаралардағы мінез-құлқын зерттеуде қолданылуы мүмкін.
Бақылау іске қосылған немесе қосылмаған болады. Іске қосылған бақылау кезінде бақылаушы барлық бақыланушылармен бірге болады, мысалы, топта, еңбек ұжымында, т.б. ішінде. Іске қосылмаған бақылау кезінде бақылаушы сырттан бақылайды. Өз орнына байланысты бақылаудың бірнеше түрлері болады. «Далалық» деп аталатын бақылау табиғи жағдайда, «лабораториялық» бақылау арнайы ерекше жағдай жасалған кезде жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет