Ол теорияны жақсы меңгерген, ұдайы ізденіп, өзінің пәндік, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік білімін, мәдениет дәрежесін жоғары көтеруші адам болуы;
Коммуникативті, қоғамдық ортада беделді адам болуы;
Өзінің әрбір оқушысының ерекшелігі мен зейінін жақсы білетін қамқор, психолог болуы керек.
Белгілі педагогикалық технологияның толық әдістемесін меңгерген, ғылымның әр саласынан хабардар, жан – жақты білім болуы;
Өз мамандығын жақсы көретін, біліктілігі жоғары,кәсіптік шеберлігін ұдайы ғылымға негіздей отырып дамытатын адам болуы;
Мұғалімнің кемшіліктері :
Имидж» түсінігі ХХ ғасырдың соңында қоғам назарының және ғылыми талдаудың пәні болды. 90 жылдардың ортасында имиджді қалыптастырудың психологиялық аспектілеріне арналған, имидж жайында алғашқы отандық өңдеулер Р.Ф.Ромашкина, Е.И.Манякина, Е.В.Гришунина, П.С.Гуревич, Ф.А.Кузин және т.б. еңбектерінде жарық көрді.
Педагог имиджі – мұғалім, оқытушы бейнесінің тәрбиеленушілер, әріптестер және әлеуметтік жұртшылық санасында, бұқаралық санада қабылданудың стереотипі. Педагог имиджінің қалыптасуында нақты сапалар тығыз байланыста болады, бұл оқушының, студенттің, ата-аналардың, жұртшылықтың ол туралы ойынан туған бейнесі. Өз имиджін жасауға талпынған педагог, жақсы көрініп қана қоймай, өзін жақсы сезінеді, өзіне көбірек сенімді, нәтижесінде ол жақсы жетістікпен нәтижелі жұмыс атқарады! Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, білім алушының шығармашылығы мен дарындылығына жағдай жасай алатын, тұлғалық-ізгілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс-қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген, отандық, шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогты атаймыз.
Қорытынды Ушинскийдің «Бала балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа құйып, қандай мүсін жасаймын десе де мұғалімнің қолында» деген сөзі аталған міндетті жүзеге асыру жолында ұстазды үлкен асуларға жетелейді, жауапкершілігін арттырады. Біздің басты мақсатымыз – оқушылардың өз бетінше білім алатын шығармашылық деңгейін көтеру.