Әлімжанов Елен. Ә55 Оралу: Повестер мен әңгімелер



бет6/7
Дата20.06.2018
өлшемі275,11 Kb.
#43877
1   2   3   4   5   6   7

Онда тұрған не бар дейді, әй, мынау. Саған баяғыда айтқанмын, мықты болмасаң бұл қу қыз сазға отырғызып кетеді деп. Айтқаным келгені осы емес пе, туған күніне Сәнжанды да шақырыпты.

-Солай де...

Мәселенің төркініне енді түсінген Сабыр денесінен
ду көтерілген ашудың жетегіне ілесіп, тұра ұмтылды.


Тоқта!

Керімбай кес-кестей берді.

-Бұл жерде болмайды. Шыққаннан кейін оңаша-
сын тауып, қайтып Ғайниға жоламастай етіп жіберу ке-
рек, ол тайпақ шекені.


Керімбайдың бұл сөзі Сабырды сабасына түсіргендей тоқталып қалды. Жолдасыныц жанып шыға келген түріне қарап біраз тұрды да:

-Әй, қойшы,— деп қолын бір сілтеп шығып кетті.

Бірақ бөлмеде байыз тауып отыра алмады. Бүлініп тұрған ештеңе болмаса да, ішкі дүниесіне түскен бүлік тыншу бермеді.

Мәселенің басын ашып алу керек дейді белсенділеу ойы, үшінші адам ол жерде артық. Не мен, не Сәнжан. Бұл қу сирақ композитордың көкейін курстағылардың бәрі сезеді, кешке барамын деп күлкіге ұшырайтын жағдайым жоқ. «Шынында Сәнжанның келгенінде тұрған не бар дейді, бір ойы. Ансамбльдің жетекшісі, шақырса шақырған шығар».

Бөлмесін ары-бері кезген Сабыр ақырында алдымен Сәнжанның өзімен сөйлесу керек деген шешімге келді. Олар есіктің алдында жолықты. Қетіп бара жатқан Сәнжанды қуып жеткен Сабыр:

-Сенімен оңаша сөзім бар еді,— деді тәтесінен.

-Менімен? Танымадық қой?

Сәнжан қасын таңдана көріп жымиып қойды. Ғайниге алғаш келгенінде зып-зып етіп зырылдай жөнелген Сәнжанның өзін көргенде маңыздана қалуы Сабырдың ашуын қайта қоздырды.

-Танымасаң таныстырамын, былай шығайық.

-Мәссаған, жігітім, тіпті ашулысың ғой. Ал таныстыр өзіңді, мені болса да танып тұрған сияқтысың.

Сәнжан тағы жымиды. Жұқа беті жыбырлаған сайын Сабырдың көзіне құбыжық болып көріне түсті.

-Мен Сабырмын! Сен жаңа ғана шыққан бөлмеде...

Ызадан өзін-өзі әрең ұстап, тістене сейлеп келе жатқанда Сәнжан сөзін бөліп кетті.

-Түсінікті, ар жағын айтпасаң да болады.

Ол сағатына бір қарап алып, сәзін ары қарай жалғады.

-Асығыс едім, дегенмен он-он бес минут уақыт бөлуге болады, сөйлессек сөйлеселік.

Бұл жолы Сәнжан күлген жоқ. Сабыр оның ақ құба жүзі одан ары куарып кеткенін байқады. Екеуі жатақхана алдындағы жасыл ағаштардың көлеңкесіне келіп тұрды.

Ал, құлағым сенде,— деді Сәнжан. Сейтсе де Сабырға мүлде назар салмастан жайбарақат тұр.

-Қыз өзінді каламайды екен, соңынан салпақта ғанды қойсаң қайтеді?—деді Сабыр тағы да тігінен.

Сәнжан қанша сыр бермеймін десе де қызарып кетті. Бірақ сабырынан айрылмастан, өзіне тән сыпайылықпен сөйледі. ,

-Мен ұстазбын,— деді ол.— Шәкіртімді туған күнімен құттықтауға келдім. Сондықтан жаңағы сөзің артықтау шықты, жас жігіт. Ал ұнату, ұнатпау мәселесіне келетін болсақ, ол менің ішкі жұмысым. Оған сен қол сұғуға тиіс емессің деп ойлаймын.

-Қол сұққан мен емес сенсің!

-Бірақ мен саған ешқандай кінә артып тұрған жоқпын ғой. Ал, білгің келгені осы болса айтайын, иә, мен Ғайниді сүйемін.

-Ол сені сүймейді.

-Мүмкін, бәлкім жек көретін де шығар. Қалай болған күнде де мен жүрегімнің айтқанымен жүремін. Солай, бауырым, ол сен шамданды деп шешіле салатын шаруа емес. Өз дегенімен барып бір жерден шығатын шығар.

Сәнжанның қашанда қиғаштанып тұратын кербез қабағына көлеңке түсіп, бір түрлі жаси сөйледі. Жаңа ғана кісімсіп тұрған жігіттің күйректене қалғанына қыбы қанған Сабыр енді кекетуге көшті.

-Жүре бер ендеше жүрегіңе жетеленіп. Жеткен жеріңе сәлем айтарсың,— деп мырс ете қалды.

Бір қуарып, бір қызарған Сәнжан тағатынан айырылып, қолы-басы қозғалақтап кетті. Сымша керілген еріндері лезде жыпылдай жөнелді.

-Табалағаның ба, бұл? Әлі ертерек емес пе екен? Солай болар, бауырым. Әнші менен қойшының үйлесе қоюы қиын шығар. Иә, солай, ол әнші болуы керек. Қонсерваторияға түсіп қайта оқуы тиіс. Меніңше солай етеді де... Ал сен...

Сәнжан сөзін үзіп, кенеттен жымиды да «чао» деп қолын бұлғап бұрылып жүре берді. Әңгіменің аяғы бұлай бітеді деп ойламаған Сабыр тұрған орнында қалшиды да қалды. Анау аяғын асыға басып, алыстап бара жатқан жігітке оның айтпағы көп еді. Өзінше артар кінәсі де аз емес-ті. Жаңағы сөз төбесінен жай түскендей етті. Оның мәнін санасына сіңірген сайын жаны жайсызданып, тұла бойынан әлдеқандай мазасыздық, әлденеге деген қарсылық қатар көтерілді.

«Ол қайта оқиды. Ал мен... Иә, мен ше? Жоқ, мүмкін емес, Ғайнидің бұдан бүккен бөтен ойы бар деу ақылға симайды. Ол екеуінің ойлау жүйесі әлдеқашан бірігіп кеткен. Бұл жаңағы тайпақ шекенің бықсытып жүргені. Тұрған бойында түтіп жеуім керек еді өзін».

Жатақханаға қарай жайлап жылжыған жігіттің көңілі өз сенімін қанша медет тұтқанымен жаңағы астаң-кестеңде сызат берген сезімінің әр жерінен күдігі құрғыр да қылтия қалады.

* * *

Сабырды көрген қыздар шу ете қалды.

-Сендерді шақырған уақытымыз болған жоқ қой,немене бірің бір, екің екі.

-Туған күнге келген болсаң сыйлығың қайда? Күйеу баланы құр қол кіргізбейміз.

Қүйеу болған соң көмектесейін деп келген ғой.

Картоп тазалатып қойыңдар.

-Жоқ, еден жусын.

Сабыр үнсіз, әйтеуір ыржиған болып тұр.

-Немене, бәрің адам көрмегендей шуылдап, күйеу боп түсіп жатқан жоқ қой.

Соңғы сөзді айтқан Ғайни болатын. Өзі гүл-гүл жайнап кетіпті. Қысқа қырқып, қос самайын жаба жайған қара шашы қыздың әлі күнге балаң қалпын сақтаған. Талдырмаш денесі бұл күнде сәл толысқанымен, қыпша белі кал-қалпында. Үстіндегі ақшыл көйлегі өңін ашып, тұла бойына қона қалған.

Ғайни жанарымен жігіт жүзін бір сипап өткенде-ақ оның езу тартқанымен түтігіп тұрғанын байқаған. Қыздарды сөзбен қақпайлап, өзі киіп кеткені сол еді.

-Жігіт осы қызда ғана бар, бірдеңе десең қорғаштай кетеді.

Бибінұр өзгелерге көзін кысып. Ғайниді кайрай түсті. бірақ әңгіме одан ары өрбіген жоқ. Сабырдың сынық жүзін жаңа байқаған басқа қыздар үнсіз қалды. Екеуі сыртқа шығып кеткенде ғана арттарынан Бибінұр тағы да:

-Әй, қыз, езіліп тұрып алмай тез қайт, столыңды өзің жөндемесең, өзгенің қойғанын ұнатушы ма ең,— деп қалды.

Ғайнидің ең жақын құрбысы болғандықтан ерке наз ғып әзілмен айтты. Бірақ олар арттарына да қарамастан қатар аяңдаған бойы кете берді,

-Сабыр, а Сабыр!

Бибінұр айқайлап тұр. Ал екеуі естісе де елең етпестен жасыл бақтың ішіне енді. Бұлардың өздерінің меншікті армандарын қарлығаштың қос қанатындай қатар ұшырған бағы.

-Тынықпайсың ба, енді, ертең жұмысқа тұра алмайсың ғой.

Жоқ, бұл жалғыз еді, айқайлаған да Бибінұр емес. Ол ұйқыдан шошып оянғандай селт ете қалды. Содан соң жан-жағына қарады. Өз есігінің алдында, алма ағашының түбінде жалғыз отыр екен. Мұны шақырған Бибінұр емес, әйелі Айғанша еді.

-Ұйықтап қалғаннан саумысың?

Сабыр орнынан тұрды. Ұйқтамаса да оянғаны рас. Алысқа кетіп қалған ойы кенеттен үзілгендіктен меңзең. Бұл тұрысын өзі бөтенсіреп қалғандай. Сонда да әйеліне үйреншікті әдетпен салмақты жауап қатты.

Жоқ, Айым, дала тамаша екен. Салқында отырып шаруа қамын ойлаған қандай рақат.

Ту, бастықтардан тапсырма алсаң тынышың кететіні-ай осы сенің. Одан да демалсаңшы.

Мақұл, Айым. Қазір! Ерінің әйтеуір өз есігінің алдынан табылғанына көңілі жайланған келіншек күзгі түннің салқынынан денесі тітіркеніп, көп тұра алмай үйге кіріп кетті.

Оңаша қалғаны сол еді, Сабырды қаумалаған қалың ой қақпайлап әкеліп жатақхана жанындағы жасыл баққа Ғайнимен бірге қайта кіргізді. Ол екеуі өздері бауыр басқан мол бұтақты алма ағашының түбіне келіп тұрды. Батысқа ойысқан күн сәулесі әлсіз самалмен тер- белген жапырақтардың арасынан сауылдай құйылып, қарсы алдындағы Ғайнидің жүзінде ойнақ салады. Содан ба, қыз алабұртып тұр. Сабырдың сауалына айтар жауабын да толқып бастады.

Соңғы кезде сол бір ойдың жегідей жей бастағаны рас. Сенімен ақылдасуға өзім де оқталып жүр едім. Шынында қалада қалсақ қайтеді?— дейді ол,

Бұл Сабырдың мүлдем күтпеген жауабы болатын. Өйткені екеуі де жолдаманы оңтүстікке, Ғайнидің облысына алған. Оған себепші болған да сол еді. «Біздің облысқа барайық»,— деген.

«Менің романтикам дала. Қөктеменің шуағынан жаңа оянып керіліп жатқан кербез далада көкемнің күрең төбелімен көсілте бір шапқанды, жайлау кешіндегі алтыбақан басында айтылған әнді қаланың бар қызығына айырбастамас едім»—дейтін Ғайни!

«Шіркін, жылқы малына жететін түлік жоқ қой. Аяғын қаз-қаз басқан құлыншақтың артынша-ақ көп жылқының соңынан құлдыраңдап шапқылай жөнелгені қандай сүйкімді. Менің мінезім де сол құлыншақтарға тартқан. Солардың еркелігі мен тентектігі жұққан»,— деп Сабырды бір-екі түймештеп, жасыл бақтың ішін жар- қын күлкіге толтырып жүгіре жөнелетін Ғайни.

Өндірісті үйымдастыру жөніндегі лекциядан кейін, қалын. ойға шомып тұрғып: «Иә, жылқы жарықтыққа соңғы кезде көңіл бөлінбей кетті. Бір шаруашылыкта бір табыннан ғана бар. Ол өзі бағуы жеңіл жануар ғой. Қыста суыққа, жазда ыстыққа төзімді, қай кезде болса да өз аяғымен оттайды, байласаң тез семіреді. Арзан ет пен шипалы қымызға қарқ қылады да тастайды. Оқасы жоқ, бұл істі ауылға барғаннан кейін екеуіміз қолға аламыз. Солай ма, Сабыр? Табын-табын жылқы өсіреміз ғой, ә! Сен жылқы совхозының директоры боласың, ал мен жолым жіңішке ғой, селекционер-зоотехник болсам жетеді»,— деп армандайтын Ғайни.

Сол Ғайнидің арманы арнасын қалай оңай өзгерткен?

-Солай де... Дала қызы даладан қашады де...

Ой үстінде тұрған жігіт таңырқаған түрмен даусын соза жайлап айтса да, бар өкпе-назын да, қызға артар кінәсін де, осы бір ауыз лебізімен білдірді. Бүл сөз Ғайнидің сезім пернелерінің ең нәзік қылдарын қозғап өткен еді. Ол қызына сөйлеп кетті.

-Мен даланы сенен кем сүймеймін, Сабыр. Мен далада туып, далада өстім. Егер менде құйттай ғана талант бар болса, сол дарынды бойыма дала сіңірді. Оның тамыры туып-өскен топырағымда деп білемін. Ол үшін ескен ортама мәңгі-бақи қарыздармын. Далама деген шексіз сүйіспеншілік билегендіктен де мен мал маманы болуды армандағанмын. Нәзік жынысқа қол емес деп қарсы болған әке-шешемді де тыңдамастан осы институтқа оқуға түскенмін. Өскен ортамның тіршілігі сол болғандықтан мен де одан алыс кетпеуім керек. Өз ауылымның тынысымен тыныстап, шаруасын шаруалауым керек деп есептегенмін. Бірақ табиғаттың маған берген сыйы басқа екен. Ол берген өнерді құмға сіңген судай құрғатып жіберуге менің хақым жоқ. Өзі сыйлаған сыйын жоғалтар болсам, далам мені қайта кешірмес еді. Мен оны дамытуым керек. «Бір мал маманы кем болса, оны ауыстыратын адам табылады, ал дарынды әнші кем болса, халықтың рухани азығы ортаяды»,— деген жоқ па еді, ұстаздар. Сондықтан мен консерваторияға қайта түсемін.

-Ал, мен туралы ойладың ба?

Жігіттің даусына кекесін араласқанын Ғайни сезсе де, сыр білдірмей жауабын байыпты беруге тырысты.

-Сен түсінуге тиіссің, Сабыр. Ұстаздар аспирантураға қал деп жүрген жоқ па, өзіңді де. Сонда екеуміз де бірге боламыз.

-Қойдың қандай шөп жейтінін әлі күнге дейін кітап арқылы ғана білетін қаланың қаратаяғы ғылыми мақала жазып, мал арасында жүрген мамандарға ақыл айтуы керек қой. Жоқ, Ғайни, мен бұл мамандыққа сен сияқты биік мұратпен келмесем де, өзімді содан табамын.

-Одан әрі оқу мамандығыңнан алыстау емес, қайта оған жақындай түсу.

Біздің мамандық ең алдымен қолмен ұстап, көзбен көруді, жүрекпен сезінуді керек етеді. Ал қалада ұлы әншінің атқосшысы болу үшін ғана қалуыма болады. Келе-келе оған да жарамауым мүмкін.

Қырыстанып тұрған Сабырдың қияңқы сөзіне Ғайнидің дөңгелек жүзі түгел қызарып сала берді. Алма ағашын саусақтарымен сипалап тұрды да, соған ғана сыбырлағандай.

-Біздің махаббатымыз үшін ше?—деді бәсең дауыспен.

-Оқуын, мамандығын, жігітін түгел талақ еткен қызда қайдағы махаббат?

-Жоқ, қателесесің, Сабыр!

Қыз жұлып алғандай жылдам айтты. Менің бойымдағы махаббат қазір бұрынғыдан да күшті.

-Ә, әлгі тайпақ шекеге деген сезіміңіз шығар сергелдеңге салып жүрген?

-Өнерге деген махаббат!Сол сезім еркімді айырып, бүкіл болмысымды билеп алса, амалым не?

-Еркіңіздің осал екенін білеміз.

-Ұятсыз!

Шарасы таусылған қыз одан әрі шыдай алмай кеудесін қысқан күйінішке тығылып, орындыққа сылқ отыра кетті. Булыққан ашуы буда-буда болып көз жасымен бірге қосыла төгілді. Ашуының ащы найзасын қыз арына аямай сұққанын аңғарған Сабыр да жуасып, енді жұбата сөйледі.

Кешір, Ғайни, сені бұлай ренжітейін деген жоқ едім. Бірақ өзің де ойланшы, адам қоғамға пайдалы қызмет етсе болды емес пе? Тіпті сенің өзің ұнататын мамандығың бар ғой.

Олай емес, Сабыр. Жүрегің берілген жұмыстан өзіңді айыру — сүйгеніңнен айырылумен бірдей. Махаббатын жоғалтқан адамның жан азабынан оның өкініші кем емес.

Мұның бәрін қай ұстазыңнан үйрендің?

Жігіттің даусына қайтадан кекесін араласып қатқыл шықты.

- Жүрегім сезеді.

Ендеше екеуміздің арамызда өткеннің бәрі сіз үшін түшкіртіп қана тынатын жеңіл тұмаудай-ақ болды ғой.

Қыз кенет басын шалт көтерді де өксігін лезде тиып орнынан тұрды. Сабырға тіктеп қадаған ашық қара көздерінен жалт-жұлт еткен ұшқын байқалады. Қаймақ ерніне кекесіннің ізі түсіп, жүзінде жігітті мүсіркеу тұр,

Мен сенің тоғышарлық психологиядан әлі арылмаған адам екеніңді білсемші, осы уақытқа дейін. Сен әйелсің, алдымен жар болуды ойлауың керек дегенің ғой. Иә, мен әйелмін, жар болуды ойлауым керек. Бірақ жынысым бөлек болғанымен менің де сен сияқты ойлайтын басым, көретін көзім, еститін құлағым, сезінетін жүрегім бар. Сондықтан мен алдымен өмірдегі өз орнымды табуым керек. Ал әйел арына келетін болсаң, ол сен ойлағаннан тереңде, жүрегінде жатыр.

-Тоғышарлықтың батпағынан суырып алғаныңыз үшін мың да бір рақмет. Бірақ менің тәрбиеммен одан әрі айналысуға уақытыңыз жоқ болу керек, байқаймын. Өйткені, сізді ұлы мақсаттар күтіп тұр ғой. Ал жаңағы сөзіңіз «сен сияқты қойшыға қор бола алмаймын, ертерек қара қазанның күйесіне қанша былғанса да мыңқ етіп мінез шығармайтын өз теңіңді тауып ал» дегеніңіз шығар. Біз солай деп ұғамыз да, сізге бөгет болмас үшін сыпайы ғана қоштасып, жөнімізді табамыз. Сау болы- ңыз, қазақ өнерінің көгінде жанғалы тұрған жарық жұлдыз.

Ол Ғайнидің алдында басы жерге тигенше еңкейіп тағзым етті де, кілт бұрылып жүріп кетті.

-Сабыр!

Ұмсына берген қыз даусы жалынышты шықты. Жігіт тоқтаған жоқ, тек шолақ аллеяның шетіне іліккенде барып артына бір рет қайрылған. Алма ағашын сүйеніш еткен ақ көйлекті қыз ашылған еріндерін де жия алмастан аңырған бойы тұр екен. Мұның тоқтағанынан үміт етіп қолын созғандай болды. Бірақ Сабыр ілезде сырт айналып, адымын жылдамдатып алыстап кетті.

Бұл күні ол көшеде ұзақ жүрді. Алматының жазғы кеші де жайдары, осы мезгілде, әсіресе, сапырылысып кететін қала тұрғындары да көңілді еді. Сабырға солай көрінді. Әсіресе, өзі құралпы жастар жағы шетінен әзіл- қой, күлегеш сияқты. Мұның бәрі оның сайтанына тигенімен Ғайнидің туған күнін өткізіп жатқан жатақханаға да қайтып оралғысы келмей, бағытсыз, мақсатсыз кезе берді. Қайда баратынын білмейді, әйтеуір бір кезде трамвай аялдамасына келіп тоқтады. Білектерін айқастырып, бір-бірінің белінен демей ұстап көпшіліктен оқшау тұрған қыз бен жігітке бірден назары түсті. Жігіт құпиялап қыз құлағына бірдеңе айтып жатыр. Ол тана көздерін жалт еткізіп, жігіттің жүзіне жымия қарайды. Жігіт те.

Сабыр теріс айналып кетті. «Жасанды, бәрі жасанды, өтірік... Жұрт дегенің актер болып кеткен. Ол екеуі де солай. Ынтық жандардың ролін ойнап тұр. Сыртқы кейпін шебер келтіреді. Ал ішкі дүниесін білмейді, одан мүлдем бейхабар, тіпті өздерінің сол мүсәпір халін сезбейді де...»

Бір топ жас бүкіл көшені басына көшіре даурығып, аялдамаға келіп тоқтады. Қыздардың қолында гүл, жігіттер жағы ораулы зат көтеріп алған. Олар аялдама толы адамдарға да, арлы-берлі етіп жатқандарға да назар аудармастан аяқталмаған әңгімелерін одан әрі жалғастыра берді.

Қалай десең олай де, бірақ мен Нұргүл мен Асқардың танысқандарына бір апта болмай жатып үйлеруін құптамаймын,— дейді ұзын бойлы, көзілдірік киген ақ сұр жігіт.

Жақындау тұрған тәпелтек бойлы тығыншықтай қара қыз қарсы дау айтты.

- Олай деуге хақың жоқ, кейде адамды бір-ақ әрекетінен тануға болады.

-Адам сан қырлы, оның бәрін бір аптада біліп біту мүмкін емес.

-Бірақ, бір сырлы. Оның кілтін тапса, бір-ақ сәтте ашылуы мүмкін.

-Әділ сенің сырсаңдығыңның кілтін әлі қолына түсіре алмай жүр екен ғой?

Сөзге дембелше келген бұйра бас жігіт араласты. Топ ду күліп, елдің бәрінің назарын өздеріне бұр Қайран, жастық-ау,— деді қолында таяғы бар қырма сақал қара шал, қасында отырған сары кемпірге.

Бірдеңе дедіңіз бе?

Қемпір шалдың аузына құлағын тосты. Әлі езулерін жиып үлгермеген көңілді топты таяғымен көрсеткен шал:

-Қайран, жастық-ай деймін,— деп сөзін қайталады.

үлкіден айырмасын оларды.

Кемпір күрсініп қойды. Мұны көріп шал үндемей қалды. Көңілді топтың әңгімесі қайта жалғасты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет