Әлеуметтік педагогика


Білім беру мекемелерінде өзара әрекеттесуді ұйымдастыру



бет22/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п

6.3 Білім беру мекемелерінде өзара әрекеттесуді ұйымдастыру

«Өзара әрекеттесу» адамдар арасында кең тараған және қоғамдық білім саласына тән жалпы түсінік. Жалпы түрде өзара әрекеттесуді индивидтер, топтар мен ұйымдардың бірігіп атқарған іс-әрекеті арқылы, ортақ бір жұмысты жүзеге асыруы деуге болады.


«Өзара әрекеттесу» түсінігі педагогикаға жақын білім салалары қатарындағы психология, әлеуметтік психологияда және әлеуметтануда нақты индивидтар мен қауымдастықтардың бірігіп атқарған іс-әрекетін суреттеуде және талдауда қолданылады. Мұндай тұғыр әлеуметтік педагогиканы толықтай қанағаттандырады, өйткені, әлеуметтік тәрбиеде жеке, топтық және әлеуметтік субьектілер өзара іс-әрекетті бірігіп атқарады. Әлеуметтік тәрбиедегі жеке және топтық субьектілердің өзара әрекеттесу қалыптары мен құндылықтары жалпы алғанда макрофакторлармен (этнос, қоғам, мемлекет) және басқа да жағдайлармен байланысты болады. Жеке және топтық субьектілердің өзара әрекеттесуі барысында ақпараттар, тіршілік типі мен тәсілдері, құндылықтары, қалыптары, әлеуметтік шарттармен алмасуы жүзеге асады, таңдалады және оларды игеру біріншіден, субьектінің еріктілігі мен таңдауы арқылы сипатталады. Екіншіден, субьектінің өзара әрекеттесуді таңдауы мен игеруі тәрбиелік ұйым ұжымының зияттық-моральдық күшіне және әлеуметтік психологиялық ахуалына байланысты болғандықтан, индивидуалдық, яғни жеке және топтық өзара әрекеттесу жүзеге асады.
Өзара әрекеттесудің түрлі құрылымы бар. Әлеуметтік тәрбиеде біздер түрлі деңгейдегі өзара әрекеттесудің жалпы құрылымын, ондағы индивидуалдық, топтық және әлеуметтік субьектілердің өзара әрекеттесулерін қарастырамыз.
Өзара әрекеттесу құрылымының бірінші элементі – субьектілер. Әлеуметтік тәрбие үдерістеріндегі өзара әрекеттесу түрлі «тізбектер» арқылы бір-бірімен және өзге субьектілермен де байланысады. Мысалы: тәрбиеші – тәрбиеленуші; тәрбиеленуші – тәрбиеленуші; жеке тұлға – ұжымдағы микротоп; микротоп – микротоп; жеке тұлға – ұжым; ұжым – ұжым; тәрбиеші (жетекші) - ұжым – микротоп; тәрбиеші (жетекші) – микротоп – ұжым; тәрбиеші – ұжым – микротоп – жеке тұлға; жеке тұлға – микротоп – ұжым – тәрбиеші; жеке тұлға – ұжым – тәрбие ұйымы; ұйым – ұйым; ұйым - әлеуметтік тәрбиені басқаратын орындар; әлеуметтік тәрбиені басқаратын орындар - әлеуметтік тәрбиені басқаратын орындар және т.б. Өзара әрекеттесу субьектілерінің айырмашылықтары бір жағдайда тәрбиеші – тәрбиеленуші бір-бірімен тікелей әрекеттесетін болса, ал екінші бір жағдайдағы тізбек тәрбиеші – ұжым – тәрбиеленуші немесе тәрбие ұйымы – ұжым – жеке тұлғаға жанама ықпал етеді.
Өзара әрекеттесу құрылымының екінші элементі – мақсат және міндеттер. Әлеуметтік тәрбие субьектілері өзара әрекеттесуге өздері шешетін мақсат және алынатын нәтиже үшін барады. Әлеуметтік тәрбие субьектілерінің шынайы өзара әрекеттесуінің жалпы екі түрін анықтауға болады, олар: функционалдық-рөлдік және эмоциялық-тұлғааралық.
Келесі құрылымы – қалыптар (нормалар) мен құндылықтар. Әлеуметтік тәрбиедегі өзара әрекеттесудің мазмұндық негіздерін - құндылықтар (зияттық, экспрессивтік, инструменталдық, әлеуметтік) анықтайды. Олар әр түрлі өмірлік жағдайларда алуан түрлі болады. Өзара әрекеттесу барысында құндылықтармен алмасу диалог түрінде жүреді.
Әлеуметтік тәрбие субьектілерінің бір-бірімен өзара, топтық және жеке субьектілермен тікелей және жанама әрекеттесуі нормативті актілер (заң, бұйрық, инструкция және т.б.) және бағдарламалық құжаттар (тәрбие тұжырымдамалары, оқу жоспарлары, әдістемелер және т.б.) арқылы белгіленеді. Осындай нормативті актілер мен бағдарламалық құжаттар арқылы, басқару ұйымдарының бір-біріне тәуелділіктері мен бірігіп үйлесімді қызмет жасауы және басқарылуы, тәрбие ұйымдарының, тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің жағымды және формальды қатынастарының, белгіленген мақсатты істерді жүзеге асыруы бақыланады.
Жеке және топ субьектілірінің әлеуметтік тәрбиедегі қалыптары мен құндылықтары жалпы алғанда макрофакторлармен (этнос, қоғам, мемлекет) және өзге де жағдайлармен анықталады. Жеке және топ субьектілерінің өзара әрекеттесуінде ақпарат, өмір сүру типі мен тәсілдері, құндылықтар, қалыптар, әлеуметтік қағидалардың таңдалуы мен игерілуі, біріншіден, субьектінің өз еркімен таңдауына байланысты болады. Екіншіден, құндылықтарды таңдау, оларды игеру тәрбие ұйым ұжымның зияттық-моральдық күшіне және әлеуметтік-психологиялық ахуалына сәйкес, жеке және топ субьектілерінің өзара әрекеттесуіне ықпал етеді.
Өзара әрекеттесу құрылымының келесі элементі – құралдар. Әлеуметтік субьектілердің өзара әрекеттесулері және өздерінен төмен тұрған субьектілермен жазбаша (бұйрық, инструкция және т.б.) құралдар қолданылған болса, ал жеке және топ субьектілері үшін ауызша құралдарды қолданады.
Соңғы элемент - өзара әрекеттесу жағдаяттары. Субектілердің белгілі бір кеңістік немесе онан тыс жағдаяттар арқылы өзара әрекетке түсуі; өзара әрекеттесу кеңістігінің сипаты; өзара әрекеттесу мазмұны (танымдық, заттық-практикалық, немес рухани-практикалық, қарым-қатынас, ойын); өзара әрекеттесу формалары (жұптық жұмыс немесе топтық, топаралық немесе көпшілікпен әрекеттесу); бірігіп өзара әрекеттесу немесе бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан әрекеттесу.
Әлеуметтік тәрбиедегі жеке субьектілердің жеке тұлға ретінде әрекеттесулері. Жеке тұлғалардың өзара әрекеттесулері тәрбиелік ұйым ұжымдарында жүзеге асады. Сондықтан ұжым жетекшілері және оның мүшелері өзара әрекеттеседі.
Жеке субьектілердің өзара әрекеттесулеріне талдау жасау, жалпы мақсатты екіге бөліп қарастыруға және соған сәйкес өзара әрекеттесудің негізгі екі түрін анықтауға болады: функционалдық-рөлдік және эмоциялық- тұлғааралық.
Функционалдық-рөлдік өзара әрекеттесу танымдық, заттық-практикалық, рухани-практикалық іс-әрекеттерде, ұйымдастырылған ойындар мен спортта және оған қызмет көрсетуде пайда болады.
Эмоциялық-тұлғааралық өзара әрекеттесу ең алғашында қарым-қатынас аймағында пайда болып, субьектінің эмоциялық, көңіл-күй ахуалын қанағаттандыру мақсатын көздейді.
Ұжымда осы екі өзара әрекеттесу мақсаттары тығыз байланысты. Оның мүшелері бірігіп әрекет ету барысында белгіленген мақсаттарды жүзеге асыру үшін өзара әрекеттеседі. Сонымен бірге ұжымда эмоциялық-тұлғааралық өзара әрекеттесу пайда болып, белгіленген мақсатты атқара отырып, оның шегінен де шығады. Бір қырынан, субьект функционалдық-рөлдік өзара әрекеттесуді басынан кешірсе, екінші қырынан - өз тарапынан оған мейілінше әсер ете алады.
Осы негізгі екі өзара әрекеттесу мақсаттарын жүзеге асыру үшін субьектілер түрлі құралдарды қолданады.
Құралдардың ең бастысы - сөз, сөйлеу. Өзара қарым-қатынас құралы ретінде сөз бір-бірімен байланысты қызметтер атқарады: ақпараттық (өзара әрекеттесуге керекті деректі ақпарат), анықтық (субьектінің сөйлеген сөзіне сай жағдайы), апелляциялық (өзгені іс-әрекетке түрткілеу), бейнелеу (заттың жағдайы, өзара әрекеттесетін жағдайды сипаттау).
Сөйлеуді толықтыратын ерекше коммуникативті жүйелер ретіндегі паралингвистикалық элементтер жиынтығы: дауыстың сапасы, екпіні, сөйлеу темпі, күлкі, жылау, аһ ұру, есінеу, сөз арасындағы кідірістер және т.б.). Бұл элементтер сөзге саналы және санасыз түрде өзара әрекеттесуге белгілі бір реңк беру үшін қолданылады.
Сөзбен қатар өзара әрекеттесу құралының бірі кинесикалық тіл, яғни оптика-кинесикалық белгілер жүйесі, оның құрамына дене қимылы (қол сермеу, қол бұлғау, бас изеу, бас шұлғу) ишарат білдіру, мимика (бет әлпет құбылысы), пантомимика жатады. Олардың құрамында көптеген мәнді дене қимылдары (көрсету, келісу, мадақтау, қысым көрсету және т.б.) және стереотипті тілдік мимикалық эквиваленттер бар. Дене қимылдар үш топқа бөлуге болады:
- белгілі бір этникалық және әлеуметтік топ түсінетін қимылдар;
- белгілі кәсіби мамандар, жас кезеңдеріне лайық және субмәдениет иелерінің бірден түсінетін қимылдары;
- тек бір белгілі топ мүшелеріне ғана тән қимылдар.
Кинесикалық тіл мен паралингвистикалық элементтер белгілі бір этникалық топ пен әлеуметтік-кәсіби, байланыс орнататын қауым мүшелері арасындағы өзара әрекеттесудің бүкіл тарихи дамуының нәтижесінде қалыптасады.
Вербалды емес өзара әрекеттесу құралдарының тілмен түрлі қатынастары болады. Олар сөз тәрізді белгілі бір мәнді білдіреді.
Функционалдық-рөлдік өзара әрекеттесу құралдарына жұмысты ұйымдастыруға қажетті заттар мен құжаттарды қолдану жатады.
Эмоциялық-тұлғааралық өзара әрекеттесуде маңызды рөлді тактильді құралдар атқарады, серіктестердің әрекеттесулері барысындағы эмоцияны, көңіл-күй ахуалдарды көрсетеді. Функционалды- рөлдік өзара әрекеттесуде инструменталды сипатқа қарағанда, тактильдік құралдардың рөлі аз шамада болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет