Әлеуметтік педагогика



бет19/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п

СҰРАҚТАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР



  1. «Педагогикалық үдерістін» ұғымына сипаттама беріңіз.

  2. Педагогикалық үдеріс идеясының негізін салушы және ретінде П.Ф.Каптеревтің ұстанымына сипаттама жасаңыз.

  3. Ішкі әлеуметтік-педагогикалық үдерістің мәні мен құрылымен ашып беріңіз.

  4. Ішкі және сыртқы әлеуметтік-педагогикалық үдерістердің өзара байланысы қандай?

  5. Әлеуметтік-педагогикалық үдерістің субъектісі мен объектісіне сипаттама беріңіз.

  6. Әлеуметтік-педагогикалық үдерістің жетілдірілуінің негізгі бағыттары қандай?

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 П.Ф.Каптерев. Педагогический процесс ( «Русская школа» журналы басп.) СПб.: Б.М.Вольфтің Тип-Литографиясы, 1905. 51-с.


VI – ТАРАУ. ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ

Іс-әрекет – адамның айналасына белсенді қатынас жасау формасы, ал оның мазмұны - айналасына мақсатты өзгеріс енгізу.


Өзгеріс енгізу іс-әрекет субьектісі мен обьектісінің бір-біріне белгілі бір қарсылығын алға тартады: адам субьект ретінде өзіне іс-әрекет обьектісін материал түрінде қарсы қойып, материалды жаңа форма мен қасиетке өзгертіп, оны іс-әрекет нәтижесіне айналдырады. Мұндай өзгеріс субьектінің қойған белгілі мақсатына сәйкес іске асады, оған қол жеткізу үшін түрлі құралдарды қолданып, онан белгілі бір нәтиже алынады.
Іс-әрекеттің алуан түрлі негіздегі жіктемелері бар. Оның жалпы жіктемесіне тоқталсақ, ол:
- заттық-тәжірибелік (заттарды өзгертетін кез келген жұмыс: еңбек, құрастыру және т.б.);
- рухани – тәжірибелік іс-әрекет (заттық, рухани және әлеуметтік құндылықтарды жасау: эстетикалық, әлеуметтік, бос уақытта атқарылатын жұмыс, кәсіпкерлік).
Іс-әрекет адамның талаптары мен қабілеттерін дамытады және оны жүзеге асырады; қажеттерін қанағаттандырып, қалыптастырады және оны арттырады, ойлау қабілетін дамытады және т.б. Адамның іс-әрекет әлеуеті әлеуметтік тәрбие барысында жүзеге асады, ол үшін оның өзі іс-әрекет субьектісіне айналуы тиіс. Тәрбие мекемелерінде адамның қажеттерін қамтамасыз ету мүмкіндіктері екі жолмен іске асырылады: бірлесіп іс-әрекет атқару және нәтижеге қол жеткізу.
Бірлесіп іс-әрекет атқару қажеттігі - бұл адамның серіктесімен бірге әрекеттесіп, өзінің белсенді іс-әрекетін жүзеге асыруы.
Нәтижеге қол жеткізу - іс-әрекет барысында нәтижелі табысқа қол жеткізуі.
Осы қажеттерді қанағаттандыру мүмкіндігі білім беру барысында да және тәрбиеленушілердің әлеуметтік тәжірибесін ұйымдастыруда да бірқатар шарттарды орындау арқылы жүзеге асады. Ең алдымен адам іс-әрекетке кіріспес бұрын, өзіне ненің қажеттігін, жағымды тұрғыдан анықтап алғаны абзал.
Адамның жеке тұлға болып дамуында іс-әрекет маңызды орын алады. Ол тұлғаның сапалары мен қасиеттерін дамытуға, жеке басына тән ерекшеліктерін өзгертуге ықпал етеді. Жалпы алғанда іс-әрекеттің әлеуметтік-педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау үшін, оның не екенін, мәнін және жеке тұлғаға тікелей немесе жанама ықпалын қарастыру керек.
Осы тақырыпта мынадай мәселелер қарастырылады:

  1. іс-әрекет және оның әлеуметтік педагогикалық сипаты;

  2. іс-әрекет түрлері, оның жеке тұлғаға прогрессивті және регрессивті ықпалы;

3) тәрбие ұйымдарында өзара әрекеттесуді ұйымдастыру және оқыту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет