Әлеуметтік педагогика



бет51/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п

Қорытынды кезең.

Осы кезеңде сотталған адаммен жүргізілген барлық тәрбие жұмыстарының әрекеттерін және басқалармен жұмыс істеуге арналған қорытынды ұсыныстарын бағалау үлкен мәнге ие болады. Мұндай бағаның сотталған адамның жазасын өтеу мерзімінен кейін бірден берілуі мүмкін бола бермейді. Ол үшін бейімделудің ішкі кезеңі басталады. Осы бейімделу кезеңі бұрынғы сотталған адамның қылмыс жасамау перспективасын айқындау мүмкіндіктеріне ие. Мұндай деректер бұрынғы сотталған адаммен жүргізілген тәрбие жұмыстарының ықпал етуінен, оның құқықтық нормаларды сақтау қажеттігін саналы түсінуінен, сондай-ақ тұратын тұрғын үйінің болуынан, жұмыспен қамтамасыз етілу мүмкіндіктерінен, оның алдағы уақытта тұратын ортасының ерекшеліктерінен, ондағы адамгершілік көзқарастардан, айналасындағылардың бұрынғы сотталған адамға деген қарым-қатынасынан талап етіледі.
Сотталған адамдардың жазасын өтеу барысында, әсіресе оның қорытынды кезеңінде, оларға байланысты көптеген мәселелерді шешуде қылмыстық-түзетушілік тәрбие колониясының қамқорлық кеңесінің белсенді және бағытталған іс-әрекеті ықпал етуі мүмкін.
Арнайы пенитенциарлық мекемелер жағдайында түзетушілік-тәрбиелеу процесі жүзеге асырылады. Мұндай жағдайларға мыналар жатады:
а) сотталғандардың қоғамнан бөлек бір немесе толық алыстатылуы;
б) ұзақ уақыт кезеңінде ерлердің немесе әйелдердің бөлек өмір сүруі;
в) қылмыстық жазалауды өтеу жағдайындағы қайта тәрбиелеу процесі;
г) өмір сүрудің, оқудың және еңбек етудің қатаң құқықтық шектеулері, сондай-ақ сотталған адамның тәрбиешілермен және әкімшілікпен қарым-қатынасы;
д) сотталған адамдардың арнайы құқықтармен және міндеттемелермен белгіленген ерекше мәртебесі.
Түзетушілік-тәрбиелеу процесін жүзеге асыру спецификалық ұстанымдарды есепке ала отырып пенитенциарлық мекеменің тәрбиешілерінен және әкімшіліктен талап етіледі.
Сотталған адамдарды қайта тәрбиелеудің мынадай қағидаларын бөліп көрсетуге болады.
Тәрбиелеу қызметіндегі мақсатқа бағыттылық қағидасы. Педагогикалық қызметтің нәтижесін болжау, «жобалау» (Макаренко) арқылы толық елестете алатындай айқын және нақты анықталған мақсатын қойып алмай қайта тәрбиелеу процесін жүзеге асыру мүмкін емес. «Тәрбиелеу процесінің мақсаты, – деп жазды Макаренко, - тәрбие ұйымымен және әрбір тәрбиешімен өз алдына бөлек ... айқын анықталуы тиіс. Осы мақсаттар олардың тұлғалық сапаларында, мінез-құлқында айқын көрініс табуы тиіс...».
Тәрбие мақсаты болашақта қол жеткізетін нәтижені айқын елестете алу тұрғысынан анықталады: қайта тәрбиелеуде қол жеткізетін нәтиженің бастапқы перспективасы жаңадан күрделіге көшуіне қарай анықталады. Ол тәрбиешіге сотталған адамның алдында «перспективалық сызықтардың» жақыннан алысқа қарай тұтас жүйесін түзудің бастапқы бағдары тұрғысынан сипатталады. Алыс мақсат тұрғысынан қайта тәрбиелеудің соңғы перспективасы және бұрынғы қылмыскердің қоғам өміріне оның заңға құлақ асушы мүшесі болып қайта оралуы анықталуы мүмкін.
Нақты сотталған адамға қатысты қайта тәрбиелеу қызметінің құралдарына, формалары мен әдістеріне мақсаттың сәйкес келу қағидасы. Мақсат барлық уақытта құралдарына сәйкес қарастырылады. Құралдар, формалар мен әдістер мақсатқа қол жеткізудегі нақты педагогикалық инструментарий саналады. Мақсат барлық уақытта нақты бір тәрбиешінің педагогикалық инструментарийлерді әрбір сотталған адамның қайта тәрбиелеуіне қол жеткізуге мүмкіндік беретіндей тиімдірек пайдалануын қарастырады.
Сотталған адамды қайта тәрбиелеу процесінің оның айналасындағылардың өмірімен байланысын үзбеу қағидасы. Оның мәні болып қайта тәрбиелеу процесінің сотталған адамды бостандыққа шыққанда тап болатын әлеуметтік ортада өмір сүруге даярлауға бағытталуы табылады. Осыған байланысты тәрбиешілер алдында күрделі әлеуметтік проблема туындайды. Олай дейтініміз қайта тәрбиелеудегі осындай абстрактілі мақсат адамды шынайы өмірінен алыстатады. Мұндай жағдайда сотталған адам бостандыққа шыққанда бірден қоғамда өзінің орнын таба алмауы, және оны қоғамның қабылдамауы мүмкін. Ал бұл болса, рецидивтік жағдайдың туындауына әкеліп соғуы ықтимал. Мұндай рецидив салдары бостандыққа шыққан адамның әкімшілік қолдану шараларына қарсы агрессивтік іс-әрекеттерінде көрініс табады.
Тәрбиешіге сотталған адамның әлеуметтік тиімді байланыстарын және басқа адамдармен, әлеуметтік ортамен қатынас жасауларын қайта орнатуға және қалыптастыруға көмектесу, сотталған адамдарды халықаралық және ішкі саясат өзгерістерінен үнемі хабардар етіп отыру, олардың қоғамдық-саяси қызығушылықтарын кеңейту, жағымды әлеуметтік сапаларын қалыптастыру қажеттігі ұсынылады. Бұған сотталған адамның колонияның істеріне және оларды еңбек және қоғамдық шараларға араластыру да ықпал етеді.
Сотталған адамның қоғамдық пайдалы еңбектегі белсенділік қағидасы. Осы принцип алдыңғы ұстаныммен тікелей байланысты. Өйткені оның мәні адамның даму көздерінің маңыздылығы өзінің жеке белсенділігінен талап етілетіндігін білдіреді. Оның негізін жалпы тұлғаның іс-әрекетте қалыптасуы тұрғысынан анықтауға болады. Адамның қоғамдық пайдалы еңбекке араласуы оның қайта бағдарлануына, қайта тәрбиеленуіне ықпал етеді. Мұндай тәсіл тұлғаны басып тастамайды, керісінше белсендіреді, оның рухани күштерінің толық айқындалуына септігін тигізеді.
Сотталған адамның қоғамдық пайдалы іс-әрекеті – бұл бәрінен бұрын олардың өнімді еңбегі. Тұлғаның қалыптасу процесінде еңбектің тәрбиелік қызметі жалпыға белгілі. Ол сотталған адамның өмірінде белсенді қолданылады. Бұдан басқа қылмыстық жазаны өтеу кезеңіндегі қоғамдық пайдалы еңбекке оқу, демалыс уақытындағы қоғамдық іс-әрекеттер, көркемөнерпаздар іс-шараларына қатысу, мәдени-демалыс және денетәрбиелік-спорттық жұмыстар жатады.
Ұжымда тәрбиелеу қағидасы. Осы ұстаным сотталған адамдарды дамытуға (түзету) байланысты әлеуметтік себептерден пайда болады. Белгілі бір әкімшіліктердің зорлығымен өтеудегі, қатаң жазалау жағдайларында отрядта, бригадада, звенода жақын әлеуметтік орталардың рөлдері бірден артады. Ұжым әр түрлі болуы мүмкін: жағымдылықтан (Макаренко жазғандай қайта тәрбиелеудің аса маңызды құралы) бірден жағымсыздыққа қарай өзгеру – «әлеуметтікке қарсы ұжым». Жағымсыздық тұрғыда бұл ұжым емес, қауымдық, топ және т.б. Бірқатар түзетушілік мекемелерінде жағымсыз дәстүрлер орын алады, атап айтқанда, үнсіз келісімнен бастап қылмыстық әлемнің «беделділері» («әкелер», «баскеспелер» және т.б.), адамдардың қалыпты қатынас нормалары мен өзара қарым-қатынастарына жаушылдық әрекеттерін сіңіреді. Мұндай «аймақтарда» тәрбиелеу, оның үстіне қайта тәрбиелеу ерекше педагогикалық шеберлікті қажет етеді.
Сотталғандардың осындай ортасында ұжымдық қарым-қатынастарды қалыптастыру өте күрделі өтеді, бірақ қалыптастыру мүмкіншілігіне ие. Мұндай тәжірибелер бірқатар бөлімшелерде жинақталған. Осы тәжірибенің негізін А.С.Макаренко жасаған ұжымның педагогикалық теориясы қалыптастырды. Мұнда ұжым қазіргі түзетушілік мекемелерінің жағдайына көшірілді және бейімделді.
Сотталған адамдарға қойылған талаптардың оларға гуманистік және әділдік қарым-қатынастар жасаумен үйлесу қағидасы. А.С.Макаренко тәрбиенің талап етусіз жүзеге асуы мүмкін емес екендігін дәлелдеді. Сонымен бірдей уақытта ол: «Тәрбиеленушіге қаншалықты талаптар қойған сайын, оларға соншалықты сыйластық қатынаста болу қажет, - деген ережені есте сақтау керек» екендігін ескертті.
Адамды тек қана басып тастауға, жағымсыз сапаларын жоюға бағытталған тәрбие процесі барлығына рұқсат берушілік педагогикасы сияқты тиімділігі аз болады. Адамның бойынан тек қана кемшіліктерді көру дұрыс емес, онымен жұмыс барысында оның жағымды жақтарын да көруге тырысу керек. Осыдан барып келесі ұстаным шығады.
Тұлғаның жағымды қасиеттеріне сүйену қағидасы. Сотталған адамдармен жұмыс жасау барысында тек оның кемшіліктерін ғана емес, оның жағымды сапаларын да көре білу маңызды саналады. Ал бұл болса, тәрбиеленушінің күшін жағымды (өнімді) іс-әрекеттеріне, өзін-өзі көрсете алуына қарай, ал келешекте оны белсендіруге және қайта тәрбиелеуге бағыттауға мүмкіндік береді. Осы ұстанымның жүзеге асуы тәрбиешілерге психологиялық тұрғыдан ерекше қиындық тудырады. Сотталған адамдардың адамгершілік тұрғыдағы күрделі кемшіліктері, мінез-құлықтарындағы жағымсыз қасиеттер, олардың түзетушілік-еңбектік құқыққа қойылған талаптарға, және оны жеткізушілерге (сотталған адамдардың тәрбиешілері) деген кертартпа қатынасы аталған ұстанымды нәтижелі іске асыруды күрделендіреді. Оның үстіне сотталған адамдар өзінің бойында бар адами қасиеттерді, мінез-құлқындағы жағымды сипаттарды басқалар тарапынан күлкілі жағдайлар мен келемеж етушілікке тап болмас үшін көп жағдайларда жасырады, ал кейбіреулері өз бойындағы жағымдылықты сезіне қоймайды.
Тұлғаның жағымды қасиеттеріне сүйену ұстанымы сотталған адамдарға талаптың азайғандығын, мақтаушылық пен рұқсат берушіліктің басымдығын білдірмейді. Адамның өзіне және ұжымға ең зиян келтіретін жетекшілер мен тәрбиешілерге сотталған адамдардың қоғамдық істердегі тіл табысушылық, белсендік қасиеттерін асыра сілтеп көп артықшылықтар беретіндер жатады. Өйткені мұндай жағдайда бірқатар сотталған адамдар осы мүмкіндікті пайдаланып өздеріне тәртіп-талаптарды азайтуын мәжбүрлейді, кей жағдайларда «белсенділер» тобын құрады.
Қайта тәрбиелеу процесіндегі дифференциациялық және жекелік қағидасы. Сотталған адамдар жынысына, жасына, біліміне, ұлтына, дініне және әлеуметтік-топтық, жекелік-психологиялық ерекшеліктеріне, әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан дамымағандығына, сотталғанға дейінгі өмір сүру образына, жасаған қылмысының түріне және т.б. қарай ажыратылады. Дифференциация - бұл кейбір тұтастықта (қауымдық) топты немесе бірқатар топтарды анықтауға мүмкіндік беретін құбылыстардың, объекттердің типтес айрықшалық қасиеттерінің бөлінуі. Дифференциациялық әдіс қағидасы сотталған адам енетін топтың ерекшелігін ескере отырып қайта тәрбиелеуді құруды талап етеді. Бұл тәрбиешілерге әрбірінің ерекшеліктерін толық есепке алуға мүмкіндік жасайды.
Сотталған адамдарды дифференциациялау үшін әрбірінің өзгешелігі ескерілетін топтар құру қажет. Олар мынадай ерекшеліктерге сәйкес қалыптасуы мүмкін:

  1. жасаған қылмыстарының сипатына қарай (дүниеқорлық, зорлық-зомбылық, дүниеқорлықсыз зорлық-зомбылық, дүниеқорлықты зорлық-зомбылық);

  2. соталуының санына қарай (бірінші рет сотталған, бірнеше рет сотталған);

  3. қылмыстық жұқпалылық дәрежесіне қарай (аумақтық, парциалдық, қылмыс алдындағы);

  4. қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай (ерекше қауіпті қылмыскер тұрғысынан танымал болуы немесе танымал еместігі);

  5. жасына қарай;

  6. біліміне қарай;

  7. жынысына қарай;

  8. түзелу дәрежесіне қарай;

  9. қоғамдық белсенділік сипатына қарай (актив, активке резерв, пассив, «батпақ», активке қарсы);

  10. сотталған адамдардың өзінің қауымында формальды емес рөлдерді иеленуіне қарай («баскеспелер», «әкелер», «еркектер», «өкпелілер») және т.б.

Мұндай дифференциация сотталған адамдардың тұлғасынан олармен тәрбиелік жұмыста есепке алуды талап ететін аса мәнді ерекшеліктерді көруге мүмкіндік береді.
Қайта тәрбиелеу процесіндегі жекелендірілген тұрғыдағы қағидасы. Әрбір адам – бұл өзінің әлемі, өзінің мүмкіндіктері, өзінің әлеуметтік проблемалары, сол себепті де өзіне жекелендірілген тұрғыдан қарауды талап етеді. Әсіресе мұның қайта тәрбиелеу процесінде маңызы зор. Бұл туралы 1924 жылы-ақ Сорока-Росинский жазған болатын. Ол қиын балаларға арналған мектептердегі қажет етілетін жағдайдың бірі – бұл «тәрбиеленушіге жекелендірілген тұрғыдан қарау» деген болатын. А.С.Макаренко тәрбиедегі жекелендірілген тұрғыдағы ұстанымға аса мән берген болатын. «Бөлек бір тұлғамен жұмыс істеу үшін оны білу және дамыту қажет». Нақты адамды қайта тәрбиелеу барысында оған жекелендірілген тұрғыдан қарағанда ғана оның ықпалының болатындығын есепке алуға болады.
Кешенді тұрғыдан қарау қағидасы. Кешенді тұрғыдан қарау идеясы тұлғаны тұтастық тұрғысынан, күрделі динамикалық жүйе тұрғысында қарастыру түсінігінен туындайды. Ал бұл болса, тұлғаның жан-жақты дамуын қамтамасыздандыруға қабілетті, тәрбиелік ықпал етудің кешенді шараларын қолдануды білдіреді.
Кешенді тұрғыдан қарау субъектті қайта даярлау бойынша ұйымдастыру мен практикалық іс-әрекеттерінің маңызды ұстанымдарының бірі болып табылады. Ол қайта даярлау мақсаттары мен міндеттерін анықтауға; олардың қайта даярлау әдістеріне сәйкестігін қамтамасыздандыруға; тұлғаның формальды және формальды емес қарым-қатынасын ұйымдастыруға; тәрбие процесін жоспарлауға; бөлімшелердің барлық қызметкерлерін тікелей және жанама тәрбие жұмысына тартуға; тәрбие процесінің барлық кезеңдерінде сотталған адамдардың тұлғасын жан-жақты зерттеуге (жаңадан түскен сотталған адамдарды ұйымдастырудан бастап оларды бостандыққа шығуға даярлауға дейін); түзетушілік мекемелеріндегі сотталған адамдарды қайта тәрбиелеу ұстанымдарының барлық жүйесін практикалық іс-әрекетте жүзеге асыруға таратылады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет