7.3 Бейімделу мен әлеуметтенудің бейімделмеу және
әлеуметтенбеудің өзара байланысы, оларды балалармен,
жеткіншектермен жұмыста есепке алу
Бейімделмеуді жеңу дегеніміз реадаптация. «Реадаптация» термині (лат. re... – қосымша, әрекеттің жаңаруын немесе қайталануын білдіреді); adaptation - бейімделу, үйлесу ) адамның түрлы ықпалдарға байланысты бейімделу іс-әрекетінің қалпына келуі, сонымен қатар өзін-өзі белсендіруге бағытталады.
«Реабилитациялық іс-әрекет» сөзтіркесін қарастырайық. Адамның немесе топтың сыртқы ортаның белгілі бір жағдайға бейімделу мүмкіндіктерін белсендіруге бағытталатын іс-шаралар жиынтығы. Ғалымдардың пікірінше, реабилитация адамға психо - әлеуметтік ықпал ету әдістері және оның әлеуметтік іс-әрекетін (еңбек терапиясы, кәсіби білім беру немесе қайта дайындау), клиентпен, туыстарымен жүргізілетін арнайы педагогикалық, психотерапевтік жұмыстарын белсендіретін кезең болып саналады. Реадаптивтілік - бейімделмеуді жеңген адам. адамға тән. Ол түрлі өмірлік жағдаяттарда байқалып, адамның белгілі бір әлеуметтік қалыптар мен ережелерді бойына сіңіруін немесе олардан арылуын көрсетеді. Қандай да әлеуметтік тәжірибені жоғалтуына байланысты бейімделмеу және бейімделмеуді жеңу, жағымды немесе жағымсыз сипатта болады. Тәрбиешілер осы фактыны ескеріп, оны өзінің кәсіби жұмысында мақсатты қолдана білуі тиіс.
Қиын балалармен жұмыс жүргізуде, оларға басқа өмірлік орта жасау қажет. Сондай ортада қиын бала жаңа жағдайға байланысты өзін көрсете алады, басқа қалыптар мен ережелерді орындау арқылы, олардың сапалық қасиеттері өзгереді. Өз мәнінде өзгеше жасалған орта жағымсыз іс-қимыл тәжірибесін, қарым-қатынасын, іс-әрекетін төмендетіп, жаңа жағымды тәжірибені игеріп, бейімделмеуді жеңеді.
Тәрбиешілер өздерінің тәжірибелік іс-әрекеттерінде осындай жағдаяттарды балалар мен жеткіншектерді тәрбиелеу үшін қолданады. Орта өздігінен тәрбиелемейді, сондықтанда оны тәрбиелік ортаға айналдыра білу қажет. Тек осындай жағдайда тәрбиеленуші тәрбиешінің ойын қабылдап, оның мәнін түсініп, белсенді өмірлік әрекетті игереді. Тәрбиешінің шеберлігі, тәрбиеленушіні тәрбие үдерісінің белсенді мүшесіне айналдырып, тәрбиелік ортаның барлық талаптарын орындатуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |