Әлімжанов Елен. Ә55 Оралу: Повестер мен әңгімелер



бет7/7
Дата20.06.2018
өлшемі275,11 Kb.
#43877
1   2   3   4   5   6   7

-Сендер Нұргүлді білмейсіңдер ғой, - Тәпелтек қыз әлі тиылар емес. - Оның махаббаты өрт болып келеді ғой. Асқар да қатты құлады.

Қыз ақырын ғана күрсініп қойды.

-Бірден лапылдап жанған оттың өшуі де оңай. Үйленетін жастар бірін-бірі 9—12 ай сынауы керек деп оқығаным бар бір жерден.

Көзілдірікті жігіт те өз дегенінен қайтпады. Осы кезде арқырап, сартылдап жұрттың бәрінің даусын жұта трамвай жетті де, олар орындарынан қозғалды.

Кездейсоқ құлағы шалған жаңағы жастардың әңгімесі жүйкесін одан арман жұқартқан Сабырдың жан дүниесін қайтадан мазасыздық жайлап алды.

«...Өрт болып келді ғой!» Қайдағы өрт осыларды алып бара жатқан. Өзің өртеніп кетерсің».

«Тоғыз-он екі ай керек дейді-ау. Тапқан екенсің! Тоғыз ай емес, тоғыз жыл сынағанда да тақырға отырғызып кетемін десе оп-оңай».

***

Уақыттың қанша екенін білмейді, әйтеуір түн. Бақтың ішінде алма ағашын құшақтап тұр. Жылаған ба? Солай сияқты, беті су. Ол орамалын алып сүртінді. Тамағы кеберсіп, керемет бір шөл алып барады. Жанжағына карап, өзіне-өзі келгенше біраз отыратын орындық іздеді. Сонда барып таныды. Өзінің бағы екен, Ғайни екеуінің. Тап осы екі айырылып өскен алма ағашының түбінде табысқан олар. Бағана да қыз осында қалған. Екі аттам жерде екеуі отыратын орындық болу керек. Солай қарай келіп, шетіне іліге бере сылқ ете түсті.

-Ой, мама!

Біреу шошып кетті. Ол сүзіле түсіп соған қарады. Орындықта екеу отыр екен, қыз бен жігіт. Тағы да солар, қайда барсаң алдыңнан шығады. Күні бойы құтылмай-ақ қойды, қаптаған ғашықтардан. Бұлары әлі сары ауыз балапандар екен. Қыз үрпиіп жігітке одан арман тығыла түсті.

-Тсс,—деді Сабыр сұқ қолын ерніне жақындатып.— Шошымаңдар.

-Не керек өзіңе?— деді түсін суытқан жігіт. Қызға көзғып айтса да, каймығыңқырайтын сияқты. Сабыр оларға тесіле қарап біраз отырды да, кенеттен сыпайылана қалды.

-Маған ештеңе керегі жоқ. Отыра беріңдер, сырласыңдар, болашақтарыңды болжаңдар. Иә, солай, ендігі кезек сендердікі. Бірақ бұларыңның бәрі бос әуре. Сендер әншейін өздеріңді алдап отырсыңдар... Мені мас дейтін шығарсыңдар. Жо-оқ, мен мас емеспін, сендер массыңдар. Иә, иә... сендердің саналарыңды қазір ғашықтық улаған. Айналарыңның бәрін көріп отырмын дейсіңдер. Олай емес, көріп отырған жоқсыңдар, қарап отырсыңдар. Дүниеде не болып жатқанын махаббат уынан айыққан кезде көресіңдер. Ал қазір, отыра беріңдер, болашақтарыңды болжай беріңдер. Ха, ха.

Ол өте бір ұнамсыз дауыспен сақ-сақ күлді. Жігіт кызға әлденені айтып жұбатып жатыр. Бірақ қыздың шошына қараған көзі мынау сайтандай сап ете қалған маста. Сабыр сөзін аяқтаған соң көп отырған жоқ, орнынан сүйретіле тұрып, жүре берді, әлі күліп барады. Кенет... кілт тоқтады, күлкісі де сап тиылды. Ән... жатақханадан ән естілді, тура өз бөлмесінен шығады. «Ал- қоңыр» еді, Ғайни еді. Ол көптен бері Ғайнидің әндерін магнитофонға түсіріп, жинап жүретін. Сол үшін сатып алған. Бағана арнау сөз жаздырып, бүгін туған күніне тартпақ еді. Бәрі қалды... Әлемнің астаң-кестеңі шықты. Жоқ, әлем өз орнында, өз жөнімен жүріп жатыр. Бүлінген Сабыр, жан-дүниесін әлдилеп жүрген әдемі бір сезім болушы еді, әйнектей күл-талқаны шығып, енді қайтып қалпына келместей күл талқаны шықты. Енді әннің де, магнитофонның да керегі жоқ. Қазір барады, барады да күл-талқан қылып шағып тастайды...

***

Сол кештен кейін екеуі де бір-біріне тоң теріс жүрді. Қарама-қарсы кездессе көрмегендей өте шығатын. «Жүз күн сынбаған шөлмек бір-ақ күнде сынды». Олардың керісіп қалғанын курстағылардың бәрі білді.

Бұл қыздан құтылғаның дұрыс болды,—деп Керімбай жұбату айтты Сабырға.— Соңғы кезде жүріс- тұрысы көбейіп жүр еді. Артист деген әйел болып абырой әпермейді. Сол Сәнжанына бара берсін.

Бейауыздау бұл жігітті Сабыр ұнатпайтын. Ол сөйлесе жыны қозады. Осы жолы бір түрлі көңіліне медеу тұтты. Бірақ оны қоштаған да, қарсы да болған жоқ. Үндемей тыңдады да койды, өзі де әлі бір шешімге келіп үлгермеген еді.

Бір күні Бибінұр мұны жерлес қызының туған күніне шақырды.

Жалғыз барғаным ұят қой, жерлестерім институт бітіргенше ешкімнің етегінен ұстамапты дейді ғой,— деп қалжыңдады.— Тастақта болатын еді, түнде жалғыз қайта алмаймын,— деді. Әйтеуір Сабырды көндірді. Бірақ қу кыз алдапты. Сұлтан екеуінін істеп жүргені екен. Оның қандай өтірік айтқанын кім білсін, Ғайниді ертіп келіпті. Ретін тауып екеуін қатар отырғызды. Қанша сыр бермейін десе де, қыздың өкпесі тарқағанын Сабыр сезді. Қас-қабағының қимыл-қозғалысынан, жаудырай қараған қарақат көздерінен байқады. Неге екені белгісіз жұрттың бәрінің ықыласы осыларға ауды. Сөзді де алдымен беріп, әзіл де екеуіне арналып жатыр. Туған күнін өткізіп отырған Салиха да өзге меймандарынан бұрын көңілін Сабыр мен Ғайниге білдірді. Бәрінің сөзі бір жерден шығады. Сабырдың жүйкесі қайтадан сыр берді. Қенеттен көңілі «көтеріліп» сөзуарланып кетті. Бірақ ар жағында қиястық қылтиып тұрғанын Ғайни анық байқады. Оған Сабырдың әрбір қылығы мәлім еді. Ал ол болса Ғаниге бір рет те назар аудармастан қарсы алдында отырған Қатира деген жалпақ бет жуан қара қызға қадалып алды.

Сіздің көзіңіз қоңыр екен,— деді.— Қой көздер мейірімді болады. Жарықтық қойдың өзі де жуас жануар ғой. Сондықтан сіздің жұмсақ жанарыңыздың жайма-шуақ назарына іліккен жігіттің арманы болмас еді. Жоқ, сіз әзіл деп түсінбеңіз, имандай шыным. Құдай ашық бояулы көздерден сақтасын. Олар кісінің өңменінен өткенде ертеп жібере жаздайды. Әлсіздеу болсаң, жүрегіңді күл қылып жандырады да өзге бір объектіге жайбарақат ауысып жүре береді. Ондай көздер тек тып-тыныш дүниені күйдіріп-жандыру үшін жаратылған. Ал, қой көз дегендер... Мен қой кездер үшін, сіздің көзіңіз үшін ішемін. Келіңіз, соғыстырып кояйық. Ішпейсіз бе? Оқа емес, өзім-ақ алып қоямын. Мен ешкімге өкпелемеймін, қойшылар кінәмшіл болмайды. Иә, иә, мен койшымын. Жақында диплом алып қой бағуға барамын. Ал сіз болашақ педагог болуыңыз керек. Қағыс естімесем солай ғой деймін. Мінезіңіз келеді екен. Сіз де биыл бітіресіз бе? Екеуміз бірге кетсек қайтеді. Мен малды оқытамын, қай өріске жайылып, қай суатқа кұлауды үйретемін оларға. Ал сіз біздің келешек ұрпағымызды және келешегі жоқ болса да мені оқытасыз. Жоқ, сіз ашуланбаңыз, мен шын көңіліммен айтып отырмын. Жақында бір ұстазымнан айырылып, енді кімнен ғибрат аларымды білмей жүргенім...

Ғайни мен Қатира орындарынан қатар көтерілді. Жанарын жас жуған Ғайни ызалы көзін аса бір жиіркенішпен жалт өткізді де, жылдам басып шығып кетті. Соңынан Бибінұр жөнелді. Отырыстың шырқы бұзылып, елдің бәрі дүрлігіп қалды. Сабыр ғана түк болмағандай әлі сөйлеп жүр.

Иә, биге шығамыз ба? Қатира, қайда барасыз? Мен сізбен ғана билеймін... Музыка қайда, жігіттер-ау?

Сұлтан Сабырды сыртқа сүйресе, ол Қатираға жармасады. Бір жігіттер кіжініп бұларға тұра ұмтылды. Араша түскен қыздарға көнбей, таптап жіберердей болып төніп келді. Сұлтан Сабырды тастай беріп, араларына тұрды. Аналарға қолын сермеп бірдеңе айтады. Олар көнер емес, Сұлтанды ығыстырып тастап, Сабырды алқымнан алды.

-Ордаш, қойыңдар енді!

Қатираның даусы өктем естілді. Бәрінен артық белсеніп жүрген шашы бар, қысық көзді бұжыр бет жігіт әжептәуір жуасып қалды. Қызды тыңдайтын сияқты.

-Қонақ жігіттің бір әзілін көтермегеніміз ұят болады. Салиханың тамашасын бұзбаңдар. Одан да билейік.

Біреу лезде радиоланы қосты. Қатира Сабырдың алдына келіп, иіліп ізет жасады да:

-Мен сізді биге шақырамын,— деп жауабын күтпестен қолын жігіттің иығына салды. Сабырда үн жоқ. Қыздың ығына көніп, музыканың ырғағына ілесе берді. Ойсыз, сұлқ жанары Қатираның көзіне тіктеп қарай алмай төмен тарта береді.

Сыртқа шығып келсек қайтеді?— деді қыз бір кезде. Сабыр оның тілегін үнсіз қабылдады.

Есіктің алды жарық екен. Түнгі салқын ауа жігіттің денесіне жайлы тисе де, еңсесін басқан зіл батпан салмақты сыпырып тастай алмады. Қызға көзі түсіп кетіп еді, түленіп тұр екен. «Қазір шапалақпен тартып жібереді»,— деп ойлады. Сөйтсе екен деп тіледі. Сонда тынысы бір кеңіп, жан дүниесін удай ашытып тұрған ұяттың ащы запыранының сәл болса да, зәрі қайтар еді- ау. Бірақ күткені болмады.

-Мен сізге не жазып едім, сонша жәбірлейтіндей?—деді жай ғана.— Көріксіз қызды қорлай беруге болады деп ойлайсыз ба? Жүрек жұрттың бәріне бірдей берілген...

Қатира сөзін аяқтай алмай булығып жылап жіберді де, жылдам басып жүріп кетті. Беті ду ете түскен Сабыр қапелімде не істерін білмей қалшиды да қалды. Содан соң ғана қыздың артынан барып жұбатып, кешірім сұрауы керектігі ойына келді. Бірақ оны істей алмады. Шегелеп тастағандай сіресіп тұрған аяқтарын қозғауға жігері жетпеді. Бұдан да ұрғаны, ұрысқаны жақсы еді. Бірақ қыз өйтпей-ақ, өз ұятына өзін өртеп, өзі қоздатқан шоққа өзін қақтап кетті. Соны ойлағанда жігіттің жүрегі шымырлап, кеудесі қысылды.

Кенет көңіліне күдік кірді. «Қыздар деген осы маңдайыңды тасқа тақ еткізеді де тайып отырады»,— дейді онысы. Жан-жағына қарады, шынында Ғайни да, Қатира да жоқ еді. Өзі кұла дүзде жалғыз қалғандай сезінді. Көңілі де құлазып, бей-жай күйге түсті. Енді ешкімді де, тіпті өзін де айыптамады. Санасы топастанып, ар, ұят туралы ұғымдар көмескі тарта бастады. Соңғы күндері өз басынан өткен оқиғалар да, алда күтіп тұрған тағдыр тауқыметі де мазасыздандырмады. Дүние төңкеріліп түссе де жаны ауырмайтын сияқты.

Қайтайықшы,—деді қасына келген Сұлтанға, бір түрлі қажып, шаршап айтты.

***

Қөп ұзамай олар оқуын бітіріп, жан-жаққа тарап кетті. Сабыр мен Сұлтан бір облысқа келіп, көршілес ауданда қызмет етті, екеуі де осында үйленді. Айғанша Сабыр жатқан үйге көрші еді, мектепте пионер вожатыйы болып істейтін. Сондықтан бірін-бірі жиі көріп тұрды. Алғашқы кезде Сабыр сұңғақ бойлы сүйкімді қызға бозбалалық мінезбен көзін бір қадап өтетін де қоятын. Алматыдан оқып келген ересек жігіттің қылығына жүзі ашыла қоймаған Айғанша қысылып сала береді. Бидай өңі біресе қуарып, біресе қызарып жүрегі аттай тулайтын. Табиғатынан биязы қыз жігіт жанынан өткенше бойын жиып, жүзін төмен салғанымен, артынан аса бір айрықша ықыласпен көз салар еді. Оны Сабыр бірден сезді. Сөзді де уақытты көп өткізген жоқ. Келесі көктемде олардың тойы болды.

Ғайниді Алматыдан аттанғаннан кейін Сабыр қайтып көре алмады. Қонсерваторияның дайындық бөліміне түсіпті деп естіді. Баяғыда шағып тастамақ болғанда жігіттер аман алып қалған Ғайнидің әндері мен арнау сөз жазылған магнитофонды ғана сол бір күндердің кө- зіндей көріп қастерлеп ұстап жүрді. Оңаша кештерінде ойға батып отырып тыңдағанды ұнататын. Бірақ мұның өзі жүрегін одан ары жаралап, көңіл күйін тұңғиыққа тарта берген соң, қыдырып келе қалған інісіне сыйлады. Қыздан бір-екі рет хат та келіп еді, жауап жазған жоқ. Кейіннен Сәнжанмен тұрмыс құрса керек...

Ойлап отырса содан бері он жыл өтіпті. Бұл уақтын ішінде кітаби білімімен ғана келіп жұмысқа арал қан қаланың жігіті шаруаның ыстық-суығына піскен іскер басшы болды. Өмірге, өткенге көзқарасы да ол кездегіден көп өзгерді. Бірақ бағана батып кеткен күннің батыс көкжиекке ұзақ тұрып алған әлсіз сары табындай бір сәуле мұның көңілінде де бұғып жатып алды. Ол кейде осылай оянады. Оянады да ескі науқас сияқты жүрегін сыздатып қоя береді.



Рас, қасында қас қабағына қараған Айғанша бар. Кейіннен балалар келді дүниеге. Үй іші базар болып, қуаныш та көбейді. Әйелі екеуі әлі күнге ищай деспепті. Үй ішінің ортақ тірлігін кейде өзі билеп-төстеп кеткенде де Айғанша қабағы кіржигеннен артық кінәласа қойған жоқ. Ел де осы семьяның жарастығын аузынан суы құрып сөз қылады.

Шіркін, Айғаншаның мінезін айтсаңшы, жібектей ғой, жібектей. Қашан көрсең де ашық-жарқын көңілмен аңқылдап тұрғаны,— деп әңгіме етеді.

Мұның бәрі Сабырдың көңіліне жылы тиеді. Өзінін Айғаншаны мақтаныш тұтатынын сырт жұртқа да білдіріп кояды. Алайда жан түкпірін мекендеп алған әлгі бір сәуле кейде ойнақ салып шыға келетіні бар. Ондайда отқа айналып, жүрегі жалын шашады. Мынау ауылды да, ана жатқан даланы да тарсынып, Ғайни мен екеуінің арасындағы жұбайылық сыйластықтан аспай қойған шеңберді талқандап бұзғысы келеді. Олардың арасындағы ортақ тіршілік пен өзіндік қызықты, барлығы да оңай шешілген төрт дүниесі түгел тұрмысты қанағат етпей асау қиялы алып қашады. Тек өмір тәрбиелеген мінез оны ешкімге сездіртпей терең жасыра біледі. Бірте-бірте жалын да басылып, от та өшіп, көкіректе қайтадан бір жылт еткен сәулесі қалады. Ол сәулесі Ғайни екенін, жүрегіндегі ескі науқас да соның сағынышынан жабысқанын Сабыр жақсы біледі. Бірақ бұл әбден үйреніскен, өзінің бар екенін білдірмесе жаны жетімсіреп қала- тын, қажеттілікке айналған әдемі ауру еді...

Алма ағашының түбінде ұзақ отырған Сабыр көрші үйдің қоразы шақырғанда барып орнынан тұрды. Денесі құрысып қалған екен, бақтың ішінде біраз жүрді. Үйленген жылы өз қолымен отырғызған бұл ағаштардың жемісін жинап алғалы да көп болды. Сарғайған жапы- рақтары да түсіп, күздің алғашқы қара суығынан қара қошқылдана бастаған. Сабыр жыл сайын алма ағашының гүлдегенін асыға күтеді. Қөктемнің бояуы қаныққан шағында көкпеңбек әлемге пәктік пен нәзіктік әкелген ақ гүлдер ерекше бір алаулап көрінер еді. Қарауға қашан да көзі тоймайтын Сабырдың да жүрегі жұмсара түседі. Өкінішке орай алма бағының бұл кезі ұзаққа бармайды. Ол да диалектиканың дегенімен тіршілігінің келесі кезеңіне өтіп, бойына жеміс жинау қаракетіне көшеді. Адам өмірінің табиғаттан бір айырмашылығы оның көктемі жылда айналып келе бермейді ғой, шіркін. Ол өзінің мерзімі әр түрлі болып келетін көктемінде ашқан гүлінің жемісін, кейде кермегі аралас болса да, өмір бойы өз жүрегіне азық етеді...

Шақырған қораздардың даусы бірте-бірте көбейіп, таң қараңғысында мүлгіген ауылдың тыныштығын бұзды. Бұл алдағы тіршіліктің хабары еді. Соны сезінген Сабыр сылбыр басып, үйге қарай аяңдады.

Таңертең күндегі уақытында совхоз директоры кеңсесінде отырды. Қашанғы әдетімен кешкілікте өткізген нарядта берілген тапсырмалардың тоқтаусыз орындалуын өзі қадағалады. Нақтылықты сүйетін басшы бір ғана шаруаны ертеңге қалдырды. Қыстауларды көріп қайтуға мал шаруашылығы жөніндегі орынбасары Сұлтанды да жіберген жоқ. Оның бойында бір өзгерістің барын қағаздарға қол қойдыра кірген Ағабек те байқады. Қабағы салбырап, өңі сұрланып отыр екен. Тек ол: «Қеше мені шығарып салған соң Сұлтан досын қай- та шақырып алып, екеуі оңашалап басқан-ау шамасы»,— деп жорыды.

Директордың көңіліндегі құбылысты жықпай таныған Сұлтан ғана еді. Осындайда сыр бөлісер жолдасыңның болғаны да қандай жақсы. Жарына сездіре алмайтын сезімін бірге сезінетін Сұлтанның орны Сабыр үшін бөлек болатын. Бәлкім, Ғайнимен арасындағы махаб- баттың куәгері болғандықтан ба, әйтеуір оған деген ықыласы айрықша. Ана бір жылы Сұлтан орнынан түсіп қалғанда, өзі шақыртып алып қызмет берген. Анда- санда кеудесіне толып кететін шерін соған ғана шығарып, бір жеңілдеп қалғандай болатын...

Совхоз директоры Алматыдан келе жатқан артистерді қарсы алуға бас зоотехникті ғана ертіп шықты...

МАЗМҰНЫ
Ескі жара (повесть)

Оралу (повесть)

Кездесу (әңгіме)

ВОЗВРАЩЕНИЕ

П о в е с т и и рассказ (на казахском языке)

ИБ № 1007

Редактор Е. Елубаев. Рецензент А. Ныса^ налин. Художник Б. Исабеков. Худ. редактор И. Балдано. Техн. редактор Қ. Турымбетова. Корректор Р. Жаканова. Сдано в набор 10.05.79. Подписано к печати 15.08.79. Формат 70хЮ87з2. Бумага тип. № 2. Гарнитура литературная. Псчать высокая. П. л. 4,25. Усл. п. л. 5,95. Уч.-изд. л. 5,87. УГ14591. Тираж 10 000 экз. Заказ 606. Цена 35 коп. Издательство «Жалын» Государственного комитета Казахской ССР по делам издательств, полиграфии и книжной торговли, 480003, г. Алма- Ата, ул. Гоголя, 111. Фабрика книги производственного объединения полиграфических предприятий .«Кітап» Государственного ко- митета Казахской ССР по делам издательств, полиграфии и книжной торговли, 480046, г. Алма-Ата, пр. Гагарина, 93.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет