1. Іс-әрекет және оның әлеуметтік педагогикалық сипаттамасы
Іс-әрекет – адамның мақсатты түрде табиғи және әлеуметтік шындық ты өзгертуі. Оның құрамды бөліктері: мақсат, түрткі, құрал, қолданылатын іс-әрекет және нәтиже. Кез келген іс-әрекет субьектінің белгілі қатынасын қамтиды (қараңыз 1-ші сызба).
М--- Т---Қ--- (І + Қ)--- Н
1-ші сызба. Іс-әрекеттің құрылымы
Ескерту:
М – мақсат; Т – түрткі; Қ – құрал; І -іс-әрекеттегі қатынас; Қ- құралды қолдану әрекеті; Н – нәтиже.
Іс-әрекеттің әр құрамды бөлігінің (компоненті) жеке тұлғаға ықпал ететін өзіндік әлеуметтік-педагогикалық әлеуеті болады. Оның ықпалы тұлғаның жеке басында және іс-қимылында көрінеді.
Мақсат - өз іс-әрекетінің нәтижесін иделды түрде көруі. Ол адамның жасына, жеке бас ерекшелігіне лайық дамуымен және тәрбиесімен анықталады. Жастық шақтағы мақсат - өзінің кез келген қажеттілігін және танымын қанағаттандыруы. Уақыт өте келе адамның мейілінше даму деңгейіне байланысты мақсат оның ерекшелік сипаттарын көрсетеді, олар: қызығушылықтары, бейімділіктері, кейіннен кәсіби іс-әрекетіндегі кәсіпқойлық мақсатына және мамандығының түрткісіне айналады.
Белгіленген мақсаттың бағыттары мен әлеуметтік себептері қоғамда орныққан талаптарға сәйкесуі немесе сәйкеспеуі де мүмкін. Осы көрсеткіштер бойынша мақсаттың жеке тұлғаға ықпалын байқауға болады: жекелей қарастырғанда, қалыпты (қалыпсыз), табиғи, жасы мен жынысының дамуына сәйкесуі (сәйкеспеуі); шығармашылық дамуы ерекше; деструктивті дамуы (асоциалдық, антисоциалдық) және т.б.
Іс-әрекет мақсатының сипаты субьектінің зерттеушілік немесе тәжірибелік, орындаушылық, шығармашыл-жасампаздық ісін қалыптастырады. Сонымен бірге оның ерекше көзқарасы, жалпы бағдары (қажеттері, қызығушылықтары, мақсаттары, өмірде көздеген жоғары мұраттары, маманның субьектілік статусы, оның түрткісі пайда болады).
Түрткі – адамды іс-әрекетке бағыттайды. Көп жағдайда ол субьектінің өзіне тән ерекшелігін, өзін басқару қабілетін, өзбетінше қойған мақсатына қол жеткізуін немесе қысым көрсету арқылы іс-әрекет жасатуын бейнелейді. Түрткінің негізінде түрлі қажеттіліктер жатыр (туа біткен және кейіннен пайда болған), өз таңдауы мен іс-қимылының себебін саналы түсінуі.
Түрткі (түрткі тудыру) іс-әрекет сипатымен байланыста қарастырылады. Мұндай жағдайда түрткінің адамға ықпалын түсінуге болады. Түрткілер жалпы, жеке және жағдаяттық сипатта болады:
- жалпы сипаттағы түрткілер жеке тұлғаға тән типті (оның бағыттылығының ерекшеліктерін, субьектілік статусын) анықтайды;
-жеке сипаттағы түрткілер адамның бейімділіктерін бекітуі немесе әлсіретуі мүмкін;
- жағдаяттық – жеке тұлғаның субьектілік іс-әрекеттерінде әр түрлі бейнеленеді.
Құралдар - адам іс-әрекет үдерісінде қолданылатын нәрсені таңдайды және сол арқылы мақсатқа жетеді. Олар өзінің әлеуметтік маңызына қарай:
- адамның жасы мен мүмкіндіктеріне сай;
- қоғамда және кәсіби ортада қабылданған;
- жаңа, типтік емес, ерекшеленген, бірақта тиімді, жеке тұлғаның өзіне тән шығармашылығын сипаттайтын;
- нақты әлеуметтік ортада қолдануға болмайтын, оның қалыптары мен ережелеріне қайшы келетін асоциалды тұлғаға тән (ондай тұлғаға қолданылатын кез келген құрал жарамды саналады, тек алынатын нәтижені қамтамасыз етсе болғаны).
Әлеуметтік-педагогикалық фактор адамның өзбетінше дамуына, іс-әрекет құралын таңдауына себепші болады. Ол бір қырынан, оның қандай тұлға екендігін, екінші қырынан, оның қалай сипатталатындығын анықтайды. Мысалы қалыпты дамыған адам жасына және қоғамдық талапқа лайық іс-әрекет құралдарын таңдайды; өзіндік ерекшелігі бар, яғни дарынды адам - өзіндік ойы болғандықтан, шығармашылықпен қоғам талаптарына қайшы келмейтін құралды таңдайды; асоциалды тұлға үшін қоғам талаптарына сәйкеспейтін (көздеген нәтижеге жетуі үшін, кез келген құралды жарамды санайтын) құрал таңдалады. Адамның іс-әрекет құралдарын таңдауына қарай, ол оны сипаттайтын көрсеткіш болады. Соған байланысты ол қандай тұлға, оның даму бағыты қандай екендігі туралы білуге болады.
Американдық әлеуметтанушы Р.Мортон 1930-шы жылдары әлеуметтік аномия теориясын ұсынған еді (грек. а – терістікті білдіретін қосымша және nomos – заң), индивид іс-қимылының қалыптан тыс ауытқуының қалыптасуын негіздеген болатын. Әр мемлекетте белгілі мақсат пен оған қол жеткізу құралдары басымдылық етеді. Адам өмірлік қызметіне лайық мақсат пен құралды таңдауына байланысты жеке тұлғаның нақты бір қоғамның әлеуметтік қалыптарына сәйкесуі немесе сәйкеспеуінен асоциалды тұлға қалыптасуы мүмкін.
Іс-әрекет (құралды қолдану), алынатын нәтижеге қол жеткізетін мақсатқа бағытталады. Олар орындаушының іс-әрекет біліктері мен дағдыларының дамып жетілуіне және іс-әрекеттік жаттығуға, жеке тұлғаның белгілі сапасын қалыптастырып, оны бекітуге ықпал етеді. Бір кезеңде практикалық іс-әрекеттер жеке тұлғаның бұрынғы дүниетанымдық көзқарастарын бекітуін немесе бекітпеуін және қалыптасқан (немесе қалыптасатын) тәжірибесін жоққа шығаруы мүмкін.
Қарым-қатынас - бұл байланыс іштей қабылдауға және өзбетінше әрекет ету қажеттілігімен сипатталады. Ол барлық іс-әрекетпен қатар жүреді. Бұл адамның іс-әрекетіндегі өзіне деген сезімдік әрекет обьектісіне, орындайтын әрекеті мен оның нәтижесіне қатынасын білдіреді.
Адамның іс-әрекет барысындағы өзіне қатынасы біртіндеп қалыптасады. Ол кәсіби іс-әрекетінде айқын көрінеді. Әр түрлі адамдарда оның бейнелену формасы алуан түрлі болады: жауапкершілік, сындарлылық және талап қоюдан бастап, белгілі бір адамның алдындағы мақсатты шешуге деген абсолютті енжарлық танытуы, қойылған мақсатты орындамауы және тіпті оның жағымсыз тұсы - әрекет еткісі келмеуі. Адам тек өзін ғана жақсы көріп, әрекет барысында өзін құрметтеуі, өзін жоғары бағалауы, өзіне, іс-әрекетіне мейілінше талап қоюы, сонымен қатар өзіне, іс-әрекетіне енжарлық танытуы, өзіне және өзінің мүмкіндіктеріне сенімсіз болуы және т.б.
Атқаратын іс-әрекетке қатынасы. Осы арқылы адамның жеке тұлғалық қасиеті байқалады, оның сапалылыққа ұмтылысы, кәсіби шеберлігін және жеке басына тән техникасын көрсете білуі. Осыдан маманның өз іс-әрекетіне деген қатынастары – қызығушылығы, жауапкершілігі немесе немқұрайлылығы, енжарлығы, т.б. көрінеді.
Іс-әрекет нәтижесіне қатынасы. Осы жерде іс-әрекеттің тек іс-әрекет үшін енжарлықпен жасалатынын байқауға болады (қызметінің қажетіне байланысты іс-әрекет етуі), іс-әрекет үдерісі (ерте жас кезеңіне байланысты); нәтиже алуға шынайы және терең қызығушылық білдіруі. Маманның нәтиже әрекетіне қызығушылығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жетістікке жетуі (немесе жетпеуі) жеке тұлғаға ықпал етеді. Оң нәтиже маманның өзіне деген сенімін, мүмкіндіктері мен кәсібилігін арттырады; теріс нәтиже өз қабілетіне сенімсіздік тудырып, мамандық туралы ойын өзгертеді және т.б.
Адамның іс-әрекеті сезімге бай болса, іс-әрекетке деген құлшынысы мен табандылығы жоғары немесе керісінше төмен болады. Жағымды қатынас пен нәтижелілік сол әрекет түрімен айналысу тілегін арттырып, өзіне деген сенімін бекітеді; жағымсыз қатынас, керісінше, - қызығушылығын төмендетіп, енжарлық пен сенімсіздікке жол береді. Іс-әрекетке қатынас адамның сезім сферасына және ұмтылысына мейілінше ықпал етеді.
Нәтиже – ол іс-әрекет нәтижесіне қол жеткізу. Оның жеке тұлғаның дамуына ықпалы зор. Адамның іс- әрекет барысының нәтижесінде және оны қалай алатынына байланысты, өзінің күшіне сенімі артады немесе, керісінше сенімсіздігі пайда болады; алынатын нәтижені алдын-ала болжап, оған қол жеткізу немесе белгілі жағдаятқа байланысты әрекет етіп, не болатынын күту және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |