7.2 Адамның бейімделмеуі, оның себептері,
алдын алу, бейімделмеу себептерін жою
Дезадаптация (лат. қосымша de... немесе фран. des...) - жоғалу, құру, толықтай жоқ болу және өте сирек мағынада төмендеу, кішірею, бір сөзбен айтсақ, бейімделмеуді білдіреді. Кейбір ғылыми әдебиеттерде «дизадаптация» (лат. dis – бірінші мағынада – бүліну, қателесу, өзгеру, сирек мағынада жоғалуды білдіреді). Егерде адаптацияның бүлінуі, қателесуі жайында айтсақ, онда біз дизадаптацияны, адаптацияның толықтай жоғалуы мағынасында қолдансақ, жалпы қарағанда ойлайтын мәннің мүлдем саналы тіршілігін тоқтату деп білеміз, егерде ол мән тірі және саналы болса, онда ол ортаға басқаша бейімделеді. Сонымен қатар латынша de – «де» және «ди» түрінде де оқылады. Сондықтанда, «дезадаптация» сөзінің мәні, оған жүктелетін мәнмен анықталады. Бұл фактының білдіретіні «дезадаптация» мен «дизадаптация» ғылыми әдебиетте және практикада синоним ретінде қолданылатындығында.
Дезадаптация (дизадаптация) деп жиірек адамның әлеуметтік-психологиялық және писхофизиолагиялық статусының тіршілік жағдайының талаптарына сәйкеспеуін, оның өз кезегінде тіршілік ортасына бейімделмеуіне әкеледі. Дезадаптация құбылысы жеке (типтік) немесе кез келген ортада орын алады. Мысалы, бала үйде өзін өте жақсы сезінеді және ешқандай дезадаптациялық құбылысты сезінбейді, ал бала бақшасында керісінше, өзін дискомфортты, яғни жақсы сезінбейді.
Дезадаптация, адаптация тәрізді үдеріс, көрініс және нәтиже ретінде қарастырылады.
Дезадаптация көрініс ретінде – адамның тіршілік орта жағдайына адаптациялық мүмкіндіктерінің төмендеуін және белгілі бір жағдайда (бала бақшада, сыныпта, топта және т.б.) бейімделмеуін білдіреді. Жеке жағдайда, дезадаптация баяу сипатта жүреді және байқалмайды, сөйтіп белгілі бір кезеңде, жеке тұлғаның күрделі мәселесіне айналуы мүмкін; кейде адам белгілі бір жағдайға бейімсіз болғанда және өзін-өзі таба алмағанда, бейімделмеу құбылысы анық сыр береді. Мұндай жағдайда оның салдары өте күрделі болуы да мүмкін. Бала үшін ұзақ мерзімді дезадаптация оның дамуын тежеп, жағымсыз шарттар мен үрейін қалыптастырады.
Дезадаптация көрініс ретінде – адамның сыртқы сипатындағы теріс әрекеттерін, қалыптан тыс мінез-құлқынан, іс-қимыл, қарым-қатынасынан және белгілі бір ортадағы іс-әрекет нәтижесінен байқалады. Дезадаптацияның көріну формасы әр балада әр түрлі. Сырттай оны анықтау да оңай емес. Ол үшін адамды өте жақсы білумен қатар, әр түрлі жағдайдағы оның өзіне тән іс-қимылын да жетік білу қажет. Тәрбиешінің бала бойындағы дезадаптацияны дер кезінде байқауы, сол жағдайды тез түзетуге, оның жағымсыз терең салдарының алдын алуға көмектеседі. Бұл жердегі мәселе, тәрбиеленушіге ерекше жағдай жасауда емес, дезадаптацияның ықпалынан болатын, жағымсыз бүліну салдарының алдын алу.
Дезадаптация нәтиже ретінде – адамның қалыпты жағдайына сай келмейтін, жаңа ортаға лайық емес сапалық қалпын және көрінісін салыстырмалы бағалау, оның өз қатарындағыларға, оқуына, іс-әрекетіне бұрынғы іс-қимылынан және қарым-қатынасынан (бала бақша тәрбиеленушісі, оқушы және т.б.) білінеді. Балаға қатысты – оның іс-қимылы, қарым-қатынасы, іс-әрекетінің нәтижесі (балалармен, ересектермен, оқуға, ойынға қатынасы), оның өзіне (өз қатарларына) белгілі ортадағы әлеуметтік қалыпқа сәйкеспеуімен сипатталады.
Арнайы әдебиеттерде және практикада дезадаптивті ұғымы белгілі бір топ адамдарына қолданылады: дезадаптивті балалар, дезадаптивті сәби, дезадаптивті топ, сонымен бірге тіршілік ортасына қатысты деформациялық құбылыстың салдарлары: мектептік дезадаптация, отбасылық дезадаптация және т.б.
Дезадаптивті балалар. Мұндай балалар өз қатарындағылармен және өзге балалармен тіршілік орта жағдайына (бала бақша тобына, сыныптық ұжымға, өз қатарына және т.б.) бейімделмеуіне байланысты, өз қабілеттерін көрсетуіне, дамуына, тәрбиесіне, оқуына теріс ықпал етеді, соның салдарынан, мысалы, сыныптың нашар оқушысы болады. Сонымен бірге нашар үлгерім көрсеткіші, бейімделмеуге байланысты болмауы да мүмкін, ол баланың жеке басына тән танымдық мүмкіндігінің оқуға деген ынтасының төмен болуына және т.б. жәйттерге де байланысты болады.
Дезадаптивті адам. Бұл адамның өзгелерден ерекшелігі, тіршілік ортасына бейімделу мәселелері, оның дамуынан, іс-әрекетінен, табиғи жағдайдағы міндеттерді шеше білмеуінен байқалады.
Дезадаптивті сәби. Тіршілік ортасының жағдайына бейімделмеуіне байланысты, өз қатарындағылардан дамуы, әлеуметтенуі, жасына сай алдындағы міндеттерді шешуі бойынша ерекшеленеді.
Балалардың белгілі бір тобы, өмірде кездесетін тіршілік орта жағдайына бейімделмеуді тез жеңеді. Ортаға табиғи бейімделуде олар қиыншылық көрмейді. Бірақта, назар аударатын жәйттің бірі, олар түрлі тіршілік орта жағдайына бейімділігі қарқынды болса да, сирек жағдайда үлкен қиыншылықтарды сезінеді, әсіресе дезадаптивті балалардың келешектегі өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі жетілдіруінде сыр береді. Мұндай балалар адаптация кезеңінде қолдау мен көмекті қажетсінеді.
Мектепке бейімделмеу. Бастауыш сынып мұғалімдері осы сатыдағы балалардың мектеп өміріне бейімделмеу қиындығын байқайды. Бейімсіздік 6-8 жасар балаларға тән, өйткені оларға сыныптық-сабақ жағдайы түсініксіз, өз қатарларымен қарым-қатынас орната алмайтындықтан, мектеп өміріндегі танымдық қызметі немесе оның екпіні төмен болады. Мұндай балаларды мұғалім назарында ұстап, оларға көмек көрсетіп, олардың жеке бас ерекшеліктерін ескеруі тиіс. Балалардың мектепке бейімделу мүмкіндіктерін белсендіру, сынып ұжымына және оның қолдауына байланысты болады.
Педагогтың дезадаптивті балалармен, олардың ата-аналарымен және сыныппен қарым-қатынасын мақсатты түрде ұйымдастыруына қарай, мектепке бейімделмеу мерзімі оқу жылының басында 2-4 ай шамасына қысқарады. Өте күрделі жағдайда, баланың мектептегі оқуға деген теріс реакциясына байланысты арнайы мамандармен кеңесу, сонымен қатар, психологпен, ал кейбір жеке жағдайда баланың жүйке жүйесіне байланысты жылауық болуы, ұйқысы мен тәбетінің бұзылуына қарай психоневрологпен кеңесуді керек етеді.
Түрлі топқа жататын белгілі тіршілік орта жағдайындағы балалардың мектепке бейімделмеуінің алдын алу немесе тәрбие мен оқыту барысында оны жеңуге болады. Дезадаптивті балаларда ауытқу формасының болуы, олармен арнайы оқу мекемелерінде оқу-тәрбие жұмысын жүргізуді және оны тудырған факторларды ескеруді талап етеді. Ондай балалармен жұмыс жасау үшін арнайы әдістеме және арнайы дайындығы бар маман керек.
Адамның дезадаптивтілігіне, яғни бейімсіздігіне бір топ факторлар әсер етеді, олар: тұлғалық (ішкі), орта (сыртқы) немесе екеуі де.
Бейімделмеудің тұлғалық (ішкі) факторлары жеке тұлғаның әлеуметтік қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етпеуіне байланысты болады. Оларға жататындар:
- ұзақ уақыт сырқаттану;
- баланың тіршілік ортасымен қарым-қатынасының тарылуы және айналасының оның жеке басына лайық өзгешеліктеріне орай қатынасының болмауы;
- адамның жасына қарамастан ұзақ уақыт ( қажетті немесе үкімді түрде) күнделікті іс-әрекетінің шектелуі;
- бір іс-әрекеттен екінші іс-әрекетке ауысуы (ұзақ демалыс, уақытша өзге қызмет міндетін атқару) және т.б.
Бейімделмеудің отбаслық (сыртқы) факторлары адам үшін үйреншікті емес, тұлғалық сапа деңгейін көрсетуіне кедергі келтіреді. Оған жататындар:
- отбасындағы кикілжің, баланың тұлғасына нұқсан келтіреді. Мұндай қалыптағы жағдай «тәуекел тобы» отбасында, баланы бедел арқылы тәрбиелеп, оған қысым көрсетуі;
- отбасындағы ата-ана мен отбасы мүшелерінің, өз қатарларының оған толық көңіл бөлмеуінен;
- балаға айнала басымдылығының ықпалы (баланың бақшаға баруы, тобын, сыныбын ауыстыруы);
- топтың балаға қысым көрсетуі - ұжым, кішігірім топтың қабылдамауы, ығыстыруы, күш көрсетуі және т.б. Бұл жас жеткіншектерге тән, өз қатарларының қатыгездік танытуы, күш көрсетуі – жиі орын алатын құбылыс;
- «нарықтық тәрбиенің» көрінісі, баланың жетістігінің материалдық игілікпен өлшенуі. Жас ерекшелігіне лайық емес қызығушылықтары, әлеуметтік жақсылық идеалдарын бірінші шепке қою және жеңіл жолмен табыс табу. Материалдық игілікке қолы жетпеуден депрессиялық* қалыпқа түсу.
(Депрессия - лат.depressio - өзін төмен санау, қысым көру) психикалық сырқат қалпы, эмоциялық, зияттық торығу және қимылдарының тежелуі. Қызығу, мотив, ерік белсенділігінің, өзін-өзі бағалауының күрт төмендеуі. Мұндай қалып баяу қимыл, тез шаршау, өзіндік бастамасының болмауымен сипатталады);
- «нарықтық тәрбиедегі» ақпарат құралдарының жағымсыз ықпалы. Балалардың қызығушылықтары жас ерекшеліктеріне лайық емес әлеуметтік жақсылықтар идеалдарын және оларға оңай қол жеткізуді насихаттайды;
- өмір шындығы баланың түңілуіне, өзінен кемшіліктер іздеп, өзін қор санауға, дезадаптивтілікке ұшыратады. Арзанқол мистикалық романдар, үрей тудыратын фильмдер мен адамды ату-қыру әлі толыспаған адамның өлім туралы түсінігін бұлдыр етіп, оны асқақ мұратқа айналдырып көрсетеді;
кейбір тұлғалардың балаларға дезадаптивтік ықпалы зор, олардың алдында балалар қысылып, дискомфорт (өздерін қолайсыз) сезінеді. Ондай тұлға дезадаптация тудырушы (дезадаптация тудыратын бала – топ) – ондай адам (топ) белгілі бір жағдайдағы ортаға (топқа) немесе жеке тұлғаға қатысты дезадаптивтік фактор ретінде ықпал етеді (өзін-өзі анықтауға әсер етеді) және сонымен қатар, баланың белсенділігін және өзін-өзі толықтай ашу қабілетін тежейді. Мынадай мысалдарға назар аударыңыз: қыз өзінің көңілі бар жігіттің алдында; өте белсенді оқушының сынып алдында; қиын бала, мұғалімнің өзіне деген қатынасын ушықтыру рөлін белсенді (әсіресе жас маманның) атқарады;
балаға «қамқор болу» міндетіне қатысты жеке бас және жас ерекшелігіне сай келмейтін артық жүк арту. Мұндай фактілер жиі кездеседі, мәселен баланың жасына лайық емес, дайындығы жоқ баланы гимназиялық сыныпта оқыту; баланың психологиялық және физикалық мүмкіндіктерін ескермеу (мысалы, спортпен шұғылдану, мектепте оқыту, үйірмелерге қатыстыру);
жеке бас және жас ерекшелігіне сай емес, жүктемелер арту. Балалар мен жеткіншектердің дезадаптивтігінің түрлі салдарлары да кездеседі. Көбінесе, олар жағымсыз сипат алады, соның қатарында:
тұлғалық деформация (бүліну);
физикалық жағынан толықтай дамымауы;
психикалық дамуының тежелуі;
ми қызметінің бүліну мүмкіндіктері;
типтік жүйкелік ауытқулар (көңіл-күйінің төмендігі, тежелу немесе қозу, бүлікшілікке жол беру);
жалғыздық – адамның өз басындағы шешілмеген мәселелерімен оңаша қалуы. Ол сырттай оқшауланумен байланысты немесе өзін жоюға бет алуы;
өз қатарларымен және өзгелермен қарым-қатынастарының шиеленіске ұшырау мәселелері. Аталған мәселелер негізінде, баланың өз өмірін сақтау инстинктін төмендетеді. Күрделі жағдайларға бейімделе алмауынан, адам өзіне қол жұмсауға (суицидке) дейін барады.
Сирек емес жағдайда дезадаптивті балалар жеке адамның (топтың) бейімделуіне ықпалы етеді. Мұндай жағдайда дезадаптивтікті тудырушы адам, топ туралы айтуға болады.
«Көше балалары» ересектерден де артық бейімделгіш келеді. Тіпті өте күрделі жағдайда да, олар өздеріне ұсынған көмекті қабылдаудан бас тартады. Олармен жұмыс жүргізетін мамандар арнайы мекемелерде дайындалады, оларды тәрбиелеу, сендіру әдістемелерін игереді. Егерде көшедегі баланы арнайы балалар үйіне орналастырса, онда олар алғашқы кезеңде дезадаптивті балалар қатарына жатады. Біраз уақыт өткеннен соң, ол немесе ол тәрбиеленетін ортаның дезадаптивті болғанын алдын- ала білу қиынға соғады.
Девиантты іс-қимылды балалардың жаңа жағдайға бейімділігі жоғары болғандықтан, ол негізгі тәрбиеленушілерге қатысты, күрделі жағымсыз мәселелер тудырады. Тәжірибе көрсеткендей, қиын баланың тәрбиеленушілер арасына келуі, педагогтан топты (сыныпты) белгілі деңгейде қорғау шараларын жүргізуді талап етеді. Кейбір жеке тұлғалар бүкіл топқа жағымсыз ықпал етіп, оқу мен тәртіпке бейімделмеу мүмкіндігін тудырады.
Осы жоғарыда аталған факторлардың бәрі баланың зияткерлік дамуына қауіп тудырады. Қиын тәрбиеленетін, әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан дамуының кешеуілдеуі тәрбие аясында жеке баланың (топтың) тәрбиеге, оқуға бейімделмеуіне қауіп төндіреді. Тәжіріибе көрсеткендей, кейде баланың өзі жаңа ортаға бейімделмеуінен жапа шегеді, кейбір жағдайда өзгелер үшін, соның қатарында мұғалім үшін де бейімделмеу (дезадаптивті) факторына айналады.
Жеке тұлғаның, жеткіншектің дамуына дезадаптивтіктің жағымсыз ықпал ететінін ескеріп, оның алдын-алу жұмыстарын жүргізу керек. Жеке балалардың, жеткіншектердің бейімделмеуінің алдын-алу жолдары төменгідей:
балаға тиімді орта жағдайын жасау;
оқу барысында баланың жеке даму мүмкіндіктеріне сай, күрделі қиындықтарсыз оқу үдерісін ұйымдастыру;
баланың жаңа жағдайға бейімделуіне қолдау көрсету;
баланың өзіндік белсенділігін, өзін-өзі өмірлік ортада көрсете білуі, оның бейімделуіне түрткі болады;
түрлі тұрғындар арасында қиын өмірлік жағдайларға тап болғандарға арнайы әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық көмек көрсету қызметін жолға қою, мәселен, сенім телефондары, әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық көмек, тығырықтан шығу стационарлары;
- ата-ана, мұғалім мен тәрбиешілерге бейімделмеудің алдын-алу әдістерін оқыту және оның салдарларын жою;
- қиын өмірлік жағдайларда түрлі адамдарға әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық қызмет көрсететін арнайы мамандар дайындау.
Дезадаптивті балаларға беймделмеуін жеңуге көмек көрсету. Осы аталған іс-әрекеттер дезадаптивтілік салдарын жоюға бағытталады. Әлеуметтік педагогикалық іс-әрекет мазмұны бейімделмеуге соқтырған салдарларға байланысты қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |