Элеватор өндірісінің технологиясы



Дата05.09.2020
өлшемі14,31 Kb.
#77267
Байланысты:
Пәннің аты


Пәннің аты

Элеватор өндірісінің технологиясы

Пәннің коды

KV 3207.1

Несие саны

3

Кафедра аты

Астық өнімдері және өңдеу өндірістерінің технологиясы

Дәріс жүргізуші

Изтаев А.И.

Бағдарлама авторы

Изтаев А.И.

Курс, семестр

3, 6

Пререквизиттер

Биохимия; Өсімдік негізіндегі астықтану; Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және кептіру.

Постреквизиттер

Астық өңдеу және элеваторлар, астық өңдеу мекемелерін ААЖЖ негізінде жобалау,

ұн өндірісі технологиясы, жарма өндіру технологиясы.



Мазмұны

Қазақстанда элеватор өндірісінің дамуы мен жетілуінін қойма қабырғаларымен түбіне астықтан түсетін қысым. Астық партияларының қалыптастыру технологиясы. Астықты орудан кейін қабылдау және өңдеу технологиясы. Астық қоймалары мен механикаландырылған жұмыс орындары. Элеватордың конструкциялары мен жобалары. Элеватордың есептеу жұмыстары. Қазіргі заманғы элеватордың технологиялық ерекшеліктері. Тұқымды өңдеу цехтары мен зауыттары. Астықты өңдеу өнімдерін сақтау қоймалары мен реализациялық базалар. Элеватордың технологиялық процесстерін ұйымдастыру.

Пәннің коды KV TKP 4310

Пәннің аталуы Құрама жем өндірісінің технологиясы

Кредит саны 5

Курс,семестр 4,7

Кафедра атауы Астық өнімдері және өңдеу өндірістерінің технологиясы

Курстың авторы Жиенбаева С.Т.

Пререквизиттер Өсімдік шаруашылығының өнімдерін өңдеу және сақтау,

Қайта өңдеу өндірісінің жалпы технологиясы

Постреквизиттер

Пәнді оқыту мақсаты Пәнді оқып-үйренудің мақсаты осы мамандық бойынша

бітірушілердің құрама жем технологиясы саласында тиімді қызмет

етуіне қажетті білімді игеруі. Студент курсты оқып бітіргенде

құрама жем өндірісі саласындағы теориялық және тәжірибелік

білім негізін меңгеруі, шикізат пен дайын өнімге қойылатын

талаптарды білуі, қоғамның бұл өнімге деген сұранысын анықтай

білуді меңгеруі, құрама жем өндірісіндегі технологиялық

үрдістерді ұйымдастыру мен жүргізуді меңгеруі, курстық және

дипломдық жұмыстарды жасау мен жобалауда алған білімін

қолдана отырып жобалау және техникалық міндеттерді шеше білуі

керек.


Курстың қысқаша

сипаттамасы

"Құрама жем өндірісінің технологиясы" курсы арнайы пән болып

табылады және құрама жем технологиясы мен техникасы

саласындағы озық жетістіктерге негізделген. Курстың

бағдарламасы құрама жем өндірісінде қолданылатын шикізаттар

түрін оқып-үйренуді, құрама жем өндірісіндегі технологиялық

үрдістерді, АВҚ, премикс, карбамидті концентрат өндірістері

технологияларын оқып-үйренуді қарастырады.

Күтілетін нәтижелер Студент пәнді аяқтау нәтижесінде меңгеретін

Білімі:

- құрама жем өндірісінде қолданылатын шикізаттар мен дайын

өнімнің сапасына қойылатын талаптарды оқып-үйрену;

- шикізаттарды дайындау желілерінің технологиялық сызбаларын;

- құрама жем өндірісінің негізгі технологиялық үрдістерін;

Біліктілігі:

- құрама жем өндірісіндегі технологиялық жабдықтарды таңдау

және есептеуде;

- құрама жем өндірісінің технологиялық сызбасын таңдай білуде.

Дағдысы:


- алған теориялық және практикалық білімін осы салада қолдана

білу.


Құзіреттілігі:

- өндірісте құрама жем зауытындағы технологиялық үрдістерді

ұйымдастыру және жүргізудің практикалық дағдыларын қолдана

білуде;


- шикізаттарды өңдеу үрдісінің тиімділігін бағалай білуде;

- шикізаттар мен дайын өнімнің сапасын талдаудың озық әдістерін.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет