Әлеуметтік педагогика


«Мәдениет», «педагогикалық мәдениет», «әлеуметтік- педагогикалық мәдениет» ұғымдары



бет62/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п

18.1 «Мәдениет», «педагогикалық мәдениет», «әлеуметтік- педагогикалық мәдениет» ұғымдары

Адам мәдениеті-белгілі әлеуметтік ортада танылған және қалыптасқан, меңгерілген және күнделікті көрінетін мінез құлық қарым-қатынас тәжірибесі.


Кәсіби мәдениет - жалпы мәдениеттің бір бөлігі, ол қоғамның, ортаның, әлеуметтік прогрестің адамгершілік саулығы мүддесінде ғылыми ойлар мен практикалық тәжірибеге қол жеткізу арқылы көрінетін маманның меңгерген және күнделікті байқалатын кәсіби іс-әрекеті өнерінің деңгейі.
Бұл тұлғаның адамгершілік және эмоционалдық көріністерімен сипатталады.
Кейде адамның кәсіби мәдениетін оның кәсіби шеберлігімен теңдестіру кездесіп отырады. Бұндай бағдар маманның кәсіби шеберлігінде оның іс-әрекеті мен нәтижеге қол жеткізу дағдысы байқалатындығына негізделеді.
Кәсіби мәдениет пен кәсіби шеберлік арасындағы айырмашылық маман мен оның жұмысын орындай алатын робот арасындағы айырмашылықпен бірдей.
Адамды оның жалпы мәдениет сипаттайды, педагогикалық мәдениет оның құрамды бөлігі болып табылады.
Педагогикалық мәдениет дегеніміз – адам бойында өзіне, басқа адамдарға, балаларға қарым-қатынаста меңгерілген және күнделікті өмірде көрінетін педагог өнерінің деңгейі. Адамның педагогикалық қасиеттерінің өмір сүру ортасында көріну сферасының барынша кең екенін ескере отырып, әлеуметтік педагогикалық мәдениетті атап көрсету керек. Ол - адамның жасына және өмір сүру сферасына сәйкес меңгерген және күнделікті көрінетін педагогикалық іс-әрекетінің әлеуметтік тәжірибесі.
Әлеуметттік қызметкер кәсіби мәдениетті меңгеруі тиіс. Оның кәсіби іс-әрекеті адамдармен тікелей байланысты болғандықтан, әлеуметтік маманның педагогикалық мәдениетін атап өткен жөн. Ол маманның педагогикалық тәжірбиені меңгеру деңгейі және кәсіби іс-әрекет үдерісінде көрінуімен сипатталады. Әлеуметттік қызметкер үшін педагогикалық мәдениеттің маңызы зор, өйткені ол ерекше күтімді қажет ететін, әлеуметтік проблемалары бар адамдармен жұмыс істейді. Адамдардың мұндай тобы мамандардан тікелей көмек күтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет