Әлеуметтік зерттеулер



бет1/2
Дата10.12.2023
өлшемі132,33 Kb.
#196167
  1   2
Байланысты:
Әлеуметтік зерттеулер


Әлеуметтік зерттеулер

Мұрат Ринат


1.Әлеуметтік зерттеулердің негізгі кезеңдерің талдау.
Әлеуметтік зерттеулер - әлеуметтік, қоғамтанулық зерттеулердің бір түрі, қоғамды жекелеген ғылымдардағы арнайы және нақтылы-әлеуметтік зерттеулерде жалпытеориялық және әдістемелік негіз , "өзегі" ретінде қарастырады. Әлеуметтік зерттеулерді бір жағынан, жалпылама, абстрактылы, қоғамды өзіне тән әмбебап белгілеріне, мәніне, бүкіл әлем заңдылықтарына сай зерттейтін әлеуметтік -философиялық зерттеулерден ажыра- тып қарау керек; екінші жағынан, қоғам¬дағы нақтылы, арнайы ғылымдардағы – саясаттану , экономикалық теория , мәдениеттану , әлеуметтік экология, құқықтану , этнология және т.б. - әлеуметтік зерттеулерден бөліп қарау керек. Бұнда қоғам әлеуметтік біртұтас түрінде зерттелмей, оның кейбір жекеле¬ген құрылымдары, бөлігі, саласы қарас- тырылады. Ә.З.-ге сай белгілер: әлеу- меттік шынайылықты зерттеуге жүйелі көзқарас ; әлеуметтік дәйектерге сүйену; эмпирикалық материалдар қолдану. Әлеуметтану құрылымына сай Әлеуметтік зерттеулер теориялық және эмпирикалық ; негізгі және қолданбалы; макро, микро және орта деңгейдегі болып бөлінеді. Маңызы жағынан көпшілік Әлеуметтік зерттеулер бір әлеуметтік құбылыстың немесе процестің екіншісінен тәуелділігін анықтаудан тұрады.
Әлеуметтанудың алғышарттары қоғамның өзіндік әлеуметтік үрдістері жөнінде объективті ғылыми білім алу сұранысынан белгіленеді. Әлеуметтанудың түп-тамыры жалпы өркениеттің табиғатын айқындайды. Бұл әлемдік нарықтың біртіндеп қалыптасуы, ұқсас саяси құрылымның пайда болуы мен әр түрлі мәдениет өзара байланысының қалыптасу үрдісі белгіленеді. Білім мен тұтас әлеуметтік әлемді біліп, тану қоғам жөнінде ерекше ғылымды талап етті. Әлеуметтану тарихын бірқатар кезеңдерге бөледі. Бірінші кезең Ежелгі әлем қоғамы жөнінде әлеуметтік білімдердің қалыптасуын мен дамуын қамтиды. (миф пен эпос: шындықтың айқын көрінісі ретінде; Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі әлеуметтік және саяси оқытулар). Екінші кезең ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік білімнің дамуын қамтиды (Таным формасы мен дүниетаным жүйесінің өзгерісі. Августин Блаженный Теософиясы. Қайта өрлеу дәуіріндегі қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер мен ойлар. Н.Макиавелли, Ж.Боден, Т.Гоббс және т.б. әлеуметтік ойларының қалыптасуы). Үшінші кезең 17-18 ғасырдағы адам мен қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер. Жаратылыстану құқығы мен қоғамдық келісім концепциясы. Ш.Монтескье, Ж-Ж. Руссо және т.б. әлеуметтік концепциялары. Консерватизм мен либерализм ұғымдары. Әлеуметтік тарихтың төртінші кезеңі 19 -20 ғасырды қамтиды. Адам жөнінде ғылым. Огюст Конт әлеуметтануы. Эмпирикалық социологиялық зерттеулердің қарқынды дамуы. Әлеуметтану позитивизмінде методологиялық бағыттың басымдылығы. Конт заманынан бастап, қоғам жөнінде білімнің жеке саласы ретінде академикалық әлеуметтану кезеңі басталады. Түрлі ғылыми мектептер қалыптасады: натурализм, эволюционизм, органицизм, социал-дарвинизм және т.б. 19 ғ. аяғы мен 20 г. басы әлеуметтануда натурализмның терең дағдарысымен байланысты, бұл қызығушылықтың әлеуметтік әрекет пен өзара әрекет мәселелеріне ауысуын, түсінуші әлеуметтану әдістері мен тұлға әлеуметтану концепциясының құрастыруымен байланысты болды (М.Вебер, Э.Дюркгейм және т.б.). 20 ғасырдың 20-80жылдар аралығында әлеуметтануда қазіргі негізгі бағыттардың қалыптасуы, қарқынды салалық жіктеліс пен зерттеу әдістерінің жетілу үрдісі жүрді. 80-шы жылдардан бастап әлеуметтану дамуында жаңа қазіргі кезең басталады. Әлеуметтану түсінігі 1832 жылы ғылыми айналымға 19 ғасырдың француз ойшылы Огюст Контпен (1798-1857) алғаш рет қолданылды). Ол қоғамдық өмір құбылыстарын тарихи және жүйелік аспектілерінде біліп тануа талпыныс жасады. Конт негізгі еңбектеріне алтытомдық «Позитивты философия курсы»(1830-1842), «Позитивты саясаттың жүйесі, немесе адамзат дінін орнататын трактат» (1851-1854) және т.б. Конт пікірінше, әлеуметтану жаратылыстану ғылымына сай, әлеуметтік құбылыстарды эмпирикалық және аналитикалық түрде зерттеу және фактілер негізделу қажеттілігін түсіндірді. Бұл әлеуметтанудың ауызша, абстрактылы талдаудан алшақтап, «позитивты», яғни қоғамдық өмір мәселелерін қолайлы шешу қабілеті деп тұжырымдады. Конт әлеуметтануды әлеуметтік статика мен әлеуметтік динамикаға ажыратады. Әлеуметтік статика қоғамды олардың элементтерінің тұтастығы мен тепе-теңдігі жағдайы ретінде зерттейді және негізгі заңы ретінде әлеуметтік гармония заңың қолданады. Әлеуметтік статиканың міндеті – отбасы, адам, өмір шарттарын зерттеу. Әлеуметтік динамика қоғам дамуының жетекші күшін айқындайды. Конт мазмұндауында мұндай күштерге; экономикалық табиғи шарттар, климат, географиялық орта, сондай-ақ адам санасы, ойы, көз-қарастары жатады. Әлеуметтік статика, өмір сүру заңдарын қарастырса, әлеуметтік динамика қоғам өзгерісінің кезеңдерін мен заңдарын сипаттайды. Конт қоғам тарихын үш кезеңге бөлді: теологиялық, метафизикалық және позитивтік. Теологилық кезеңді Конт қоғам дамуының белгілі кезеңі 17-18 ғасырға дейін созылған деп дәйектеді. Сол кезеңде идеялық сипаттағы негізгі үстем күш дін болды. Бұл кезеңде адамзат санасы құбылыстардың не бастапқы не соңғы себебін табуға тырысады. Адам санасы абсолюттік білімге тырысады. Екінші кезең – метафизикалық. Қоғамда абстракция, метафизикалық концепциялар үстемдік етеді. Бұған Конт материалистік философия мен революциялық қағидаларды жатқызады. Бұл концепцияларды сынға алып, ол марксизмнің, әсіресе таптық күрес жөніндегі көз-қарастарымен келіспеді. Үшінші кезең – позитивистік. Конт тұжырымы бойынша, қоғам үшін ең лайықты кезен деп сипаттады. Бұл діни, философиялық тұжырымдамалардан алшақтап, эмпиризм, физикализм, позитивизм принциптер негізінде қоғамның барлық салаларын қарастырады. Эмпиризм – дүние жөнінде нақты ақиқат дерегі ретінде тәжірибе болып табылады. Позитивизм – пәніне нақты фактілер ғана жатқызылады. Физикализм – бұл физика ғылымы тұрғысында қарастырылатын, ғылыми түсініктер. Осымен Конт әлеуметтануды жаратылыстану ғылымдары, әсірессе физика үлгісі бойынша бағыттады. Әлеуметтану қоғам дамуын табиғат заңдарынан ажыратылмайтын, универсалды заңдарды қарастыруға бағытталады. Өз ғылыми жаңалықтарын ол төрт әдіс арқылы іске асырады: бақылау, эксперимент, салыстырмалы және тарихи әдіс. Әлеуметтанудың кейінгі дамуына Конт еңбектерінің маңызы зор болды. Қазіргі батыс әлеуметтанушылар Контты әлеуметтанудың әкесі деп бағалайды. Конт еңбектерінде нақты эмпирикалық зерттеулерге көшу алғышартын қалыптастырды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет