Байланысты: аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п
4.2 Әлеуметтік педагогиканың негізгі ұстанымдарына және олардың талаптарына жалпы сипаттама
4.2.1 Объектілік фактормен байланысты әлеуметтік педагогика ұстанымдары Объектілік фактордан туындайтын неғұрлым маңызы ұстанымдар: табиғатқа сәйкестік, жеке даралыққа байланыстылық және гуманизм.
Табиғатқа сәйкестік
Ұстанымның бастауы. Педагогикаға қағиданы енгізген Ян Амос Коменский (1592-1670). Ол баланың дамуына табиғи және әлеуметтік ортаның өзара әрекеттестігіндегі индивид ретінде қарады. Мұның маңыздылығын көптеген педагогтар мойындады. И.Г.Песталоцци: «Өзімнің кемел жасымның көп бөлігін арнаған элементарлық білім беру идеясы, теориялық және практикалық түсіндіру... табиғатқа сәйкес даму және адамзаттың күші мен тума нышандарын қалыптастырудан өзге дәңеңе де емес» - деп жазды.
Ұстанымның мәні. Адам табиғи болмысқа жатады және табиғаттың, соның ішінде және де әлеуметтік табиғаттың заңдары бойынша дамиды. Бұл белгілі бір жағдайларда нақтылы адамның тиісінше бағыты, даму динамикасы және тәрбиесі болатындығын көрсетеді. Адамға деген көзқарас әлеуметтік-табиғи болмысқа деген көзқарас болуға тиіс. Ұстанымның екі түрлі құрамдас бөлігі бар: тұтастай табиғат және оның бір бөлшегі – адам (адамның өзіндік табиғат). Адамды оның табиғи мүмкіндіктерін ескере отырып және оның шегінен асырмай ғана дамытуға және жетілдіруге болады. Олай болмаған жағдайда оның болмысын бүлдіріп, құрту басталады.
Ұстанымның негізгі талаптарына мынадай қажеттіліктерді жатқызуға болады:
адамның дамуы мен тәрбиесінің заңдылықтарын білу және соларға сәйкес бүкіл әлеуметтік-педагогикалық қызметті құра білу;
адамның яғни әлеуметтік-педагогикалық жұмыс объектісінің жас шамасы мен жыныстық жеке даралық ерекшеліктерін ғана емес, сонымен қатар, жақын және алыс болашағының мүмкіндіктерін зерттеу, білу және ескеру;
объектімен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың таңдалмақшы мақсаттарын, оларға жету құралдарын оның бейімделушілігімен, жеке даралық ерекшеліктерімен және мүмкіндіктерімен, сондай-ақ, өзгеру динамикасымен сәйкестендіру;
ерекше мұқтаждықтары, жеке даралық, жеке даралық-түзеу және түзеу-қалпына келтіру арқылы даму ерекшеліктері бар балалармен жұмыста, олардың әрқайсысы үшін жеке даралық түрде өзін-өзі жетілдіруіне неғұрлым оңтайлы жағдайларды туғыза отырып, зерттеу;
әлеуметтік – педагогикалық жұмыс үдерісінде адамның табиғатына сәйкес дамуын және тәрбиесін ғана емес, сонымен бірге, мақсаттарын іске асыруға оның табиғи мүмкіндіктерін де ескеру.
Жеке даралыққа негіздеу (жеке даралық тәсілдеме) ұстанымы.
Ұстанымның бастауы.
Түзеу-тәрбиелеу мекемелерімен байланысты жекелендіру идеясы жайлы Дмитрий Андреевич Дриль (1846-1910) XIX ғ, басында-ақ айтқан болатын. Кейіннен ол оның жалпы педагогика үшін маңызына көңіл аударды.
Ұстанымның мәні. Ұстанымның негізіне жататын нәрсе – адамды оның барлық жеке даралық ерекшеліктерімен, мүмкіндіктерімен, артықшылықтары және кемшіліктерімен, яғни ол қандай адам болса, сол күйінде қабылдау болып табылады. Адам - өзінің даму мазмұны, мүмкіндігі, тәрбиесі және соларға сай әрекеттері бар ерекше әлем. Бұл фактор нақтылы адаммен жұмыста оның дамуы мен тәрбиесінде жеке даралық әлеуметтік әлеуетін неғұрлым толығымен қамтамасыз ететін әлеуметтік-педагогикалық қызметтің өз әдістері мен тәсілдері, ерекше тәсілдемесі қажеттігін негіздейді. Ұстанымның мәні сонда - әлеуметтік-педагогикалық қызмет объектінің жеке даралығын, оның әлеуметтік жағдайы мен мүдделерін ескере отырып, құрылады және іске асырылады.
Жеке тұлға, жеке даралық тәсілдеме ұстанымның талаптарын іске асыру мынадай ұсынымдардың есебімен қамтамасыз етіледі;
адаммен (топпен) жұмыс жүргізу алдымен оны танып – білуден басталады. Бұған бастапқы диагностика, әлеуметтік педагогтың объектінің жеке даралық ерекшелігін неғұрлым толығымен білуге ұмтылысы ықпал етеді. Маманның бірінші кездесуінде-ақ адамның өзіндік ерекшелігін барынша толық бағалай білуге қабілеттілігі және өзінің онымен қызметін жеке даралығын танып-білген жеке тәжірибесі негізінде құруы ерекше мәнге ие;
әлеуметтік педагогтың әлеуметтік-педагогикалық қызметтің үдерісіне және өзінің де, оның да бір-біріне үйренісе бастайтын адаммен жұмыс жүргізуінің бастапқы кезеңіндеғі ерекшеліктеріне қарау қажет;
объектінің жай-күйі мен оның жұмыс үдерісіндегі өзгеру динамикасын ескеру қажет. Осы жұмыста объектінің жай-күйінің өзгеруі және іске асыру қызметінің талаптары есебімен мүмкіндігі жеткенше икемділігін көрсету;
осы адаммен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс үдерісінде ол үшін неғұрлым «жайлы» жағдайларды туғызуға ұмтылу және оны өзін мақсатқа сай түрде танытуға және өзін-өзі іспен көрсетуге бағыттау қажет.
Гуманизм ұстанымы.
Ұстанымның бастауы. Гуманизм идеясы қайта өрлеу дәуірінде (Италияда XIV – XVI ғғ., Еуропаның басқа елдерінде XV – XVI ғғ. соңында) пайда болған. Алайда, бұл идеяның жетілу үстіндегі адамның тәрбиесінде гуманистік қарым-қатынасқа қол жеткізуі үшін көптеген ғасырлар қажет болды.
Әлеуметтік педагогикадағы гуманизм ұстанымның мәні – адамның әлеуметтік құндылықтарының басымдылығын, оның құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету, дамуы мен тәрбиесіне, өмірде өзін-өзі табуына, қоғамға сіңісуіне көмек көрсету үшін жағдай туғызуды білдіреді.
Ұстанымның негізгі талаптары:
- дамыту мен тәрбиелеу адамның мүддесін бағытталады және оның өзін-өзі жетілдіруіне мүмкіндік туғызуға тиіс;
- тәрбие адамды оның жеке даралық мүмкіндіктеріне неғұрлым сәйкес келетін және жеке тұлғаның өзін-өзі құртуына жол бермейтіндей белгілі бір жағдайларға жеткізуі тиіс;
- Гуманизм шектен тыс қамқорлыққа және бетімен кетушілікке айналмауға тиіс;
- Баламен өзара қарым-қатынаста оның өзімен-өзі болу құқығын тану, жеке басының қадір-қасиетін құрметтеу қамтамасыз етілуге тиіс.
Ерекше мұқтаждықтары бар балалармен өзара қарым-қатынас үдерісінде ерекше талаптар қойылады. Оның мәні - балаға мейіріміен қарай отырып, жеткілікті түрде қатал, бірақ өмірлік қажетті жағдайларда ұстау, оның неғұрлым толық және мақсатты дамуын, тәрбиесі мен өзін-өзі танытуын қамтамасыз ету болып табылады.