Әлеуметтік оңалту — ағза қызметінің ауысуымен денсаулығының бұзылуы салдарынан (мүгедектік), әлеуметтік дәрежесінің өзгеруіне байланысты (қарттар, қашқындар мен мәжбүр болған көшпенділер, жұмыссыздар және т.б.), тұлғаның девианттық тәртібі салдарынан индивидттің айырылған қоғамдық байланыстар мен қарым қатынастарын қалыптастыруға бағытталған шаралар кешені.
Әлеуметтік қызмет — әлеуметтік жұмысты жүзеге асырушы және өз құрамында әлеуметтік қызметті көрсетуге арналған арнайы мекемелер мен басқару органдары бар мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдар жүйесі.
Әлеуметтік сала — экономикалық, саяси, рухани салалармен қатар және олармен өзара әрекеттесу арқылы тіршілік ететін қоғамдық өмірдің ерекше саласы. Әлеуметтік топтар, сыныптар, халықтың кәсіби және әлеуметтік-демографиялық санаттарының, сондай-ақ тіршілік жасауының әлеуметтік жағдалары бойынша ұлттық қауымдастықтардың қоғамдағы өзара қарым қатынастары.