Әлеуметтік педагогика


Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер



бет46/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п

Жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны отыз сегіз мыңнан астам. Мемлекетіміз де жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды және әлеуметтік ақталуға мұқтаж кәмелет жасына толмаған балаларды арнайы мекемелерге орналастыру тәжірибесі айтарлықтай жинақталған.


Олар Қазақстан Республикасының әр түрлі министрліктермен, атап айтқанда, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен (әлеуметтік мекемелер), Білім және Ғылым министрлігімен (арнайы білім беру мекемелері), Денсаулық сақтау министрлігімен (сауықтыру, білім беру мекемелері), Ішкі істер министрлігімен (балалардың түзелу (жөнделу) мекемелері) құрылады. Осыған ұқсас ұйымдар басқа да ведомстволарда құрылып отыр.
Кәмелет жасына толмағандарға арналған мемлекеттік әлеуметтік мекемелерге мыналар жатады:
а) кәмелет жасына толмағандарға арналған әлеуметтік-ақтаушылық орталықтар;
б) балалар мен жеткіншектерге арналған әлеуметтік баспаналар. Ол баланы қабылдау, жылыту, пана болу үшін құрылады. Қазіргі уақытта баспана – ауыр өмірлік жағдайға тап болған балаларға оған пана болу үшін, оның тұратын жерін анықтау мен оны орналастырудың оған лайықты формаларын айқындау үшін баланың уақытша тұратын мекені. Бүгінгі таңда баспанаға бір жасқа дейінгі балаларды қабылдайды (бұрынғы уақытта 3-6 айлық балаларға арналған болатын, бірақ өмір талаптарына сәйкес оның жас ұзақтығы бір жасқа дейінге ұзартылды);
в) ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету орталықтары;
г) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін білім беру жүйесінде құрылған мекемелер. Білім беру мекемелерінің негізгі түрлеріне мыналар жатады:

  • балалар үйі - бұл ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды бағып-күтуге, тәрбиелеуге және оқытуға арналған арнайы мекеме. Балалар үйінің мынадай түрлерін бөліп көрсетуге болады:

  • ерте жастағы балаларға (1,5 және 3 жас) арналған;

  • мектеп жасына дейінгі балаларға арналған;

  • мектеп жасындағы балаларға арналған;

  • аралас;

  • жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйі-мектептері;

  • жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы (коррекциялық) балалар үйі.

Жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған жағдайларды жетілдіру мақсатында балалар үйінің ұйымдастырушылық құрылымын отбасылық жағдайларға барынша жақындастырады. Осы мақсатпен балалар үйінің жаңа формалары пайда болады. Мұндай формалараға мыналар жатады:

    • Отбасылық балалар үйі – бір немесе бірнеше жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды (ата-аналық құқығынан айырылған) қамқорлығына алған отбасы. Мұндай отбасылар келісімшарттар негізінде бірнеше жылға құрылады. Отбасылық балалар үйінің бірнеше түрі бар: бір немесе бірнеше балаларды қамқорлығына алған отбасы; тәрбиешімен бірге тұратын бірнеше балалар; туған және асырап алған балалары бірге тұратын отбасы және т.б.

    • Отбасылық типтегі балалар үйі – бұл отбасылық типте арнайы құрылған балалар үйі. Мұның артықшылығы болып мұнда бала интернаттық мекемемен салыстырғанда, баланы тәрбиелеуге, оны жеке тұлға тұрғысынан қалыптастыруға арналған жағымды жағдайлар құрылған отбасына түседі. Оның кемшіліктері болып мұндай ортаға бейімделмеген балаға қалыптасқан отбасы ортасының таңсық болуы, сондай-ақ ата-ананың қызметін мойнына алған тәрбиешілердің ата-аналық қызметті орындауға даярлығының жеткіліксіз болуы саналады.

Отбасылық типтегі балалар үйінің негізгі міндеттері болып жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасы жағдайында тәрбиелеу, оқыту, сауықтыру мен жеке өмір сүруге даярлау үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Мұндай үй отбасы базасында ерлі-зайыптылардың екі тарапынан да 5-тен төмен емес және 10-нан артық емес балаларды алғысы келген тілектерінің болуы мен олармен бірге өмір сүретін отбасы мүшелерінің соның ішінде туған асырап алған ұлдарының (асырап алған қыздарының) пікірлерін ескере отырып ұйымдастырылады. Балалардың жалпы саны осы кезеңде бір некедегі ерлі-зайыптылардың туған және асырап алған ұлдарын (асырап алған қыздарын) қосқанда 12-ден аспауы керек.
Қазақстан Республикасын да атқару үкіметінің (әлеуметтік қорғау органдарының, әкімшіліктің) шешімдерімен құрылады, қайта құрылады және таратылады. Отбасылық типтегі балалар үйі орналасқан қамқоршылық және қорғаншылық ұйымдары балалардың тәрбиесі мен өмір сүру жағдайларына бақылауды, олардың құқықтары мен заңды қызығушылықтарын қорғауды жүзеге асырады. Ол тәрбиелеуге арналған балаларды алуға тілек білдірген адамдардың оқуын қамтамасыздандырады.

  • Жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат. Интернат (от лат. Іnternus - ішкі) – оқушылардың бөлек бір немесе толық бір мемлекеттік қамтамасыздандыру негізінде оқи жүріп, тұратын білім беру мекемесі; білім беру мекемесіне қарасты оқушыларға арналған жатақханалар; оларды күтіп-баптаумен қамтамасыздандыратын үй.

Жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелер мынадай ұстанымдар негізінде жұмыс істейді: гуманизм, жалпықолжетімділік, жалпыадамзаттық құндылықтар басымдығы, азаматтық, жеке тұлғаның еркін дамуы, тәрбиеленушілердің құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау, білімнің автономдылығы және ағартушылық сипаты.
Ұйымдастырушылық-интернаттық мекемелердің айырмашылығы:

  • интернаттық мекемелердің қарапайым түрі;

  • интернаттық мекемелердің отбасылық түрі. Мұндай мекемелерде әр түрлі жастағы (құрамы бойынша 8 адамнан аспайтын) немесе бірдей жастағы (4 жасқа дейін – 5 баладан аспайтын, 4 жастан жоғары – 10 баладан артық) балалар отбасы деп аталатын топтарда тұрады. Дейтұрғанмен бұларда интернаттағы жағдайлар көп сақталады: асханадағы тағам, өзіне-өзі қызмет көрсету, жаңа киімдер алу және т.б.

  • отбасы түріндегі интернаттық мекеме. Мұнда балалар кірер есіктері бөлек және өздерінің ұйымдары мен өмір сүру әдеттері басқаша бөлек-бөлек отбасында тұрады. Мұндай ұйымдастыру барысында балалар өмірі отбасылық өмірге теңестіріледі.

Соңғы екі түрі мемлекетіміз де толық дамымаған.
Қазақстанда дамуында кемістігі бар балалардың білім алуы мен тәрбиеленуіне арналған арнайы (коррекциялық) білім беру мекемелері құрылған. Мұндай мекемелердің жұмысы «Мүмкіндігі шектеулі балаларға әлеуметтік және медико-педагогикалық қолдау көрсету» заңымен реттеледі. Арнайы (коррекциялық) мекемелерге мыналар жатады:

  • мектепке дейінгі білім беру бойынша арнайы (коррекциялық) мекемелер;

  • арнайы (коррекциялық) білім беретін мекемелер;

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған денсаулықты нығайту арнайы (коррекциялық) мекемелерінде Денсаулық сақтау министрлігі келісімімен Жалпы және кәсіби білім министрлігінің білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады. Мұндай мекемелер балаларды емдеуге байланысты әр түрлі түрлерге бөлінеді. Солардың ішінде оқыту мен тәрбиелеуге арналған мынадай түрлері бар;

  • естімейтін балаларға;

  • нашар есітетін және кейіннен естімей қалған балаларға;

  • көзі көрмейтін балаларға;

  • нашар көретін және кейіннен көрмей қалған балаларға;

  • сөйлеу тілі бұзылған балаларға;

  • тірек-қозғалыстық аппараты бұзылған балаларға;

  • психикалық дамуы тежелген балаларға;

  • ақыл-ойы дамымаған балаларға арналған және т.б.

Ұзақ емделуге мұқтаж балаларға арналған сауықтыру білім беру мекемелері құрылады. Олар отбасына ұзақ емделуге мұқтаж балаларға білім беру мен тәрбиелеуге көмектесуге, түзелу мен емдік-сауықтыру іс-шараларын өткізуді қамтамасыздандыруға, оларды қоғамдық өмірге бейімдеуге, әлеуметтік қорғау мен жан-жақты дамытуға арналған.
Мұндай мекемелердің қызметі №343 1 шілде 2002 жылы «Арнайы білім беру ұйымдары түрлерінің қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерін бекіту» типтік ережесімен реттеледі. Денсаулық сақтау білім беру мекемесіне мыналар жатады:

Жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға басқа да мекемелер жұмыс істейді:

  • мектеп-интернатты;

  • бастапқы жазғы даярлығы бар мектеп-интернат. Мұндай мектеп-интернатта осында оқығысы келетін және дені сау жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар 15 жасынан бастап оқуға түсу артықшылығына ие.

Жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған баспаналар батыс еуропаның бірқатар аймақтарындағы монастырьлар қарамағында құрылады. Ауыр өмірлік жағдайларға тап болған балалардың дін қызметкерлерінің қамқорлығында болған тәжірибесінің көп ғасырлық екендігін көрсетеді. Монастырьлерде балаларды күтіп-баптау, тәрбиелеу мен оқыту ұйымдастырылып, жүзеге асырылады. Балалар қоғамдық пайдалы еңбекке белсене қатысады, олардың өзіне-өзі қызмет ету, ұжымда өмір сүру дағдылары қалыптасады. Христиандық шіркеу дәстүрлеріне негізделген рухани мәдениеттің қалыптасуына баса назар аударылады. Әлеуметтік-педагогикалық жоспарда ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеудің кешенді мәселелері кеңінен қамтылған. Асырап алған отбасыларда, олар бір жағынан асырап алған отбасындағы ата-аналардың даярлығын және оларды асырауға қабілеттілігін, балаларды күтіп-баптау мен тәрбиелеуді қажет етсе, екінші жағынан – асырап алған балаларды тәрбиелеуге байланысты туындаған проблемаларды игерудің қажеттілігін арттырады (қандай да бір ем-домның айқындалуы, «менің ата-анам емес» делінген пікірден пайда болатын балалар мен ата-аналар арасындағы шиеленісті жағдайлар және т.б.).
Балаларды асырап алған отбасындағы ата-аналардың балаларды тәрбиелеу барысында «ата-ана – сәби», «ата-ана – бала» қарым-қатынастарын қалыптастыруға, сәбиді күтіп-баптау және онымен тәрбиелеу тәжірибесін жинақтауға арнайы әлеуметтік-педагогикалық даярлықтан өту қажеттілігі туындайды. Нәтижесінде қамқоршылық және қорғаншылық ұйымдар тарапынан бала асырап алған отбасына әлеуметтік-педагогикалық қамқорлық көрсетудің қамтамасыздандырылуы, сондай-ақ уақтылы ақыл-кеңес беру мен тәрбиелеу барысында қалыпсыз жағдайлар туындаған кезде отбасын қолдау мен оларға көмек көрсетілуі, шиеленістер мен дау-дамайлардың және т.б. туындауының алдын алуы және ескертілуі тиіс.
Шетелдік тәжірибеде әлеуметтік қызмет көрсету көмегімен сәбиді күтіп-баптауды қамтамасыздандыруға байланысты балалардың әлеуметтік проблемаларының туындауына тәуелді құқықтарын қорғауға арналған арнайы асырап алатын отбасыларды құру мысалдары көптеп кездеседі. Мұндай отбасылардың қатарында мыналарды атауға болады:

  • дағдарысты жағдайда бала асырап алатын отбасылар. Мұндай отбасылар сәбиді туған отбасынан (туылған) белгілі бір уақытқа шұғыл алып кету қажеттілігі туындаған бөлек бір жағдайларда құрылады. Бұл жағдайда сәбиді арнайы бала асырап алатын отбасына орналастырады. Осы жағдайлардың себептері болып отбасындағы ата-аналар, ата-ана мен сәби арасындағы күрделі шиеленісті жағдаяттар, ата-аналарының кенеттен ауруға ұшырауы, трагедиясы және т.б. табылады;

  • қысқа уақытқа бала асырап алатын отбасылар. Мұндай отбасыларға қажеттілік ата-аналарының ұзақ мерзімді іс-сапарға кетуіне, медициналық тексерістен өту мен қысқа мерзімді емделу қажеттілігіне байланысты балаға қарайтын адамның жоқтығынан туындайды. Осы типтес отбасылар балаларын ерекше күтіп-баптауды қажет ететін отбасыларға да қысқа мерзімді көмек көрсету барысында пайдаланылады. Мұндай жағдай отбасылардың дем алып, күш жинап бала тәрбиесімен белсенді айналысуына мүмкіндік береді;

  • ұзақ мерзімді бала асырап алатын отбасылар. Мұндай отбасылар баланы беретін отбасындағы ата-аналардың осындай қызметке қажеттілігі туындауына байланысты сәбиді ұзақ мерзімді орналастыруға арналған келісімшарттарға сәйкес жұмыс істейді;

  • баланың демелыс күндерінде және каникулдарында балаға қарайтын отбасылар. Балаларды орналастырудың осындай формасы ата-аналардың демалыс күндері өздерінің демалуын ұйымдастыруға мүмкіндіктер береді;

  • баланы күндізгі уақытта қарайтын отбасылар (үйдегі бала-бақша іспеттес). Мұндай жағдайда бала кешкі уақытта және түнде өзінің ата-анасымен болады.

Қазақсатндағы отбасы мен балаларға әлеуметтік қызмет көрсету орталықтары шетелдік тәжірибені пайдаланады және өздерінің қызмет көрсету іс-әрекеттерін кеңейтуге ұмтылады. Мұндай жағдайда шетелдік тәжірибе үлкен қызығушылық тудырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет