Әлеуметтік педагогика


Әлеуметтік педагогикалық мәдениеттің құрылымы және оның негізгі құрамдас бөліктеріне сипаттама



бет63/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п

18.2 Әлеуметтік педагогикалық мәдениеттің құрылымы және оның негізгі құрамдас бөліктеріне сипаттама

Әлеуметттік маманның педагогикалық мәдениетін сипаттайтын аспектілерді анықтау үшін оның құрылымын, негізі құрамдас бөліктерін, олардың мәнін зерделеу керек.


Педагогикалық мәдениеттің ішкі және сыртқы құрамдас бөліктерін жіктеуге болады. Оларды әдетте маманнның ішкі және сырқы мәдениеті деп аттайды.
Педагогикалық мәдениетті ішкі құраушы бөлікті көбіне адамның педагогика саласындағы білімі мен білігі деңгейімен теңестіреді. Бұндай бағдармен келісуге болмайды, өйткені адам кең көлемде білім мен білікті игеруі мүмкін, бірақ күнделікті өмірде, практикалық іс-әрекетте қолдана бермейді. Бұл факт адамның білімі мен білігінің деңгейі сол саладағы құзіреттілігін ғана сипаттай алатынын көрсетеді. Адамның ішкі мәдениеті оның әртүрлі өмірлік жағдайдағы, кәсіби іс-әрекетттегі мінез-құлқын анықтайтын өзек, негіз болып табылады. Сондықтан әңгіме адамның педагогика саласындағы білім мен білігі туралы емес, сонымен бірге қалыптасқан тұлғалық ұстанымдары, идеялдары, қажеттіліктері мен уәждері туралы болып отыр. Бұл айтылғандар әлеуметтік сала маманының ішкі мәдениетін негізгі құрайтын бөліктерді атап айтуға түрткі болады:
а) маман тұлғасының, оның жеке психологиялық және әлеуметтік-педагогикалық жетістігі мен кемшілігі ескерілген маман тұлғасының ішкі өзгешелігі – жекелік-тұлғалық деңгей.
б) кәсіби іс-әрекет кезінде жинақталған педагогикалық тәжірибені маманның меңгеру көлемі мен деңгейі. Бұны педагогикалық мәдениеттің теориялық деңгейі деп те атайды. Ол рационалды деңгейді айқындайды және әлеуметтік қызметкер қандай психологиялық-педагогикалық білімді меңгерді және қалай игерді, оны кәсіби іс-әрекетте қандай дәрежеде қолдана алатынын көрсете алады.
в) маманнның обектіге, әлеуметтік жұмысқа, оның нәтижесіне сезімтал қарым-қатынасы. Бұл құрамдас бөлік педагогикалық мәдениеттің сезімтал деңгейі, эмоционалды компоненті деп аталады. Бұл компонент әлеуметтік педагогикалық іс-әрекет кезінде тәжірибе жинақтау барысында қалыптасады, дамиды және бекиді. Осылайша маманның әлеуметтік жұмыс объектісіне өз іс-әрекетіне деген сезімін; әлеуметтік жұмыс үдерісіндегі толқынысын; әлеуметтік педагогикалық іс-әрекет тәжірибесі үшін қажетті білімді дамытумен сипатталады. Сезімтал деңгей әлеуметтік қызметкердің педагогикалық іс әрекетке деген ішкі қатынасын, педагогикалық өзін-өзі жетілдіруге қажеттіні анықта йды. Ол көп жағдайда ішкі адамгершілік мәдениетін сипаттайды. Маманның педагогикалық мәдениетінің рационалды және эмоционалды компоненттері тұлғаның өзі және оның еркі арқылы көрінеді.
Әлеуметтік қызметкердің педагогикалық мәдениетін сыртқы құраушы бөліктер - бұл маманның объектіге, әлеуметтік жұмысқа, әлеуметтік педагогикалық іс-әрекетке, оның нәтижесіне деген күнделікті байқалатын қарым-қатынасын сипаттайды. Оған енетіндер:
а) маманның адам ретіндегі сыртқы қасиеттері мен кемшіліктері (сыртқы келбеті, әдеттері, мәнері және т.б.) - педагогикалық мәдениет көрінісінің тұлғалық деңгейі;
б) әлеуметтік жұмыс барысында көрінетін маман іс-әрекетінің педагогикалық аспектілері (обектіге педагогикалық әсер ететін мінез-құлық, іс әрекет)- педагогикалық мәдениеттің мінез-құлықтық деңгейі. Бұл деңгей маманның адамдармен, клиенттермен қарым-қатынасындағы күнделікті педагогикалық көріністі сипаттайды.
в) маманның педагогикалық технологияны, әдістеме мен әдістерді, тәсілдер мен құралдарды меңгеру деңгейі – маманның педагог ретінде практикалық- педагогикалық деңгейі. Ол маманның нақты педагогикалық тәжірибені, педагогикалық іс-әрекет өнерін игеру дәрежесін, клиентпен жұмыстағы педагогикалық мүмкіндіктерді, сонымен бірге педагогикалық іс-әрекет нәтижелігін көрсетеді.
г) маманның әлеуметтік жұмыс обектісіне қарым-қатынысы - сыртқы қарым-қатынас деңгейі. Ол белгілі бір әлеуметтік жұмысты тимді орындап, оның педагогикалық аспектілерін жүзеге асыра алады, бірақ әлеуметтік жұмыстың нәтижелігі нақты өмірлік жағдайларға және жеке тұлғалық ұстанымына байланысты болады. Сыртқы қарым-қатынас маманның обектіге, басқа адамдармен қарым-қатынасының ерекшелігін, өз іс- әрекетінің нәтижелігіне қызығушылығын немесе селсоқтығын көрсетеді. Практика көрсеткендей, маманның сыртқы қарым-қатынасы оның сезімтал деңгейінің, яғни ішкі педагогиклық мәдениетінің көрінісі болып табылады.
Қазіргі таңда маманның обектіге әлеуметтік жұмысқа және оның нәтижелігіне деген көзқарасы өзекті болып отыр. Әлеуметтік жұмыс көп жағдайда коммерциялық емес, мемлекеттік және ерікті түрде жүргізілетін іс- әрекет болып табылады.
Анықтап айтқанда, маманның ішкі педагогикалық мәдениеті оның меңгерген әлеуметтік педагогикалық тәжірибесі болып табылады; ал сыртқы педагогикалық мәдениеті осы маманнның кәсіби іс-әрекеттегі өзіндік стилі болып табылады.
Әлеуметтік маманның педагогикалық мәдениетін құрайтын негізгі құрылымдық компоненттер мазмұнын қарастырайық.
Ең алдымен маманның өзі адам және тұлға ретінде нақты педагогикалық мәдениеттің қосындысы болып табылады.
Маманның жеке әлеуметтік педагогикалық тәжірибесі оның педагогикалық мәдениетінің негізгі өзегі болып табылады. Оған әлеуметтік қызметкердің тұлғасы, оның теориялық және практикалық тәжірбиесі, тұлғалық-әлеуметтік қасиеттері жатады.
Маман тұлғасы. Жеке психологиялық және әлеуметтік ерекшелігі бар тұлға арқылы теориялық және практикалық тәжірибе қабылданады. Маман тұлғасы деп- тұлғалық әлеуметтік-педагогикалық тәжірибені меңгеру және жинақтау жүретін оның ішкі әлемін атаймыз.
Теориялық әлеуметтік тәжірибе - маманға педагогикалық білікті іс- әрекет жүргізуге қажетті медициналық, писхологиялық-педагогикалық, әлеуметтік, кәсіби білімдер. Психологиялық-педагогикалық білімдер педагогикалық іс-әрекет негізіне жатады; медициналық және әлеуметтік білімдер, маман ескеруі тиіс алдын- алулар мен болжамдар; кәсіби - ерекшеліктер және т.б.
Практикалық тәжірибе әлеуметтік сала маманының әртүрлі клиентермен кәсіби іс-әрекеті кезінде педагогикалық аспектілерді жүзеге асыру практикасында, белгілі - бір әлеуметтік проблемаларды шешу кезінде бекіген біліктер мен дағдылар. Бұл әлеуметтік қызметкер апробациядан өткізген, типтік жағдайларда қолдануға болатын білік пен дағдының қоры. Педагогикалық тәжірибенің мазмұнына енетіндер:
- маманның педагогикалық іс-әрекет өнерін меңгеру деңгейі (педагогикалық шеберлік);
- маманға әлеуметтік жұмыс үдеріснде тиімділікке қол жеткізу үшін педагогикалық аспектілерді толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттерді дамыту.
Педагогикалық шеберлік мына дейгейлерден құралады:

  • Маманның педагогикалық технологияларды, әдістер мен әдістемелерді, тәсілдер мен құралдарды меңгеруі;

  • Оның педагогикалық техникасын дамыту: өзін- өзі басқару; адамға вербальды және вербалды емес, тікелей және тікелей емес әсер ету, қарым-қатынас мәдениеті; сөйлеу мәдениеті;

Кәсіби мңызды қасиеттер кәсіби қызметкердің дербес өзгешелігін анықтайды. Оған жататындар: педагогикалық бағыттылық - тұлғаның педагогикалық іс - әрекеттке бейімділігін, әлеуметтік жұмыс обектісіне қарым-қатынасын сипаттайтын, жеке тұлға дамуы мен тәрбиесінің ерекшеліктері. Ол адамның қызығушылығы, қажеттілігі, уәждері, мақсаттары арқылы көрінеді. Адами қасиеттер бұл адамның жеке қырын көрсететін сапалар. Оған адамға, әлеуметтік жұмысқа, әлеуметтік педагогикалық іс- әрекетке қарым-қатынастағы жалпы адами құндылықтарды көсететін мораль нормалары; адамгершілік сезімдері : адамгершіліктің күнделікті көрінісінен қанағаттану, клиентке, оның әлеуметтік проблемаларын шешуге ұмтылу; адамның шешілмеген әлеуметтік проблемалары, сақталмаған моральдық нормалары үшін қанағаттанбау. Бұл маманнның ар-ұят, борыш сияқты сезімдерінен құралады, бұлар адамгершілік әдеттердің қалыптасуына себеп болады.
Коммуникативті қасиеттер - жылдам және дұрыс қарым –қатынас құра білу қабілеті. Әлеуметтік қызметкер өзінің көмегі қажет адаммен үнемі қарым-қатынаста болады. Оның іс-әрекетінің тиімділігі осы қарым-қатынасты құру шеберлігіне байланысты болады. Коммуникативті қасиеттерге жататындар:
- қарым-қатынастағы байланысқа түсу - клиентпен өзара тиімді қарым-қатынасқа ене алу;

  • әрбір адам белгілі бір дәрежеде басқа адамға әсер ете алады . Г.К. Лизанов «суггестопедия» терминін енгізді. Ол оқыту процесінде әсер ету әдісін қолдануды білдіреді. Бұл клиентпен әлеуметтік жұмыс үстінде әсер ету әдісін пайдалану қабілетін білдіреді. Яғни маманның өз беделін, тұлғасын қолдана білуі және клиентпен жағымды қарым-қатынас жасай отырып, оны қызықтыра білуі, өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылдыру т.б жағдайда көрінеді.

Перцептивті, әлеуметтік перцептивті қасиеттер. Бұл әлеуметтік обектілерді адамдардың қабылдауы және түсіну, бағалау. «әлеуметтік перцепция » терминін алғаш рет американдық психолог Дж.Брунер (1947ж) енгізді. Әлеуметтік қызметкердің әлеуметтік перцептивті қасиеттері клиенттің жағдайын, өзінің ішкі жан дүниесі секілді көру және түсіне алу қабілетін білдіреді . Оған жататындар:

  • Педагогикалық байқағыштық. Клиент пен өзінің ерекшелігін көре алу. Әлеуметтік қызметкер үшін өзін және басқа тұлғаны байқай алу қабілеті маңызды болып саналады;

  • Педагогикалық интуиция. Адамның тұлғасы мен ішкі жан күйі ерешелігінің өзара байланысын,оның жекелеген сипаттарын өзгеру мүмкіндігін алда тұрған әлеуметтік проблемаларды шешу мүкіндігін көре алу қабілеті. Ол әр алуан кленттермен әлеуметтік жұмыстың практикалық тәжірибесі негізінде қалыптасады;

  • Рефлексия - өзіңді басқа адамның көзімен көре алу қабілеті. Әлеуметтік сала маманы адамдармен жұмыс істейді, сондықтан өзін сырттай көре алу білігі өзінің мінез-құлқына сыни көзқараспен қарауға және өзінің кәсіби іс-әрекетін жауапкершілікпен бағалауға көмектеседі. Бұл өзінің кемшілігін түсініп, өзін-өзі жетілдіру бағытында жұмыс істеуге жетелейді;

  • Педагогикалық ойлау – бұл әлеуметтік қызметкердің кәсіби іс-әрекет үстінде психологиялық-педагогикалық білімін саналы түрде қолдану, педагогикалық жағдайларды зерделеп шеше алу қабілеті;

  • Педагогикалық қиялдау. Бұл маманның әлеуметтік жұмыс үстінде өзінің және клиентінің мінез-құлқын, оның өзгеру динамикасын алдын ала көре алу қабілеті. Ол маманға әлеуметтік проблема шешу тәсілдерін анықтауға көмектеседі. Әлеуметтік проблемалары бар адаммен кездесу кезінде маманның ішкі толқынысын сипаттайтын эмоционалды қасиеттерге жататындар:

  • Эмоционалды тұрақтылық. Кәсіби іс-әрекеттің әртүрлі жағдайларында әлуеметтік қызметкердің өзін-өзі ұстауына ықпал ететін өз-өзін реттеу, өзін-өзі меңгеру қабілеті. Бұл әлеуметтік қызметкер іс-әрекетінің тимді болуының маңызды шарты, өйткені ол әртүрлі жағдайларда өзінің жай күйін бақылауда ұстап, саналы дұрыс шешім қабылдауға, мақсатқа қол жеткізуге көмектеседі;

  • Эмпатия - клиенттің күйзелісін эмоционалды бөлісу қабілеті. Маман тірі жанмен жұмыс істейді, сондықтан оның бұл қасиеті клиенттің жай күйіне, оның нақты әлеуметтік проблемаларына жылылықпен қарым-қатынас жасауға, оның ішкі әлемін жаксы түсінуге көмектеседі, Осылайша эмпатия клиентпен іс-әрекетте тиімді әдіс- тәсілдерді қолдануға және таңдауға ықпал етеді.

Бірақ әлеуметтік қызметкер көп жағдайда ерекше күтімді қажет ететін, күрделі әлеуметтік проблемалар бар адамдармен, мүгедектермен жұмыс істейтінін ұмытпау керек. Клиенттің жағдайына тереңдей ену әлеуметтік қызметкердің жан дүнесінде өшпес із қалдыруы мүмкін. Бұл кей жағдайда маман тұлғасының өзгеруіне әкеп соғады.
Әлеуметтік сала жұмысының практикасы әлеуметтік қызметкердің эмпатиясы мен эмоцияналдық тұрақтылық ерекшеліктерін ескеруді қажет етеді. Осы мақсатта мыналар ұсынылады:
-әлеуметтік сала жұмысы үшін мамандарды кәсіби таңдауды жүргізу керек. Әлеуметтік салада эмпатиядан алыс адамдар жұмыс істей алмайды. Сонымен бірге терең эмпатиясы бар адамдардың әлеуметтік салада жұмыс істеуі қиын, өйткені бұндай мамандар үшін тұлғалық өзгерулер болуы мүмкін;
- маманның клиентпен жұмыс істеу кезінде жан толқынысы сыртқы эмоционалды тұрғыда жүру тиіс, өйткені бұл кәсіби іс - әрекет, сондықтан маман әр кезде клиентпен бірге терең күйзеле берсе, оның өзінің жан дүниесінде өзгерулер болуы мүмкін. Сондықтан іс- әрекетте кәсіби актерлық элементтері де болуы тиіс;
- өз сезімін игере алу күйзеліс күшейген уақытта басқа жағымды күйге көше алу, күшейіп келе жатқан эмоционалдық толқынысты азайту әдістерін үйрену;
- клиентпен жұмыс барысын басқа клиентпен, қызметкерлермен, отбасымен қарым-қатынасқа араластырмау. Маманның практикалық тәжірибесін, оның кәсіби маңызды қасиеттерін дамыту, оның жеке әлеуметтік тәжірбиесінде - ішкі педагогикалық мәдениетінде байқалады.
Маманың әлеуметтік педагогикалық мәдениетінің сырқы жағы оның жеке тәжірибесінің көрінісі болып табылады.
Педагогикалық іс-әрекеттің жеке стилі - бұл әлеуметтік жұмыс үстінде педагогикалық шеберлік пен техниканың көрінуі. Әлеуметтік қызметкердің педагогикалық іс-әрекетінің жеке стиліне енетіндір:
а) маманның нағыз кәсіби қызметкер ретінде көрінуі;
б) маманнның кәсіби іс-әрекеттегі адамгершілік идеалы, ол әлеуметтік жұмысқа деген қарым-қатынас мәдениетін анықтайды;
в) маманның өзіне, клиентіне, өз жұмысына деген қарым-қатынасы;
г) әлеуметтік қызметкердің кәсіби іс-әрекет үстінде педагогикалық шеберлігін жүзеге асыру ерекшелігі. Оны жүзеге асыру әдістері:
- педагогикалық технология, әдістер мен әдістемелер, тәсілдерді жүзеге асыру. Маманның педагогикалық дайындығы педагогикалық аспектілердің айқын көрінуіне және кәсіби іс-әрекет нәтижелігіне оңтайлы әсер етеді;
- әлеуметтік жұмыста маманның педагогикалық техникасының көрінуі. Ол педагогикалық техника арқылы әлеуметтік жұмыстағы өзінің педагогикалық әлеуетін жүзеге асырады ;
д) әлеуметтік жұмыс үдерісіндегі педагогикалық такт және этика-маманның кәсіби іс-әрекет үстінде этикалық нормалар мен ережелерді сақтау және орындау;
е) маманның жұмыстан қол жеткізеген нәтижелерінің деңгейі.
Шынайы өмір адамның педагогикалық мәдениетінің көріну аумағына: өзіне, өзін жетілдіруге қарым-қатынасы, басқа адамдармен өзара әрекет, тәрбие және т.б. анықтап берді. Бұл салаға жататындар:

  • Өзіне, өзін-өзі тануға, басқа адамдардың қоғамында өзін көрсетуге, өзін-өзі жетілдіруге қарым-қатынас;

  • Басқа адамдарға, өзара әрекетке, өзара әсерге, өзара көмекке қарым-қатынас;

  • Қоршаған ортаға, онымен өзара іс әрекетке, оны тануға, өз-өзін жетілдіруге, оны онтайлы және мақсатты қолдануға деген қарым –қатынас;

  • Отбасына, оның әлеуметтік орнына, өзінің отбасындағы орнына, отбасын сақтау және оны адамгершілік тұрғыда нығайтуға, отбасылық қарым-қатынастар мәдениетін дамытуға, бала тәрбиелеуге қарым-қатынас;

  • Адамдармен жұмыс істеуде олармен қарым –қатынас, өзара әрекет, әріптестермен өзара қарым –қатынас, клиентпен байланысты кәсіби іс - әрекет.

Өмірлік іс - әрекеттің әртүрлі ортасындағы адамның және әлеуметтік сала маманының тәжірбиесін талдау, сыртқы педагогикалық мәдениет көріністерінің мейлінше триптік формаларын анықтар берді. Оған жататындар:

  • Табиғи, күнделікті. Ол іс-әрекетке табиғилық норма болып саналатын адамдарда кездеседі. Мұндай адам отбасында, қызметкерлермен қарым-қатынаста, клиентпен жұмыста бірдей;

  • Көрсетілім үшін немесе демонстрациялық. Бұл нақты бір жағдайларда өзін басқаша етіп көрсетуге тырысатын адамдарға тән;

  • итуативті. Ол мінез- құлқы ситуативтік адамдарға тән. Бұндай адам ортаға және сол ортада: отбасында, әріптестермен қарым-қатынаста, демалыста, клиенттердің әртүрлі типтерімен жұмыста алатын әлеуметтік мәртебесіне тәуелді.

Әрбір адам өзінің жасы мен негізгі өмірлік іс-әрекет саласына сәйкес нақты бір әлеуметтік педагогикалық мәдениеттің меңгерілу және көріну нәтижесінде қалыптасты. Күнделікті өмірде адамның жалпы сырқы мәдениетін бағалап жатады, бұл көріністер қоршаған ортада қалыптасқан қағидаларға сәйкес келмесе, ол адамның тәрбиесіздігі туралы сөз болады. Басқаша айтқанда адамның бұған дейінгі тәрбиесінің деңгейі ескеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет