VIII-ТАРАУ. ӘЛЕУМЕТТІК ТӘРБИЕ – ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУДІҢ НЕГІЗІ
Әлеуметтік педагогика білім саласы ретінде бірнеше қызмет атқарады: теориялық-танымдық, қолданбалық және гуманистік.
Теориялық-танымдық қызметі – әлеуметтік педагогика білімді жүйелеп талдау арқылы өзінің зерттейтін үдерістері мен құбылыстарының қазіргі қоғамдағы толық сипатын анықтап, оларды түсіндіреді және оның терең негіздерін ашып көрсетеді.
Қолданбалық қызметі әлеуметтану үдерістерінің ұйымдастырушылық-педагогикалық және психолого-педагогикалық аспектілеріне әлеуметтік-педагогикалық ықпалдардың тиімді жолдары мен тәсілдерін іздестіріп, жетілдіреді.
Гуманистік қызмет - жеке тұлғаның дамуы мен өзін жетілдіретін жағымды жағдайларды дамытатын әлеуметтік-педагогикалық үдерістердің мақсатын көрсетеді.
«Әлеумет» термині («әлеуметтік») (лат. socialis – қоғамдық) қоғамдық өмірмен байланысты және адамдар арасындағы қарым-қатынастарды білдіреді.
Әлеумет – адамды қалыптастыратын орта; адамның айналасындағы түрлі топтар мен бірлестіктер, ұйымдар мен мекемелер, қозғалыстар; адамның өмір бойы онымен тығыз байланысты ортасы; кеңістік – заттық, мәдени, рухани - өз белсенділігін жүзеге асырады.
Әлеуметтендіру – адамның өмір бойы айналадағы ортамен әрекеттесу үдерісіндегі әлеуметтік қалыптар мен мәдени құндылықтарды жасауы арқылы өзбетінше дамуы және мүмкіндіктерін өзбетінше қоғамда жүзеге асыруы.
Әлеуметтік институт - тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты біріккен іс-әрекетін ұйымдастыру формасы. Әлеуметтік педагогика курсындағы жеке тұлғаны әлеуметтендіру факторының бірі, әлеуметтік институттар, олар: отбасы, мектеп, бала бақшасы, еңбек ұжымы және т.б.
Әлеуметтік тәрбие өз мәнінде мақсатты бағытталған тәрбие іс-әрекеті, яғни адам өмірімен байланысты қоғамдық тәрбие. Оны қоғам (мемлекет), әлеуметтік институттар (отбасы, білім беру мекемелері, әлеуметтік, т.б. ұйымдар), адамның өзіндік әлеуметтік факторлары тұрғысынан қарастыру қажет.
Бұл тақырыпта мынадай мәселелер қарастырылады:
әлеуметтік тәрбие мемлекет (қоғам) тұрғысынан;
әлеуметтік институттар және оның субьектісі ретіндегі жеке тұлғаның әлеуметтік тәрбиесі.
Достарыңызбен бөлісу: |