Әлеуметтік педагогика


Пенитенциарлық мекемелердегі тәрбие және білім беру үдерістері



бет49/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п

15.1 Пенитенциарлық мекемелердегі тәрбие және білім беру үдерістері

Қазіргі уақытта пенитенциарлық-педагогикалық жұмыстар теориясының мынадай міндеттерін бөліп көрсетуге болады:


а) түзетушілік (қайта тәрбиелеу) педагогикалық жүйесін және оны пенитенциарлық мекемелер жағдайында жетілдіру мүмкіндіктерін ғылыми-теориялық зерттеу;
б) сотталғандарды қайта тәрбиелеу процесінің заңдылықтарын айқындау және негіздеу;
в) қайта тәрбиелеудің, пенитенциарлық мекемелер жағдайындағы тәрбие жұмыстарының ұстанымдарын, мазмұнын, құралдарын, формалары мен әдістерін зерттеу;
г) жазаларын өтеу органдарындағы педагогикалық жүйенің дамуын болжау;
д) қылмыстық жазалау мүмкіндіктерін сотталған адамға әлеуметтік-педагогикалық ықпал ету әдісі тұрғысынан зерттеу;
е) адамды түзету өлшемдері мен көрсеткіштерінің дәрежесін анықтау, осы ұғымдарды практикада қолданудағы оның мазмұнын сипаттау;
ж) пенитенциарлық мекемелердің түзетушілік және қайта тәрбиелеу қызметтерінің ықпал ету нәтижелерін зерттеу;
з) бұрынғы сотталғандарды босатқаннан кейінгі өмірге бейімделуін жетілдіру жолдарын жасау және негіздеу;
и) қылмыстың алдын алудың әлеуметтік-педагогикалық проблемалары;
к) пенитенциарлық педагогиканың отандық және шетелдік тәжірибесін, біздің жағдайларда оларды қолдану мүмкіндіктерін зерттеу.
Түзетушілік-педагогикалық жұмыстардың негізгі категориялары:
Жазалаушылық-тәрбиелік процесс – бұл сотталған адамды қылмыстық жазалауын өтеу шеңберінде түзету, қайта тәрбиелеуді қарастыратын қызмет жүйесі.
Түзетушілік-тәрбиелік процесс – арнайы білім беру мекемелері жағдайларында балалардың, жеткіншектердің және ересектердің түзелуіне, қайта тәрбиеленуіне ықпал ететін мақсатты бағытталған және басқару жұмыстары.
Пенитенциарлық мекемелердегі білім беру - тәрбиелеу процесі – арнайы білім беру мекемелеріндегі сотталған балаларды және жеткіншектерді оқыту және тәрбиелеу (түзету, қайта тәрбиелеу). Оның міндеттері болып жалпы орта (толық), сондай-ақ бастапқы кәсіби білім беру және онымен бірдей уақытта оларды қайта тәрбиелеуге қол жеткізу.
Түзетушілік-еңбек арқылы ықпал ету – бұл адамды мақсатты дамыту, тәрбиелеу қызығушылығында еңбек іс-әрекеттерін педагогикалық тұрғыда ұйымдастыру мүмкіндіктерін пайдалану.
Түзету (адамды) – сотталған адамға адамгершілік құндылықтарды сіңіруге, кемшіліктерінен, жағымсыз әдеттерінен, мінез ақауларынан арылуға мақсатты бағытталған тәрбиелік қызмет нәтижесінде оның тұлғасын сапалы жағымды тұрғыда өзгерту процесі.
Қайта тәрбиелеу – бұл тәрбие қызметіне, адам тәрбиесінің алдыңғы нәтижесін түзеуге (түпкілікті коррекция), тұлғалық кемшіліктерін толықтыруға, жақсы қасиеттері мен сапаларын сіңіруге, мінез-құлқындағы, қарым-қатынастағы нормалары мен ережелеріндегі әлеуметтік зиянды әдеттерден және т.б. арылтуға бағытталған процесс.
Түзетушілік-тәрбиелеу процесі белгілі бір әлеуметтік-педагогикалық мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыздандыратын тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара әрекетін, педагог істерінің жүйелі бірізділігін қамтиды. Ол бірқатар кезеңдерден тұрады және белгілі бір объекттегі өзінің әлеуметтік-педагогикалық қызметіне бағыттайтын субъекттермен қамтамасыздандырылады.
Тәрбие субъекттері – түзетушілік мекемелерінің қызметкерлері, әлеуметтік педагогтар (тәрбиешілер). Олар екі үлкен топқа бөлінеді: аттестациядан өткендер және жалданбалылар. Өздерінің функционалдық міндеттеріне тәуелді және тәрбие процесін қамтамасыздандыруда да ұйымдарға әр түрлі тұрғыдан қатысады. Тікелей тәрбиемен айналысатындар: отряд бастықтары, мектептер мен кәсіптік-техникалық училищелер оқытушылары, әлеуметтік педагогтар (тәрбиешілер); тәрбиемен қосымша айналысатындар: режимдік-оперативтік, өндірістік, медициналық бөлімдер мен қызмет көрсету қызметкерлері.
Тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу объектілері - әр түрлі себептермен заң бұзған және сотпен сотталған адамдар. Олар жас, жыныс ерекшеліктеріне, әлеуметтік тұрғыда қауіптілігіне, жазасын өтеу қатынастарына, дініне және т.б. қарай ажыратылады.
Түзетушілік процесінің негізгі кезеңдерінің мазмұны қандай?



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет