. Ахмет Яссауи — ақын, ойшыл, ұстаз, түркі жұртына имандылық нұрын шашқан діни ағартушы. «Диуани Хикмет» кітабының авторы, дүние жинамай адамдарды азғындық жолынан сақтауда қызмет еткен адам, жаны таза болған.
Әз Жәнібек хан — қазақ халқының хандығын құрып, халықтың өз алдына еркін өмір сүруіне ат салысқан, жау қолында қалған қазақ жерін азат еткен. 3. Мұхаммед Хайдар Дулати — тарихшы, «Тарихи рашиди» атты еңбек жазған, қоғам қайраткері.
Төле, Қазыбек, Әйтеке — билеріміз, халықтың ұлттық бірлігін нығайтып, халықтығын сақтауға басшылық жасаған данышпан ақын, шешен, ойшыл гуманист көсемдер.
Абылай хан — халық мақтанышы, ХVІІІ ғасырдағы бүкіл қазақ елін еркін билеген, елдің тұтастығын қамтамасыз еткен қайраткер, елші, мәмлегер.
. Құрманғазы Сағырбайұлы — қазақтың күйші, сазгері, домбырашы, халықтың аспаптық күй өнерінің классигі
. Шоқан Уәлиханов — терең ойлы, асқан зейінді, ғылымның әр тарапынан білімі бар, саяхатшы, зерттеуші, тарихшы, географ, этнограф, суретші, Шығысты зерттеуші, халқымыздың тұңғыш ғұлама ғалымы.