Әлеуметтік педагогика


Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін дамыту жолдары



бет40/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п

12. 2 Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін дамыту жолдары

Отбасының тәрбиелік мүмкіндіктерін көтеру жанұядағы тәрбие үрдісінің әртүрлі ыңғайсыздығына алып келетін көптеген мәселелерді шешуді қарастырады. Медициналық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерде тәрбие ауытқуының гипо және гипопротекциялар, қараусыздық, эмоционалды, бетін қайтару және т.б. түрлері қарастырылған. Бұл бұзылыстар ата-аналардың жеке дара-психологиялық ерекшеліктерімен байланысты болғандай, бала есебінен шешімін табатын белгілі бір жеке мәселелердің болуымен байланысты.


Бұзылыстардың бірінші айырмашылығы ата-аналардың өз балаларына қаншалықты уақыт, зейін, күш жұмсауына байланысты ықпалдық ағым деңгейі. Ықпалдық ағымның екі деңгейі бар:
Асыра сілтеу(гипер) протекциясы - ата-аналар жасөспірім тәрбиесін, өз өмірлерін арнаған негізгі жұмыс деп санап, аса көп уақыт көңіл бөледі. Мұндай ата-аналардың айтуынша, олардың өмірінде жасөспірімнің алатын маңызды орны туралы, оған бар күші мен уақытын бөлмесе не болатыны туралы асыра сілтеу түсініктері байқалады.
Төменгі(гипо) протекция - протекцияның аса төмен деңгейінің түрі, бала ата-ананың зейінінен мүлдем тыс қалған кез, ата-ананың онымен жұмысы жоқ, көңіл бөлуге уақыт таппайды. Бала назардан тыс қалады. Оған кейде, қиын жағдай туындағанда ғана көңіл бөледі.
Тәрбие үдерісінде ыңғайсыздықтарды анықтаудың екінші негізі – жасөспірімнің қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесі. Мұнда ауытқудың екі түрі болуы мүмкін:
Жөнсіз құптаушылық, ерік берушілік. Ата-аналар баланы еркелетіп, кез-келген қажеттілігін барынша қанағаттандыруға тырысады. Баланың кез-келген тілегі олар үшін – заң. Мұндай тәрбиенің қажеттілігін дәлелдей отырып, ата-аналар қарапайым, ұтымды дәлелдерді: баланың әуестігін, оның ерекшелігін, уақытында өзінде болмаған нәрсені ата-ананың баласына беру тілегін, жасөспірімнің жалғыз, әкесіз өсуін және т.б. келтіреді.
Баланың қажеттіліктерін елемеу. Аталған тәсіл жасөспірімнің қажетіліктерін қанағаттандыруға ата-ананың жеткіліксіз құлшынысымен сипатталады. Бұл жерде рухани қажеттік, әсіресе ата-анасымен эмоционалдық қарым-қатынасы мен тілдесу қажеттілігі, олардың махаббаты зардап шегеді. Бұзылысқа ұшырайтын тәрбиенің келесі параметрі – жанұядағы жасөспірімге қойылатын талаптардың саны. Талап ету – бұл жасөспірімнің міндеті де – жасөспірімнің орындайтын тапсырмалары (оқуы, өзін күту, тұрмысты ұйымдастыруда көмегі, жанұяның басқа мүшелеріне көмектесу) және талап ету – тыйым салу (жасөспірімнің жасаймайтын әрекеттері). Талаптарды орындамау, кінәләу мен қатал жаза өтеуге дейін меңзейді. Бұл жерде талап ету жүйесінің келесі түрлерін бөлуге болады:
Қатал талаптар. Көтеріңкі моральды жауапкершілік. Осы тұста жасөспірімге қояр талаптар өте көп; өзіне, мүмкідігіне сай емес, жеке бастың дамуына ықпал етпей, керісінше, оған қарсы шығады. Екі жағдай аса маңызды: біріншісінде – жасөспірімге ата-аналары міндеттерінің аса көп немесе аз маңызды бөлшегі жүктеледі (шаруаны жүргізу, кіші жастағы балаларды күту). Бұндай ата-аналар жасөспірімнің аса жүктелгенін сезеді, бірақ мұның оған көптігін байқамайды және пайдалы деп сенеді. Басқа жағдайда – оқуында және басқа істерінде маңызды және оның қабілетіне сай емес жетістіктерді жасөспірімнен күтеді.
Міндеттердің жеткіліксіздігі. Бұл жағдайда жасөспірімнің жаңұяда ең аз мөлшердегі міндеттері бар. Талап-тыйым салу мөлшерінің аса көптігі. Бұл жағдайда балаға бәріне рұқсат беріле бермейді. Оның еркіндігі мен өз бетімен іс әрекет етуін шектейтін аса көп мөлшерде талаптар қойылады.
Талап-тиым салудың жеткіліксіздігі. Бұл жағдайда, керісінше балаға барлығы рұқсат етілген. Бала өзімен-өзі және оған ешқандай шектеу қойылмаған.
Бұзылу мүмкіндігі бар, тәрбиенің келесі параметрі - жазаның қатаңдығы. Бұл жерде, сондай-ақ жазалаудың аса қаталдығынан оның азаюына дейінгі және мүлдем болмау варианттары да кездеседі. Тәрбиелеудің түрлі шегінің тұрақты үйлесуі өз алдына мақсатты бағытталған тәрбие типін білдіреді.
Жанұялық тәрбиенің бұзылу типін топтастырудың бірі келесі түрде көрінеді. Тәрбиенің келесі типтері айқындалады:
Жөнсіз құптаушылық, ерік берушілік асыра сілтеу(гипер) протекциясы Бала оның барлық қажеттіліктерін барынша қанағаттандыруға тырысатын жанұяның басты назарында болады.
Басымдылықпен асыра сілтеу протекциясы. Ата-анасы баланы өзбетінше әрекет етуіне мүмкіндік бермей, шектеулер мен тыйымдар қоя отырып басты назарында ұстап, көп уақытын және күшін бөледі.
Эмоционалды қабылдамау. Ең шеткі нұсқасында бұл Күлбикешті тәрбиелеу түрі. Аса жоғарғы моральды жауапкершілік. Тәрбиенің бұл түрі жасөспірімге жоғарғы талап қоюдың ата-ана тарапынан жеткіліксіз көңіл бөлуімен , аз қамқорлық көрсету үйлесімділігімен сипатталады.
Төменгі протекция (төменгі деңгейдегі қамқорлық). Жасөспірім өз-өзіне тапсырылған, ата-аналары оған қызығушылық танытпайды, оны бақыламайды.
Тәрбиенің дұрыс болмауының себептері сан түрлі. Кей жағдайларда теңбе-тең тәрбиені дұрыс жолға қоюға кедергі келтіретін жанұя өміріндегі белгілі бір жағдайлар. Жиі кездесетіні – ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің төмендігі.
Екінші жағдайда тәрбие үрдісінің бұзылуында негізгі рөлді ата-ананың жеке басының ерекшеліктері атқарады.
Ата-аналар көбіне өздерінің жеке басының мәселелерін бала арқылы шешуіге бейім. Бұл келесі жағдайларда көрінеді:

  • ата-ана сезімдерінің аумағының кеңеюі;

  • жасөспірімдегі балалық қасиеттеріне ықылас көрсету;

  • ата-ананың тәрбиеде сенімсіздігі;

  • баладан айырылып қалу қорқынышы;

  • ата-ана сезімінің жеткіліксіз дамуы;

  • баланың жынысына қатысты ата-аналардың қиғаш ұстанымы, мысалы, ұл балада қыздарға тән қасиетті көргісі келетіндігі;

  • өзінің бойындағы жағымсыз қасиетті баланың бойынан көру;

  • ерлі-зайыптылардың арасындағы жанжалды тәрбие аймағына шығару.

Ата-аналардың осындай қарым-қатынасы қандай бұзылыстарға алып келеді? Жоғары (басым немесе жөнсіз құптау) протекцияны немесе, керісінше гипопротекцияны, эмоциялық кері қайтаруды және қатал қатынасты. Тәрбиенің қарама-қайшы түрі болуы мүмкін. Жанұялық тәрбиенің жиі кездесетін қателіктеріне келесі жатады:

  • ата-ананың жеке басының үлгісінің рөлін жеткіліксіз бағалау;

  • тәрбиелік іс-әрекетте ата-аналардың талаптары біркелкі болмауы;

  • қолынан келетін үй жұмысынан балаларды шеттету;

  • тәрбие әдістерінің әдісін, әсіресе мадақтау мен жазалау әдісін дұрыс пайдаланбау;

  • күштеп жазалауды қолдану;

  • баламен қарым-қатынаста әдептің жоқтығы;

  • баланың көзінше ата-аналардың жанжалдасуы;

  • кейбір ата-аналардың тұрмыста өздерін дұрыс ұстамауы (маскүнемдік, ұрыс-керіс);

  • ата-аналардың өз тәрбиелік мүмкіндіктерін асыра бағалауы;

  • өз балаларын орынсыз дәріптеу(«менің балам ең ақылды, дарынды, ерекше») және т.с.

Жанұялық тәрбиенің бұзылуы психологиялық-педагогикалық түзетулерді қажет етеді, оны мектеп психологы мұғаліммен бірлесе отырып жүзеге асыра алады.
Жанұяның тәрбиелік мүмкіндігін арттыруға келесі жағдайлар ықпалдасады:
а) жастарды жанұялық өмірге дайындау. Мұндай дайындық келесі шаралардан тұрады:
- болашақ ата-аналардың педагогикалық білімін қалыптастыру: ата-ана беделінің маңызын түсіну; бала (жасөспірім) тәрбиесі тұралы жалпы түсінігі; балалардың жыныс сәйкестігін дамыту үшін жыныс айырмашылығы психологиясы; еркек пен әйелдің арсындағы айырмашылық ерлі-зайыптылар қатынасын оңтайландыру үшін; ерте ауытқулардың себептері (олар балада болған жағдайда); баланың жеке басының ерекшеліктері және олардың көрінуі; түрлі жастағы балалардың тәртібінің рұқсат етілген шегі және т.б.
- баланың жас ерекшеліктерінің әр кезеңдерінде ата-аналардың олармен жүргізетін тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерін меңгеруі (жанұядағы еңбекпен тәрбиелеу; балаларға тапсырма беру педагогикасы, ойынмен тәрбиелеу);
-ата-ананың баламен мақсатты түрдегі педагогикалық тәжірбиесін қалыптастыру;
б) жанұядағы адамгершілікті сақтау;
в) баланың дүниеге келуіне психологиялық және рухани адамгершілік тұрғыда дайындық;
г) жанұяның бала-бақшамен, мектеппен әрекеттестігін қамтамасыз ету;
д) ата-аналардың тәрбиелік күш салуының бірлігі мен ауызбірлігін қамтамасыз ету;
е) ата-аналар өздерінің педагогикалық іс-әрекеттеріне сын көзбен қарауды қалыптастыру, бала тәрбиесін жетілдірудің дұрыс жолдарын іздеуді шыңдау және т.б.
Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыруына мектеп мұғалімдерінің ата-аналармен жұмысының дәстүрлі түрлері ықпал етеді: ата-аналар жиналысы, жалпы сыныптық және жалпымектептік мәжілістер, мұғалімнің жеке кеңестері, үйіне баруы. Мұғалімнің ата-аналармен өзара әркеттестігінің әмбебап түрі болып ата-аналар жиналысы болып табылады. Ата-аналарды психологиялық білімін дамыту қажет.
Ата-аналар оқуы – ата-аналар мұғалім дәрісін тыңдаумен қатар, мәселеге арналған әдебиетті оқып, оны талқылауға қатысуға мүмкіндігі бар ата-аналармен жұмыс істеудің қызықты түрі. Өз баласымен әрекеттестігін өзгерткісі келетін, оны анағұрлым ашық және сенімді еткісі келетін ата-аналармен белсенді жұмыс түрі - ата-аналар тренингі. Ата-аналарға тәрбиенің маңызын түсіну қажет және тәрбиелік іс-әрекеттің мақсаты мен міндеттерін, ондағы өзінің орнын анықтауы қажет. Балаларды тәрбиелеу – барлық міндеттердің ең маңыздысы. Оны басқа уақытқа ауыстыруға болмайды. Бала жасының тәрбиеге белсенді кезеңі шамамен 6—8 жас аралығы.
Ата-ана үшін тәрбиелік іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, міндетті түрде ескеруді қажет ететін баланың өмірлік әрекеттерінің ең жауапты кезеңдері:

  • 1,5—2 жасқа дейін – жалпы даму кезеңі;

  • 3—7 — мектеп жасына дейінгі кезең;

  • 8—10 (12 ер балалар үшін) – кіші мектеп жасы немесе жасөспірім жасына өту кезеңі;

  • 10(12)—16 жас – жасөспірім кезеңі.

Көптеген ата-аналарға тән ортақ қатесі тәрбиелеу нәтижесін бағалауда дифференциалды тәсілдемені дұрыс қолдана алмауда. Келесі жағдайлар жанұяда осы үрдістің пәрменділігін бағалаудың негізгі көрсеткіші
болуы мүмкін:

  • мектеп жасында (3—7 жас): адамгершілік қасиетінің алғашқы көрінісі; жалпы дене дамуы және мүмкін болар кемшіліктер; ойынға қабілеттілігі; қабылдау қабілетінің деңгейі; жыныс сәйкестігінің даму тенденциясы; басымдылық қабілеттерінің көрініс сипаты; еліктеу қабілеті; мінез –құлық ережесіне реакциясы; балалық жауапкершіліктің көрініс алу сипаты және т.с.

  • кіші мектеп жасында (8—10 (12) жас): адамгершілік мәселелерін түсінуі; дене дамуының тенденциясы; жыныс сәйкестігіндегі ауытқулар мүмкіндігі; іс-әрекет түріне икемділігі; үй және жеке шаруаға көзқарасы; тілдесу қабілеті; өз құқығы мен азаматтық міндеттеріне басым реакциясы және т.с.;

  • жасөспірім кезеңінде (10 (12)—16 жас): ата-ана үшін әр түрлі сұрақтардың ашық болуы; мінез-құлық негізгі белгілерінің даму деңгейі және ауытқу мүмкіншіліктері; жыныстық қатынас және жыныс мәселесі бойынша реакциясы және түрі; болар қарама-қайшылықтар мүмкіншілігінің сипаты мен адамгершілік сезімінің даму тенденциясы; өз тәртібін, құқығын және еркіндігін саналы түрде түйсіну дәрежесі; дене шынықтыруды дамытуды ынталандыру; жеке және бірлескен іс-әрекетке көзқарасы; олардың көріну сипаты мен әдеттері және т.б.

Бала тәртібін бағалаудың маңызды көрсеткіші – сана мен тәртібінің бірлігі. Бұл, А.С.Макаренконың пікірі бойынша, «оңашадағы әрекет» сияқты құбылыстарда анағұрлым толық көрініс табады. Бала жалғыз қалғанда, ортаға бейімделу мен екіжүзділік таныту қажет болмайды, осы кезде ол өзін толық және табиғи түрде көрсетеді.

СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР





  1. Тұлғаны тәрбиелеу және дамытудың мәдени-әлеуметтік ортасы ретінде жанұяға сипаттама беріңіз.

  2. Балаларға қатысты отбасының негізгі әлеуметтік орны қандай?

  3. Баланың тәрбиесі мен әлеуметтік дамуына маңызды ықпал ететін отбасының негізгі факторларын атаңыз.

  4. Отбасылық тәрбиенің мәні неде?

  5. Бала тәрбиелеу үрдісінің әр кезеңінде ата-аналар кездесетін жасына сай мәселелер қандай?

  6. Қалыптасу барысында тұлғаға отбасындағы қарым-қатынастар қалай әсер етеді?

  7. Тұлғаны тәрбиелеу ретінде ата-анаға қандай негізгі білім қажет?

  8. Отбасы тәрбиесінде жиі кездесетін қателер және оның салдары қандай?

  9. Отбасы тәрбиесінде жанұя және мектеп әрекеттестігі қандай?

  10. Отбасының тәрбиелік мүмкіндігін арттырудың негізгі жолдары қалай түсінесіңдер?



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:



  1. Социальная педагогика /Под ред. В.А.Никитина.- М.,2000.

  2. МардахаевЛ.В. Социальная педагогика: Учебник. — М.: Гардарики, 2005. — 269 с.



  3. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет