Елімізде туризм экскурсиясын кең көлемде дамытудың маңызы мен қажеттілігі мемлекеттік құжаттарда нақтылы көрініс тапқан. Бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі - Қазақстанның экономикасын көтеріп, халықтың әл-ауқатын жақсарту болса, оның бір жолы - туризм. Қазақстанда кейінгі жылдары туризм көпшілікті қамтитын ең дамыған демалыс түріне айналып келеді. Туристік саяхат жасау - дене шынықтырумен бірге адамның дүние танымын да өсіреді. Ол тек қана демалудың тәсілі емес, адамдарды мәдени және рухани жағынан көтереді. Сол сияқты адамның денсаулығын да жақсартады. Туризм адамдарды табиғат көркімен, ерекше сұлу жерлермен таныстырады. Туған өлкеде саяхат жасау адамдардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырады. Төле би ауданының аумағы атқаратын қызметіне қарай қорықтық, ұлттық парк және демалыс белдемелеріне бөлінген. Қорықтық белдемеде яғни Ақсу-Жабағлы қорығында шаруашылық жұмыстардың қай түріне болса да тиым салынып, биологиялық алуан түрлілік, экожүйелер қорғалады. Ұлттық парктік белдемде яғни Сайрам-Өгем ұлттық паркінде шаруашылық жұмыстар белгілі бір тәртіппен шектеулі түрде жүргізіледі. Демалыс аймағына келушілер саны да реттеліп отырады. Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің табиғат қорғауды адам игілігі үшін ұқыпты пайдалануды насихаттау ісінде алатын орны ерекше, ғылыми, мәдени және эстетикалық маңызы зор.
Төле би ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысыныңтоңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы 3,1 мың км2 (облыстың 2,6%-ын қамтиды). 1932 жылы құрылған (1991 жылға дейін Ленгер ауданы). Тұрғыны 112,8 мың адам. Аудан жеріндегі 59 елді мекен, 1 қалалық, 13 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы - Ленгер қаласы (1945).
Төлеби ауданы – Тәңір шарапатымен құт қонған, қыдыр дарыған, еліміздің қасиетті өлкесі. Біздің ардақты ата – бабаларымыз тарихымыздың кезеңінде дәл осы жерде елдігіміздің туын тігіп, өзгелермен терезесін теңестірген, Сақ тайпалары б.з.д. XIII ғасырда өмір сүрген. Бұл жерден сонымен бірге Ұлы жүз тайпаларының түпкі ата – бабаларының бірі болған Үйсіндердің өмірі мен шарушылығының іздері табылған. Біздің тауларымыз бен қырларымызда Ұлы Жібек жолы керуендерінің іздері сайрап жатыр. Апайтөс кең даладағы қазақ атты халықты өркените пен өрлікке, елдік пен ерлікке, бірлік пен тірлікке, ақыл – парасат пен бауырластыққа баулыған Есім хан мен Төлеби заманынан қалған сара жұрт.
Төлеби жері – ата тарихымыздың куәсі, елдігіміздің тұмары, өркениетіміздің жәдігері болған ата мұраларымызға өте бай өлке. Аудан аумағында 100 ден астам археологиялық, архитектуралық және тарихи ескетркіштер бар. Онда Сақ заманының қорғандары, орта ғасырлық қалашықтардың орындары, қарауыл төбелер, обалар, сондай – ақ халық арасында аты аңызға айналған тарихи маңызы бар «Жылақ ата», «Ғайып Ерен Қырық Шілтен», «Нұр ата», «Ақмешіт», «Мыңшейіт» секілді көпшілік мінәжәт ететін әулие жерлер көптеп кездеседі. Жер жаннаты Ақсу Жабағлы қорығы аймағының басым бөлігі осы ауданның бөктерінді орналасқан. 10 нан астам демалыс орындары мен туристік сауықтыру кешендері бар. Әсіресе, «Біркөлік» сауықтыру орталығына сұраныс көп, «Бәйшешек» споттық сауықтыру лагері, сондай –ақ «Тау Самалы» оқу – сауықтыру орталығы бүкіл елімізге белгілі. Тянь – Шань тауының етегінде орналасқан тау шаңғысы базасына отандық, шетелдік туристердің асқан қызығушылығы артуда.
Төле би ауданы жоғарыда көрсетілгендей табиғи және тарихи мәдени мұраларға өте бай аудан болып табылады. Сондықтан ауданда туризмді мемлекет тарапынан қолдау аудан халқының әлеуметтік жағдайын көтеруге және ауданды толық зерттеуге мүмкіндік берер еді.
Төле би ауданының табиғи жағдайын да, мәдени жағдайын да көрсетуге өте қолайлы тур маршрут құрастырдық. Төле би ауданы бойынша маршрут Шымкент қаласынан басталып, Ленгір қаласы арқылы Біркөлікке жол тартады. Тур бағдарламасы:
1-күн. Біркөлік емдік-сауықтыру кешеніне орналасу. Демалу уақыты.
2-күн. Экскурсоводпен аудан бойынша экскурсия. 3 сағат. Дәрігерлерге көрініп, ем алуды бастау.
3-күн. Сайрам-Өгем ұлттық саябағына бару. Ем алу уақыты. Бос уақыт.
4-күн. Біркөлік тауына саяхат. Санаторийде ем алып, көрсетілетін қосымша қызметтерді алу.
5-күн. Ем алу. Кетуге дайындық.
Біркөлік емделу санаторлық орталығы. «Біркөлік» оңалту-сауықтыру кешені» ЖШС-гі Оңтүстік Қазақстан облысы Төле би ауданындағы Біркөлік шатқалында орналасқан. Біркөлік шатқалы Тянь-Шань жотасының сілемдерінде, теңіз деңгейінен 1100м. биіктікте, облыс орталығы болып табылатын Шымкент қаласынан 50 шақырым жерде орналасқан.
Шатқалды бойлай, тастақ арналар бойымен, тау бастауларының тамаша өмір бітірер күшін өз бойына сіңіре отырып Біркөлік бұлағы ағады. Оның тап-таза салқын суы шатқалдың жасыл желегіне қорек беріп, ауасын аэроиондап, салқын самал еседі. Кешеннің саябағында таудың мол жасылы, долананың, бөріқарақаттың, итмұрынның, өріктер мен алмалардың ну бұталары, қылқанды ағаштардың молдығы ауаны бактериостатикалық әсер ететін фитонцидтармен толтырады. Жалпы алғанда, курорт ауасы тыныс алу органдарына, жүрек-қан тамыры жүйесіне ынталандырушы әсер етіп, орталық жүйке жүйесін сергітіп, ауыру түйсігін жоюға мүмкіндік береді.
Таулы аумақта орналасу, күннің шуақты күндерінің көптігі, бірқалыпты ылғалдық, ауаның жоғары аэроиондалуы, озон иондарымен қаныққандығы сынды факторлардың жиынтығы «Біркөлік» оңалту-сауықтыру кешенін таулы-климатты курорттар санатына жатқызуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда кешенде 2-3 демалушыға арналған ыңғайлы жарық бөлмелері бар 200 орындық 2 заманауи жатын корпус және бір мезетте 50 демалушыны қабылдауға бейім жекелеген коттедждер бар. Нөмірлерде душтық қондырғылары бар дәретхана бөлмелері бар және жыл бойы ыстық сумен қамтамасыз етіліп тұрады. Барлық қабаттарда теледидарлармен, заманауи ыңғайлы жұмсақ жиһазбен жабдықталған демалыс холлдары бар.
Емдеу түрлері. Кешенде:
балшықпен емдеу (бейімдеп қондыру, гальванобалшықтүрінде қолданылады);
бальнеологиялық емдеу – ванналар: күкіртті сутегі, қылқан жапырақты, хлоридты, натрийлі, інжу-маржанды, Гауффе бойынша қарама-қайшылы, сауна;
гидротерапия: суасты душ – массаж, душтар: айналымды, шарко, желпуіш тәрізді, шотландтық, жаңбырлы, артатын;
парафинмен емдеу;
озокеритпен емдеу – кюветті-бейімдеп қондыру әдісі;
физитерапевттік емдеу – төменгі және ультрадыбысты жиіліктегі тұрақты, импульсті токтармен электротерапия, АЖЖ-терапия (СВЧ-терапия);
сәулемен емдеу (фото ем);
ингалятория: емдік шөптермен, теңіз тұзымен, минералды, антибиотиктермен, ферменттермен, сезімталдықты төмендететін және спазмаға (тартылуға) қарсы дәрі-дәрмектермен ингаляция жасау;
диетологиялық (төрт мезгіл) тамақтану;
емдік денешынықтыру, массаж, емдік-шипалық алаң: волейбол, баскетбол, бадминтон, бильярд, теннис, 75х35м жүзу бассейні және сауна бар (кесте 1).
Кесте 1
Баға прейскуранты (теңгемен):
Люкс
|
7000 теңге тәулігіне
|
Полулюкс
|
6000 теңге тәулігіне
|
2-орын нөмір
|
4700 теңге тәулігіне
|
Коттедж
|
5000 теңге тәулігіне
|
Қарапайым нөмір
|
3800 теңге тәулігіне
|
Мәжіліс залын жалдау
|
5000 теңге күніне
|
Сауна
|
3000 теңге сағатына
|
Тамақтандыру күніне 4 рет: азанғы ас, түскі ас, түс қайта ас, кешкі ас.
Емдеу көрсеткіші:
Тыныс алу органдарының ауруы
ЛОР органдарының ауруы
Зат алмасу және эндокрин жүйесінің ауруы
Асқазан - ішек-қарын органдарының аурулары
Жүйке жүйесінің ауруы
Жүріп-тұру аппаратының бұзылуы
Зәр шығару жүйесінің ауруы
Тері аурулары
Жарамаулар
Жіті кезеңдегі барлық аурулар, асқыну сатысындағы, декомпенсация немесе асқынған жіті іріңді процестері бар созылмалы аурулар.
Оқшаулау мерзімі біткенге дейінгі жіті жұқпалы аурулар.
Бацилла тасушылық (күл ауруы мен ішек аруларына байланысты).
Жіті және жұқпалы түрдегі барлық венериялық аурулар.
Психикалық аурулар, нашақорлықтың, созылмалы маскүнемдіктің, эпилепсияның барлық нысандары.
Барлық жаңадан пайда болғандар .
Жіті сатыдағы және өршу сатысындағы қанның барлық аурулары.
Кез-келген текті кахексия, ішкі ағзалардың амилоидозы.
Стационарлық емдеуді немесе хирургиялық емдеуді талап ететін, сондай-ақ өз бетінше қозғала алмайтын, тұрақты күтуге мұқтаж барлық науқастар.
Кез-келген орындағы эхинококк.
Әртүрлі текті жиі қайталанатын және мол қан кетулер.
Қалыпты жүктілік .
Белсенді сатыдағы туберкулездің барлық нысаны.
Көз және терінің барлық жұқпалы және паразиттік аурулары.
Селкілдек ұстамалары мен олардың баламалары, мінез-құлық бұзылулары және әлеуметтік бейімделуі, ойлау қабілетінің нашарлығы білінген жеке адамның патологиялық дамуы.
АГ жоғары және өте жоғары тәуекел топтары, жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы бар жүрек аурулары.
Қорытындылай келе, ауданның табиғи және тарихи байлықтарын көрсету үшін туристік маршруттарды дұрыстап жоспарлап, мемлекет қарамағынан қолдау алып, аудан бойынша ғана емес туризм түрлерін дамытуға өз үлесімізді қосуымыз қажет. Менің бұл жобаға жалпы ұсынысым барлық аталған орындарда:
1. Ұсынылып отырған маршрут бойынша ұйымдастырушы мекеме құру;
2. Маршруттық сервисті дамыту;
3. Маман-кадрларды дайындау;
4. Инфрақұрылымды дамыту(барлық жолдардың, әуежайдың халықаралық стандарттарға сай болуы);
5. Заманауи технологиялармен жабдықтау;
6. Интернет желісінің болуы;
7. Отандық ұялы телефондардың байланыс аясын кеңейту;
8. Шетелдіктердің өз елімен еркін байланыс орната алуы;
9. Маршрут бойынша жарнама құру;
10. Көліктердің халықаралық стандарттарға сай болуы;
Бүгінгі мен ұсынып отырған жоба тек ОҚО Төле би ауданын қамтып отыр, мұндай маршруттарды басқа өңірлерде дамыту еліміздің экономикасына орасан зор үлес қосады деген сенімдемін. Өйткені туризмнің барлық түрлерінің дамуына Қазақстанның кең байтақ жері толыққанды мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: |