Әлеуметтік педагогика


Әлеуметтік институттар және олардың субьектілер ретіндегі тұлға тұрғысынан әлеуметтік тәрбиенің мәні



бет30/90
Дата25.09.2022
өлшемі1,49 Mb.
#150614
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   90
Байланысты:
аза стан республикасы ылым ж не білім министрлігі леуметтік п

8.2 Әлеуметтік институттар және олардың субьектілер ретіндегі тұлға тұрғысынан әлеуметтік тәрбиенің мәні

Өскелең ұрпақтың жеке тұлғалық сапасын қалыптастыруды және оны әлеуметтік тұрғыдан шешу талаптарын мемлекет анықтайды. Дегенмен де, нақты тәрбиені іске асыратындар - әлеуметтік институттар және адамның өзі. Әр әлеуметтік институт әлеуметтік-тәрбиелік қызметін мемлекеттің (қоғамның) талаптарына сай жүргізеді. Олар мемлекеттік (қоғамдық), арнайы және арнайы әлеуметтік-тәрбиелік міндеттерді шешеді. Әлеуметтік институттар тарапынан мынадай әлеуметтік тәрбие бағыттары бөлініп көрсетіледі:



  • ресми шартты (мемлекеттік) қалыптағы тәрбие. Әр әлеуметтік институт оқушы жастарды мемлекеттің заңдары, ережелері мен қоғамда қалыптасқан дәстүрлер негізінде тәрбиелеп, адамдарды қоғамдық өмірге дайындайды. Ол әлеуметтік-тәрбиелік міндеттерді өз құралдарымен және әдістерімен жүргізеді;

  • әлеуметтік-шартты (ерекше) тәрбие, әлеуметтік мәртебемен құрылып, мекемесі анықталып, қызмет етеді. Әлеуметтік-себепті тәрбие жеке тәрбиеленушілердің ойлау жүйесін, яғни ділін қалыптастыруға бағытталады, ол өзінің ерекшелігімен, әлеуметтік тұрғыдан толысуымен және кәсіби маңызды, әлеуметтік міндеттерді игереді, мысалы, мұғалім, дәрігер, әлеуметтік педагог, әлеуметтік қызметкер, әскерилер және т.б. Бұл жердегі мәселе төркіні адамдардың белгілі әлеуметтік мәртебені, әлеуметтік қызметті игеруі жайлы.

Әр мекеме, әр ұйым өзіне тән әлеуметтік ортаны (кәсіби бағытты) құрады. Ол жеке тұлғаны қалыптастырып, әлеуметтік мәртебемен ерекшелендіреді, осы ортаға тән адамның ойлау жүйесі, ділі қалыптасып, ол өзгелерден ерекшеленеді: мысалы, әлеуметтік педагог – мұғалімнен, әскери қызметкер - әлеуметтік қызметкерден, ал ол дәрігерден және т.б.;
- арнайы (өзіндік ерекшелігі бар) әлеуметтік тәрбие. Ол белгілі ортаға тән (отбасы, ұйым, мекеме). Бұндай тәрбие типіне нақты әлеуметтік идеал, модельдер, әлеуметік типке сай жеке тұлға қалыптастырылады. Ол адамгершілік-психологиялық ахуалға, қағидаларға, ұстанымдарға, қалыптасқан дәстүрге, тәрбие жұмысының тәжірибесіне, беделді адамдардың тәрбие үдерісін ұйымдастыруына, тәрбиелеуші ортаға, қалыптастырылатын адамның әлеуметтік тұрғыдан қажеттілігіне байланысты болады. Мұның өзіндік ерекшелігі болғандықтан, осы жерде және осы ортада туындайды және өз тәрбиеленушілерін өзге мекеме тәрбиесінен ерекшелендіреді.
Отбасында әлеуметтік тәрбиенің осы типін белгілі идеалға негізделген ата-ана тәрбиесі деп атауға болады. Әр ата-ана өз баласын тәрбиелеудің мақсатын өзі анықтайды. Оны олар әр түрлі шешеді, үнемі тар ауқымды өзімшілдікке ой алдырып, баласының болашағын жоспарлап, өз ұлы немесе қызы үшін маңызды, жылы орынды армандап, сол жерден орын алғанын қалайды. Мұндай болашақ түрлі бейнеде суреттеледі, мысалы, ұлының қоғамда «жоғары мәртебелі орында қызмет етуі», өзінің «ізін жалғастырушы», «адам болу», ғалым, инженер атануы және т.с.с.
Отбасы - жетекші әлеуметтендіру институттарының бірі. Отбасы тарихи қалыптасқан кішігірім ұйым, оның мүшелері некелік және туыстық қатынаста, ортақ тұрмыс және өзара моральдық жауапкершіліктегі, әлеуметтік қажеттілік салдары ретінде, қоғам тұрғындарының өсімі мен рухани дамуын қамтамасыз етеді (А.Г.Харчев).
Отбасы қоғамның «кішігірім бөлшегі». Ол өзбетінше кішігірім бөлік бола тұра, белгілі әлеуметтік ортамен тығыз байланыста және оған тәуелді. Отбасы қоғамдағы үдерістер, қиындықтар мен қайшылықтардың бейнесін көрсетеді. Сонымен қатар, отбасы да қоғам өміріне ықпал етеді, өйткені ол адамды дүниеге әкеліп, адамзат ұрпақтарын жалғастыратындықтан, оған бала тәрбиесінің тәндік және рухани қырларын дамытып қалыптастыру жүктеледі.
Отбасы балаға өзінше ықпал ететіндіктен баланы қалыпты тәрбиелеудің міндетті факторы болып саналады. Отбасы тәрбиесінен тыс қалған бала көп жағдайларда отбасында тәрбиеленген балаға қарағанда қауіп-қатерге ұшырауы мүмкін және жетілу жағынан өз қатарларынан кешеуілдейді.
Отбасы тәрбиесінің маңыздылығын мынадан байқауға болады:

  1. Отбасы тәрбиесінің эмоциялық сипаты басым, өйткені онда ата-ананың балаға және баланың ата-анаға деген мейірімі мен сүйіспеншілігі сезіледі ( бауыр басу, сенім арту).

  2. Бала басқа ықпалдарға қарағанда, ерте жастан отбасы ықпалына бейім.

  3. Отбасы кішігірім топ, әлеуметтік орта болғандықтан, баланы біртіндеп әлеуметтік өмірге бейімдеп, жас кезеңіне қарай түсініктері мен тәжірибесін қалыптастырады.

4. Сонымен бірге отбасы құрамы жағынан біркелкі емес, ол сараланған топ, оның құрамында әр түрлі жастағылар мен жыныстағылар және кәсіби «жүйелер» бар. Сондықтанда баланың эмоциялық және зияттық мүмкіндіктерінің дамуын белсенді түрде іске асыра алады.
Отбасы тек бала үшін ғана емес, ересектер мен қариялар үшін де әлеуметтік орта саналады. Онда тәндік, эмоциялық және адамың әлеуметтік дамуы өмір бойы үздіксіз іске асырылады. Баланың тәндік дамуы отбасы тұрмысына байланысты. Отбасындағы көңіл-күй ахуалы отбасы ішілік қарым-қатынастарға әсер етеді. Отбасында әлеуметтік дамудың түрлері – бір-біріне қолдау көрсету, енжарлық таныту, сындарлы көзқарас баланың түрлі өмірлік жағдаяттан шығу жолдарын іздестіруіне, өмірлік өзгерістер мен әлеуметтік жағдайларға бейімделуіне түрткі тудырып тәрбиелейді.
Әлеуметтік педагогика отбасын әлеуметтендіру үдерісінің қызметін анықтайды.
1. Адамның тәндік және эмоциялық дамуы. Сәбилік және жас кезеңде тәндік және эмоциялық даму басты рөл атқарады, оның орнын басқа әлеуметтік институттар толықтыра алмайды. Адамның тәндік және эмоциялық дамуы балалық шақта, бастауыш мектеп жасында және жеткіншектік жас кезеңдерінде бала дамуына ықпалы зор және бірегей. Онан кейінгі кезеңдерде отбасындағы тәндік және эмоциялық даму бәсеңсиді, ал адамның жасы ұлғайған шақта, қайта басымды рөл атқарады.
2. Отбасы сәбидің алғашқы үш жылғы дамуында, оның психологиялық жынысын анықтауда белгілі рөл атқарады. Мұнда маңызды рөлді әке атқарады, өйткені ол ер және қыз балаға әр түрлі қатынас (ер баланың белсенділігі мен батылдығын, ал қыздың мейірімділігін) дамытады. Ал ана болса, балаларының жынысына қарамастан, оларға жылы, мейірбандық қатынас білдіреді. Отбасында әкенің болмауы немесе отбасында оның сирек көрінуі, баланың жыныстық әлеуметтенуінің тиімділігін төмендетеді.
3. Отбасы баланың ақыл-ой дамуына жетекші ықпал етеді (американдық ғалым Блум баланың ақыл-ой даму коэфицентінің жақсы және нашар отбасындағы көрсеткішінің жиырма баллға жететіндігін көрсеткен), сонымен бірге адамды мәдениеттендіру шаралары барлық әлеуметтену кезеңдерінде жүреді.
4. Отбасы өз құрамындағы мүшелеріне түрлі әлеуметтік қарым-қатынас қалыптарын игертіп, отбасы мүшелерінің атқаратын рөлін бекіту арқылы өзінің келешек отбасындағы міндетін дұрыс атқаруын қалыптастырудағы маңызы ерекше.
5. Отбасында іргелі құндылық бағдарлар мен ұлтаралық қатынастар, өмір сүру салты, өмірлік мұраттары мен ұмтылыстары, белгілеген жоспарлары және оны жүзеге асыру тәсілдері қалыптасады.
6. Отбасында адамды әлеуметтік-психологиялық қолдау, оның өзін-өзі бағалауын, өзін-өзі құрметтеуін, өзін-өзі қабылдауын, өзін-өзі іске асыру тиімділігін қалыптастырады.
Отбасы мүшелерін әлеуметтендіру үдерісіне отбасының типі ықпал етеді. Қазіргі психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде отбасының әр түрлі типтері жіктеліп көрсетіледі. Отбасы белгілеріне қарай Торохтий В. ұсынған жіктеме төмендегідей:
1) бала санына байланысты: баласыз немесе инфертильді отбасы, аз балалы, көп балалы;
2) құрамы бойынша: толық емес, бөлек, қарапайым немесе нуклеярлық, күрделі (бірнеше ұрпақтан құралған), үлкен, аналық отбасы, екінші рет неке құрған отбасы;
3) құрылымы бойынша: бір некелік жұп немесе баласыз, ата-ананың бірімен және олардың ата-анасы және туыстарымен, екі немесе онан да көп некелік жұп балаларымен немесе оларсыз, анасымен (әкесі) балаларымен, және басқа туыстарымен;
4) көшбасшылық құрылым негізіндегі отбасы: эгалитарлық (демократиялық) және дәстүрлі (беделдік);
5) отбасылық тұрмыс бойынша: «жұбаныш отбасы», баланы өбектейтін отбасы, спорттық команда немесе пікірлестер клубы тәрізді отбасы; бірінші орынға отбасына барлық жағдай жасауды, денсаулық пен тәртіпті қоятын отбасы;
6) әлеуметтік құрамы бірыңғай ұлттық, білім деңгейі, кәсібі және т.б. отбасылар: әлеуметтік-гомогендік, яғни бірыңғай немесе гетерогендік (әр түрлі);
7) обтасылық өтілі бойынша: жас жұбайлар, жас отбасы; баланың дүниеге келуін күткен отбасы; орта жастағы жұбайлар, ересек және егде тартқан жұбайлар отбасы;
8) отбасылық қарым-қатынас ахуалына қарай: жақсы, тұрақты, нашар, педагогикалық тұрғыдан әлсіз, тұрақсыз, ұйымдаспаған отбасы;
9) географиялық белгісі бойынша: қалалық, ауылдық, шалғайда тұратын отбасы;
10) қажетті іс-қимыл типіндегі: «физиологиялық» типтегі, «зияттық типтегі», аралық типтегі отбасы;
11) отбасылық өмірдің тұрмыстық жағдайына қарай: студенттік, «арақашықтағы», «некесіз» отбасы;
12) бос уақыттарын өткізулеріне қарай: ашық және жабық (бос уақыттарын үйде өткізетін отбасы;
13) әлеуметтік жылжымалы: реактивті, орташа белсенді және белсенді отбасы;
14) бірлескен кооперациялық іс-әрекет деңгейіне байланысты: дәстүрлі, ұжымдық және индивидуалдық отбасы;
15) психикалық саулығына қарай: сау отбасы, жүйкесі әлсіз (невротикалық), виктимогендік отбасы.
Отбасының, мекеменің өзіне тән ерекшелік ортасы, тәрбиеленушінің жағымсыз - әлеуметтік тәжірибесінің қалыптасуына ықпал етіп, соның салдарынан ол көшенің, жағымсыз ортаның, жеке адамның теріс ықпалына тәуелді болуы мүмкін. Басқа сөзбен айтар болсақ, ортаның өзі әлеуметтік ауытқуларды тудырып, тәрбиеленушінің көше ықпалында кетуіне, теріс әлеуметтік бағытта қалыптасуына әсер етеді. Мұндай жағдайда арнайы мемлекеттік мекемелердің баланы түзету, қайта тәрбиелеу бағытындағы қызметі іске асырылады (Луначарский, Макаренко, Сорока-Росинский және т.б.). Әлеуметтік тәрбиеге мұндай қатынасты - әлеуметтік қадағалауды әлеуметтендіру деп атап, арнайы құрылған тәрбие мекемелерінде жүргізеді. Бұл бағыт әлем елдерінде, Ресейде, Қазақстанда кең таралған. Әсіресе осы бағыттың дамуы Ресейде 1918 жылдан басталды, ондағы балалар арасындағы тәртіп бұзушылық пен панасыз балалар санынның артуына байланысты кең таралды. Қазіргі кезеңде де ата-аналардың қарауынсыз қалған балалар үшін бұл мекемелердің атқаратын рөлі орасан зор.
Бағытты әлеуметтік-тәрбиелік қызмет ата-аналарының қарауынсыз қалған ерекше қажеттігі бар балалар мен жеткіншектер үшін әлі де өз мәнін жоғалтқан жоқ. Бұл адамның жеке әлеуметтік тәжірибесін, мүмкіндіктерін және оның өмір сүру ортасының әлеуметтік қажеттігін ескеруге байланысты, бағытты әлеуметтік тәрбиелеу дегенді білдіреді. Әр бір нақты жағдайға сәйкес өзіндік әлеуметтік –тәрбиелік мақсат пен оған жету тәсілдері анықталады.
Бала өсе келе, жиі жағдайда жеткіншек, боз бала, жас адам өзінің болашақ өмірі және кәсіби мамандығы туралы ойланады. Ол өз алдына мақсат қойып, кім болатынын, оған қалай қол жеткізетінін өзі белгілейді. Ол өзінің шамасынша, өзін жетілдіру бағыттарын анықтап, соған сәйкес өзінің жұмысын жоспарлап, әлеуметтік тәрбиесін жетілдіруге қызмет етеді. Бұл факт әлеуметтік тәрбиеге тағы бір көзқарастың субьектінің өзін-өзі жетілдіру ұстанымын - бағытты (саналы) әлеуметтік өзін-өзі жетілдіру қажеттігін анықтайды (Шульгин). Ол оның алдыңғы әлеуметтік тәжірибесімен және жеткіншекке, жас адамның жас кезеңіне сай әлеуметтік таңдауымен және оған қол жеткізудегі тәжірибелік іс-әрекетімен анықталады. Осыдан анықталатын жәйт, жас адам қандай болуы тиіс және отбасы мен мектепте әлеуметтік тәрбие арқылы оның өзін-өзі әлеуметтік тәрбиелеудің обьектісінен субьектісіне айналдыру қажеттігі байқалады.
Жас адам көп жағдайда алдыңғы тәжірибесінің нәтижесіне қарай әлеуметтік таңдау жасайды. Сондықтанда, әлеуметтік тәрбиедегі жетекші рөлді мемлекет өз қарамағына алып, отбасы және білім беру институттарының жұмысын қадағалайды. Дегенмен де, жас адамның мейілінше әлеуметтік таңдау жасауына түрткі тудыратын мүмкіндіктер де көп, олар: беделді адамдар, кино немесе бейнефильм кейіпкерлері, көркем әдебиет немесе т.б. көптеген жағдайларда, олар жағымды ықпал жасай бермейді. Осының бәрі жастардың әлеуметтік таңдау бағытының оң немесе теріс болуын сипаттайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет