Әліппе: Балалар, сендер менімен ғана достасып қойған жоқсыңдар, сонымен бірге қандай пәндерді оқыдыңдар? Оқушылар: математика, дүниетану, ағылшын, музыка, жаратылыстану,орыс тілі, көркем еңбек. Әліппе



Дата11.03.2022
өлшемі13,2 Kb.
#135091
Байланысты:
ана т алиппе


Әліппе:  Менің атым – Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкең де.
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата – ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Мерекеңмен құттықтаймын,
Бүлдіршіндер, балғындар!
Не үйреніп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Әліппе: Балалар, сендер менімен ғана достасып қойған жоқсыңдар, сонымен бірге қандай пәндерді оқыдыңдар?
Оқушылар: математика, дүниетану, ағылшын, музыка, жаратылыстану,орыс тілі, көркем еңбек.
Әліппе: Мен қазір сендерге сұрақ қоямын. Сұрақтың жауабын білетін оқушы қол көтеріп жауап берсін.
Біздің елбасымыз кім? (Қасым-Жомарт Тоқаев)
Еліміз қалай аталады? (Қазақстан)
Ең алғашқы қоңырау біз үшін қашан соғылды? (1 қыркүйек)
Ең алғаш қолыңа алған кітабың? (Әліппе)
Қазақ тілінде қанша әріп бар? (42)
Онда қанша дауысты дыбыс бар? (12)
Қанша дауыссыз дыбыс бар? (27)
У дыбыс қандай дыбыс? (бірде дауысты, бірде дауыссыз)
Қосарлы дыбыстарды ата. (я, ю, ё )
Дыбыс бермейтін әріптер. (ь, ъ)
Әліппе: Жарайсыңдар балалар, жақсы оқып білген екенсіңдер енді сіздердің өнерлеріңізді тамашалайық.
Әліппе: Рахмет, құрметті оқушылар, мен сендерге өте ризамын. Мені жақсы меңгердіңдер, таза ұстадыңдар.
Адамгершіліктеріне көп рахмет, кішкентай достарым.
Ризамын, құрметті шәкірттер,
Меңгердің, болмадың босқа тер.
«Ана тілі» атты бір әпкем бар
Сендерді жетелеп әкетер.
Әліппе: Қош сау болыңдар, кішкентай шәкірттер!


Ана тілі: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Ана тілі: Сөйлетер сізді шеберлеп,
Өзіңнің ана тіліңмін.
Байыптап жақсы оқысаң,
Негізі менде білімнің.


Ана тілі:
Біз бір - бірімізбен таныстық.
Айнымас дос боламыз.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет