Технологиялық фактормен байланысты әлеуметтік педагогика ұстанымы
Технологиялық фактор – бұл шынын айтқанда, әлеуметтік-педагогикалық қызметтің заңдылықтарын есепке алуды анықтайтын фактор. Ол тікелей әлеуметтік-педагогикалық қызмет технологиясының мүмкіндіктерін есепке алуды талап етеді. Өзінің мәніне қарай, оның қағидалары – бұл жалпы педагогиканың тәрбиелеу қағидалары. Оларда тәрбие технологиясы заңдылықтарының есебі елеулі дәрежеде сипатталады. Осы топқа мыналар жатады:
- мақсаттылық ұстанымы;
- жүйелілік, сабақтастылық, кешенділік ұстанымы;
- тұлғаның ұнамды қасиеттеріне сүйену ұстанымы;
- тәрбиелеудің саналылық және белсенділік ұстанымы.
Барлық ұстанымдар арасында өзара тығыз байланыс пен өзара шарттылық орын алған. Олардың бірде-бірі немесе қайсыбір топ әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін анықтамайды. Олар тек қызметтің бір немесе бірнеше жағына көңіл бөліп, орындалуы қызметтің тиімділігін қамтамасыз ететін неғұрлым маңызды талаптарды анықтайды. Әлеуметтік-педагогикалық қызметте ұстанымдар көбірек ескерілсе, одан соғұрлым биік нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Ұстанымдардың өзара байланысы әлеуметтік педагогикада белгілі бір жүйені (қағидалар жүйесі) көрсетеді. Қайсыбір қағиданы болмасын, бағаламау, қолданбау, елемеу қалайда нашарлаған немесе болжанбаған қызмет нәтижесіне алып келеді. Нақ қағидалар жүйесі әлеуметтік педагогикалық қызмет заңдылықтарының негізгі талаптарын есепке алуды қамтамасыз етеді және оның тиімді болуына мүмкіндік береді.
СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР
Әлеуметтік педагогиканың заңды, объективті сипаты неде?
Әлеуметтік педагогиканың қандай негізгі ұстанымдары әлеуметтік тұлғаға байланысты?
Әлеуметтік педагогиканың қандай негізгі ұстанымдары тұлғаның қалыптасуы және дамуының әлеуметтік факторымен байланысты?
Әлеуметтік педагогиканың жеке тұлғаның, ортаның және тәрбиенің өзара байланысына негізделген негізгі ұстанымдары қандай?
Әлеуметтік педагогика ұстанымдарының өзара байланысы неден көрінеді және олардың мақсатына, міндеттері, мазмұны және іске асыру тәсілдеріне ықпалы қандай?
Әлеуметтік педагогқа практикалық қызметі барысында ескеруге тиісті әлеуметтік педагогиканың негізгі ұстанымдары қандай?